Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Емнің стандартты үлгілері




 

Категория Қарқынды кезең Жалғастыру кезеңі
I 2 -4 HRZE (S) Стрептомицин 2 ай қолданылады 4 (7) Н3 R3 немесе 4 (7) НR немесе 4 (7) НRЕ*
II 3 (5) НRZЕS Стрептомицин 2 ай қолданылады 5 Н3R3Е3 немесе 5 НRЕ
III 2HRZE 4 Н3R3 немесе 4HR немесе 4НRЕ*

 

Ескерту: әрiптердiң алдындағы сандар ем кезеңінің айлық ұзақтығын көрсетедi. Төмендегi индекстегi сандар аптадағы препарат мөлшерiнiң санын көрсетедi. Егер әрiптен кейiн сан болмаса, науқас препаратты күнде қабылдауы керек. Альтернативтi препарат жақша ішінде көрсетiлген.

* Бұл үлгі изониазид немесе рифампицинге жеке төзімділік болған жағдайда қолданылады.

 


 

Алғашқы медико – санитарлық көмек жүйесiнде

және туберкулезге қарсы күресу ұйымдарында

туберкулезді анықтау, тiркеу, емдеу және

диспансерлiк бақылау Нұсқауына 3-қосымша

 

 

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған

тәулiктiк мөлшерi (мг)

 

Дәрі атауы Салмағы (кг)
30-39 40-54 55-70 70-тен аса
Қарқынды кезең – күнделiктi қабылдау
Изониазид 200мг 300мг 300мг 400мг
Рифампицин 300мг 450мг 600мг 750мг
Пиразинамид 1000мг 1500мг 2000мг 2000мг
Этамбутол 600мг 800мг 1200мг 1600мг
Стрептомицин (1гр) 0,5 0,75 1,0 1,0
Жалғастыру кезеңі – күнделiктi қабылдау
Изониазид 200мг 300мг 300мг 400мг
Рифампицин 300мг 450мг 600мг 750мг
Этамбутол 600мг 800мг 1200мг 1600мг
Жалғастыру кезеңі – аптасына 3 рет қабылдау
Изониазид        
Рифампицин        
Этамбутол        
  Ескерту: Рифампициннiң БМТҚД-дағы ең жоғарғы тәулiктiк мөлшерi – 750 мг.
             

 

 


 

 

Алғашқы медико – санитарлық көмек жүйесiнде

және туберкулезге қарсы күресу ұйымдарында

туберкулезді анықтау, тiркеу, емдеу және

диспансерлiк бақылау Нұсқауына 4-қосымша

 

 

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің балалардағы туберкулез ауруын емдегенде тағайындалатын тәулiктiк мөлшерi.

I, II және III категория бойынша туберкулезге қарсы бiр құрамды дәрілермен емдеу

 

  Салмағы (кг)
5-10 11-20 21-30
Қарқынды кезең – күнделiктi қабылдау
Изониазид 50мг 100мг 200мг
Рифампицин 75мг 150мг 300мг
Пиразинамид 200мг 400мг 800мг
Этамбутол 100мг 300мг 400мг
Стрептомицин (1гр) 0,15 0,3 0,45
Жалғастыру кезеңі – күнделiктi қабылдау
Изониазид 50мг 100мг 200мг
Рифампицин 75мг 150мг 300мг
Этамбутол 150мг 300мг 400мг
Жалғастыру кезеңі – аптасына 3 рет қабылдау
Изониазид 100мг 150мг 300мг
Рифампицин 300мг 450мг 300мг
Этамбутол 150мг 400мг 600мг

 

 


 

 

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің балалардағы туберкулез ауруын емдеуге ұсынылған тәулiктiк мөлшерi.

I, II және III категория бойынша 2-3 құрамды мөлшері белгіленген туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен емдеу

 

  Салмағы (кг)
  7-ге дейiн 8-9 10-14 15-19 20-24 25-29
Қарқынды кезең - күнделiктi қабылдау
RHZ (60мг+30мг+150мг)   1,5        
Этамбутол 100мг   1,5     3,5  
Стрептомицин 1,0гр 0,1 0,15 0,2 0,3 0,4 0,45
Жалғастыру кезеңі - күнделiктi қабылдау
HR(30мг + 60мг)   1,5        
II категория: Этамбутол 100мг   1,5     3,5  
Жалғастыру кезеңі – аптасына 3 рет қабылдау
HR(60мг + 60мг)   1,5        
II категория: Этамбутол 100мг   2,5 3,5      

 

 

Балалар мен жасөспірімдердегі дәрілердің күнделікті/аптасына 3 рет қабылдаудағы мүмкін тәуліктік мөлшерлері: изониазид - 4-6/8-12 мг/кг, рифампицин – 8-12 мг/кг, пиразинамид – 20-30 мг\кг, этамбутол – 15-25/25-35 мг\кг, стрептомицин 12-18 мг\кг күнделікті қабылданғанда.

 

Ескерту: Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді сатып алуға мәлімдеме жасағанда, ТҚД қажеттілігін (12 айға) және 6 айлық уақытқа қажетті (резервті) қорды есепке алу керек.

 

Алғашқы медико – санитарлық көмек жүйесiнде

және туберкулезге қарсы күресу ұйымдарында

туберкулезді анықтау, тiркеу, емдеу және

диспансерлiк бақылау Нұсқауына 5-қосымша

 

 

Туберкулезге қарсы жүргiзiлген емде үзiлiс болған жағдайда қолданылатын iс – шаралар

 

1.Ем 1 айға дейінгі уақытқа үзiлсе
Науқасты табыңыз Емнiң не себептi үзiлгенiн анықтап, себебін жойыңыз Емді жалғастырыңыз және үзiлiс нәтижесiнде қабылданбаған дәрiлердiң мөлшерiн қалыпқа келтiру мақсатында оны ұзартыңыз
2. Ем 1-2 айға үзiлсе
Бірінші кезекте жүргiзетiн iс-әрекеттер Кейiннен жүргiзетiн iс-әрекеттер
1) науқасты табу; 2) емнiң не себептен үзiлгенiн анықтау және себебін жою; 3) 3 рет қақырық жағындысын зерттеу; 4) нәтиже анықталғанша емдi жалғастыру   Қақырық жағындысының нәтижесi терiс немесе науқаста өкпеден тыс туберкулез Емді жалғастырыңыз және үзiлiс нәтижесiнде қабылданбаған дәрiлердiң мөлшерiн қалыпқа келтiру мақсатында оны ұзартыңыз
Кем дегенде 1 нәтиже оң болса Ем 5 айдан кем уақыт жүргiзiлдi Емді жалғастырыңыз және үзiлiс нәтижесiнде қабылданбаған дәрiлердiң мөлшерiн қалыпқа келтiру мақсатында оны ұзартыңыз
Ем 5 айдан астам уақыт жүргізілді I категория науқастарына -II категория бойынша ем бастау; II категория науқастарына ДСТ жүргiзу және II категория бойынша емді жалғастыру; ДСТ нәтижесін алғаннан кейін ОДКК-ға ұсыну
3.Ем 2 айдан аса уақытқа үзiлсе
науқасты табу; емнiң не себептен үзiлгенiн анықтау және себебін жою; 3 рет қақырық жағындысын зерттеу; зерттеу нәтижесі анықталмағанша емдi бастамау Қақырық жағындысының нәтижесi терiс немесе науқаста өкпеден тыс туберкулез Шешiмдi ОДКК қабылдайды: - Емдi алғашқы категория бойынша жалғастыру - Науқасты қайта тiркеп, емдi жаңа үлгімен бастау - Ем жүргізбеу
Кем дегенде 1 нәтиже оң болса I категория II категория бойынша ем бастау
II категория ДСТ жүргiзiп, II категория бойынша емдi жалғастыру; ДСТ нәтижесін алғаннан кейін, науқасты ОДКК-ға ұсыну

 


Алғашқы медико – санитарлық көмек жүйесiнде

және туберкулезге қарсы күресу ұйымдарында

туберкулезді анықтау, тiркеу, емдеу және

диспансерлiк бақылау Нұсқауына 6-қосымша

 

 

Туберкулез бойынша тіркеу (есепке алу) құжат формалары

 

1. 089\у – өмiрiнде алғаш рет туберкулездiң белсендi түрi, жыныстық жолмен берiлетiндер жұқпалы аурулар, трихофития, микроспория, фавус, қышыма, трахома, психикалық аурулардың анықталғандығы туралы хабарлама. Есеп берілетін жылда туберкулез ауруы диагнозы ОДКК-да анықталғаннан кейін туберкулезбен алғаш рет ауырған барлық науқастарға толтырылады.

2. 058\у – бактерия бөлуші науқастар «жұқпалы ауыру, азық-түлік өнімдерімен, жедел, кәсіби улану, егуге организмнің өзгеше жауабы туралы шұғыл хабарлама» негiзiнде есепке алынады. Шұғыл хабарламаның жіберілу мерзiмi – бактерия бөлу анықталғаннан кейiн, бiр тәулiк iшiнде.

3. ТБ 01 – туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, туберкулезбен ауыратын әрбір науқасқа ем тағайындағанда немесе қайталап емдеу курсына қайта тіркегенде, ОДКК-да туберкулез деген диагноз қойғаннан кейін немесе туберкулезбен ауыратын науқастың түрі өзгертілуі туралы шешім қаблыданғаннан кейін аудандық фтизиатр немесе аурухананың фтизиатры толтырады. Бұл карта химиятерапияның толық курсы барысындағы науқас туралы ақпаратты тіркеуге арналған және де туберкулезбен ауыратын науқастарды бақылайтын компьютерлік бағдарламаға кіріс құжаты болып табылады. Ауруханадан шыққанда науқастың қолына ТБ 01 медициналық картасы берiлiп, науқас емін жалғастыратын АМСК жүйесi мекемесіне не ТҚКҰ-ға жеткізіледі. Химиятерапия курсы аяқталғаннан кейiн ТБ 01 медициналық картасы аудандық ТҚКҰ-ға жiберiледi.

4. ТБ 03 – облыстағы (қала, аудандағы) туберкулездi тiркеу журналы. Аталған журнал науқас диспансерлік есеп, емделу, бақылауға алынған туберкулезге қарсы ұйымда жүргiзiледi. Журналдың сол жағы ем тағайындалғанға дейін толтырылады, ал оң жағы науқастың медициналық картасы ТБ 01 негiзiнде толтырылады. Журналдағы мәлiметтер ай сайын ТБ 04 зертханалық тiркеу журналы және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарының жұқпалы ауруларды есепке алу мәліметтерімен (ТБ 02 формасы - № 1 формаға қосымша «жеке жұқпалы және паразитарлы аурулар туралы есеп») салыстырылып отырады. Ем сәтсіз аяқталған жағдайда науқасты ТБ 03 журналына қайта тіркеу қажет.

5. ТБ 04 – зертханалық тiркеу журналы, қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық тексеретін АМСК жүйесi және ТҚКҰ-ның әрбір зертханасында жүргізіледі. Лабораторлық реттік нөмір қақырық үлгісіне емес, науқасқа беріледі.

6. ТБ 05 – қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық тексеруге берiлетін жолдама (бактериоскопияға).

7. ТБ 06 – ТМБ дақылдарының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезiмталдығын анықтауға жолдама.

8. ТБ 09 – туберкулезбен ауыратын науқасты бiр мекемеден басқа мекемеге ауыстыру жолдамасы.

9. ТБ 11 – туберкулезбен ауыратын науқастарды IV категория бойынша тiркеу журналы. Аталған журнал облыстық және аудандық туберкулезге қарсы күресу ұйымдарында дәрiге төзiмдi туберкулезбен ауырып, IV категорияға ауыстырылған науқастарды тiркеу үшiн жүргiзiледi.

10. ТБ 12 – туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді тiркеу журналы.

11. ТБ 14 –науқастың емделуге ақпараттандырылған келiсiмi.

12. ТБ 15 – туберкулез ауруына күмән науқастарды тiркеу журналы.

13. ТБ 16 – контингентті диспансерлiк бақылау картасы.

14. ТБ 17 - Дақылды зерттеулерді зертханалық есепке алу журналы.

15. ТБ18 - ТМБ дәріге сезімталдығын тестілеу қортындыларының зертханалық журналы.

 

 

Туберкулез бойынша есеп беру құжаттары:

 

1. 8 формасы –туберкулездің жаңа жағдайлары мен қайталануы туралы жылдық есеп.

2. 33 здрав – туберкулезге шалдыққан науқастар туралы жылдық есеп.

3. ТБ 07 – тiркелген туберкулез жағдайлары туралы тоқсандық есеп. Аталған тоқсандық есепті ТБ 03 туберкулезді тiркеу журналы негiзiнде туберкулезге қарсы куресу ұйымы аудан, қала, облыс, республика деңгейiнде құрастырады. Тоқсандық есепті туберкулезге қарсы күресу ұйымдары вертикалды принцип бойынша Қазыналық мекеме «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелерiнің Ұлттық орталығына» (бұдан әрі ТМҰО) тапсырады. Облыстар бойынша жинақ есептi ТМҰО құрастырады.

4. ТБ 08 – 12 ай бұрын тiркелген туберкулезбен ауыратын науқастардың ем нәтижесінің тоқсандық есебi. Аталған форма ТБ 03 туберкулез ауруын тiркеу журналы негiзiнде есеп беріліп отырған тоқсанның соңғы күнінен бiр жыл кері қайтып құрастырылады. Есеп вертикалды принциппен ТБ 07 формасына ұқсас тапсырылады.

5. ТБ 10 – 6 ай бұрын тiркелген бактерия бөлушi науқастардың қақырық жағындысының конверсиясы нәтижесi бойынша тоқсандық есеп.

6. ТБ 13 – туберкулезге қарсы дәрілердің қолданылуы туралы тоқсандық есеп;

7. Туберкулезбен ауырған науқастар тұрғылықты жерiне байланыссыз, ауру анықталған жерде есепке алынып, тіркеледі.

8. Өмiрiнде алғашқы рет кез-келген орында шоғырланған белсендi туберкулез диагнозы анықталған әрбір науқасқа №089\у хабарламасы толтырылып, үш күндiк мерзiмде ТҚКҰ мен мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемесіне жiберiлуi тиiс. Науқастың өлімінің себебі болған, қайтыс болғаннан кейін анықталған белсенді туберкулез диагнозын фтизиатр растауы керек.

9. Науқаста туберкулездiң бактерия бөлетiн түрi анықталса, №089\у хабарламасына қоса, №058\у формалы хабарлама толтырылып, 24 сағат iшiнде, науқастың тұрғылықты жерiне сәйкес санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемесіне жiберiлуi тиiс. №058\у формалы хабарлама алғаш анықталған бактерия бөлуші науқастарға ғана толтырылмай, сонымен қатар, белсендi емес туберкулезi бар науқастарда бактерия бөлу байқалған және тiрi кезiнде есепке тұрмаған науқас туберкулезден қайтыс болған жағдайларда да толтырылуы керек.

10. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткiштердi (аурушаңдық, өлім көрсеткіші) есептегенде тұрақты тұрғындар, көшіп-қонушылар (ішкі және сыртқы) мен түрмедегiлердi ескеру керек және де тұрғындардың көрсетілген категориялары бойынша жеке-жеке сараптама жүргiзiледi.


 

Алғашқы медико – санитарлық көмек жүйесiнде

және туберкулезге қарсы күресу ұйымдарында

туберкулезді анықтау, тiркеу, емдеу және

диспансерлiк бақылау Нұсқауына 7-қосымша

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных