Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кардиология 70 сурак

# 1

*!Фалло тетрадасының құрамындағы элементтері:

* ЖАПА, аорта стенозы, сол қарыншаның гипертрофиясы

* магистральды қан тамырларының транспозициясы, аорта стенозы, оң қарыншаның гипертрофиясы

*сол жүрекшенің гипертрофиясы, өкпе артериясының стенозы, ЖАПА

*+ҚАПА, өкпе артериясының стенозы, оң қарыншаның гипертрофиясы, аорта декстрапозициясы

* ЖАПА, ҚАПА, магистральды қан тамырларының транспозициясы

# 2

*! Ашық артериальды өзек ТБЖА-сының ауырлығын анықтайтын белгі:

* перифериялық қарсылық

* аортаның бөліну бұрышы

* өкпенің қарсылық деңгейі

* баланың жасы

*+ өзектің диаметрі

 

# 3

*! Эйзенменгер синдромы бұл:

*+өкпе қан тамырларының склерозы, ҚАПАның субаортальды локализациясы, кеш кезеңі

* ДМПП, сол қарыншаның гипертрофиясы, кеш кезеңі

* трикуспидальды қақпақшаның стенозы, екі қарыншаның гипертрофиясы

* ашық артериальды өзек, оның асқынуы

* Фалло ауруының көрінісі

# 4

*! Жүректің көп бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасқан туа біткен жүрек ақауы қалй аталады?

* синистрокардия

* мезокардия

* декстроверсия

*+дестрокардия

* құрсақтық дистопия

# 5

*! Ревматикалық эндокардиттің жиі болжамы:

* аритмия

* миокардит

*+жүрек қақпақшаларының ақауы

* перикардит

* қан тамырларының тромбозы

# 6

*! Онтогенез барысында жойылатын жүректің кіші ақаулары

* сол қарыншаның хордасының орналасу бұзылысы

* оң қарыншаның хордасының орналасу бұзылысы

* папиллярлық бұлшық еттердің ақауы

*+ашық овальды терезе, ұзарған Евстахиев қақпақшасы

* жүрекшеаралық аневризмалар, қарыншааралық перденің ақауы

# 7

*! Іштен біткен кардиттердің клиникалық көрністері қашаннан бастап білінеді?

*+1-6 ай.

* 1-3 жас.

* 1 ай дейін

* 6-8 ай.

* 8-12 ай.

# 8

*! 5 жасқа дейінгі балада миокардиттің ЕҢ жиі қоздырғыштары?

*+вирустар

*пневмококктар

*стафилококктар

*клебсиеллалар

*ішек таяқшалары

# 9

*! 5 жастан үлкен балада миокардиттің ЕҢ жиі қоздырғыштары?

*+вирустар

*+бактериялар

* клебсиеллалар

* кандидалар

*ішек таяқшалары

# 10

*! Жедел миокардит диагнозының «үлкен» критерийлерінің бірі:

* жүрек ритмінің бұзылулары

* жүрек тондарының тұйықталуы

* систолалық шу

*+ жүрек қарыншаларының және мөлшерінің кеңеюі

* қанда КФК деңгейінің жоғарылауы

 

11! 1 - жасар ұл бала. Жүректің шекаралары солға және жоғарғы кеңейген. Төс сүйегінің сол жағында II қабырғааралықта – систоло-диастолалық “машина шуылы”, ол кеудеден тысқа, мойын тамырларына беріледі. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жүрекшеаралық перденің дефектісі

*қарыншааралық перденің дефектісі

*Фалло тетрадасы қарыншааралық перденің дефектісі

*+ашық артериалдық өзек

*қолқа коарктациясы

#12

*!6 жастағы ұл бала. Шаршағыш, физикалық жүктемеде ентігу. Пальпаторлы: төстің сол жағында II қабырғааралықта систолалық діріл байқалады, төстің сол жағында 2-інші қабырға аралықта дөрекі систоло-диастолалық шу. ЭКГ-да оң қарыншаға жүктеме, рентгенограммада- өкпе суретінің күшеюі, кіші қан айналым шеңберіндегі гиперволемия.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* өкпе артериясының стенозы

*қарыншааралықперденің дефектісі

*жүрекшеаралық перденің дефектісі

* субаортальды стеноз

*+ ашық артериалдық өзек

# 13

*! 4 жасар бала. Бронхиттармен жиі ауырады, жөтел ұзаққа созылады. Төс сүйегінің сол жағында II қабырғааралықта – систоло-диастолалық “машина шуылы”, ол кеудеден тысқа, мойын тамырларына беріледі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* Фалло тетрадасы

*+ ашық артериалдық өзек

* қолқа коарктациясы

*жүрекшеаралық перденің дефектісі

*қарыншааралық перденің дефектісі

# 14

*!Ұл 1 жас 2 айда. 4 айынан – тері қабаттарының, еріннің, көз склерасының цианозы. Физикалық дамуы артта қалған. Анасының айтуы бойынша салмағын нашар қосады, физикалық жүктемеден кейін тез шаршайды. Қарап тексергенде: терісі, көзге түсетін шырышты қабаттарының цианозы. Айқын жүрек өркеші. Жүрек үндері қалыпты, тахикардия. Рентгенограммада: жүрек шекарасы солға ығысқан, «етіктің басы» пішіндес.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*жүрекшеаралық перденің ақауы

*фиброэластоз

*жедел миокардит

*+Фалло тетрадасы

*қарыншааралық перденің ақауы

# 15

*! Науқас М., 4 жас 9 айда. Бронхиттармен жиі ауырады, ентігу. Үнемі жөтел. Физикалық дамуы артта қалған. Өкпеде тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдары естіледі. Пальпаторлы: төстің сол жағында II қабырғааралықта систолалық діріл байқалады. Пульс жоғары және жеделдеген. Перкуторлы: жүректің салыстырмалы тұйықтығы солға ығысқан. Аускультативті: систолодиастолалық «машина» шу, punctum maximum сол жақтан II қабырғааралықта төс бойында; шу сол жақ бұғанаасты және жауырын аралығына беріледі. Өкпе артериясы үстінде II үннің күрт күшеюі анықталады. Қандай жүрек ақауына бұл симптоматика тән:

*ҚАПА

*ЖАПА

*Фалло тетрадасы

*+ашық артериалдық түтік

*магистралды артериялар транспозициясы

# 16

*!Науқас 5 жасар. Анамнезінде: өмірінің 1-інші жылында қайталамалы бронх-өкпе аурулары. Қарап тексергенде: - тері жабындылары бозарған, физикалық жүктемеде ентігу. Аускультативті: үш жармалы қақпақшаның проекциясында I тон күшейген, өкпе артериясы үстінде II тон күшейген және тармақталған. Бала жатқанда сол жақта II-III қабырғааралықта нәзік систолалық шу естіледі, жүрек ритмінің бұзылуы (анасының айтуы бойынша – соңғы бір жыл бойы). ЭКГ-де: ЭО оңға ығысқан, оң жүрекшенің фибрилляция белгілері, оң жүрекшенің гипертрофиясы. ЭхоКГ – да, оң жүрекшеде солдан оңға турбулентті ағыс.

Қандай туа біткен жүрек ақауына бұл симптоматика тән?

*+жүрекшеаралық перденің дефектісі

*қарыншааралық перденің дефектісі

*Фалло тетрадасы

*ашық артериалдық өзек

*қолқа коарктациясы

# 17

*!4 айлық науқас уақытында дүниеге келді, бірден айқайлады. Туғаннан тері бозғылттығы байқалады, салмағын қосуы нашар. Объективті: тері қабаттары бозарған және тін тургоры әлсіреген. Пальпаторлы: күшейген, жайылған жүрек ұшы түрткісі, 3-4 қабырааралықта сол жақтан систолалық діріл. Перкуторлы: жүрек шекаралары екі жаққа, әсіресе солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағынан 3-4 қабырғааралықта ұзақ дөрекі систолалық шу, солға және оңға беріледі, өкпе артериясы үстінде ІІ тонның акценті мен тармақталуы. Рентген-суреті: өкпе суреті күшейген, жүрек көлденеңінен кеңіген, КТИ=0,57.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*ашық артериалды өзек

*жүрекшеаралық перденің ақауы

*қолқа коарктациясы

*+қарыншааралық перденің ақауы

*өкпе артериясының жекеленген стенозы

# 18

*! 2- айлық науқас. Аускультативті: систолодиастолалық «машина» шуы punctum maximum сол жақтан II қабырғааралықта төс бойында, 2-тон әлсіреген; ЭхоКГ-ашық артериалды өзек.

ЕҢ көп жүктеме жүректің қай бөлігіне болады?

*сол жақ жүрекше

*+оң қарынша

* қарыншааралық перде

*оң жақ жүрекше

* сол қарынша

# 19

*! Бала 5 жаста. Объективті: жүрек ұшы түрткісі көтеріңкі, систолалық шу, p.max. төстен сол жаққа II-қабырғааралықта, арқаға өткізіледі; II тон a.pulmonalis үстінен әлсіреген. Рентгенограммада – өкпе қан тамырларының көлеңкесінің кедейленуі. ЭхоКГ: оң жақ қарынша гипертрофияланған.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* ашық артериальды өзек

*+өкпе артериясының стенозы

* қарыншааралық перденің ақауы

* жүрекшеаралық перденің ақауы

* Фалло ауруы

# 20

*! Бала 5 жаста. Объективті: жүрек ұшы түрткісі көтеріңкі, систолалық шу, p.max. төстен сол жаққа II-қабырғааралықта, арқаға өткізіледі; II тон a.pulmonalis үстінен әлсіреген. Рентгенограммада – өкпе қан тамырларының көлеңкесінің кедейленуі. ЭхоКГ: оң жақ қарынша гипертрофияланған.

Кіші қанайналым шеңберінде гиповолемияның даму себебі:

*оң қарыншаның редуктирленген кіші лақтырылымы

*+оң қарыншаның шығу жолының стенозы салдарынан кедергінің болған

*аортальды қақпақшасы жармаларының стенозы салдарынан болған кедергі

*өкпе артериясы қақпақша жармасының стенозы салдарынан болған кедергі

*өкпе гипертензиясының склероздық сатысының дамуы

# 21

*! Жүректің туа біткен ақауының қайсына қозу түріндегі гипоксемиялық ұстамалар, тахипноэ, цианоздың күшеюі, есін жоғалту және 3 жастан асқан балалардың мәжбүрлі қалпы «жүресінен отыруы» тән?

* аорта коарктациясы

* қарыншааралық перденің ақауы

*+ Фалло тетрадасы

* жүрекшеаралық перденің ақауы

* ашық артериальды өзек

# 22

*! Ұл бала өмірінің 5-күні. Туылғаннан диффузды «шойынды» цианоз, ентігу. Қарап тексергенде – систолалық діріл, кардиомегалия. Рентгенограммада жүректің көлеңкесі овоидты («бүйірімен жатқан жұмыртқа») түрде.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* өкпе артериясының стенозы

* өкпе венасының жекеленген аномальды дренажы

* Эйзенменгер синдромы

*+магистральды қан тамырлардың толық транспозициясы

* оң жақ қарыншадан магистральды қан тамырларының қосарлана таралуы

# 23

*! 10 жастағы ұл бала, атлетикалық дене бітімді. Шағымы: бас ауыру, басында тамырдың соғуын сезу, АҚҚ жоғарылауы, аяқтарының ұйып қалуы, жүргенде ауырлау, әлсіздік.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* Фалло тетрадасы

*+аорта коарктациясы

* ашық артериальды өзек

* қарыншааралық перденің ақауы

* өкпе артериясының жекеленген стенозы

# 24

*! Ұл бала 8 жаста. Шағымы: жиі мұрнынан қан кету. Объективті: иықтары «атлетикалық». Жүргенде аяқтарының ауырады. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан. Систолалық шу р.mах сол жақтан II қабырғааралықта, жауырынаралық аймақта. АҚҚ қолында 150/90 мм.с.б., аяқтарында анықталмайды.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

*+ аорта коарктациясы

* вегето-қантамырлық дистония

* ашық артериалды өзек

* аорта қақпақшасының стенозы

* митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

# 25

*! 12 жастағы қыз бала. Шағымы: бас ауыру, басында тамырдың соғуын сезеді, аяқтарының ұйып қалуы, жүргенде ауырлау, әлсіздік. Қарап тексергенде: иық белдемі жақсы дамыған, жүрек шекаралары солға ығысқан. Аускультацияда төстің барлық сол жақ жиегінен систолалық шу естіледі, арқа жағынан да тыңдалады. АҚҚ қолында– 125/75 мм.с.б.б, аяғында – 100/60 мм.с.б.б. ЭКГ: сол жақ қарыншаның систолалық жүктемесі белгілері.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

*жүрекшеаралық перденің ақауы

*қарыншааралық перденің ақауы

*ашық артериальды өзек

*аортальды қақпақшаның стенозы

* + аорта коарктациясы

# 26

*! Ұл бала 10 жаста. Шағымдары: ентігу, әлсіздік, жөтел, жүрегінің ауыруы. Тексеру кезінде тері жабындарының бозаруы, ерін, мұрын ұшы, бетінің цианозы.

«Шапалақ» тәріздес бірінші тон, өкпе сабауының үстінде екінші тонның қосарлануы мен акценті. Тахикардия, жүрек түрткісінде пресистолалық күшеюмен диастолалық шу. Төсте «мысық пырылы» симптомы.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* ашық артериалды өзек

* митральді қақпақша жеткіліксіздігі

*+митральды қақпақша стенозы

* аорта қақпақшасы стенозы

* үшжармалы қақпақша стенозы

# 27

*! 10 жастағы балада эпицентрі төстің сол қыры, 2-ші қабырғааралықта, ұйқы артерияларына берілетін, қатаң систоликалық шу естіледі, аортада 2-ші тон әлсізденген, пульс 96 рет 1 минутына, иық артериясындағы АҚҚ 95/75 мм с.б., сан артериясындағы АҚҚ 110/90 мм с.б.

Төменде көрсетілген ақаулардың ішінен ЕҢ ықтималы?

*+аорта өзегінің стенозы

*жүректің біріккен ақаулары

*аорта коарктациясы

*қарынша аралық перде ақауы

*ашық артериальді өзек

# 28

*! 10 жастағы балада ревматикалық «шабуыл»-дан кейін төмендегі өзгерістер: жүрек шекараларының солға қарай кеңеюі, жүрек ұшы түрткісі күшейген және төменге ығысқан; жүрек ұшында жүректен тыс аймақтарға, арқаға берілетін, үрлеген систоликалық шу естіледі. I тон дыбысы төмендеген, өкпе сабауының үстінде II тонның акценті. Рентгенограммада жүрек солға қарай кеңейген, III, IV доғалар айқын (сол жүрекше мен қарынша доғалары).

Қандай ақаудың дамуы ЕҢ ықтимал?

* аорта өзегінің стенозы

* митральді стеноз

* аорта қақпақшасы жеткіліксіздігі

*+митральді қақпақша жеткіліксіздігі

* үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі

# 29

*! Ұл бала 12 жаста. Анамнезі бойынша- 9 жасынан бері баспамен ауырып келеді. Үлкен буындарында өтпелі артрит болған. Тексеру кезінде: жүрек шекаралары солға және жоғары қарай кеңейген. I-тон әлсіз, p.max. жүрек ұшында қатаң систоликалық шу естіледі.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі

* жедел миокардит

* аорта қақпақшасы жеткіліксіздігі

*+митральді қақпақша жеткіліксіздігі

* жүрекше аралық перде ақауы

# 30

*! 7 жастағы бала. Митральді қақпақшаның пролапсы, астигматизм, терінің жоғары созылғыштығы, бұлшық ет гипотониясы

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* Гордон синдромы

*+Элерс-Данлос синдромы

* Черни синдромы

* Марфан синдромы

* толық аяқталмаған остеогенез

# 31

*! 6 жастағы бала. ЭхоКГ-да аорта негізінің кеңеюі, Вальсальва синусының аневризмасы анықталды. Анықталған өзерістердің нәтижесі ЕҢ жиі неге алып келеді:

* митральді қақпақша жеткіліксіздігі

* митральді қақпақша стенозы

*+аортальды жеткілісіздік

*аорта коарктациясы

* аорта стенозы

# 32

*! 12 жасар қыз бала. Жүрегіндегі ауру сезімі мен жүрек соғуына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, астеникалық дене бітімді, ұзын бойлы. Терісі таза, бірақ созылғыш. Теріастылық қан құйылулар. Буындарындағы қозғалыс толық көлемді, дене тұрысы өзгерген. Буындарының гипермобильділігі. Кеудесінде шұңқыр тәріздес деформация. Жүрек шекаралары қалыпты. Үндері анық, алыстан естілетін (фонендоскопсыз) систолалық дыбыс.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* ревматизм

* миокардит

* аорта коарктациясы

* экссудативті перикардит

*+митральді қақпақшаның пролапсы

# 33

*! 12 жастағы бала. Бойы ұзын, қолдары ұзын, арахнодактилия, периодонтит, шыны тәрізді денесінің формасының бұзылысы, аорта жоғарылаған бөлігінің аневризмасы, нефроптоз, қанында- фиброноген В. Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Элерс – Данлос синдромы

*+Марфан синдромы

*Гордон синдромы

*Картагенер синдромы

*«бос иық» синдромы

# 34

*! 3 айлық ұл бала. Туғаннан салмақ нашар қосады, емшек емгенде тез шаршайды, тұмаумен жиі ауырады. Қарап тексергенде: ауыз-мұрын ұш бұрышының цианозы. Жүрек тондары тұйықталған, ритімі дұрыс, шулар жоқ. Бұл ауруда салыстырмалы диагноз жүргізу керек?

*+туа пайда болған жүрек ақауларымен

*жүре пайда болған жүрек ақауларымен

*кардиомиопатиямен

*инфекциялық эндокардитпен

*перикардитпен

# 35

*! Анасы 6 айлық баламен аймақтық педиатрға келді. Рентгенограмада “ шар тәрізді жүрек” анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, митральді қақпақшаның жетіспеушілігі систолалық шуы естіледі. Төмендегі аталған болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* жедел миокардит

* ашық артериалді өзек

* митральді қақпақшаның пролапсы

*аорта коарктациясы

* туа пайда болған фиброэластоз

# 36

*! Анасы 3 айлық баламен дәрігерге келді. Осыған дейін екі рет пневмониямен емделген. Рентгенограмада жүректің шар тәрізді ұлғайғаны анықталды, КТИ 0,62. Жалпы жағдайы ауыр. Ентігу. Жүрек аускультациясында: жүрек үндері тұйықталған. ЭхоКГ-да қарыншалардың ұлғаюы, ФИ-60 % дейін төмендеуі анықталды. Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*пневмония, кардиореспираторлы синдром

*қарынша аралық перденің ақауы

*жүрекше аралық перденің ақауы

*+ерте құрсақішілік кардит (фиброоэластоз)

*өкпе артериясының стенозы

# 37

*! 4 айлық балада рентгенограммада “шар тәрізді жүрек” анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді, шулар естілмейді. Туғаннан бала салмақ нашар қосады, емізу кезінде тез шаршайды, бір айлық кезінде үш рет бронхитпен ауырған, пневмония болған жоқ. ЭКГ-да қарыншалардың көлемі ұлғайған, миокардтың жиырылу қызыметі төмендеген (ФИ-60%, S=25%). Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*инфекциалық эндокардит

*перикардит

*эластофиброз (кеш туа пайда болған кардит)

*+ фиброэластоз (ерте туа пайда болған кардит)

* кардиомиопатия

# 38

*!5 жастағы қыз бала, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына шағымданып келді. Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде: баланың жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, тахикардия 120 рет мин. Галоп ритмі, жүрек үндері анық емес, бауыры +2 см ұлғайған. Пульсі әлсіз. Рентгенограммада: жүрек көлемі көлденеңінен ұлғайған. ЭхоКГ: сол қарынша миокардының жиырылу қызметі төмендеген, сол қарынша миокардының диастоладан соңғы көлемі ұлғайған. Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+ жедел миокардит

*инфекциалық миокардит

*жүректің ревматикалық ауруы

*гипертрофиялық кардиомиопатия

* дилатациялық кардиомиопатия

#39

*! 8 жастағы қыз бала. Жүрек аймағындағы ауыру сезіміне, жүрегінің қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде: жүректің көлемі көлденеңінен ұлғайғаны анықталды. АҚҚ – 90/60 мм сын.бағ. Осы ауруға ЕҢ тән аускультативті белгілер?

*систоло-диастоликалық шу

*жүрек ұшындағы 1 тонның күшеюі

*жүрек тондары қатты

*+ тұйықталған жүрек үні

*дөрекі систолалық шу

# 40

*!8 жастағы қыз бала. Жүрек аймағындағы ауыру сезіміне, жүрек қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексеру кезінде жүректің көлемі көлденеңінен ұлғайғаны анықталды. Аускультацияда: жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстросистолиялар. АҚҚ – 90/60 мм сын.бағ. лабораторлық қан анализінде қандай көрсеткіштің жоғарылауы осы ауыруға ЕҢ тән?

*+креатинфосфакиназа

*антистрептолизин-О титрі

* СРБ

* антистрептокиназа титрі

* жалпы белок және оның фракциясы

 

# 41

*! 3 жастағы бала, ТБЖА цианоздық түрiмен Д есепте тұрады, жиi және терең тыныс, цианоз ұлғайды. Бала мазасыз, тiзесiн құшақтап отырады, бiрақ мазасыздық әлсiздiкке ауысты, жиi тыныспен, есiн жоғалтумен, тырысулар пайда болды. Тырысуларды басу үшiн қандай препарат қолдануы керек?

*+кордиамин

* дигоксин

* строфантин

* дигитоксин

* коргликон

# 42

*!3 жастағы бала. Стационарға тексерiлу үшiн келдi. Анамнезiнде: салмақты аз қосу, тамақтандыру кезiнде тез шаршайды, жиi ентiгу,цианоз. Бронхиттер мен пневмониялармен жиi ауырады. Объективтi тексергенде: көз склерасы, ерiндерi цианотикалық түсте, саусақтары мен тырнақтары - "барабан таяқшалары" мен "сағат әйнегi" түрiнде өзгерген. Жүрек шекаралары өзгермеген. Тондары әлсiз, ЖСС-110 рет мин. Төс сүйегiнiң сол жақ қырында қатаң тембрлi систолалық шу естiледi. II тон сол II қ/а әлсiреген. Өкпесiнде пуэрилдi тыныс, сырылдар жоқ. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған. Диагнозды дәлелдеу үшiн қандай тексеру әдiстерi керек?

*кеуде қуысының рентгенографиясы, фонокардиография

*кеуде қуысының рентгенографиясы, электрокардиография

*+кеуде қуысының рентгенографиясы, эхокардиография

*қанның биохимиялық анализі, ангиография

* компьютерлі томография, қанның стерилдігін тексеру

# 43

*! Қыз бала 8 жаста. Жүрек тұсының ауру сезiмiне, жүрек дүрсiлiне шағымдануда. Екi апта бұрын ЖРВИ ауырған. Тексерiс кезiнде: жүрек шекарасы көлденеңiнен ұлғайған. Жүрек тондары бәсең. Жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, жиi емес экстрасистолиялар. АҚҚ- 90/60 мм рт. ст.

Қан талдауында ЕҢ ақпарат берушi көрсеткiш:

*+креатинфосфокиназалар

* титр антистрептолизин-О

* тимолоды сынама

* антистрептокиназалар титры

* жалпы белок және оның фракциялары

# 44

*!Бiр жасар баланы тексергенде педиатр жүректiң туа пайда болған ақауына күдiктендi. Эхокардиографиялық тексеруде қарыншааралық перденiң мембранозды бөлiгiнде 0,3 см көлемiндегi ақау анықталды. Осы ақауды жабу қандай асқынудың алдын алады:

*+өкпелік гипертензия

*оңқарыншалық жетіспеушілік

*солқарыншалық жетіспеушілік

*жүрек ритмінің бұзылысы

*инфекциялық эндокардит

# 45

*! 3 жастағы ұл бала. Физикалық дамуы артқа қалған. Физикалық ауыртпалықтар кезiнде жөтел және ентiгу анықталады. Рентгенограммада жүрегi жоғарыға және көлденеңiнен ұлғайған. Жүрек ұшы түрткiсi жайылған, көтерiңкi және төменге ығысқан. Кеуденiң сол III-IV қабырғаарлығында систолалық дiрiл мен ұзақ систолалық шу.

Осы туа пайда болған жүрек ақауын қандай оперативтi емдеу қажет?

* артериялық өзек жалғау

* жүрекшеаралық ақауды жабу

*+қарыншаарлық ақауды жабу

* өкпелік вальвулотомия

#46

*! 3 күндiк нәресте, шала туылған, салмағы 1980 г. Аускультацияда сол жақта екiншi қабырғаарлықта систолалық шу естiледi. ЭКГ жүректiң оң жақ бөлiктерiне жүктеме белгiлерi. Эхокг - ашық артериалды өзек. Осы ақаудың коррекциясында қандай препараттар қажет?

* капотен

* вазопростан

*+индометацин

* дигоксин

* обзидан

# 47

*!Бала 4 жаста. Бронхитпен жиi ауырады, ұзақ жөтел. Солжақ II қабырғаарлықта систоло-диастоликалық ("машиналық") шу, жүректен тыс және ұйқы артериясына таралады.

Осы туа пайда болған жүрек ақауын қандай оперативтi емдеу қажет?

* аортаның тарылған жерлерін жою

*+ артериялық өзекті жалғау

* жүрекшеаралық ақауды жабу

* қарыншаарлық ақауды жабу

* өкпелік вальвулотомия

# 48

*!Науқас К, 5 жаста. Анамнезiнде: 1 жасынан бастап қайталанған бронх- өкпе аурулары. Тексеру кезiнде - терi жабындылары бозғылт, физикалық ауыртпалық кезiнде ентiгу (анасының айтуы бойынша - соңқы жылдары). Аускультацияда үшжармалы қақпақша проекциясында I тонның күшеюi, өкпе артериясында II тонның күшеюiмен тармақталуы. Жатқан кезде сол жақ II-III қабырғаарлықта әлсiз систолалық шу естiледi, жүрек ритмi бұзылысы. ЭКГ: ЖЭО оңға ығысуы, оң жүрекше фибрилляция белгiсi, оң қарыншаның гипертрофиясы. Эхокг -оң жүрекшеде солдан оңға турбуленттi ағыс.

Осы туа пайда болған жүрек ақауын қандай оперативтi емдеу қажет?

* аортаның тарылған жерлерін жою

* артериялық өзекті екі еселік лигатурамен жабу

* артериялық өзекті жалғау

* +жүрекшеаралық ақауды жабу

* қарыншаарлық ақауды жабу

* өкпелік вальвулотомия

#49

*! 4 айлық бала тексерiлу Үшiн кардиология бөлiмшесiне келiп түстi. Анасы баласының аз салмақ қосуына,сонғы айда көгерумен жүретiн ентiгуге шағымданады. "ТБЖА.Фалло тетрадасы" диагнозы қойылды. Кешкi уакытта баланың жағдайы нашарлады: ентiгу пайда болды, жалпы мазасыздық және көгеру күшейдi. Кезекшi дәрiгер тағайындауы керек:

*корглюкон, натрий хлор инфузиясы

*жасанды дем,оттегі

*тері астына преднизолон,атропин

*+ бұлшық етке промедол,кордиамин,кислородпен ингаляция

* адреналин,дигоксин инъекциясы

# 50

*! Объективтi тексеру кезiнде балада: терiсi бозарған, көгерусiз, төстен солға 2-3 қабырға аралықта систолалық дiрiл және эпигастрий аймағында пульсация. Жүрек шекарасы оңға қарай аз ғана кеңiген,сол жақ 2 қабырға аралықта, сол бұғанаға, мойын тамырларына және жауырын аралыққа берiлетiн каты систолалық шу естiледi, өкпе сабауы тұсында 2шi тон әлсiреген. Берiлген жүректiң туа пайда болған ақауында қандай оперативтi ем мақсатты?

*аортаның тарылған бөлігін алып тастау

*артериялық өзектi жабу

*жүрекшеаралық ақауды жабу

* қарыншааралық ақауды жабу

*+ өкпе вальвулотомиясы

# 51

*! 5 күндiк ер бала. Туылғаннан жайылған көгеру,ентiкпе. Қарау кезiнде: систолалық дiрiл, кардиомегалия. Рентгенограммада жүрек көлеңкесi овоидты формада (бүйiрiмен жатқан жқмыртқа) Берiлген жүректiң туа пайда болған ақауында қандай паллиативтi оперативтi ем қажет?

*аортаның тарылған бөлігін алып тастау

*артериялық өзектi жабу

*жүрекшеаралық ақауды жабу

*+табиғи ақауды кеңiту немесе перделердiң жасанды ақауын жасау

*өкпе вальвулотомиясы

# 52

*!5 күндiк ер бала. Туылғаннан жайылған көгеру,ентiгу. Қарау кезiнде: систолалық дiрiл,кардиомегалия. Рентгенограммада жүрек көлеңкесi овоидты формада (бүйiрiмен жатқан жқмыртқа) Берiлген жүректiң туа пайда болған ақауында қандай радикалды оперативтi ем қажет?

* өкпе вальвулотомиясы

*аортаның тарылған бөлігін алып тастау

*артериялық өзектi жабу

*жүрекшеаралық ақауды жабу

*+ магистралды тамырлардың транспозициясын анатомиялық коррекциялау

# 53

*!Атлетикалық дене бiтiмдi 10 жасар бала бас ауруына, басында пульсацияның сезiлуiне, қолында АҚ жоғарылауына шағымданады. Аяқтарының ұйып қалуы, жүрген кезде ауырлық,әлсiзiк байқалған. Диагнозы нақтылау үшiн қандай тексерiс жүргiзу керек?

* электрокардиография

* фонокардиграфия

* велоэргометрия

*+ допплерография эхокардиографиямен

* жүрек қуысын зондтау

# 54

*!Атлетикалық дене бiтiмдi 10 жасар балада бас ауруына, басында пульсацияның сезiлуiне, қолында АҚ жоғарылауына шағымданады. Аяқтарының ұйып қалуы, жүрген кезде ауырлық,әлсiзiк байқалған. Аускультацияда: төс сүйегi қырында 2- 4қабырға аралықта және жауырын арасында аз ғана систолалық шу. ЭхоКГ-да гипертрофия және сол қарыншаның кеңеюi белгiлерi бар. Берiлген жүректiң туа пайда болған ақауында қандай паллиативтi оперативтi ем қажет?

*+қолқаның тарылған бөлігін алып тастау

*артериялық өзектi жабу

*жүрекшеаралық ақауды жабу

*қарыншааралық ақауды жабу

*өкпе вальвулотомиясы

# 55

*!Тексеру кезiнде жасөспiрiмде жүрек ұшы түрткiсi оң жақта орналасқан және соған сай жүректiң салыстырмалы перкуторлы шекарасының өзгерiсi байқалды. Диагнозды нақтылау үшiн қандай тескерiс жүргiзу керек?

*+электрокардиография, кеуде қуысының рентгенографиясы

*аускультация,фонокардиография

*жүрек қуысының катетрлеу

* ЭКГ,АҚ тәуліктік бақылау

* эхокардиография, ангиокардиография

# 56

*! 12 жасар қыз бала бас ауруына, басында пульсацияның сезiлуiне, аяқтарының ұйып қалуына, жүрген кезде ауырлық,әлсiзiкке шағымданады. Қарау кезiнде: иық белдеуi жақсы дамыған, жүрек шекарасы солға кеңiген. Аускультация кезiнде төс сүйегiнiң сол жағында және арқасына жайылған систолалық шу естiледi. Қолында АҚ- 25/75мм.сын.бағ.аяғын да-100/60мм.сын.бағ.

ЭКГ: сол қарыншаның систолалық жүктемесiнiң белгiлерi

Диагнозды нақтылау үшiн қандай тескерiс жүргiзу керек?

*ЭКГ тәуліктік бақылау

*аускультация,фонокардиография

*жүрек қуысының катетрлеу

* доплерографиямен УДЗ

*+ АҚ тәуліктік бақылау

# 57

*!8 жасар қыз бала әлсiздiкке, жүрек аймағындағы ауру сезiмi,ентiкпеге шағымданады.

Анамнезiнде жиi баспамен ауырған. Жүрек аускультациясында әлсiз 1-шi тон фонында, ұзақ, дөрекi, жүректен тыс аймаққа таралған систолалық шу естiледi.

Диагнозды нақтылау үшiн ЕҢ қажет зерттеу әдiсi?

* электрокардиография

* рентгенография

* велоэргометрия

*+эхокардиография

* ангиография

#58

*! 12 жасар ер бала. Анамнезiнде - 9 жасынан бастап жиi баспамен ауырған. Yлкен буындарының өтпелi артритi. Қарау кезiнде: жүрек солға және жоғарыға кеңiген. 1-тон әлсiз, p.max және жүрек ұшында дөрекi систолалық шу естiледi. Бұл ауруға қандай зертханалық көрсеткiштiң жоғарылауы тән?

* креатинфосфокиназа

*+антистрептолизин-О

* С-реактивный белок

* ревматоидты фактор

* жалпы белок және оның фракциясы

# 59

*! 10 жасар балада ревматикалық "шабуылдан" кейiн жүрегiнде: шекарасының солға кеңеюi, жүрек ұшы түрткiсi күшейген және төменге ығысқан; жүрек ұшында үрленген жүректен тыс аймаққа және арқаға берiлетiн систолалық шу,1 тон әлсiреген, 2 тон өкпе сабауы үстiнде күшейген. Рентгенограммада жүрек сол жаққа кеңiген, 2-3-4 доғалар айқындалған. ЕҢ мүмкiн жүректiң туа бiткен ақауы қандай?

*аорта стенозы

*митралды стеноз

*аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі

*+митралды қақапақша жеткіліксіздігі

*үш жармалы қақапақша жеткіліксіздігі

# 60

*! 13 жасар қыз бала дәрiгерге дене қызыуның көтерiлуiне, жалпы әлсiздiкке, жүрек тұсының ауыруына, iрi буындарының сыздап ауыруына шағымданып келдi. Анамнезiнде жиi баспамен ауырады. 2 апта бұрын кезектi баспамен ауырды. Объективтi: 37,9 С дене қызуы. Терiсi бозғылт,

ылғалды. Жүрек шекарасы сол жаққа +0,5см кеңiген. Жүрек тоны тұйықталған,ритмдi. Жүрек ұшында - систолалық нәзiк шу. ЖСЖ-94 рет мин. АҚ 110/70мм.сын.бағ. Тiлi таза, кариозды тiстерi бар. Бадамшалары гипертрофияланған. Науқастың емiнде ЕҢ тиiмдi препараттар?

*+диклофенак+ преднизолон + плаквенил + пенициллин

* димедрол + коргликон + ортофен + луцетам

* пенициллин + лазикс + метотрексат + аспаркам

* эритромицин + рибоксин + актовегин + дипроспан

* аспаркам + пенициллин + диклофенак + методжект

# 61

*! 12 жасар бала- ұзын бойлы, ұзын қолды, арахнодактилия, периодонтит, көз бұршағы формасының аномалиясы, нефроптоз, қанда фибриноген В анықталды. Науқастағы жүректiң дәнекер тiндерiнiң дисплазиясын анықтауда ЕҢ қажет

Аспаптық зерттеу әдiсi?

* электрокардиография

* рентгенография

* фонокардиография

* велоэргометрия

*+эхокардиография

# 62

*! Қыз бала 11 жаста. 2 жылдан берi кардиологта "2 дәр.митральды қақпақшаның пролапсы, 2 дәр.регургитация" диагнозымен қаралады. Бiрнеше рет стационарлы ем қабылдаған. Соңғы кездерi жағдайы нашарлады: жүрек аймағындағы ауру сезiмi күшейдi, әлсiздiк, ентiгу пайда болды. Митралды қақапақшаның регургитация дәрежесiн аңықтау үшiн қандай аспаптық зерттеу жүргiземiз?

* электрокардиография

* рентгенография

* фонокардиография

* велоэргометрия

*+эхокардиография

#63

*! Қыз 12 жаста. Бас, жүрек ауруына, жүректiң қатты соғуына, қорқыныш сезiмiне шағымданды. Объективтi: жағдайы қанағаттанарлық, дене бiтiмi астеникалық типтi, бойы ұзын. Терiсi таза, бiрақ созылғыш, терiастылық қан қюлар. Буынның қозғалыстары толық көлемде, дене қалпы өзгерген. Буындарының гипермобильдiлiгi. Кеуде қуысы шқңқырланып деформацияланған. Жүрек шекарасы қалыпты. Жүрек үндерi анық, дөрекi систолалық шу естiледi.

ЭхоКГ: митралды қақпақшаның пролапсы 1 дәр. 1 дәр. регургитациямен

Қандай ем ЕҢ тиiмдi?

* ортофен + плаквенил + седуксен

*+карнитин + луцетам + грандаксин

* индометацин + циннаризин + актовегин

* ампициллин + пентоксифиллин + аспаркам

* ортофен + преднизолон + фуросемид

# 64

*! Бала 1 жаста. Анасының айтуы бойынша балада үш айдан берi жөтел, жүктеме кезiндегi ентiгу. Жүрек R-граммасында - жүрек ұлғаюы, КТИ - 0,60. Пневмония белгiлерi жоқ. Аускультацияда - жүрек үндерi тұйықталған. Диагнозды нақтылау үшiн ЕҢ тиiмдi аспаптық зерттеу?

* электрокардиография

*+эхокардиография

* нейросонография

* ангиография

* жүрек қуысының катетеризациясы

# 65

*! 4 айлық баланың рентгенограммасында «шар тәрізді» жүрек анықталды. Жүрек үндері бәсеңдеген, ритмді, шу жоқ. Бала туылғалы салмақ аз қосады, емгенде шаршайды, бур айлық кезінде үш рет бронхитпен аурды, пневмонияны жоққа шығарған. ЭхоКГ-да екі қарыншаның қуысы кеңейген, жүректің солқарыншаның жиырылу қабілеті төмендеген (ФИ-60%, S=25%) Қандай препараттар ең тиімді?

*+СЕҚҚ + глюкокортикостероид

* транквилизатор + жүрек гликозидтері

* антибактериальды препарат + диуретик

* антибактериальды препарат + кардиопротектор

* калий препараттары + антибактериальды препарат

# 66

*! 4 айлық баланың рентгенограммасында "шар тәрiздi" жүрек анықталды. Жүрек үндерi тұйықталған, ритмдi, шу жоқ. Бала туылғалы салмақ аз қосады, емгенде шаршайды, бiр айынан берi үш рет бронхитпен аурды, пневмония болмады. ЭхоКГ-да жүректiң екi қарыншасының қуысы кеңейген, солқарыншаның жиырылу қабiлетi төмендеген (ФИ-60%, S=25%). ЭКГ да қандай өзгерiстер аңықталады:

* QRS кешенінің төмен вольтажы

* жоғарылаған Т тісшесі

* Т тісшесі жоқ

* Р тісшесінің тегістелген

*+сол жүрекшенің және сол қарыншаның гипертрофиясы белгілерімен жоғары вольтажды кешендер

# 67

*! Бала 3 айлық. 500,0 салмақ қосқан. Емшек емгенде шаршайды, ауруханада интенсивтi терапия бөлiмшесiнде пневмониядан екi рет емделген. Объективтi: мұрын ауыз ұшбұрышының әлсiз цианозы. Ентiгу, жүрек үндерi тұйықталған, ритмдi, шу жоқ. Рентгенограммада үлкен"шар тәрiздi" жүрек, өкпе суретi күшейген, қою. ЭхоКГ - жүректiң екi қарыншаның қуысы ұлғайған, солқарыншасының жиырылу қабiлетi төмендеген.

Қандай препараттар ЕҢ тиiмдi?

*+диклофенак, преднизолон

* димедрол, коргликон

* пенициллин, лазикс

* эритромицин, рибоксин

* аспаркам, пенициллин

# 68

*! Қыз бала 5 жаста әлсiздiк, ентiгу, жүректiң қатты соғуына шағымданады. Екi апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Баланы қарап тексергенде: жағдайы ауыр, бозғылт, тахикардия 120/мин., "шоқырақ" ритмi, жүрек үндерi аңық емес, бауыры қабырға доғасынан +2 см шығыңқы. Пульсi әлсiз. Рентгенограммада: жүрек өлшемдерiнiң көлденеңiнен ұлғаюы. ЭхоКГ: жүректiң сол қарын

шасының жиырылу қабiлетi төмендеген, сол қарыншаның диастоладан соң өлшемдерi ұлғайған. Қандай препараттардың комбинациясы ЕҢ тиiмдi?

*+бруфен, преднизолон, L-карнитин

* пенициллин, курантил, метатрексат

* макропен, коргликон, АТФ

* строфантин, фуросемид, рибоксин

* циклофосфан, эссенциале, супрастин

# 69

*! Қыз бала 8 жаста. Жүрек аймағындағы ауру сезiмiне, жүректiң қатты соғуына шағымданады. Екi апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы солға қарай кеңейген. Жүрек үндерi тұйықталған.

Диагнозды нақтылау үшiн қандай зерттеу тиiмдiрек?

* антистрептолизин-О титрі,ЭТЖ

*+кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы, эхокардиография

* электрокардиография, велоэргометрия

* лактатдегидрогеназа, малатдегидрогеназа дәрежесі

* ақуыз фракциясы, С-реактивті белок

# 70

*! 8 жастағы балада ауыр өткен тұмаудан кейiн жүрек аймағында ауру сезiмi пайда болды. Жүрек үндерi тұйықталған, ретсiз экстрасистолиялар, жүрек шекарасы көлденеңiнен кеңейген.Осы аурудың емiнде преднизолонды қандай есеппен тағайындайды?

* 0,05 мг/кг

*+0,5 мг/кг

* 2 мг/кг

* 3 мг/кг

* 5 мг/кг

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
на І семестр 2014-2015 н. р. | 


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2025 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных