Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру.




II.Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары.

азақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 000 доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыс пен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени мкңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көтереді.

Қазақстанға туризмнің хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтық және жеке құрылымдардың арасында өзара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизмнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің — шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғышарттары іс жүзінде бар, себебі республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи, сәулет және археологиялық ескерткіштер мол.

Қазақстандағы қазіргі заманғы туризм дамуының деңгейі қолда бар туристік әлеуетті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Туристік сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Сондықтан қазіргі заманғы саыдағы туризм дамуының экономикалық механизмін зерттеудің өзекті мәні бар.

Қазақстанның туризм нарығы дамуының экономикалық механизмін жетілдіру жөніндегі теориялық және практикалық ұсынуларды жасау болып табылады. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:

— туризмнің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;

— туризм дамуының және оны ынталандыру тәсілдерінің шетелдік тәжірибесін жинақтау;

— Қазақстандағы туризмнің тиімді қызмет етуіне кедергі келтіруші проблемаларды анықтау;

— туристік саланы инвестициялаудың ерекшеліктерін анықтау және оларды пайдаланудың негізгі бағыттарын белгілеу;

— Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтің тиімділігін көтеруге бағытталған ұсыныстарды ұсыну.

Зерттеудің теориялық негіздері экономика және туризм нарығын дамытудың проблемалары жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ туристік қызметтің ұйымдық-құқықтық мәселелерін реттеуші Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, Президент жарлықтары және Қазақстан Республикасының агенттігінің статисикалық мәліметтері, Туризм және спорт жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігінің нормативті-құқықтық және есептік материалдары, туристік фирмалардың есептері, әлеуметтік сұраулардың нәтижелері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен логикасы зерттеудің мақсаттары және тапсырмалары негізінде анықталған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных