Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Химиялық қасиеттері




1. Құрамы метан сияқты көміртек пен сутектен тұратындықтан этиленнің жануы нәтижесінде де су мен көміртек (IV) оксиді түзіледі. Этилен ауада жарқыраған жалын шығарып жанады: С2Н4 + 3О2 → 2СО3 + 2Н2О

2. Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән. Құрамында қанықпаған қос байланыс болғандықтан, этилен қосылу реакцияларына оңай түсіп, атомдарды және атом топтарын қосып алады. Реакция нәтижесінде этан немесе оның туындылары түзіледі және көмірсутек молекуласындағы қос байланыстың біреуі оңай үзіліп, дара байланыс қалады.

а) Өршіткі (никель, платина) қатысында этилен сутекті қосып алып этанға айналады: Немесе осы реакцияны ықшамдап жазсақ:

С2Н4 + Н2 → С2Н6

Сутек қосыла жүретін, реакция гидрлену реакциясы деп аталады.

ә) Этилен галогендерді қосып алады. Ол броммен әрекеттескенде бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз дибромэтан түзіледі:

СН2 = СН2 + Вr2 → ВrСН2 — СН2Вr

немесе

С2Н4 + Вr2 → С2Н4Вr2 (дибромэтан)

Бұл этиленнің сапалық реакциясы, бромның түссізденуі бойынша этиленнің бар-жоғын анықтауға болады.

Этиленге хлор қосып, дихлорэтан С2Н4Cl2 алуға да болады.

б) Этилен қос байланыс арқылы су молекуласын қосып алып, этил спиртін түзеді: Н2С = СН2 + Н—ОН → Н3С — СН2ОН немесе С2Н5ОН

Бұл реакцияның өнеркәсіптік маңызы зор. Қазақстанда Шымкент пен Атырау химия зауыттарында осы реакция бойынша этиленнен этил спирті алынады.

3. Этилен полимерлену реакциясына түседі. Молекула құрамындағы қос байланыстың біреуінің үзілуі нәтижесінде этилен молекулалары өзара тізбектеліп қосылып, полиэтилен түзеді:

m СН2 = СН2 →... — СН2 — СН2 — СН2 — СН2 — СН2 — СН2 —...

Этиленнің полимерлену реакциясын қысқартып былай жазуға болады: n СН2 = CH2 (-СН2 - СН2 -) n

Бірдей молекулалардың қосылып үлкенірек молекула түзу процесі — полимерлену реакциясы деп аталады. Бұндай реакция нәтижесінде түзілетін өнім полимер деп аталады.

Грекше поли — "көп", мерос — "бөлшек" деген мағынаны білдіреді. Полимерлер бірнеше мыңдаған атомдардан тұрады. Формуладағы n жақша ішіндегі қарапайым буындардың санын көрсетеді. Реакцияның жүру жағдайына байланысты қарапайым буындардың саны 10 000-нан да артық болуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных