Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Білхан Қастеев атындағы галерея




Қазақтың Ұлттық Көркемсурет галереясы Қазақтың Қолөнер мұражайымен біріктіріліп, 1976 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Өнер мұражайы деген атқа ие болды. Оған 1984 жылы Ә. Қастеев есімі берілді.

Бұл мұражай қорында бейнелеу өнерінің түрлі саласында жинақталған 18 мыңға тарта шығарма бар. Мұражайдың 14 залында орыс және Батыс Еуропа, сондай-ақ Шығыс өнері туындылары қойылған.

Қазақ қолөнері залында сонау ежелгі заманнан бергі көшпенді тұрмысқа лайық киіз, тері, сүйек, алтын мен күмістен жасалған заттар, әсіресе зергерлік бұйымдар көп. Олар халық шебері мен ұсталарының ғажайып өнерінен сыр шертеді. Мұнда республикамыздағы танымал суретшілер Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, Х. Наурызбаев, Н. Нұрмұхамедов, С. Романов, Е.М. Сидоркиннің, т.б. суретшілерінің шығармаларымен танысасыңдар.

Атақты орыс суретшілері К.П. Брюллов, И.Е. Репин, И.И. Шишкин тағы басқаларының ғажайып картиналарымен кездесесіңдер.

 

 

Билет № 15

Мәтінді оқып, аудар.

Ке мен бала

Бір адам он жасар баласые ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр, -деп.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? – деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалға түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:

- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенің аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсың: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең – көптен де құр қаласың, -деді.


Билет № 16

Мәтінді оқып, аудар.

Айтыс

Бәйгеге ат қосқанда қай ат озар екен, балуандар күрес-кенде қайсысы жығар екен деп халық қатты толқымай ма? Ақындар айтысқан кезде де жұрт сондай күй кешеді.

Ақындар айтысы - екі ақынның сөз өнерімен сайысы, жыр мерекесі. Ертеректе кара сөзбен айтысу салты болған. Кейін бірте-бірте шешендік сайысқа, өлең-жырмен айтылатын ақындық айтысқа ұласқан. Ақындар елдің елдігін, жақсы мен жаманды, ақ пен караны, әділет пен арамзалықты, арлылық пен абыройсыздықты саралап, ортаға салып отырған.

Екі ақын тек бір-бірінің кемшілігін іздемеген, олар ел ішіндегі жайларды қозғаған. Айтыс елдің жақсы істерін мадақтап, кем-кетіктерін сынап, оның түзелуіне себепкер болатын, тәрбиелік мәні өте күшті өнер түрі саналған.

 

Билет № 17

Мәтінді оқып, аудар.

Радиохабар

Радиохабар - радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, шұғыл ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бірі.

Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радио-инсценировка, радиопьеса, т.б.). Радио сонымен бірге өз ха-барларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалған драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланды.

Радионы алғаш ойлап тапқан - А.С. Попов.

Ол 1895 жылы 7 мамырда өзі жасап шығарған сымсыз сигнал беретін қабылдағышты көпшілікке көрсетті.

 

 

Билет № 18

Мәтінді оқып, аудар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных