Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адам эволюциясындағы — антропогенездін биологиялық факторлары.




Адамның шығу тегін, дамуын және калыптасуын зерттейтін антропология ғылымының, бір тарауы антропогенез деп аталады (грекше «антропос» — адам, «генезис» — шығу тегі). Адам органикалық дүние эволюциясында ең кейін пайда болған биологиялык түр болып саналады. Сондықтан да органикалық дүниеде болатын тұқым куалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сүрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай өсерлердің ықпал етуінің нәтижесінде өте ертеде тіршілік еткен адам тәріз-ді маймылдардың ағзаларында елеулі тәнтаньштық және физиологиялық өзгерістер пайда болды, сөйтіп олар бірте-бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінеи бөліне бастады. Қол еңбек қаруларын жасауға дағдылана түсті. Бірак антропогенезді тек кана биологиялық занды-лықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Ф.Энгельс өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол әсіресе еңбектің, қоғамдык тіршіліктің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.

Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторынын бірі. Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі кажет. Еңбек қүрал-дарын жасау қол аркылы жүзеге асады. Ф. Энгельс адамның калыптасуывдағы еңбектің рөлін жоғары бағалап, «еңбек — бүкіл адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, мұның езівде біз белгілі мағынада: адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз» — деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты қозғаушы күші болады. Адам өз еңбегі арқылы еңбек кұралдарын өзі жасап алады. Кейбір адамтәрізді маймылдар карапайым құралдарды пайдалана алғанымен, оларды жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті аркылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады.

Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздін өте ертедегі маймылға ұксас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән құбылыс. Маймылдар алғашында ағаш басывда өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп, күн керген. Олардың тіршілігіндегі бүл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының кемегімен тік жүруге жағдай жасады. Осы тік жүру арқылы «маймылдан адамға ету үшін шешуші қадам жасалды» (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде омыртқа жотасыңда «5» әрпі тәрізді имек пайда болып, ол денеге солкылдақтык, қасиет берді, ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбезделе түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мүндай езгерістер тұқым куалаушылықтың нәтижесінде миллиовдаған жылдар бойы жүріп отырды.

Сондықган да адам бірден тік жүріп кетгі деген ой тумау керек. Тік жүруге көшудің өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысы тууды ауырлатты, дененің ауыр салмағы жалпақтабандылыққа жағдай жасады. Әрі аяқтағы кектамырлар кеңейді. Бірақ оның есесіне колдың босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір мүмкіндік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең бір елеулі баскыш болды.

Адамның алғашқы калыптасу дәуірінде қолы нашар дамығандықтан ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осы белгілер тұқым қуалау арқылы беріліп отырды. Ф.Энгельс қол еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге қол еңбектін өз жемісі деп түсіндірді. Біздің маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдалаңды. Мұның өзі олардың ой-өрісіне, мінез-қылығьша әсер етті, ол еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбекке дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметгік әсерлердің ықпал етуіне жағдай туғызды да, биологиялық завдылықтардың әсері бірте-бірте бәсендей түсті.

Қогамдасып тіршілік ету — адам эволюциясы әсерінін бірі. Кез келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен инстинктер аркылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең алғашқы маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүретіңдіктен, олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықган да Ф.Энгельс адамның арғы ата тегін топтасып тіршілік еткен мақұлықгардан іздестіру керек екенін атап көрсеткен болатьш. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардъщ арасында өзара қарьм-катьшас қалыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің топтасуына септігін тагізді, олар үжьм болып аң аулауды, жыртқыш авдардан корғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақгарьша үйретгі. Отгы пайдалануды және оны сақтауды үйренді.

Адамның арғы ата тектері бірте-бірте өсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды пайдалануға көшті. Ол үшін олар аң аулау және балық аулау кұралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу олардың ағзаларывда да өзгерістер енгізді. Мысалы, ішектің кысқаруы, шайнау бұлшық етгерінің жетіле түсуі, т.б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп женідціктер мен мүмкіндіктер туғызды.

 

Орытынды

 

 

Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ата тектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олар бір-бірімен ымдау, гапарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең алғашқы адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты бодды. Бірте-бірте көмекейдің, ауыз қуысывдағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгеріп, түқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты.

Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітркендірулерін қабылдайды. Бұл бірінші хабаршы жүйе болып саналады. Бұған қоса адам басқа хабарларды сөз арқылы қабылдай алады. Ол екінші хабаршы жүйеге жатады. Екінші хабаршы жүйе адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты болады.

Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз аркылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның ата тектерінің эволюциясында биологиялык және әлеуметгік әрекеттер бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-катынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік әрекет (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алып отыр. Қоғамдык құрылыс өз кезегінде адамның ойлау қабілетіне зор мүмкіндіктер туғызды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып енбек ету қабілеттері ешқашан тұқым қуаламайды. Тек адамның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым қуалайды.

Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір андар асырап алған балаларда) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Сондықтан да қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, тәжірибе-өнегелерін кейінгі ұрпакқа тәрбие және білім беру кезівде беріп отырады.

Адамның эволюиңясы қоғамдық кұрылыста К.Маркс пен Ф.Энгельс ашкан қоғамдық зандарға бағынады. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету қабілеті артып, түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т.б. өрісін жайьт отыр. Тайпалардан бірте-бірте ұлтгар пайда болды. Жаңа мемлекеттер құрылды.

Қорыта айтканда, биологиялык әрекеттер (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) мен әлеуметгік әрекетгердің (еңбек әрекеті, қоғамдық карым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропөгенездің негізгі қозғаушы күштері больш саналады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных