Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ОҚУШЫ СИПАТТАМАСЫ: ҚОРҒАНАТЫН ДЕЙВ

Дэйв 10-сыныптағы ең нашар оқушылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол өзінің нашар оқу үлгерімі мен сабақта ештеңе түсінбейтіндігі арасындағы байланысты жасырғысы келеді. Өкінішке орай, оның ақымақ болып көрінбеу үшін қолданатын стратегиялары оқуын жақсартуға кедергі келтіреді.

Ол әдістерді тапқырлықпен қолданады. Мысалы, бір күні таңертең Дэйв бұған дейін орындауға тиісті болған тәжірибелік сабақ туралы он сұраққа жауап беру шеңберіндегі тапсырмаларды орындап отырады. Мұғалім сыныпта өз қабілеттеріне қарай және сұрақтарға жауап алу арқылы әрбір оқушы жұмысының мониторингін жүргізе отырып, әр оқушымен кезек-кезек жұмыс істейді. Дейв мұғалімге бірнеше сұрақ қояды, бірақ ол көптеген сұрақтарға өздігінен жауап беру үшін бар ынтасымен жұмыс істеп отырғандай әсер қалдыруға тырысады. Шындығында, ол қалған жауаптарды сыныптастарынан алады немесе көшіріп алады. Осылайша, Дэйв берілген жұмысты оқымай-ақ және түсінбестен тапсырманы аяқтайды.

Келесі сабақта мұғалім оқушылардан кешегі жұмыстарын көрсетуді сұрайды. Дейв жоқ дәптерді іздестіру мақсатында өзінің сумкасын қарап жатқандай кейіп танытады, бірақ, бұл ретте оның өзін қоса алғанда, оның мұғалімі де, бүкіл сыныптастары да, шындығында, оның бұл тапсырманы орындамағанын біледі.

Модуль бойынша тестілеу соңында Дэйв екі рет қарындашын ұштайды, жерге құлап қалған өшіргішті көтерген сияқты болады және бауын байлайды. Ол сұрақтарға көңіл бөлмейтіндігін жасыруға тырыспайды. Керісінше, ол сыныптағы әрбір адамның оның тесті шешуге тырыспайтынын байқағанын күтеді. Мұғалім барлығының көзінше, егер ол тырысса, оның бағасы жақсы болатынын, олай болмаған жағдайда нашар болатынын Дейвке және оның сыныптастарына хабарлай отырып, оған бірнеше рет жұмысқа қайта оралуды ескертеді. Дейвтің қалайтыны да осы болатын, ол басқалардың осы сөздерді естуін тілейтін.

Дейвтің стратегиялары, кем дегенде қысқа мерзімде, өз мақсатына жетеді. Ол кейбір тапсырмаларды өте жақсы деп айтпасақ та, жақсы деңгейде орындаудың жолын табады. Тест орындауға тиісті уақытта (бұл жағдайда көшіріп алу сияқты басқа стратегиялар мүмкін емес) ерігіп отырып, ол ақымақ екендігі туралы тұжырымнан аулақ болуға тырысады. Бірақ тапсырманы орындауға ешқандай әрекет қабылдамай, ол өзінің бағаларының төмен болуының түсініктемесін ғана іздейді, алайда тапсырманы орындауға тырысып көрсе, тестіден жақсы баға алуға болатыны туралы ойланбайды да.

Бұл жердегі қайғылы жағдай ақымақ болып көрінбеу үшін қолданылатын әр алуан күш жігердің барлығы өзін-өзі қорғау актісі болып табылатындығында. Бірақ оның оқу бағдарламасын меңгеруде ілгері жылжу жоқ, ал оның сәтсіздігі күн сайын шарасыз болып барады. Ақырында Дэйв қабілетті адам ретіндегі өз бейнесін сақтау амалдарынан бас тартып, сыныптағы «топас» балалардың бірі болып шыға келеді. Егер ол осы өзін-өзі бүлдіретін ойынды жалғастыра беретін болса, онда ол көп ұзамай ақылды болып көрінуге тырыспайтын Ханна сияқты дәрменсіз болып шығады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | МАССАЖ ПРИ ВАРИКОЗНОМ РАСШИРЕНИИ ВЕН


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных