Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бақылау сұрақтары. 1. Термодинамикалық жүйе: жіктелуі, күйі, параметрлері.




1. Термодинамикалық жүйе: жіктелуі, күйі, параметрлері.

2. Термодинамиканың негізгі заңдылықтары: термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы.

3. Термохимия – негізгі түсініктері мен заңдылықтары (Гесс заңы және Гесс заңынан шығатын салдарлар, Лавуазье-Лапласс заңы).

4. Тірі жүйе термодинамикасының ерекшеліктері. Термодинамикалық жүйенің стационарлы күйінің сипаттамасы. Энергетикалық қабысу принципі. Пригожин принципі.

5. Реакцияның молекулалығы және реті.

6. Реакцияның кинетикалық жіктелуі.

7. Ферментативтің катализ ерекшеліктері. Михаэлис-Ментен теңдеуі.

8. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта тұрғызу принципі.

Тесттер

1. «Дәнекерленген ампуладағы NaCl-нің 0,9%-дық ерітіндісі» - бұл жүйе болып табылады

1) гомогенді

2) гетерогенді

3) оқшауланған

4) жабық

5) ашық

2. Стандартты жағдайда жәй заттардан 1 моль күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сііңірілетін жылу

1) жану энтальпиясы

2) бейтараптау энтальпиясы

3) стандартты түзілу жылуы

4) стандартты ыдырау жылуы

5) стандартты түзілу энтальпиясы

3. Стандартты жағдайларға сәйкес келетін параметрлердің мәндерін таңдаңыз:

1) температура t = 25oC

2) температура Т = 298 К

3) температура Т = 273 К

4) қысым р = 101,325 кПа

5) қысым р = 1,0 атм

4. Термодинамикалық процестің өздігінен жүруі мүмкін болмайтын жағдайды таңдаңыз:

1) DG> 0

2) DG< 0

3) DH> 0; DS< 0

4) DH = TDS

5) DH< 0; DS> 0

5. Стационарлық жағдайда термодинамикалық жүйеге тән тұжырымдама

1) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де алмаспайды

2) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де үздіксіз алмасады

3) термодинамикалық параметрлердің мәні жағынан тұрақты градиенттері (шамалары) болады

4) жүйе энтропиясы ең аз шамаға өзгереді DSi /Dz®0

5) жүйе энтропиясы үнемі артып отырады DSi /Dz > 0

6. aА + bB + cC = mM + nN реакциясындағы (m + n) көрсетеді

1) N заты бойынша реакцияның ретін

2) B заты бойынша реакцияның ретін

3) C заты бойынша реакцияның ретін

4) тура реакцияның жалпы ретін

5) кері реакцияның жалпы ретін

7. w = k кинетикалық теңдеуіне сәйкес келетін реакция реті

1) нөлінші

2) бірінші

3) екінші

4) үшінші

5) бөлшек

8. химиялық реакциясыдинамикалық тепе-теңдікте болады, егер

1) А заты 50% -ға В затына айналған болса

2) А заты10% -ға В затына айналған болса

3) бірлік уақытта А затының айналу жылдамдығы В затының айналу жылдамдығына тең болса

4) В затының А затына айналу процесі басталған болса

5) А затының В затына айналуы аяқталған болса

9. N2(г) + O2(г) «2NO(г) тура реакция берілген. Жүйе қысымын 5 есе арттырғанда тура реакция жылдамдығы

1) 5 есе артады

2) 5 есе кемиді

3) өзгермейді

4) 25 есе артады

5) 25 есе кемиді

10. Ферменттер

1) жоғары каталитикалық белсенділік көрсетеді

2) ерекшелігі жоқ

3) биохимиялық реакцияларға таңдамалы түрде әсер етеді

4) температураның үлкен аумағында белсенділік көрсетеді

5) рН-тың белгілі бір мәндерінде ғана белсенділік көрсетеді

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.4-31.

2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 150-229.

3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 10-47.

Қосымша:

1. ЕсімжанА.Е. Жалпыхимияпрактикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидтыжәнефизикалықхимия [Мәтін]: Бақылаутестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

№2 ОСӨЖ

 

ТАҚЫРЫП: Ерітінді құрамының және оның коллигативті қасиеттерінің сандық сипаттамалары. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Осмос, гемолиз, плазмолиз

 

МАҚСАТТАРЫ:

· ерітінділердің коллигативті қасиеттерітуралы түсінікті қалыптастыру;

· қанға изотонды болатын заттар ерітінділерінің концентрациясын есептеуді үйрету;

· изотонды және гипертонды ерітінділердің медицинада қолданылуын негіздеу;

· изотонды концентрацияны және осмостық қысымды есептеуге арналған есептерді шығару арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.

оқыту міндеттері:

· Рауль заңы және одан шығатын салдарлардың, Вант-Гофф заңының физикалық-химиялық мәнін аша білу;

· тірі жүйелердегі осмостың роліне (тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз, биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльдігі) қатысты мысалдарды келтіру арқылы көрнекілікті көрсету;

· медициналық практикада изотонды және гипертонды ерітінділерді қолдану туралы ақпарат беру;

· медициналық-биологиялық зерттеулерде еріген заттың молярлы массасын, диссоциациялану дәрежесі мен изотонды коэффициентін анықтау үшін криометрия, эбуллиометрия және осмометрия әдістерін пайдалану мүмкіндігін көрсете білу;

· есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

 

ОҚЫТУ әдістері:

Үйлескен түрде:

- семинар (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында оқу бағдарламасын топ бойынша талқылау);

- шағын топтарда жұмыс істеу;

- кейс-стади (ситуациялық есептерді шығару).

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР (оқытушының таңдауы бойынша)

ü Сілтімен күйіп қалған кезде терінің күйген жерін алдымен сумен жуады, сонан соң сірке қышқылының 1%-дық ерітіндісімен бейтараптайды. Егер қышқылдың массалық үлесі 60%-ға тең болса, массасы 600г 1%-дық ерітінді дайындау үшін сірке эссенциясының қандай массасы қажет?

ü Аш адамның асқазан сөліндегі тұз қышқылының массалық үлесі орта есеппен 0,05%-ды құрайды. 0,5 л асқазан сөліндегі HCl зат мөлшерін есептеңіз. Асқазан сөлінің тығыздығы 1,005 г/мл.

ü Кальций хлориді медицина тәжірибесінде кеңінен қолданылады. 100 мл 3%-дық кальций хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм кристалдық CaCl2∙6H2O және су қажет? (ρ=1г/мл) Ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең?

ü Жасушаны қоршап тұрған ортадағы натрий хлоридінің гемолиз басталғандағы концентрациясы эритроциттердің осмостық тұрақтылығының (резистенттілігінің) көрсеткіші болып табылады. Адамның эритроциттерінде гемолиз натрий хлоридінің 0,4%-дық ерітіндісінде басталады, ал NaCl-ң 0,34%-дық ерітіндісінде «осмостық сандырақ (шок)» болады. Ерітіндінің тығыздығы 1 г/мл деп есептеп, 37оС кезінде осы ерітінділердің осмостық қысымын есептеңіз.

ü Таза судың бетіндегі қаныққан бу қысымы 25оС-та 3,166 кПа-ны құрайды. Осы температурада 5%-дық карбамид (мочевина) CO(NH2)2 ерітіндісінің бетіндегі будың қаныққан қысымын табыңыз.

ü 20оС температурада, құрамында 6,33г қанды бояйтын заты - гематин бар 100 мл ерітіндінің осмостық қысымы 243,4 кПа құрайды. Гематиннің молярлық массасын анықтаңыз.

БАҚЫЛАУ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных