Вирустық гепатиттер
Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулы -ғына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашы -лығы бар, бірақ бәріне ортақ бір белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдал -уына және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. Бауырдың қабыну вирусы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша В гепатитімен науқастанғандардың саны 1 миллиардтан асады. Жағдайдың көкейтесті мәселе -лерінің бірі, ол науқас адамның еңбекке жарамды шағында, аурудың жас кезінде пайда болуы болып отыр, мемлекеттің экономикалық жағынан да зиян келуіне, қаражат және адам шығынына әкеліп соғатыны белгілі. С жіті гепатитімен ауырған науқастың ауруы созылмалы түрге ауысады.
Бауырдың қабыну вирусы халықаралық классификация бойынша 2 топқа бөлінеді: 1. Энтеральды топ –фекальдық жолмен жүретін әдеттегі ішек жұқпасы, оған А
вирустық гепатиті және Е вирустық гепатиті жатады:
2. Ас қорыту жолынан тыс тобы – әдеттегі қанталау инфекциясы – жұғу жол -дары – қан және де организімнің сұйық ортасы (сілекей,сперма, емшек сүті). Бұл топтың өкілдеріне – В вирустық гепатиті, С вирустық гепатиті, D вирустық гепатиті жатады.
Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттің А түрінің көп тараған өңірлердің біріне жатады, сырқаттану вирустық гепатитпен ауырудың барлық жағдайының 60 %-нан 90 %- на дейін жетеді.
А вирустық гепатиті берілу жолдары: 1) тұрмыстық – қарым-қатынас (отбасыларында және топтастырылған ұжымдарда); 2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық); 3) парентералдық – сирек.
4) ауру науқстан
А вирустық гепатиттің алдын алу шаралары: 1) елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету; 2) тұрмыстық-жанасу жолымен берілудің алдын алу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде және басқа оқу орындарында тиесілі санитарлық-гигиеналық жағдайды, ауызсу тәртібі мен жеке бас тазалығын сақтау үшін қарапайым шарттардың жасалуына (сабын, дәретхана қағазы) ерекше назар аудара отырып, қамтамасыз ету; 3) санитарлық-гигиеналық талаптарды және техникалық қызметкерлерге жүргізу жүктелген буфеттерді, асханаларды, сантораптарды, сыныптық бөлмелерді және рекреацияларды күнделікті жуып-жинау дұрыстығын сақтауды қамтамасыз ету; 4) оқушыларды мектептің үй-жайларын жуып-жинау үшін тартуға қатаң тыйым салу; 5)А вирусты гепатитінің өзіндік алдын алу — вакцинациялау. Вакцинациялауға жататын контингенттер: 1) 2 жастағы балалар; 2) қарым-қатынаста болған күннен кейінгі алғашқы 2 аптада АВГ ошақтарында 14 жасқа дейінгі және оларды қоса алғанда қарым-қатынаста болған балалар; 3) ремиссия кезеңінде В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалар. Вакцинациялау 6 ай аралықпен 2 рет жүргізіледі.. Ошақтардағы іс-шаралар: 1) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдар онымен қарым-қатынасты үзгеннен кейін 35 күн бойы апта сайын дәрігердің қарауымен (сауалнама, тері мен шырыштыларды тексеру, термометрия, бауырды қолмен зерттеу) медициналық бақылауға жатады. 2) Бақылау кезеңінде жаңадан балаларды қабылдау және қарым-қатынаста болған балаларды басқа топтарға, палаталарға немесе мекемелерге ауыстыруға тыйым салынады, ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинетте оқыту жүйесі доғарылады. Бұрқ еткен сырқаттанушылық кезінде соңғы жағдай тіркелген күнінен бастап инкубациялық мезгілде мектеп бойынша кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады. 3) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдарды клиникалық айғақтар болған жағдайда қанды биохимиялық анализдерге зертханалық тексеру дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі. 4) Сырқатты ұжымнан оқшаулағаннан кейін балалар бірге тамақтанған, болған және ұйықтаған қарым-қатынаста болған ұйықтаған жағдайда балабақшалар мен жабық типтегі балалар ұйымдарында қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
Бауырдың қабынуының Е вирусымен ауырған жағдай біздің республикада тіркелмеген. Аурудың бұл түрі, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған, көбінесе Азия және Африка елдеріне тән.
Бауырдың қабыну вирусының В және С түрі әр түрлі жолдармен тарала -тын аурулардың қатарына жатады. Таралу жолдары:
- жыныс жолдарымен және гепатитпен ауырған адамның қанымен араласқан кезде.
- тіс емханасында,ауруханаларда,емханаларда медициналық манипулация жасау кезінде
- шаштаразда, пирсинг, татуировка,педьюкер және моникьюр жасау кезінде
- операция барысында қан құю кезінде, жұқтырылған егу шприцін пайда –ланғанда
- сонымен қатар науқас ананың жүкті кезінде балаға жұғуы немесе туу кезінде жұқтырылуы болып табылады.
Алдын алу шаралары:
- В гепатитіне вакцинациялау тактикасы-балалар үшін егу үлгісі (туғаннан кейінгі 12 сағат ішінде – өмірінің 2 айын -да – өмірінің 4 айында); туылған кезінде вакцинацияланбаған 1 жасқа дейінгі балалар үшін мынадай үлгі анықталған: 0-2-6 бірінші мен екінші егулердің аралығы 2 ай және екінші мен үшіншінің аралығы – 4 ай; 1 жастан асқан балалар мен ересектерге мынадай үлгі ұсынылған: 0-1-6 бірінші мен екінші егулердің аралығы 1 ай және екінші мен үшіншінің аралығы – 5 ай. Мыналар вакциналарды енгізуге қарсы айғақтар болып саналады: 1) шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан кем; 2) препараттың құрамдас бөліктеріне сезгіштіктің артуымен байланыс -ты алдындағы дозаның күшті аллергиялық реакциясы Бұл ретте осы вакцинаның одан әрі қолданылуы доғарылады; 3) 38 градустан жоғары температурасымен немесе жалпы жай-күйдің айтарлықтай бұзылуларымен білінетін ауырлығы орташа және ауыр сырқаттар. Вакцинаны денсаулықтың қалыпқа келгенінен кейін 2-4 аптадан соң вакцинациялауға рұқсат етіледі; 4) жүктілік; 5) ауыр емес жіті респираторлық вирустық жұқпалар, ішек және басқа жіті жұқпалы аурулар. Вакцинаны аурудан айыққаннан кейін бірден вакцинациялауға болады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|