Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Заматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары туралы қазақша реферат




Понятие государства. признаки,типологизация государств и формы правления

мемлекеттің ұғымы. белгілер, типологизация мемлекет және басқарманың пішінінің

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталықинституты.[1]

Мазмұны

[жасыру]

· 1Мемлекеттің белгілері

· 2Мемлекет түрлері

· 3Мемлекет басқаруы бойынша

· 4Қызметтері

· 5Тарихта

· 6Даму сатылары

· 7Ассоциацияланған мемлекет

· 8Буферлік мемлекет

· 9Көпұлттық мемлекет

· 10Ұлттық мемлекет

· 11Құқықтық мемлекет

· 12Әлеуметтік мемлекет

· 13Унитарлы мемлекет

· 14Мемлекетаралық төлем келісімі

· 15Мемлекетаралық экономикалық одақтар

· 16Мемлекет иелігіне алу

· 17Мемлекеттік айыптаушы

· 18Дереккөздер

· 19Сілтемелер

Мемлекеттің белгілері

· мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары,әскер, полиция жатады;

· мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

· мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

· мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

· мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

Мемлекет түрлері

Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

· Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]

· Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойынша

· Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия

— мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

· Республикалық басқарупарламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.

· Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

Қызметтері

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

· 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

· 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

· 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;

· 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

· 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;

· 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.

· 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

Тарихта

Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін бірігуі” деп түсіндірді.

Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.

Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.

Даму сатылары

Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:

· ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);

· бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);

· орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);

· империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесіндеимперия пайда болады.

Ассоциацияланған мемлекет

Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.[1]

Буферлік мемлекет

Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.[1]

Көпұлттық мемлекет

Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.[1]

Ұлттық мемлекет

Ұлттық мемлекет - белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.[1]

Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасының құқықтық формасы.[1]

Әлеуметтік мемлекет

Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.[1]

Унитарлы мемлекет

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі.

Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:

· елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;

· заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқықжүйесі;

· биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]

Мемлекетаралық төлем келісімі

Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа да операцияларға байланысты төлем төлеу және есеп айырысу шарттары мен тәртібін белгілейді. 1929 — 33 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар кезеңінде батыс елдерінде кең етек алды. Бұл кезде көптеген мемлекеттер валюта шектеуін енгізіп, оның еркін алмасуын тоқтатқан болатын. Мемлекетаралық төлем келісімі көздеген мақсатына және кейбір елдердің ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Негізінен экспорттық және импорттық тауар айналысына байланысты сыртқы есеп айырысу және ол үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған және дамушы елдер арасындағы есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде клиринг түрінде жүргізіледі.

Мемлекетаралық экономикалық одақтар

Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде оның құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік қамтылады. Батыс Еуропа экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық одақтарға жатады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа (1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001), Еуроазия экономикалық одағына (2002), Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына(2004) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар құрамына енетін басқа да мемлекеттердің алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын көрші елдермен арадағы эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету, ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен қатар келешектегі күрделі мәселелерді де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық Азия аймағында мұнай мен газды, электр қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу, тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының алдына қойылып отырған ортақ күрделі міндеттер болып табылады.

Мемлекет иелігіне алу

Мемлекет иелігіне алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық (соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың, рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын арттырудың, мемлекет кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты ретінде қаралады. Жалпы ел экономикасының тиімділігін арттыруға және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік айыптаушы

Мемлекеттік айыптаушы — қызметі қылмыстық іс бойынша айыпталушының кінәсін дәлелдеуге бағытталған, сот отырысында заңға сәйкес негізде мемлекет атынан айыптауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Мемлекеттік айыптаушы қызметінің құқықтық жай-күйі әр мемлекетте әр түрлі аталады және мұндай қызмет барлық жерде біріне бірі ұқсай бермейтін салалық мемлекет қызмет жүйелерінде атқарылады. Бір елде мемлекеттік айыптаушы лауазымы сот жүйесінің құрамындағы қызметтік тармақ болса, басқаларында ол өз алдына бір мемлекет қызмет жүйесі. Қазақстанда мемлекеттік айыптаушы қызметі прокурор лауазымының атқаратын міндеттерінің бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып, заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары арқылы айыптаушылық тұжырым айтып, соттан сотталушыға жазаның нақты бір түрін тағайындауды сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды қолдау үшін прокурор өз дәйектерін алдын ала орнықтыру сатысынан өтеді. Тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істің заңдылығын қадағалау барысында прокурор заңсыз қозғалған істі қысқартады не қайта саралайды немесе нұсқау беріп тергеушіге қайта жібереді. Ал заң талабына толық жауап беретін іс болса немесе заңсыздықтар жойылып, қайта түскеннен кейін прокурор істі сотқа өткізеді. Мемлекет айыптауды қолдау да қылмыс жасаған адамның қудалануын талап еткен заңның орындалуын қадағалаудан туындайды.

Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі, 1992 жылы құрылған. Қазақстандық қолөнер шеберлерінің туындыларын және көне замандардан жеткен зергерлік бұйымдарды жинап, сақтап және зерттеп, насихаттауды көздейді. Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейін құрудағы мақсат: республика көлеміндегі көптеген музейлерде сақталған, археологиялық қазбалардан табылған әр ғасыр қолөнер шеберлерінің бұйымдарын бір жерге шоғырландыру; тәуелсіздікке дейін жақын және алыс шетелдерге шығарылған тарихи-мәдени құндылығы зор асыл заттарды Қазақстанға қайтарып, жинақтауға ықпал ету. Зергерлік өнер туындыларын осылайша бір музейге шоғырландыру ерте замандардан бері сабақтастығын үзбей келе жатқан өнердің көркемдік, технологиялық әдіс-тәсілдерін, композиция стилдерін салыстырмалы түрде, әр қырынан зерттеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі 2000 жылы Астана қаласына көшірілді.[2][3][4]

Дереккөздер

1. ↑ Мынаған өту: abcdefgh Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.ISBN 9965-822-10-7

 

2. особенности формирования гражданского общества в казахстане

Қазақстандағы азаматтық қоғамдық құралымының өзгешеліктері

заматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары туралы қазақша реферат

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай — бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша — қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: «Қоғам — адамдардың өзара еңбек жасауының одағы», — дейді.

Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші — клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқықпайда болды. «Адамдар өз тарихын өздері жасайды, — деп жазды Маркс, — бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады»

Азаматтық қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:

— саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;

— қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың

— адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;

— қоғамдық мүдде — мақсат, тілек арқылы қарым — қатынастарды реттеп — басқару;

— қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.

Қоғам — саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.

Азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік — экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Азаматтық қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз — дербестікте дамыту.

Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы — онда «Азаматтық қоғам» бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.

Азаматтық қоғамның құрылымы — Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы — адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі — діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.

Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:

Әлеуметтік жүйе — объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы. Бұл жүйе азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы-қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың арақатынастары.

Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, мунициналдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.

Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолданылу қажет.

Рухани — мәдени жүйесі — осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық, органдар мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.

Ақпараттық жүйе — осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен арақатынастары. Бұл бағытта іс әрекеттерге толық бостандық берілуі қажет.

Осы көрсетілген азаматтық қоғам жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құқық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғары дәрежеде болуы.

Азаматтық қоғамның белгі — нысандары:

— адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;

қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық құқықтарының болуы;

— азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға құқықтарының болуы;

— жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;

— азаматтық қоғам — толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». (ҚР Конституциясы. А. 1995. 4 б.)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных