Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері




Мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без

Бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Без тамыр қимылдатқыш және секреторлық нервтермен де мол жабдықталған.

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері
Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады
Паратгормон Қалқаншамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин Ұйқыбездің аралды бөлігі Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон -"- Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин Бүйрекүсті бездің без заты Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин -"- Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны [соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гиреотропты гормон -"- Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Адренокортикотропты гормон [АКТГ) -"- Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Экцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Вазопрессин Example Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

 

 

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы. Организмде әр түрлі химиялық процестерге әсер етіп, оның тіршілік әрекеттерін өзгертіп отыратын арнаулы органдардың болатыны жайлы болжамдарды кейбір зерттеушілер XVII ғасырдың басынан айта бастаған. Бірақ, нақтылы деректер мен фактлер болмағандықтан, ондай органдардың қызметі ұзақ уақыт белгісіз болып келді. Тіпті XIX ғасырдың орта кезінің өзінде осы ерекше безді органдардың маңызы жайлы әр түрлі болжамдар сақталды. Мысалы, қалқанша без көмекейді дымқылдау, мидағы қан айналымды реттеу үшін қажет деген ұғымдар болды. Кейінірек бұл бездердің кейбір ауру түрлеріне тікелей қатынасы болатыны анықталды. Мысалы, шырышты ісіктің — микседема, қалқанша безінің семуіне (атрофия), Аддисои ауруының бүйрек үсті бездерінің қызметінің бұзылуына байланысты екені дәлелденді. Осы сияқты деректер аталған безді органдардың физиологиялық маңызының зор екенін көрсетті. 1856 жылы Броун-Секар бүйрек үсті безін сылып тастағаннан кейін малда діріл пайда болып, оның өліп кететінін анықтады. Организмнің тіршілік әрекетінің ауытқулары басқа бездерді сылып тастағанда да байқалған.

«Ішкі секреция» деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол ішкі секреция бездеріне дененің барлық органдарын жатқызған. Бұл тұжырымды ол барлық органдардан алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Ал, дәл мағынасында бұл жүйеге ол қалқанша, айыршық (тимус), бүйрек үсті бездерін, көк бауырды (талақ), лимфа түйіндерін жатқызған. Ішкі секрециялық қызмет организмнің барлық ұлпаларына тән қастиет. Өзінің тіршілік әрекеті үстінде олар торша аралық сұйықтыққа, сөлге, қанға әр түрлі физиологиялық процестерге әсер ететін өнімдер бөледі. Осындай белсенді эндокриндік құрылымдарға гипоталамустың нейросекрециялық ядролары, ас қорыту жолының эндокриндік торшалары т.б. жатады. Организмде жоғарыда аталған құрылымдар бөлген гормондар, нейросекреттер мен үлпаларда пайда болған көмір қышқылы мен басқа да алмасу өнімдерінің әсерімен гуморальдық реттеу тетігі қалыптасады. Әр түрлі гуморальдық заттар нерв жүйесінің басқаруымен денеде органдар арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етіп, организм қызметін сыртқы орта жағдайына қарай бейімдей өзгертіп отырады.

Ішкі секрециялық қызметке көп жағдайда тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын органдардағы биологиялық белсенді заттардың түзілу процесін де жатқызады. Шынында көптеген органдар мен үлпалар организмнің әр түрлі тіршілік әрекетін реттеуге қатысатын биологиялық белсенді заттар (көмір қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т.б.) түзеді. Бірталай биологиялық белсенді заттар ас қорыту жолында да түзіледі (секретин, гастрин, вилликнин, холицистокинин т.с.с). Бірақ аталған заттарды шын мәнісінде гормондарға жатқызуға болмайды, себебі олар ішкі секреция бездерінде түзілмейді және олардың гормондарға тән барлық қасиеттері болмайды.

Эволюциялық даму кезінде ішкі секреция бездері нерв жүйесінен әлдеқайда кеш пайда болған. Мысалы, ішек қуыстыларда диффузды нерв жүйесі байқалса, ішкі секреция бездеріне ұқсас құрылымдар алғаш рет тек буылтық құрттарда кездеседі. Демек, эндокриндік бездер филогенездік тұрғыда кешірек пайда болады. Ішкі секрециялык қызмет жоғары маманданған арналы эндокриндік бездерге тән қасиет ретінде омыртқалы жануарларда қалыптасады. Олар алғаш рет жұмыр ауыздылар мен балықтарда дамиды. Сонымен ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған реттеу тетігі. Сол себепті ішкі секреция мен гормон деген түсінікті органдардың, ұлпалардың, торшалардың алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды (1-схема). Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін биологиялық белсенді заттарды «торшалық» гормондар деп атайды.

 

1-схема. Физиологиялық белсенді заттардың жіктелуі.

Ішкі секреция бездері қызметі мен нерв жүйесі әрекеттерінің байланысы. Гипоталамус — гипофиздік жүйе. Организмде орталық нерв жүйесі мен ішкі секреция бездері тығыз байланыста әрекет етіп, әртүрлі функциялардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ішкі секреция бездері рефлекстердің эффекторлық (орындаушы) бөлігі болып табылады. Әрбір без вегетативтік нерв жүйесінің рецепторлық және эффекторлықталшықтарымен жабдықталады. Нерв талшықтарымен таралған тітіркеніс гормондардың түзілуі мен олардың белсенділігін өзгертеді де, ішкі секреция бездеріне тікелей әсер етеді. Гормондар қан арқылы орталық нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді. Өз кезегінде ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде орталық нерв жүйесі, оның аралық мида орналасқан гипоталамус аймағы маңызды роль атқарады. Гипоталамус гипофиздің қызметін реттейді, ал гипофиз барлық ішкі секреция бездерінің әрекетін өзгертеді. Осымен байланысты бұл екі құрылымды күрделі нейро-эндокриндік кешен гипоталамус — гипофиздік жүйеге біріктіреді.

Гормондар нерв жүйесімен салыстырғанда баяу әсер етіп, олардың әрекетінен туындайтын өзгерістер ақырын дамиды. Сондықтан гормондар ұлпалардың жіктелу процесін, мүшелердің қалыптасуын реттеуде маңызды роль атқарады. Гипоталамус ядроларының нейросекрециялық торшаларында нейросекреттер түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіне нерв талшықтары арқылы, ал алдыңғы бөлігіне — гипофиздің қақпалық жүйесі деп аталатын арнаулы қан тамырлары арқылы әсер етеді.

Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларының ірі торшаларында вазопрессин (антидиурездік гормон) және окситоцин түзіледі. Аталған гормондар ірі полипептид — нейрофизиннің— құрамында түйіршіктер түрінде нейросекрециялық торшалар аксонымен нейрогипофиз капиллярларына тасымалданады. Аксондар гипоталамо — гипофиздік жол құрайды да, олардың ұшы капиллярлармен тығыз жанасады. Нейросекрециялық торшалар қозған кезде түйіршіктер бұзылып, гормондар босаныпшығады. Бұл процесс медиаторлардың бөлінуіне ұқсас жүреді.

 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных