Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Терминологиялық сөздер.




Тәрбие - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).

Тәрбиелік үдеріс - ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.

Тәрбие жұмысы - ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.

Тәрбиелік жүйе - 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі - тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.

Қосымша білім беру - білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды.

Қазіргі заманғы тәрбиеші - ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге, нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагогикалық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтималды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

Тәрбие қағидасы - тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

Өзін-өзі тәрбиелеу - субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүддесінде мақсатты түрде құрылатын және оның қасиеті мен қабілетінің дамуын саналы басқаратын үдеріс.

Өзін-өзі басқару - оқушылардың және студенттердің шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі.

Әлеуметтену - адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету.

Әлеуметтік белсенділік - адамның әлеуметтік қарым-қатынас жағдайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.

Өзіндік сана-сезім - әлеуметтік қарым-қатынасына, сұранысына, мотивіне, мәніне тән индивидтің өзі туралы сезіну және уайымдау жүйесінде пайда болатын жоғарғы сана.

Толеранттылық - сезгіштіктің олардың қайталанушы әсерлер нәтижесінің төмендеуі салдарынан фрустаторлар мен стрессорларға психологиялық тұрақтылық, төзімділік, шыдамдылық.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных