Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бақылау сұрақтары




1. "Модернизация " сөзі қазір қандай мағынаны білдіреді?

2. Демократияның белгілеріне не жатады?

3. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?

4. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?

5. Демократияның алуан түрлілігіне не жатады?

6. Демократияның төбе топ теориясы деген не?

7. Тура демократия, плебисцитарлық демократия, өкілдік демократиялардың айырмалары қандай?

8. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
  Саяси тәртіп (режим) саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдер жиынтығы.
  Скиперт монархиялық биліктің нысаны, Ол қымбат тастармен неше түрлі өрнектермен әсем бедерлермен безендіріледі
  Регент монархиялық елдерде монархтың (хан, патша, король т.т.) жасы толмағандығына, ұзақ науқасқа шалдығуы немесе орнында болмауына байланысты мемлекеттік уақытша басқаруға тағайындалған адам
  Милитаризм жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат
  Диктатор заңмен санаспай күштеу мен қудалауға сүйенетін билеп төстеуші
  Авторитаризм жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.
  Волюнтаризм саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
  Диссидент үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоғам өмірінің әр түрлі, әсіресе саяси жақтарымен келіспей ашық қарсы шыққан адамдарды айтады.
  Монархия мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін.
  Тоталитаризм әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Саяси режим – елде саяси өмірді анықтайтын мінез құлық, саяси бостандықты көрсету деңгейі және билік органдарының құқықтық қызметіне деген қатынастың қоғамдағы саяси өмір сүру тәсілі.

Саяси режимдердін типологиясы: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық.

Тоталитаризм: әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынғаң мемлекеттік саяси құрылыстың түрі.

Тоталитаризмның пайда болуы себептері:

төнкеріс

соғыста жеңіліп қалу

ішкі қарама-қайшылықтары

сырттан көндіру

Қалыптасу шарттары:

қалыптасқан әлеуметтік құрылымдардың кенеттен өзгеру

әр түрлі қоғамдық топтардың маргинализациясы

саяси биліктің дағдарысы

азаматтық қоғамның күйзеліске ұшырауы

саяси сананың деформациясы.

Тоталитарлық режимге мысал келтіріңіз

Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін меммлекеттік-саяси тәртіп

Авторитаризмның өзгеше белгілері:

билік саяси көшбасшының немесе жеке топтардың қолында қалыптасуы

қоғам өмірінің шешуші құралдары мемлекеттің қолында болуы

азаматтардың және әлеуметтік саяси ұйымдардың саяси құқықтары мен жүріс-тұрысын қатаң түрде бақылау

жазалау аппаратының жоқ болу

кейбір демократия элементері болу (сайлау процесі, парламентік қүрес)

Авторитаризмның тоталитаризмнан ерекшілігі:

міндетті емес анық жетілдірген бірыңғай идеология

қоғамның үстінен мемлекет тарапынан ықпал жасаудың болмауы

азаматтардың ынталық пен дербестігін мадақтау

жеке өмірге қатысуына бас тарту

саяси биліктің ең басты аргументы – бедел, бірақ оған күш пайдаланбай жету

Авторитарлық режимдердың типологиясы (Е. Вятр)

әскери басқару

теократиялық авторитарлық режим

монархиялық авторитарлық режим

неоавторитарлық режим

персоналық авторитарлық режим

Авторитарлық режим туралы мысалдар келтіріңіз

Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің демократиялық режиміне өзгеру формасы:

«Жоғарғы» - реформа демократиялық өзгеріс бағдарламасын билікте отврғандар өз еркі бойынша шешеді.

Мысал келтіріңіз_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қазақстан қоғамын демократияландыру ерекшеліктері қандай?___________________________________________________________________________________________________________________________________

Реферат тақырыптары:

1. Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдер жиынтығы.

2. Саяси-құқықтық режим қамтамасыз ететін қоғамдық институттар.

3. Әр түрлі саяси режимдер жағдайында ақпарат құралдарының рөлі.

4. КСРО кезіндегі саяси режим: ерекшеліктері, дамуы, дағдырыс пен ыдырауы.

5. Қазіргі Қазақстанда саяси режимнің конституциялық бекітілу процесі.

 

Блиц-тест

1-тест. Саяси режим дегеніміз:

А) мемлекеттің стратегиясы мен тактикасын жетілдіретін өкілеттігі мен органдар жиынтығы;

Б) соғыстан кейінгі экономиканы азаматтық тауарлар (өнім) шығаратын өндіріске көшіру;

В) белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы;

Г) нақты қоғамдық-саяси негізге сүйенетін саяси тәжірибе мен идеология;

Д) саяси жүйедегі негізді өзгерістің өктемдік тәсілі.

2-тест. Тоталитаризм дегеніміз:

А) билік дін басыларының немесе шіркеу басыларының қолына шоғырланған мемлекеттік құрылыс;

Б) билік бұқаралық аппарат құралдарының жаппай әсеріне негізделген мемлекеттік құрылыс;

В) белгілі бір, барлықтарына тән құндылықтарға негізделген, өздерінің спецификалық мүдделерін қорғайтын, әлеуметтік топтардың бір тәртіпке келтірген бәсекесін жүйе ретінде тұжырымдайтын мемлекеттік құрылыс;

Г) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым;

Д) билік формаға келтірілген, нормативті сипаттағы заңды дәстүрлерге негізделген мемлекеттік құрылыс.

3-тест. Өзінің қозғалысына сипаттама беру үшін «тоталитаризм» терминін саяси лексиконға енгізуші:

А) Муссолини;

Б) Гитлер;

В) Наполеон;

Г) Сталин;

Д) Мао Цзе Дун.

4-тест. Платонның кемелді мемлекеті ненің прототипі болды?

А) полиархияның;

Б) монархияның;

В) авторитаризмның;

Г) тоталитаризмнің;

Д) демократияның.

5-тест. Тоталитаризмнің түрі ретінде национал-социализм қашан, қай елде пайда болды?

А) Германияда 1933 ж.;

Б) Италияда 1922 ж.;

В) Испанияда 1928 ж.;

Г) Қытайда 1912 ж.;

Д) Совет Одағында 1937 ж.;

6-тест. Тоталитаризмнің бір түрі ретінде фашизм қашан, қайта елде пайда болды?

А) Германияда 1933 ж.;

Б) Италияда 1922 ж.;

В) Испанияда 1928 ж.;

Г) Қытайда 1912 ж.;

Д) Жапонияда 1938 ж.

7-тест. Ресми бекітілген және барлық азаматтар үшін міндетті идеологияның болуы ненің сипаты болып табылады:

А) бонапартизмнің;

Б) демократизмнің;

В) тоталитаризмнің;

Г) либерализмнің;

Д) волюнтаризмнің.

8-тест. Авторитаризм дегеніміз:

А) тұлғалар мен қоғамның саяси емес саласындағы автономиясын сақтайтын, саяси оппозицияға жол бермейтін, билікке бір адам немесе бір топ адам келетін тәртіп;

Б) біртұтас мемлекет шеңберіндегі саяси-ұлттық құрылымның ауқымды түрде ішкі өзін-өзі басқаруы;

В) ғаламдық және өзекті мәселелерді шешуде өзіндік жол табуға ұмтылатын жаңа қоғамдық қозғалыс;

Г) билік әскери адамдардың қолында шоғырланған мемлекеттік құрылыс;

Д) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында абсолюттік бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылыс.

9-тест. ХХ ғасырда авторитаризмді заңдастыру мақсатында кеңінен қолданылған идеология:

А) радикализм;

Б) консерватизм;

В) ұлтшылдық;

Г) марксизм;

Д) волюнтаризм.

10-тест. Авторитаризм теориясының негізін қалаушылар:

А) Ж. де Ментр, Л. де Бональд;

Б) Ш.-Л. Монтескье, Ж.-Ж.Руссо;

В) А.Токвиль, Д.Локк;

Г) Р.Михельс, М.Острогорский;

Д) Г.Моска, В.Парето.

11-тест. Авторитарлық режимнің (тәртіптің) әдеттегі тірегі:

А) шіркеу;

Б) халық;

В) парламент;

Г) әскер;

Д) бюракратия.

12-тест. Авторитарлық қоғамда салынатын тиымдардың сипаты:

А) барынша жариялылық;

Б) биліктің бұйрығымен ғана руқсат етілген;

В) саясатқа қатысы жоқ нәрсе ғана рұқсат етілген;

Г) билік ауысуынан басқасының бәріне рұқсат етілген;

Д) заңмен тыйым салынғаннан басқаның бәріне рұқсат.

13-тест. Тоталитаризм кезіндегі биліктің жүргізілуінің сипаты мен мөлшері:

А) билік қоғам өмірінің әр түрлі салаларында пісіп жетілген, тәуелсіз топтармен диалог жүргізеді және оның нәтижесін өзі анықтайды;

Б) билік заңға сәйкес сайланған азаматтар өкілдері арқылы жүргізіледі;

В) билікке бағынбайтын қоғамдық өмірдің салаларының пайда болуы;

Г) қоғамның билікке деген рұқсаты аз мөлшерде;

Д) жалпы, шегі жоқ бақылау мен зорлық.

14-тест. Адамдардың тоталитаризм кезіндегі билікке қатынасы:

А) қоғамның билікке деген қатысы аз мөлшерде;

Б) қоғамның билікке ықпалы;

В) халықтың биліктен алшақтауы;

Г) қоғамдық сананың билікпен бірігуі;

Д) халықтың биліктің нақтылы өкілдерін таңдауы.

15-тест. Тоталитаризм кезіндегі биліктің саяси мінез-құлықтың идеалды сипаты:

А) энтузиазм;

Б) компетенттік;

В) құдіреттілік;

Г) патриотизм;

Д) заңдардың сақталуы.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004

2. Арендт Х.Истоки тоталитаризма. М.,1996

3. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М.,1993

4. Даль Р.О демократии. М.,2000

5.Медушевский А.Н. Демократия и авторитаризм: российский конституционализм в сравнительной перспективе. М.,1998

6. Назарбаев Н. Критическое десятилетие. Алматы, 2003

 

Сабақ № 11 Саясаттағы конфликт және дағдарыстық жағдайлар.

Семинар сабағының жоспары:

1. Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы рөлі. Саяси конфликтілер және, олардың қоғам өміріндегі орны.

2. Саяси конфликт құрылымы. Саяси конфликтілердің жіктелуі және қызметі.

3. Саяси конфликтілердің алдын алу, реттеу және шешу жолдары.

4. Қазақстандағы саяси конфликтілердің алдын алу мен амалдары мен жолдары..

Сабақтың мақсаты: «Саяси және әлеуметтік» конфликт «саяси дағдарыс» түсінігінің мәнің ашу. Конфликтілердің түрлерін, құрлымын қарастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Саяси конфликт дегеніміз не? Оның маңыздылығы?

2. Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?

3. Саяси элиталар жөнінде қандай теориялар бар, олардың ерекшеліктері қандай?

4. Қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайында саяси элитаның кызметінде тиімді бағьгттарға нелерді жатқызасыз?

5. Қазіргі Қазақстан элитасына кімдерді жатқызар едіңіз?

6. Топ бастаушы (лидер) болу үшін қандай қасиеттер керек? Неге байланысты олардың рөлі арта түседі?

7. Саяси лидердің қызметтері қандай?

8. Лидердің басқарушыдан айырмасы неде?

9. Қазақстанға қандай лидер керек деп ойлайсыз?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
  Альтернатива бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу, Мысалы, сайлау кезінде бірнеше үміткерлердің біреуіне ғана дауыс беру.
  Делегат съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
  Инагурация 1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу.
  Саяси лидер партияның,саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол білімділігімен, көрегендік, шешендік, саяси мәдениеттілік және т.б. қасиеттерімен көзге түседі. Саяси серкелерді авторитарлық және демократиалық, формалды және формалсыз және т.т. етіп жіктейді.
  Лобби белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс тәсілді пайдаланады.
  Меритократия ерекше қабілетті, құзыретті, таланттылардың билігі.
  Популизм саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсәлі. Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көпшіліктің тап казіргі қарапайым талаптарын желеу етіп, құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану, асыра сілтеп уәде беру, халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.
  Президент 1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы; 2) сайлап қойылатын басшы, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, корпорация, компания және т.б. төрағасы.
  Прерогатива белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде бекітілген құқықтары бар.
  Путч мемлекеттік төңкеріс жасау үшін ұйымдасқан адамдардың қылмыстық әрекеті, бүлік.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

1. Саяси элита (француз сөзінен аударғанда "elite"-таңдаулы,ең жақсыдеген мағынаны білдіреді)-билік құрылымында басшылық етуші позициялық еркін алады және биліктің қолдану байланысында ең маңызды шешімдерді қабылдауға тікелей қатысады.

Саяси элитаның қызметі:

•стратегиялық - жалпы қоғамының қызығушылығын көрсететін,бөлшектенген жіктер мен таптардың саяси бағдарламаларының әрекетін жаңа идеялар яғни генерирлік жолымен анықтау.

• коммуникативті - қоғам мен билік институттарының арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

• ұйымдастырушылық –саяси шешімдерді және өндірілген бағытты тәжірибе жүзінде жүзеге асыру.

• интегративті –қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын,оның саяси және экономикалық жүйесінің беріктігін,жанжалды болдырмау және шешілу ахуалын нығайту.

Саяси элиталардың типтері (толықтырыныз):

саяси_ ________________________________________________________________________________________________________________________________________

экономикалық ______________________________________________________________________________________________________________________________

әскери ________________________________________________________________________________________________________________________________________

ғылыми және техникалық

мәдени ___________________________________________________________________________________________________________________________________

рухани ______________________________________________________________________________________________________________________________________

көленкелі контрэлита __________________________________________________________________________________________________________________________________________

өктемдік __________________________________________________________________________________________________________________________________

Элитаның теориялары:

В.Парето: барлық қоғам басқарушы және басқарылатын болып бөлінеді;өз кезегінде басқарушы өз билігін иілгіштік,қулық,күшін,сенімін және оппзицияға озбырлық басымдығын қолдану дайындығын сақтайды; элиталарды психологиялық негізде екі маңызды типке жіктейді: түлкілер (қулық,айлакерлік,өзінің билігін "насихат"арқылы жүргізу ұстау талпынысы) және арыстандар (батылдық, шешімділік,зорлыққа көп көңіл бөлінеді); саяси өзгерістер элитаның ауысуы арқылы іске асады ("элита айналымы"); элитаны басқаруға психологиялық жарамсыз болғанда өзгеріс болады.

Г.Моска: әрқашан да элитаны қоғам басқарады-элита экономикалық және саяси өмірді реттейді,қоғамда жоғары бағаланатын айқын билік ресурстарын және атрибуттарын билейді.

Р.Михельс: "олигархия" заңын құрған; қоғам және басқа да ұйымдар олигархия өктемдігіне тартылады, ал көпшілікке психологиялық лидер қажеттілігіне тән, сондықтан демократия қатаң түрде мүмкін емес; жақсы жағдайда ол екі олигархиялық ұйымның бәсекесінен құрылады.

 

Саяси лидер ( ағылшын тілінен аударғанда "leader"-"басқарушы","жолды көрсетуші" мағынасын білдіреді )- қоғамның, топтың, ұйымның абыройлы мүшесі, саяси процестерде және ситуацияларда маңызды роль ойнайды.

Саяси лидердің мінез-құлық сипаты:

• үлкен әлеуметтік топтардың мүддесіне жауап беретін саяси бағдарламаның анық бар болуы.

• әйгілілік, адам симпатиясын жаулап алу, ұнау қабылеті.

• саяси ерік,өзіне жаупкершілікті алу дайындығы.

• саяси интуиция және өткір ақыл.

• ұйымдастырушылық талант және ораторлық қабілеті.

Саяси лидердің қызметі:

• қоғамның интеграциясы, халықтық қауымның бірлесуі.

• саяси шешімдерді табу және тиімді қабылдау.

• әлеуметтік сарапшы және патронаж; қауымды заңсыздықтан сақтау қоғамда тәртіпті ұстау.

• билікпен қауымның коммуникациясы, саяси басшылықтан азаматтардың жатсынуын жою.

• саяси құрылыстың заңдылығы.

Саяси лидерліктің типологиясы:

• Өктемділік типтерінің идеалдығына байланысты (М.Вебер):

Дәстүрлік__________________________________________________________________________________________________________________________________заңды____________________________________________________________________________________________________________________________________

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных