Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Магистрлік диссертация тақырыбының негіздемесі және құрылымы




3.1. Магистрлік диссертация тақырыбы: «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жағдайында

қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру және еңбекті қорғаудың тиімділігін

арттыру.

3.2. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша негіздеме:

Тақырыптың өзектілігі

Мақсаты

Негізгі міндеттер

Зерттеу әдістемесі

Ғылыми жаңашылдығы

Диссертациялық жұмыстың теориялық маңыздылығы

Диссертациялық жұмыстың практикалық маңыздылығы

Жоспарланып отырған сараптама

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі өндірістің даму сатысында магистрлік диссертацияның тақырыбы өзекті болып саналады. Еңбекті қорғау саласындағы дағдарыс жағдайлар тақырып өзектілігімен сабақтас болып келеді. Еңбек жағдайларының қолайсыздығынан туындаған жоғары деңгейдегі өндірістік жарақаттанулар мен кәсіптік аурулар барынша қолайсыздықтар тудырады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әр адам еңбек шартындағы қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беруге құқылы. Дегенмен, жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан 12,8 мың (13,3 мың) адам қаза табады. Шындығында, мамандардың, яғни еңбек күшінің жетіспеушілігіне алып келетін негізгі себептердің бірі- азаматтардың еңбекке қабілеттіліктен шығуы. Шетелдік еңбек күшінің қызықтыратын көпшілік бөлігі – еңбек шартының қолайсыздығы, төмен еңбекақысы бар жұмыс орны және квалификациясыз қызметкерлер. Бұл жағдайлар осындай орындарға қосымша сұраныс қалыптастырды. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулар - тікелей және жанама түрде қаржылық ысырапқа алып келетін өндірістік процестегі басты теріс салдар. Егер де өндірістегі жазатайым оқиғалардың тікелей шығындары айтарлықтай белгілі болса, онда шығынды құрайтын элементтердің күрделілігіне байланысты жанама шығындарды анықтау қиын. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігіне қоғамдық қарым-қатынас сферасындағы құқықтық келісушілік деңгейі, жергілікті және аймақтық, халықаралық құқықтық ұйғарым келісімінің дәрежесі үлкен әсерін тигізеді. Еңбек қорғауды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылым қызметіндегі келіспеушілік – басқарушы шешімдерді қабылдауда сараланбайтын нақты еңбек қорғау жағдайындағы есеп берудің бұрмалануына алып келеді.

Ұйымдарда, әсіресе, мемлекеттік емес бөлімдерде меншікті еңбек қорғау басқару жүйесі(ЕҚБЖ) жасалмайды. Негізінен бұл саладағы жұмыс жүргізіледі, егерде жұмыс орнында қауіпсіздікке анық қауіп-қатер толығымен төнген жағдайда немесе өндірістегі жазатайым оқиғаларға, қадағалау органы инспекторының ұйғарымына, заңбұзушылықты жою талаптарының бақылануына және басқа да еңбекті қорғау бойынша құқықтық-нормативтік актілерге байланысты болған жағдайда. Баяндалған жағдайлар ғылыми өзектілік пен зерттеуден өткізілген тәжірибелік маңыздылықты анықтайды.

Еңбекті қорғауды басқару және құқықтық реттеу мәселесі - ғалымдардың, сонымен бірге отандық экономикалық ғылым мен басқа да ғылым саласындағы өкілдердің зерттеу жұмыстарының негізгі тақырыбы болып қалыптасты. Дегенмен, қазіргі заманғы заң шығарушылықтың дамуына байланысты бұл мәселе монографиялық деңгейде жеткіліксіз зерттелді. Бүгінде тәжірибе қойып отырған, жаңа мәселелер, еңбекті қорғау бойынша нормативтiк құқықтық базаның тез дамуы кейбір құқықтық теорияның артта қалуына алып келеді. Жеке көзқарастар мен тұжырымдамалар негізсіз болғандықтан, кей жағдайда түпкілікті қайта қарауды және айқындауды талап етеді.

Мақсаты: Қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру жолымен еңбекті қорғау тиімділігін арттыру.

 

Негізгі міндеттер:

Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:

- өндірістік кәсiпорындарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік жүйесіндегі негізгі шарттармен танысу;

- «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жағдайындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайынын талаптарының орындалуын зерттеу;

- кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттанудың негізгі себептерін талдау;

- «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жағдайындағы еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру жолын өңдеу және ұсыну;

 

Зерттеу әдістемесі:

1. Өндірістік қауіпсіздікті бар деңгейде бағалау әдістемесі;

2. Тәжірибелік зерттеулерді өткізу және жоспарлау әдістемесі.

3. ҚР өндірістік мекемелердегі қызметкерлердің өндірістік жарақаттануын бағалау әдiстемесі.

Ғылыми жаңашылдығы: «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жағдайындағы еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары өңделеді

- еңбекті қорғау аумағындағы қазіргі нормативтік талаптарға жауап беретін өндірістегі еңбекті қорғау жағдайының бағалық әдістемесі жаңа көрсеткіштермен есептеу арқылы өңделеді.

 

Диссертациялық жұмыстың теориялық маңыздылығы: кеме жасайтын кәсіпорындағы қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер ету дәрежесін бағалау әдістемесінің негізін орнықтырады.

Диссертациялық жұмыстың практикалық маңыздылығы: кеме жасайтын кәсіпорын жағдайында өндірістік қауіпсіздікті жетілдіру бойынша тәжірибелік кепілдемені қолдану мүмкін екендігі дәлелденеді.

Жоспарланып отырған сараптама: магистрлік диссертацияның нәтижелері бакалавриат 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының оқу процесінде теориялық және тәжірибелік материалдар ретінде пайдалануға, сонымен бірге техникалық және басқа да мамандықтар студенттеріне «Еңбекті қорғау және ӨТҚ», «Өндірістік экология» курстары бойынша сабақ өткізуге болады.

 

3.3. Магистрлік диссертацияның жобалық құрылымы

1. Кіріспе

- диссертациялық жұмыс тақырыбының негіздемесі, оның өзектілігі

- зерттеу мақсаты мен міндеттері

- зерттеу нысандары

- зерттеу әдістемесі

- диссертациялық жұмыстың жаңашылдығы, теориялық және практикалық маңыздылығы

2. Бөлім 1. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігінің бағалау әдістеріне шолу жасау және талдау

 

3. Бөлім 2. Өнеркәсіптегі кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттанудың негізгі себептерін талдау

4. Бөлім 3. Қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру жолымен еңбекті қорғауды жақсартудағы ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық шешімдер

5. Қорытынды, практикалық ұсыныстар және сипаттамалар

6. Әдебиеттер тізімі

7. Қосымшалар






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных