Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аралық аттестацияның тесттер сұрақтары




Нұсқа

1. Әйел адамның жамбас астауының құрылыс ерекшеліктері (ер адаммен салысырғанда):

А жалпақтау, ұзындау, мықын сүйегінің қанаттары ішкерірек бағытталған, қасаға бұрышы әлдеқайда төмендеу;

В жіңішкелеу, енді, мықын сүегінің қанаттары сыртқа бағытталған, қасаға бұрышы әлдеқайда жоғары;

С жалпақтау, қысқалау, мықын сүйегінің қанаттары сыртқа бағытталған, қасаға бұрышы әлдеқайда жоғары;

Д жалпақтау, енді, мықын сүйегінің қанаттары ішке бағытталған, қасаға бұрышы әлдеқайда төмендеу;

2. Шар (жаңғақ) тәрізді, үш білектен айнала қозғалады, сақина тәрізді шеміршекпен жиектелген, күшті сіңір байламдарының арқасында өте берік орналасқан, буын қуысы май ұлпасына толы – бұл қай буынның сипаттамасы?

А жамбас буыны; С сирақ – аяқ басы буыны;

В тізе буыны; Д иық буыны;

3. Блок тәрізді, екі біліктен айнала қозғалады, төрт басты еттің сіңірі және ірі сесам тәрізді сүйектің арқасында бекініп, тұрақты болады, буын ішінде орақ тәрізді шеміршектер орналасады – қай буынның сипаттамасы?

А жамбас буыны; С сирақ – аяқ басы буыны;

В тізе буыны; Д иық буыны;

4. Аяқ басының сүйектері орналасады?

А бір жазықта жатады;

В астыңғы жағынан дөңестеу, үстіңгі жағынан ойыстау болып орналасады;

С бір жазықта жатпай, түсіңкі орналасады;

Д астыңғы жағынан ойыстау, үстіңгі жағынан дөңестеу болып орналасады;

5. Бас сүйектерінің қайсысы тегіс жік түз!п байланысады:

А бет сүйектері; С төбе – шүйде сүйектері;

В маңдай – төбе сүйектері; Д барлығы дұрыс сүйектері;

6. Бас сүйектерінің қайсысы қабыршақты жік түз!п байланысады:

А бет сүйектері; С төбе – шүйде сүйектері;

В маңдай – төбе сүйектері; Д төбе – самай сүйектері;

7. Бас сүйектерінің қайсысы буын түзеді?

А жоғарғы жақ сүйегі; С шықшыт сүйегі;

В төменгі жақ сүйегі; Д буын түзбейді;

8. Бірінші мойын омыртқаның құрылымы қандай:

А бұл омыртқаның денесімен арқа өсіндісі болмайды. Ол артқы, алдыңғы доғасынан, және бүйір бөліктерінен құрастырылған. Көлденең өсіндінің жоғарғы жағында кебіс тәрізді буын ойысыбар.

В ол омыртқа денесіне артық жағынан – доғасынан, доғаның сүйір өсіндісі, ол екі бүйірінде көлденең өсінділері болады, жоғарғы және төменгі буын өсінділері бар.

С ол омыртқа денесінен, доғасынан, сүйір өсіндісінен, көлденең өсіндісінен тұрады. Көлденең өсіндісімен денесінде буын беттері болады.

Д бұл омыртқаның көлденең өсінділері ұзындау, сүйір өсінділері жалпақ, тіке артқа қарап жатады.

9. Сегізкөз қырқасынаң құрылым ерекшелігін атаңыз:

А сегізкөз сүйегінің ортасымен артқы бөлігінде – ортаңғы бұдыр, оның екі

жағында-буын бұдырлы, ал оның екі жағында бүйір бұдыры жатады.

В сегізкөз сүйегінің алдыңда – көлденең сызықтар, ортасында – ортанғы бұдыр, оның екі жағында – буын бұдыры орналасқан.

С сегізкөз сүйегінің алдыңда – көлденең сызықтар, бұйір бөліктерінде – құлақ қалқаны тәрізді буын беті болады.

Д сегізкөз сүйегінің алдыңғы бөлігінде ортасымен- ортаңғы бұдыр, оны екі жағында буын бұдырлары болады, және оның екі жағында –бүйір бұдыры жатады.

10. Омыртқа жотасында хорданың қалдығын атаңыз:

А омыртқа аралық денесінің іркілдік ядросы С омыртқаның өзегі

В омыртқаның денесі Д омыртқалардың қабырғалар шұқыршағы

11. Көкірек клеткасының жоғарғы жиегі қалай түзіледі:

А Көкірек клеткасының жоғарғы жиегін І көкірек омыртқасы, І қабырға денесіне, төс бекітілген.

В Көкірек клеткасының жоғарғы жиегі-І көкірек омыртқасы,І қабырға, төс тұтқасы қоршайды.

С алдыңғы жағынан төс сүйегіне, артқы жағында жауырынмен шектеледі.

12. Қабырға омыртқамен қалай байланысады:

А қабырға басы омыртқа денесімен, ол қабырға бұдырлы омыртқаның көлденең өсіндісімен қосылады

В қабырға басы омыртқа денесімен қосылады

С қабырға басы омыртқа денесімен,ол қабырға бұдыры омыртқаның сүйір өсіндісімен қосылады

Д қабырға басы омыртқа денесімен, ол қабырға бұдыры омыртқаның төменгі буын өсіндісімен қосылады.

13. Сүйек жүйесінің биологиялық қызметін атаңыз:

А минеральды зат алмасу, қан түзу

В ағзаның механикалық зақымданудан сақтау

С ткань мен мүшелердің қаңқаға бекінетін орны

Д үзілісті сүйек буындарын байланыстыру

14. Төменде аталған сүйектердің қайсысына сүйектің дамуының үш сатысы дайын емес:

А бассүйектерінің негізінің сүйектеріне, бет сүйектерінің көпшілігіне

В омыртқаларға С қабырғаларға Д қол сүйектеріне

15. Сүйектің құрылымдық бірлігін атаңыз:

А остеон С остеобластар

В трабекулалар Д остеокластар Е остеоциттер

16. Сүйектің тығыз және кемік заттарының негізін қандай зат құрайды:

А остеобластар С трибеккулалар

В остеокластар Д остеоциттер

17. Сүйектің заты, қандай сүйектерде олардың қандай бөлігінде орналасқан:

А тығыз зат негізінен тірек және қозғалыс міндетін орындайтын орналайтын сүйектерінде болады, диафизде

В сүйектің эпифизінде С сүйектің апофизінде

Д жеңілдікпен беріктік сақтау керек болған жерлерде түзіледі

18. Омыртқа жотасының қай бөлігі қозғалысы келеді:

А бел бөлігі С құйыршақ бөлігі

В сегізкөз бөлігі Д көкірек бөлігі

19. Бұлшықеттің көмекші аппаратын атаңдар:

А жалғама, сіңір, сүйектер В фиброзды және сүйекті – фиброзды өзектер, синовиальды қынаптар және қалталар, тобықты сүйектер, фасциялар, шығырлар;

С апонервроздар, буындар;

Д жалғамалар, буындар, сіңірлер;

Е жалғамалар, шеміршектер, сүйектер.

20. Іштің бүйір бұлшықеттері:

А ішкі қабырға аралық, іштің көлденең бұлшықеттері;

В пирамида бұлшықеті, іштің ішкі тік бұлшықеті;

C ішкі қабырға аралық, іштің тік бұлшықеті;

Д үлкен және кіші кеуде бұлшықеті, пирамида бұлшықеті;

Е іштің сыртқы қиғаш, іштің ішкі қиғаш, m. іштің көлденең бұлшықеттері;


 


 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных