Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лабораториялық жұмыс




«Асқазан сөлін натрий гидроксидінің стандартты ерітіндісімен потенциометрлік титрлеу»

Мақсаты: сутек иондарының концентрациясынпотенциометрлік титрлеу әдісі бойынша анықтау.

Аналитикалық реакция:

HCl + NaOH = NaCl + Н2О

H+ + OH- = Н2О

Гальваникалық элемент:

Ag, AgCI |HCI| стекло |Н+| зерттелетін ерітінді |KCI| AgCI, Ag

шыны электроды рН -? хлоркүміс электроды

Жұмыс барысы: Бюретканы натрий гидроксидінің титрленген ерітіндісімен толтырады, нөлдік деңгейге келтіреді. Асқазан сөлінің үлгісі болып табылатын хлорсутек қышқылының ерітіндісінен 10 мл стақанға пипеткамен өлшеп құяды. Стақанды магнитті араластырғышқа қояды. Одан кейін рН-метрге жалғанған шыны мен хлорсутек электродтарын батырады. Ерітіндіні араластыра отырып,хлорсутек қышқылының бастапқы ерітіндісінің рН-ын өлшейді. Бюреткадан зерттелетін ерітіндіге 2 мл-ден натрий гидроксидінің титрленген ерітіндісіненбіртіндеп құя отырып, рН-ын өлшеп отырады. рН-тың кенет секіру мәнінен тағы титрлеуді 3 рет рН шамасын алғанша жалғастырады. Титрлеу нәтижелерін кестеге жазады.

Талдау нәтижелерінің есебі:

Хлорсутек қышқылы ерітіндісінің аликвотты көлемі V(HCl) = 10 мл.

натрий гидроксиді ерітіндісінің концентрациясы С(NaOH) = 0,1 моль/л

 

V(HCI), мл V(NaOH),мл рН ∆V=Vn+1-Vn ∆pH=pHn+1- pHn ∆pH/∆V
           

10-14 қатар

Алынған мәліметтер бойынша екі график тұрғызады:

· абсцисса осіне натрий гидроксидінің құйылған ерітіндісінің көлемін, ал ордината осіне сәйкес рН-тың мәндерін сала отырып, интегралдық рН ~ f(V(NaOH)) титрлеу қисығының;

· абсцисса осіне натрий гидроксидінің құйылған ерітіндісінің көлемін, ал ордината осіне сәйкес рН-тың өзгерісінің натрий гидроксидінің көлемінің өзгерісіне қатынасының мәндерін сала отырып, дифференциалдық ∆pH/∆V ~ f(V(NaOH)) титрлеу қисығының;

· эквиваленттік нүктені анықтайды (дифференциалдық титрлеу қисығындағы максимал мәні). Эквиваленттік нүктеден абсцисса осіне түсірілген перпендикуляр хлорсутек қышқылының ерітіндісін бейтараптауға жұмсалынған натрий гидроксиді ерітіндісінің көлеміне сәйкес келеді.

HCl молярлық концентрациясын есептеу:

С(НСl)=

рН = -lg CH+

Қорытынды: анықталған хлорсутек қышқылының ерітіндісінің концентрациясын және рН-н көрсетіңіз.

 

№6 Тәжірибелік сабақ

ТАҚЫРЫП: Гомофункционалды көмірсутектері туындыларының реакцияға түсу қабілеттіліктері. Спирттерге, фенолдарға, аминдерге, альдегидтерге, кетондарға және карбон қышқылдарына сапалық реакциялар.

МАҚСАТЫ:

1. Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардың құрылысы, жіктелуі және химиялық қасиеттерінің заңдылықтары туралы білімді реакциялардың схемаларын жазу үшін қолдана білуге үйрету.

2. Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардыңхимиялық қасиеттері және сапалық реакциялары арқылы оларды ерітінділерден анықтауды көрсете білу және алынған нәтижелерді дәледеу дағдыларын қалыптастыру.

 

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:

Білім алушының мүмкіндігі бар:

1) Молекуланың реакциялық орталығын және оның ерекшелігін анықтауға: қышқылдық, негіздік, электрофильді немесе нуклеофильді екендігін және реакцияға түсу қабілеттіліктерін бағалауға.

2) Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардың құрылыстарына қарай реакцияларға түсу қабілеттіліктерін салыстыра білуге.

3) Көпатомды спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімді қолдана отырып, оларға сапалық реакциялардың нәтижелері туралы тұжырым жасауға.

4) Оқытушының берген қосылыстар реакцияларының схемаларын жаза білуге.

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1) The acid-base properties of alcohols, phenols, thiols, amines and acids.

2) Тотығу реакциялары:

· біріншілік және екіншілік спирттердің;

· екіатомды фенолдардың;

· тиолдардың жұмсақ тотығуы;

· альдегидтердің күміс және мыс(II) гидроксидтерімен тотығуы.

3) Альдегидтер мен кетондардың тотықсыздану реакциялары.

4) Көпатомды спирттер мен фенолдарға сапалық реакциялар.

5) Аминдердің алкилденуі, ацилденуі және дезаминденуі.

6) Альдегидтер мен кетондарға тән реакциялар (сумен, спиртпен,тиолмен).

7) Органикалық және бейорганикалық қышқылдармен жәй және күрделі эфирлердің, амидтердің түзілуі.

8) Альдолды қосылу реакциялары. Бұл реакцияларл\дың биологиялық маңызы.

9) Дикарбон қышқылдарының қасиеттері: декарбоксилденуі және циклді ангидридтердің түзілуі.

Оқыту мен сабақ беру әдістері:

Әдіс - құрастырылған:

1) құрастырылған сұрау (ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс, жазбаша сұрау);

2) үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестілік тапсырмалар, билеттер.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных