Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің қысқаша сипаттамасы




Қазіргі уақытта Қазақстандағы өзгерістерге және нарықтық қарым-қатынас құру жағдайында көптеген адамдардың кәсіби қызметінің негізгі түрі бизнес болып отыр. Бұл бағытта табысты болудың маңызды шарттарының бірі іскерлік қарым-қатынас білімі мен дағдыларын жетік меңгеру болып табылады. Казіргі уақытта кәсіпкерлік қызмет саласында өте қатаң бәсекелестік туындап отыр және ол күннен-күнге күшейіп келеді. Бизнестің тек экономикалық тұрғыда ғана емес этикалық негізде де құрылу керектігі бәрімізге белгілі. Қоғамда адамның өзін ұстай білуінің маңызы өте жоғары: ол арқылы тез тіл табысуға, жақсы, тұрақты қарым-қатынас орнатуға мүмкүндік береді. Сонымен қатар, әлемдік экономикалық байланыс жасауда, іскер адамдар шетелдік мемлекеттердің жақсы мінез кейпі ережесін білу керек, өйткені әдептілік талаптарын сақтамау нәтижесінде іскерлік қарым-қатынас бұзылып, өткізу нарығын жоғалтуға алып келуі мүмкүн. Іскерлік этикет бәсекелестер мен әріптестер арасындағы байланысты қарастыратын қоғамдық қарым-қатынас түріне жатады, ол бірлесіп қызмет ету үрдісі барысында және ұжымда қалыптасады. Іскерлік қатынастың басты факторы мәдениетті сөйлей білуді меңгеру. Ауызша сөз мәдениеті дегеніміз жақсы қарым-қатынас жасауға ықпал ететін тіл құралдарын таңдау және оны орнымен қолдана білу. Іскерлік қатынас негіздерін меңгеру әрбір маманның кәсіби біліктілігінің қажетті бір бөлігі болуы тиіс. Іскерлік қатынас нәтижесінде адами құндылықтар ашылады, атап айтқанда мейрімділік, түсіну, қайрымдылық және ілтипаттылық. Осы жақсы қасиеттердің бәрі адамның өзін ортада ұстай білу мәдениетімен тікелей байланысты. Әрбір мәдениетті адам белгілі бір әдептілік негіздерін біліп және оны сақтап ғана қоймай, белгілі бір қарым- қатынас талаптарының қажеттігін түсінуі тиіс. Өйткені адамның іс әрекеті, оның адамгершілік және интелектуальдық қасиеттері мен ішкі мәдениетінің көрінісі.

Мақсаты: студенттердің іскерлік қатынастар саласында алған білімдері мен дағдыларын меңгеруге көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар студенттердің тәрбие негіздері туралы түсініктерін кеңейту. Оқу құралы олардың сыпайылық әдептілік манерлерін қалыптастыруға, қарым-қатынас мәдениеті мен өзінің іскерлік тіл байлығын арттырып, алғашқы іскерлік келісімдер жасау дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

Міндеттері: «Іскерлік этикет» пәнінің міндетті мазмұны мен дайындық деңгейіне қажетті талаптарды жүзеге асыруға арналған және кәсіби білім беру оқу орындарына жұмыс бағдарламасын жасау үшін негізгі болып табылады.

Студент білуі керек:

-қонақ жайлылық аясында іскерлік этикет негізін;

-вербалды және вербалды емес қарым қатынас ережесін;

-мейрамханаларда өзін өзі ұстау ережесін.

Студент орындай алуы керек:

-қонақ үй, мейрамхана және барларда теориялық білім негізінде іскерлік этикет ережелерін қолдану;

­қарым қатынас үдерісінде әсер ету тәсілін қолдану;

­қонақ жайлылық аясында қызметкерлердің позитивті күйін қалыптастыру мақсатында тиімді қарым қатынас құру.

Пәннің пререквизиттері:

Курстың алдында оқылатын пәндер:

1.Мамандыққа кіріспе;

2. Туризм менеджменті;

3. Туристік жорықтарды ұйымдастыру.

Пәннің постреквизиттері:

Алған білімін қолданатын пәндер:

1. Балалар- жасөспірім туризмі;

2. Туризмдегі жаңа ақпараттық технологиялар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных