Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Маркетингтік ақпараттық жүйе




Маркетингтік ақпараттық жүйе (МАЖ). МАЖ – маркетинг саласындағы шешімдерді қабылдайтын тұлғаларға қажетті ақпаратты талдау, сақтау және тарату сияқты іс-әрекеттердің белгілі бір қалыпқа келтірілген реті.

МАЖ сыртқы және ішкі көздерден алынған мәліметтерді кәсіпорын басшылығына керекті ақпаратқа түрлендіреді. Бұл жүйе рөлі маркетингтік шешімдерді қабылдау қажеттілігіне, алынуына және менеджерлерге уақытында ұсынылуына негізделген. Керекті мәліметтер маркетингтік зерттеулер мен деректерді талдау негізінде жасалған ағымдық маркетингтік сыртқы ақпарат көздерінен және фирманың ішкі есептерінен алынады.

МАЖ бір-бірімен тығыз байланысқан блоктарды білдіреді:

- Бастапқы деректер блогы статистикалық есептілік деректерін, әлеуметтік сауалнамалар нәтижелерін, сонымен қатар, статикалық, динамикалық нақты жағдайларды ашып көрсетуге мүмкіндік беретін концептуалды-мақсаттық жүйе арқылы таңдалған көрсеткіштерге сәйкес нарық субъектісінен түсетін ақпараттарды қамтиды.

- Деректерді өңдеу бағдарламалары алынған эмпирикалық материалдарды үйренуге мүмкіндік береді. Ол үшін бастапқы деректер сандық және сапалық бағалаудың бірнеше процедурасынан өтеді.

- Нәтижелерді ұсыну блогы ақпараттың визуализациясына арналған, басқаша сөзбен айтқанда, көрсетілетін ақпараттың таңдалуы, маркетингтік ақпараттың үлкен көлемі реттелуі, рәсімделуі және коммуникациялық құралдар арқылы тұтынушыларға жіберілуі. Қолдану ыңғайлыллығын қамтамасыз ету үшін ақпараттарды тақырыптары бойынша топ-топқа бөлу керек. Оны ұсыну кезінде тек қана кестелерді қолдану ғана емес, сондай-ақ, ситуацияны сипаттау және қалыпты жағдайдан ауытқу себептерін де анықтау керек. Заманауи компьютерлік технологиялар шығарылатын ақпаратты көрнекі құралдар мен бағдарламалық тәсілдер көмегімен автоматтандыру мүмкіндігін береді. (кеңістіктік және динамикалық процестерді көрнекі түрде сипаттау үшін компьютерлік графиканы қолдану және диаграммаларды, гистограммаларды құру)

Большой объем маркетинговой информации обуславливает применение для этих целей современных компьютерных технологий, которые открывают широкие возможности для всего процесса обработки и анализа данных.

- ағымдарды құру блогы – барлық қатысушылар арасында ақпараттың таралуын сауатты түрде ұйымдастыру. Ол 3 кезеңнің құрылуын түсіндіреді:

1) субъектілердің жағдайы, нарықтың ішкі және сыртқы орталары жайындағы бастапқы мәліметтер;

2) бастапқы ақпаратты талдау нәтижелері;

3) субъектілер тарапынан қабылданған басқарушылық шешімдер және олардың іске асырылу нәтижелері.

Осылайша МАЖ:

- Ақпаратты жіктеуге;

- Ақпаратты тез өңдеуге;

- Ақпаратты фильтрлеуге;

- Ақпарат көздерін анықтауға;

- Ақпаратты мекен-жай бойынша, керекті өлшемде, керекті уақытта жіберуге;

- Әр деңгейде ақпарат қолданушысының құқығын анықтауға мүмкіндік береді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных