Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқытушы: Умбеталина Зоя Бабрашовна

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша 2014-2015 оқу жылына арналған тест сұрақтары

ІІІ семестр,ІІ –І курс, НГД-22 (1)+НГД-14(1) топ, күндізгі оқу бөлімі

Оқытушы: Умбеталина Зоя Бабрашовна

Сұрақтар Жауап А) (дұрыс)
1. Кәсіби қазақ тілі курсының мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі орны қандай?   Мемлекеттің тілдің қолдану аясын кеңейтуде кәсіби қазақ тілін меңгерудің ролі зор
2. Кәсіби қазақ тілі пәнінің міндеті не?   Кәсіп саласы бойынша сөйлеу деңгейін кеңейту
3. Адамзат мұнай өндірумен қашаннан бері айналысады? біздің эраға дейінгі 6 ғасырдан бері
4. Кокорев, Рагозин, Нобель және тағы басқа өндіріс ұйымдастырушыларына мұнай өнеркәсібін дамытуға өз кеңесімен әсер еткен кім? Менделеев
5. Алғашында мұнай өндірудің қандай ең қарапайым әдістері қолданылды? су қоймаларының бетінен мұнайды жинап алу
6. Мұнайдың шығу тегі туралы гипотезаны алғаш рет «О слоях земных» еңбегінде жазған ғалым кім? Ломоносов
7. Мұнайды ертеректе қалай атаған? тас май
8. 1760 жылы бастырылып шыққан географ Н.А.Северцованың баяндамасында айтылған мұнай көріністері туралы мәліметтер қай облысқа қатысты болды? Атырау
9. Батыс Қазақстанға С.Никитиннің басшылығымен жіберілген экспедиция қашан болды? 1892 жылы
10. Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты не?   Әлеуметтік және кәсіби деңгейі жоғары, қазақ тілін кәсіби деңгейде еркін меңгерген тұлға қалыптастыру
11. Синтетические волокна это химические волокна, получаемые из синтетических полимеров. Дұрыс аудармасын табыңыз. Cинтетикалық талшықтар бұл синтетикалық полимерлерден алынатын химиялық талшықтар болып табылады
12. Әдеби тіл дегеніміз не? Әдеби тіл – жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл
13. Дидарластық сөз стилі қандай жағдайда қолданылады? Екі немесе бірнеше, сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады
14. 1899 жылы 13 қазан күні Қарашұңғылда 40 метр тереңдіктен №7 ұңғымасынан қандай мұнайдың фонтаны алынды? жеңіл  
15. Қазақстан территориясындағы өндіріске енгізілген ең бірінші кен орны Доссор
16. Жай сөйлемді көрсетіңіз. Бұл кен орны мұнай қоры жағынан дүние жүзіндегі ең ірілерінің бірі болды  
17. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Осы кен орындарының ашылуы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы шикізат базасын ұлғайтып, оны ірі өнеркәсіптік орталықтар қатарынан ерекшелердің қатарына ығыстырды
18. Стиль сөзінің мағынасы қандай?     Стиль- латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді
19. Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары нешеу?  
20. Ауызекі сөйлеу стилі қайда қолданылады? күнделікті өмірде, тұрмыста, отбасындағы қарым-қатынаста
21. Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стиліне тән ерекшелікті белгілеңіз. Ғылыми терминдер жиі кездеседі
22. Соғыстан кейін 60-шы жылдардың ортасына дейін республикада болған жалғыз мұнай ауданы қандай? Ембі бассейні
23. Қазақстан барланған мұнай қоры жағынан нешінші орында тұр? 13-ші
24. Қазақстан территориясында анықталып және есепке алынған мұнай кен орны қанша?  
25. 1877 жылы мұнай және табиғи газдың анорганикалық пайда болуының негізгі қағидаларын тұжырымдаған ғалымды көрсетіңіз. Менделеев
26. Сөйлеу әдебіне қатысты айтылған мақалы бар қатарды белгілеңіз. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады
27. «Жігіттің жақсысы дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген». Даналық сөздің авторы кім?   Әйтеке би
28. «Тіл байлығы – елдің ерлігін, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылымын, салт-санасын көрсететін тілдің сөзсіз дәлелді мөлшері». Даналық пікірдің авторы кім? Б.Момышұлы
29. «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас».Өлең жолдарының авторы кім? Абай Құнанбаев
30. Сөйлеу әдебіне қатысты айтылған ұлағатты сөзі бар қатарды белгілеңіз. Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды
31. Мұнай мен газды өндірумен, тасымалдаумен, өткізумен мына ірі акционерлік компаниялардың қайсысы айналыспайды? "Казхром"
32. Мұнай мен табиғи газдың органикалық тұрғыда түзілуі жөніндегі болжамның негізін қалаған орыстың ұлы ғалымы кім? Ломоносов
33. Қандай түсті мұнай кездеспейді? қызыл
34. Азербайжан мемлекетіндегі Сурахана кен орнында қандай түсті мұнай өндіріледі? ақ
35. Мақалды аяқтаңыз. «Сабыр түбі – сары алтын, Сақтаған жетер.... мұратқа
36. Қай қатар мұнайдың негізгі қасиетін сипаттамайды? құрғақ, қатты
37. Мақалды аяқтаңыз. Адал достық –....   алтыннан қымбат
38. Кәсіби сөзді көрсетіңіз әңгелек
39. Кәсіби сөздердің ерекшелігін көрсетіңіз белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты болады және әдеби тілде баламасы болмайды
40. Кәсіби сөздердің түрлерін көрсетіңіз. қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты
41. Кәсіби сөздер дегеніміз не? белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдардың өзара қолданатын сөздері
42. Терімшілер күндік жоспарын ерте орындады. Кәсіби сөз қайсы? терімшілер
43. Мал шаруашылығына қатысты кәсіби сөздерді көрсетіңіз. қыстау, күзем, тоғыту, қырқым, телу, сауым
44. Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы көрсетіңіз. химия саласы
45. Бишік, терлік, тоқым, доға ауыл шаруашылығының қай саласына қатысты кәсіби сөздер? мал шаруашылығы
46. «Жылым» сөзі қай топқа жатады? кәсіби сөз
47. Етікші қолындағы тарамысты шірене тартты. Кәсіби сөзді көрсетіңіз. тарамыс
48. Ғылыми ұғымды атау үшін арнайы қолданылатын жалаң және күрделі сөздер термин сөз
49. Диалект сөздер дегеніміз не?     белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер
50. Неологизм сөздер дегеніміз не?     ғылым мен техниканың дамуына байланысты пайда болған жаңа сөздер
51. Дегиндрогеназа ферменті термин сөз
52. Термин сөздердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. бейнелілік, образдылық, стильдік реңк, ауыс мағына болмайды
53. Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылым қалай аталады? терминология
54. «Дəлмөлшер – доза» термині қалай жасалған? сөз біріктіру арқылы
55. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминді көрсетіңіз. бұрамашеге
56. Жартылай калькалау тәсілімен қай термин жасалған? еркін экономикалық аймақ
57. Терминжасамдағы синтетикалық немесе морфологиялық тәсілдің мәні қандай? термин сөздердің жұрнақтар жалғану арқылы жасалуы
58. Терминжасамдағы калька тәсілінің мәні не? терминдерді сөзбе-сөз аудару
59. «Талшықты - оптикалық байланыс желісі» термині қалай жасалған? калькалау арқылы
60. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты қолданыстан шығып қалған сөздер көнерген сөздер
61. Тұтқырлық, морттық, өткізгіштік, сыйымдылық қандай тәсілмен жасалған терминдер? синтетикалық тәсіл
62. Термин болу үшін қандай басты шарт қойылады? сөздің мағынасы біреу болып, нақты ұғымның атауы болу керек
63. Қай терминдер лексикалық тәсілмен жасалған? котангинс, биссектриса, атом, квант, вектор
64. Кірме сөздер дегеніміз не? басқа тілден енген және өзгеріссіз қолданылатын сөздер
65. «Айылын жимау» деген қай қатарға жатады? фразеологизм
66. Қазақ терминологиясының негізі қашан салынды? ХХ ғасырдың 20 жылдары
67. 1926 жылы жарық көрген «Құрылыс материалдары» оқулығын аударған кім? М.Әуезов
68. Тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат ететін сөздіктер толық сөздік
69. Этимологиялық сөздік қандай сөздік? сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздік
70. Түсіндірме сөздік дегеніміз... қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздік
71. Лексикалық тәсілмен қай термин жасалған? амнистия
72. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктерді көрсетіңіз. энциклопедиялық сөздіктер; иллюстративтік сөздіктер
73. Тілдің сөздіктік құрамы туралы ғылым қалай аталады?   лексикология
74. Тіл лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын қандай сөздіктер тарихи сөздіктер
75. Лексикография –...   сөздік жасаудың теориясы мен практикасы туралы ғылым
76. Мұнайдың тұтқырлығына не әсер етпейді?   ілеспе газ
77. Тұтқырлығы төмен, жеңіл, сұйық мұнайлар... Сөйлемнің жалғасын көрсетіңіз құбырмен тез ағады
78. Жер қойнауындағы мұнай жер бетіне шыққанда онда болатын физикалық өзгерістерге қай қатар жатпайды? көлемі ұлғаяды
79. Сұйық каусто биолиттер қатарына жататын табиғи ішкі зат мұнай
80. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне жатпайтын қатарды көрсетіңіз. шымтезек
81. Пентан, гексан және басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары не түзеді? газды бензин
82. Автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар неден қосымша айдау арқылы алады? мазуттан
83. Вазелин қалай алынады? қатты және сұйық көмірсутектерді араластыру арқылы
84. «Бұл ауданда өндірілетін газ салыстырмалы түрде газсіңіргіштігінің жоғары коэффициентімен сипатталады». Терминдерді көрсетіңіз. газсіңіргіштік, коэффициент
85. «Шөгінді тау жыныстары» қандай тәсілмен жасалған? аналитикалық
86. «ҚР көмірсутектің стратегиялық қоры бар мемлекеттер қатарына кіреді». Сөйлем қай стильде берілген? ғылыми стиль
87. Энциклопедиялық сөздіктер қай стильде жазылады? ғылыми стильде
88. Қайсысы ғылыми стильде жазылады? оқулықтар мен оқу құралдары
89. Ғылыми стильге тән белгілері бар сөйлемді көрсетіңіз. Органикалық қалдықтардың ыдырауынан мұнай мен газдың құрамдас бөлігі – көмірсутектері түзіледі
90. Қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуына айрықща үлес қосқан қайраткерлерді көрсетіңіз. А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев т.б.
91. Ғылымның дамуымен бірге пайда болатын жаңа ұғымдар мен атаулар не деп аталады? неологизмдер
92. «Орысша-қазақша әскерлік атаулары», «Пән сөздері», «Атаулар сөздігі» - қандай сөздіктер? алғашқы терминологиялық сөздіктер
93. Ғылым тілі … (немен?) тікелей байланысты. жазумен
94. Мақалды толықтырыңыз. Адам болатын бала... қарайды. алысқа
95. «Беті бүлк етпеді» деген тұрақты тіркес қандай мағына береді? ұялмады
96. Mақалды толықтырыңыз. Отызында орда бұзбаған,... қамал ала алмайды. қырқында
97. Суреттеу, баяндау, хабарлау ғылыми стиль жанрының қай түріне тиісті? мәтін
98. Диссертация, дипломдық және курстық жұмыстар қандай стильде жазылады? ғылыми стильде
99. Мәтіннің қандай түрлері бар? хабарлама, баяндау, суреттеу
100. Мәтіннің анықтамасын көрсетіңіз. Шығармашылық жұмыстың, шығарманың, мақаланың тұтас мазмұны
101. Мәтінде жаңа жолдан бастап жазғанда, оңға қарай жасалған шегініс қалай аталады? азат жол
102. Атырау облысының Ембі ауданында орналасқан кен орны? «Теңіз» кен орны
103. Қарағанды облысының Жезді ауданында орналасқан кен орны? «Құмкөл» кен орны
104. Қай кен орны Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан? «Жаңа жол» кен орны
105. 1979 ж. Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ашылған кен орны? «Қарашығанақ» кен орны
106. Алайда ол заттардың (қайда кеткені) белгісіз. Жақша ішінде тұрған сөз қандай сөйлем мүшесі болады? бастауыш
107. Қай кен орны «Харрикейн Құмкөл мұнай» компаниясымен өндіріледі.? «Құмкөл» кен орны
108. «(Бұл) берілген аудандағы шөгінді қабаттың геологиялық құрылымымен түсіндіріледі». Жақша ішіндегі сөз қандай сөйлем мүшесі? бастауыш
109. Қазіргі уақытта кен орнының өндіру деңгейі біршама төмендеді. Сөйлемдегі мезгіл пысықтауышты көрсетіңіз. Қазіргі уақытта
110. «Әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі – Қарашығанақ кенішін игеру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келді». Сөйлемде жұрнақ арқылы жасалған туынды зат есім нешеу? екеу
111. Бұл ауданда өндірілетін газ салыстырмалы түрде газсіңіргіштігінің жоғары коэффициентімен сипатталады. Сөйлемде термин нешеу? екеу
112. «КПО б.в.» консорциумы Орал өңірінің әлеуметтік жағдайын көтеруге де сүбелі үлес қосып келеді». Сөйлемде қандай деген сұраққа жауап беретін сөз қайсы? сүбелі
113. «Қаламқас» және «Құмкөл» қандай кен орындары болып саналады? мұнайлы
114. «Баррель» қандай сөз? термин
115. «Түпкілікті» сөзінің антонимін көрсетіңіз. бастапқы
116. Мұнай барлаудың негізгі мақсатына қай қатар жатпайды? мұнайдың түсін анықтау
117. «Оның алғашқы (өтімділік қабілеті) жылына 28,2 млн тоннаға тең». Жақша ішіндегі сөз тіркесі қандай сөйлем мүшесі? бастауыш
118. Тезиске берілген анықтаманы көрсетіңдер. Жоспар тәрізді белгілі бір қысқа мәтіннің түрі
119. Қай сөйлем аннотация жанрына тән? Оқулық техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған
120. Ғылыми стиль жанрының қолданылатын орнын белгілеңдер аннотация жазуда
121. «Оқу құралының тілі жеңіл. Оқу құралында коммуникативтік, танымдық, тәрбиелік мақсаттармен қатар оқу, сөйлеу, жазу біліктіліктері ескерілген». Сөйлем ғылыми стильдің қай жанрына жатады? рецензия
122. Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі –... тұтқырлық
123. Матаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. мұнайдың қасиеті
124. «Скважина» - аудармасы ұңғыма
125. «Проба» сөзінің аудармасы? сынама
126. Қандай жағдайда мұнай қабатына газ, ауа немесе су жіберу арқылы үлкен қысым тудырады?   егерде мұнай құрамындағы газ қысымы оншалықты жоғары болмаса
127. Рефератталатын құжаттардың саны бойынша реферат қандай түрге бөлінеді? монографиялық, шолу
128. Реферат мазмұнынының баяндалу толықтығына қарай қандай түрлерге бөлінеді? хабарлама, индикативті
129. Бір құжат бойынша құрастырылатын рефераттың түрі. монографиялық
130. Шолу рефератының анықтамасын белгілеңіз. Бір тақырыпқа бірнеше құжаттар бойынша құрастырылатын реферат түрі
131. Кандидаттық, докторлық диссертацияларды қорғау барысында жазылатын рефераттың түрі. автореферат
132. «... мұнай» - нүктенің орнына қай сөз лайықты? шикі
133. Мұнайды өндіру үшін, яғни жер бетіне шығару үшін не істейді? ұңғыма бұрғылайды
134. Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы не? табиғи газ
135. Күрделі құрамды газдар сирек кездеседі, бұлардың құрамындағы басты құрамбөліктердің мөлшері 50 %-дан аспайды. Қай сөз термин? құрамды газдар, құрамбөліктер
136. Табиғи газдар "көмірсутекті газдар", "азотты газдар", «көмірқышқыл газдары" және "күкіртсутекті газдар" болып несіне қарай бөлінеді? құрамына карай
137. «Сорғы» термині қандай тәсілмен жасалған? морфологиялық тәсіл
138. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қойыңыз. Өз шешіміңізді... сұраймын. хабардар етуіңізді
139. «Актуальная проблема» тіркесі үшін қай баламаны таңдайсыз? өзекті мәселе
140. «Үлес салмағы» терминінің аудармасы удельный вес
141. Мемлекет, ұйым, ұжым атынан сайланатын өкілдер тобы делегация
142. Қызметтік хатқа жататын хат түрі. ұсыныс хат
143. Делдал сөзі қандай мағынаны білдіреді?   Екі жақтың арасын келістіру үшін жүретін кісі
144. «Профессиональная ориентация» - дұрыс аударылған нұсқасын табыңыз. кәсіптік бағдар
145. Ұсыныс хаттың мәтінінің мазмұны қандай?   қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну
146. Қызметтік хат дегеніміз не?   мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу, т.б. ресми мақсаттарда қолданылатын іс қағазының бір түрі
147. Қызметтік, ресми хаттар қандай стильде жазылады? ресми іс қағаздар стилінде
148. Компрессорлық немесе газлифт әдісі еліміздің қай өңіріндегі кен орындарында қолданылады? Батыс Қазақстан кен орындарында
149. Қаттың энергиясын қолдану арқылы мұнай ұңғымасын пайдалану әдісі не деп аталады? фонтандық әдіс
150. «Н.К.Нәдіров еңбектерінің негізгі бағыты - Батыс Қазақстанда мұнай фракцияларын өзгертіп, мұнай өнімдерін жаңарту, крекингіні кешенді зерттеу». Сөйлемдегі терминдер қалай жасалған? шетелдік терминді өзгеріссіз қалдыру арқылы
151. Егерде мұнай құрамында газ көп болса, газ қысымы әсерінен мұнай... Сөйлемнің жалғасын көрсетіңіз.. жоғары қарай жер бетіне өз бетімен көтеріледі
152. Мұнай шоғыры үстіндегі еркін газ жиынтығын... айтады. Дұрыс нұсқасы қайсы? газ телпегі
153. Жер қойнауының белгілі бір жер учаскесінде пайда болған жеке дара мұнай шоғырларының жиынтығын не деп атайды? кен орны
154. Орта есеппен бір кен орны шамамен үш қаттан тұрады: жоғары қатпар – газ телпегі, ортаңғы қатпар - мұнай шоғыры, төменгі қатпар –... су
155. Сенімхаттың мәтіні... оқылды дауыстап
156. Іскерлік қасиет ұйымдастырушылық
157. Қайсысы іскерлік қасиетке жатпайды? тұйықтық
158. Өмірбаянның мәтіні қандай есімдіктен басталады? мен
159. Өмірбаян нешінші жақта баяндалады? бірінші
160. Жұмысқа орналасарда кадрлар бөлімінде толтырылатын бланктік қағаздың бір түрі жеке іс парағы
161. Адамның өмір және еңбек жолының басты кезеңдері хронологиялық тәртіппен жазылатын қандай құжат? өмірбаян
162. Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазы қалай аталады? түйіндеме
163. Эссе дегеніміз не? очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау
164. Қай мамандық иесі ой еңбегі саласында жұмыс істейді? жазушы
165. Қай мамандық иесі дене еңбегі саласында жұмыс істейді? мұнайшы
166. Адамның мінезін сипаттауға қолданылмайтын сөзді көрсетіңіз. биік
167. Жылай-жылай арық қазсаң, Күле-күле... су ішерсің
168. «Сіңбіруге мұршасы жоқ» деген тұрақты тіркестің беретін мағынасы уақыты жоқ
169. Газдың қандай түрі болмайды? "жергілікті газдар"
170. Еңбек туралы мақалды көрсетіңіз. Бейнет түбі – зейнет
171. «Мені мамандығым бойынша жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын». Сөйлем қай құжатқа тән?   өтініш
172. «1998-2008 жылдары Орал қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте оқыдым». Сөйлем қай құжатта кездеседі?   өмірбаян
173. «Тіл білуі: қазақ тілі – еркін, орыс тілі – жетік, ағылшын тілі – cөздікпен». Сөйлем қандай құжаттан алынған? түйіндеме
174. «Қызметкер өзінің мамандығын жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы». Сөйлем қай құжат түріне тән?   жеке еңбек шарты
175. Жұмыс беруші қызметкерді заңға сәйкес аттестаттауға құқылы. Бұл қандай құжаттан? жеке еңбек шарты
176. Жеке іс парағында кездесетін сөйлемді көрсетіңіз Сайланбалы органдарға сайланды ма? – Жоқ
177. Жеке еңбек шартына қатысты сөйлем қайсы? Қызметкер еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік тазалық талаптарын орындауға міндетті
178. «Производительность Лисаковского горно-обогатительного комбината вероятно будет снижаться». Дұрыс аудармасын көрсетіңіз.   Лисаковск тау-кен байыту комбинатының өнімділігі төмендеуі мүмкін
179. Түйіндемеде қандай мәлімет көрсетілмейді? салмағы
180. Өмірбаянда не көрсетіледі? еңбек жолы

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных