Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Иммунотурбидиметрия




Жыл

Кафедра мәжілісінде талқыланған

 

№___ хаттамасы ______2012 жыл

 

Кафедра меңгерушісімен бекітілген

М.ғ.к, доцент м.а. Бабаева А.С.

______________

 

 

1. Тақырып: Комплемент және фагоциттік жүйелерді бағалаудың зертханалық әдістері. Иммунограмманы талдау

 

2. Мақсаты: комплемент және фогоциттер жүйелерін зертханалық бағалау әдістерінің маңызын, түрлерін, қолдануға көрсеткіштерін түсіндіру, әдістерді иммундыө жүйенің бағалауда жүргізу тәсілі туралы білім беру.

 

3. Оқыту мақсаты.

Студент білуге тиіс:

· комплементтің биологиялық әсерінің маңызы;

· комплемент жүйесін зерттеу әдістері;

· комплементті байланыстыру реакциясы, принципі, жүргізу тәсілі;

· гемолиздік жүйе туралы түсінік;

· комплемент жүйесінің гемолиздік белсенділігінің қалыпты көрсеткіштері мен өзгеру себептері, механизмдері;

· комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін бағалау әдісі;

· иммунотурбиметрия әдісін қоюға көрсеткіштер;

· комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерінің қалыпты көрсеткіштері мен патологиялары;

· нейтрофилдердің фагоциттік белсенділігін бағалау әдістері;

· фагоциттік жүйенің төмендеуінің себептері

 

Студент істей алуға тиіс:

 

· комплемент жүйесін бағалау әдістерін жүргізу техникасы;

· комплементті байланыстыру реакциясын қою реттілігі;

· гемолиздік жүйені дайындау;

· комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін бағалау;

· иммунотурбиметрия әдісін қою;

· нейтрофилдердің фагоциттік белсенділігін бағалау;

 

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Комплемент жүйесінің белсенуі нәтижесінде түзілетін биологиялық заттардың әсері қандай?

2. Комплемент жүйесін зерттеуге көрсеткіштер.

3. Комплемент жүйесін бағалаудың зертханалық әдістері қандай?

4. Комплементті байланыстыру реакциясы қолдануға көрсеткіштері.

5. Гемолиздік жүйе дегеніміз не?

6. Комплемент жүйесінің гемолиздік белсенділігінің қалыпты көрсеткіштері қандай?

7. Гемолиздік белсенділіктің өзгеру себептері мен механизмдері қандай?

8. Комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін бағалау.

9. Иммунотурбиметрия әдісі туралы түсінік.

10. Комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерінің қалыпты көрсеткіштері қандай?

11. С3 және С4 компоненттерінің патологиялық өзгерістері.

12. Фагоциттік жасушалардың белсенділігін бағалау.

13. Фагоциттік жүйе қызметінің төмендеуінің себептері қандай?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмысты орындау (зертхана құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу, науқастардың иммундық статусына баға беретін лабораториялық тесттерді қою /немесе олардың нәтижелерін түсіндіру; лейкоцитарлық формуланы есептеу, лимфоциттердің олардың субпопуляцияларының абсолюттік салыстырмалы санын анықтау; лейкограмма иммунограмманы түсіндіру); оқытушымен бірге теориялық материалды талдау; оқу әдебиетімен жұмыс, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап беру, кестелерді толтыру сызбаларды сызу, т.б.); тест жүргізу; ауызша сұрау; ситуациялық тапсырмаларды орындау; шағын топтарда жұмыс, ситуацияны моделдеу.

Дебиет

Негізгі әдебиет:

1. Қ.А.Жұманбаев, Ғ.Қ.Жұманбаева, Ә.Ә.Байдүйсенова. Клиникалық иммунология және аллергология. Қарағанды, 2008.

2. Ә.Ә.Шортанбаев, С.В.Қожанова. Жалпы иммунология (оқу құралы), Алматы, 2008.

3. Калиакбарова Г.Т., Қожанова С.В., Шортанбаев А.А., Балпанова Г.Т., Гуморалды иммунитет жүйесі (оқу-әдістемелік нұсқау), Алматы, 2002.

4. Қожанова С.В., Шортанбаев А.А., Калиакбарова Г.Т., Бижигитова Б.Б., Клеткалық иммунитет жүйесі (оқу-әдістемелік нұсқау), Алматы, 2002.

5. Қожанова С.В., Шортанбаев А.А., Калиакбарова Г.Т., Балпанова Г.Т. Ісікке қарсы иммунитет (оқу-әдістемелік нұсқау), Алматы, 2004.

6. Балпанова Г.Т., Шортанбаев А.А., Трансплантациялық иммунитет (оқу-әдістемелік нұсқау), Алматы, 2002.

7. Қожанова С.В., Шортанбаев А.А., Каракушикова А.С. Жоғарғы сезімталдық механизмдері (оқу-әдістемелік нұсқау), Алматы, 2004.

8. Қожанова С.В., Шортанбаев А.А., Бижигитова Б.Б. Вакциналар және вакцинопрофилактика (оқу-әдістемелік нұсқау), Алматы, 2002.

9. Е.С.Белозаров, В.С.Мошкевич, А.А.Шортанбаев. Клиническая иммунология и аллергология. Алма-Ата, 1992.

Қосымша әдебиет:

1. В.И. Покровский (ред). Иммунология инфекционного процесса. Руководство. М. 1994.

2. М.Р.Сапин, Л.Э.Этиген. Иммунная система человека. М. Медицина, 1996.

3. Р.В.Петров, А.А.Михайлов, Л.А.Фонина, В.Н.Степаненко. Миелопептиды. «Наука», Москва, 2000, 180 с.

4. М.М.Адамович, М.И.Бандацкая, А.М.Близнюк и другие. Иммунопрофилактика инфекционных болезней. Минск, 2002.

5. А.А.Тотолян, И.С. Фрейдлин. Клетки иммунной системы. СПб, 2000.

6. И.С.Фрейдлин. Иммунная система и ее дефекты. СПб,1998.

7. А.А.Тотолян, Н.А.Марфичева, Н.А.Тотолян. Иммуноглабулины в клинической лабораторной диагностике. СПб, 1996.

8. Н.В.Медунинцин. Вакционология. М, 1999.

9. Ф.И.Ершов. Система интерферона в норме и при патологии. М,1996.

10. Ф.Бернет. Клеточная иммунология. М, 1971.

11. Дж.Плейфэр. Наглядная иммунология. М, 1998.

12. Н.Д.Беклемишев, Ж.А.Сатыбалдиева. Кортикостероиды, иммунитет, аллергия. Алматы, 1999.

Электрондық оқулықтар:

1. Иммунная система человека. М.Р.Сапин, Л.Е.Этинген. 1996.

2. Иммунология. Р.М.Хаитов, Г.А.Игнатьева, И.Г.Сидорович. 2002.

3. Иммунодиагностика в эпидемиологии и клинике. И.К.Рейнар. 1998.

4. Медицинская вирусология. А.М.Королюк, В.Б.Сбойчаков. 2002.

5. Клиническая иммунология и аллергология. Лолор.

 

Комплемент және фагоциттік жүйелерді бағалаудың зертханалық әдістері. Иммунограмманы талдау.

Комплемент жүйесін бағалау

Комплемент жүйесінің биологиялық әсері:

· Фагоцитозды күшейту

· Хемотаксисті күшейту

· Капилляр тамырларының өткізгіштігін жоғарылату

· Макрофагтар мен гранулоциттерді белсендіріп, қабыну реакциясын түзу

· Иммундық адгезия

· Опсонизация

· Вирустардың және олармен зақымдалған жасушаларды жою

· Мес жасушалар мен базофилдерден гистаминнің бөлінуі

· Тромбоциттерден серотониннің бөлінуі

· Цитолиз – комплемент орналасқан жасушулардың лизистенуі

Комплемент жүйесін зерттеу әдістері

· Комплементті байланыстыру реакциясы

· Иммунотурбидиметрия

Комплементті байланыстыру реакциясы

Комплементті байланыстыру реакциясы - комплемент жүйесінің жалпы белсенділігін анықтау (гемолиздік жүйеде комплементтің байланысуын бағалау).

Гемолиздік жүйе – қой эритроциттері мен оларға қарсы антиденелері бар, бірақ жасанды түрде комплементтен тазаланған стандартты спецификалық анти сары су қоспасы

Қалыпты жағдайда комплемент деңгейі 20-40 гемолиздік бірлікті құрайды.
Жедел жұқпалы және қабыну ауруларында комплементтің жоғарылауы, созылмалы процестерде төмендеуі байқалады.

Гемолиздік белсенділіктің төмендеуі комплемент жүйесінің туа біткен немесе жүре пайда болған жетіспеушіліктерінде байқалады:

 

l Тыныс алу жүйесінің, тері және басқа мүшелердің рецидивті бактериялық пиогенді инфекциялары;

l Рецидивті менингококкты және гонококкты инфекциялар;

l Аутоиммундық, аллергиялық және иммундық комплекстер аурулары.

Иммунотурбидиметрия

Иммунотурбидиметрия– комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін анықтауға арналған әдіс.

l С3 – комплемент жүйесінің белсенді компоненті, жедел қабыну кезеңінің ақуызы. КЖ компоненттерінің 70% құрайды. Мм 180 000 Да. Қалыпты деңгейі 0,9-1,8 г/л

l С4 – Мм 205 000 Да. Қалыпты деңгейі 0,1-0,4 г/л

Иммунотурбидиметрия әдісін қоюға көрсеткіштер:

l Комплементтің генетикалық тапшылығына күдік (аутоиммундық бұзылыстар, қайталанатын бактериялық инфекциялар);

l Аутоиммундық аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау (комплемент компоненттері концентрациясының төмендеуі патологиялық процестің белсенділігін айқындайды);

l Ауруларды диагностикалау: жүйелі қызыл жегі, ревматоидтық васкулиттер, жеделше бактериялық эндокардит, ревматизмдік полимиалгия, цитомегаловирустық инфекция

С3 және С4 компоненттері көрсеткіштерінің жоғарылауы:

С3 С4
Жедел кезеңді реакциялар Ревматоидтық артрит
Ревматоидтық артрит, ревматизм Бактериялық инфекция
Қант диабеті Гломерулонефрит
Миокард инфаркті Жүйелі қызыл жегі
Вирустық гепатит Малярия
Жара колиті Сепсис
Ісіктер Жедел қабыну реакциялары
Бактериялық инфекция Циметидин (ЖИТС), циклофосфамид (ЖҚЖ), даназол препараттарын қолдану
Пневмококктық инфекция
Саркаидоз
Амилоидоз

С3 және С4 компоненттері көрсеткіштерінің төмендеуі:

С3 С4
С3 компонентінің туа біткен тапшылығы С4 компонентінің туа біткен тапшылығы
ЖИТС Туа біткен және жүре пайда болған ангионевроздық ісіну
Аутоиммундық гемолиздік анемия Иммундық комплекстермен белсендірілген комплемент
Жедел гломерулонефрит Гломерулонефрит
Жүйелі қызыл жегі Респираторлық дистресс-синдром
Қан тамыр ішілік қан ұю синдромы (ДВС) Аутоиммундық гемолиздік анемия
Ашығу Ашығу
Қабыну және жұқпалы аурулар Бүйректің трансплантациясы
Бауырдың ауыр зақымдануы Жүйелі васкулит

Фагоциттік жүйені зерттеу

Нейтрофилдердің фагоциттік белсенділігін бағалау тәсілі:

l Гепаринге қосылған қанды центрифугалап, лейкоциттік сүзбесін алу

l Оған микробтардың суспензиясын қосу

l 370С инкубациялау

l 30 және 120 минуттан соң бояп, микроскоппен зерттеледі

l Бактерияларды жұтқан фагоциттердің санын, микробтарды ұстау және оларды қорыту қарқынын анықтау

Фагоциттік индекс (ФИ) – 30 және 120 минуттан кейін бактерияларды жұтқан нейтрофилдердің саны

 

Фагоциттік сан (ФС) – инкубациядан кейінгі 30 және 120 минуттан соң фагоцит ішінде орналасқан бактериялардың орта саны

 

ФС = С/ФИ

С – фагоциттермен жұтылған бактериялардың жалпы саны

Фагоциттік санның коэффициенті (КФС)

КФС = ФИ30/ФИ120

Нейтрофилдердің бактерицидтілік индексі (НБИ)

НБИ = Чө/Чж х100
Чө- фагоциттер ішінде орналасқан өлі микробтар саны
Чж - фагоциттермен жұтылған микробтардың жалпы саны

Нейтрофилдердің фагоциттік белсенділігінің қалыпты көрсеткіштері:

ФИ30– 94,2±1,5 ФИ120– 92,0±2,5

ФС30– 11,3±1,0 ФС120– 9,8±1,0

КФС– 1,16±0,04 НБИ – 66,3±2,6

 

Фагоцитоз қызметінің төмендеуі байқалады:

l Екіншілік иммунтапшылық жағдайлар

l Аутоиммундық аурулар

l Біріншілік иммунтапшылық жағдайлар (туа біткен)

l Созылмалы белсенді гепатит

l Бауыр циррозы

l Созылмалы гломерулонефриттің кейбір түрлері (комплемент жүйесінің белсенділігі тежелу жағдайы)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных