ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістері«Өзін-өзі тану» курсында дәстүрлі әдістердің мүмкіндіктерін кең қолдану қажет болғанмен, бірінші кезекте белсенді және интерактивті әдістерді пайдалануға басымдылық берілуі керек. Өйткені бұл әдістерді әдебиеттің, өнердің, арт-терапияның элементтерімен жан-жақты ұштастыруға болады. Мұнда студенттердің қалыптасуының сапалық деңгейін, әрекет мотивтерін, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, құнды бағдарларын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдістердің (түрлі сипаттағы тестілер, портфолио әдісі) маңызы үлкен. Белсенді оқыту әдістері ешкімді де танымдық әрекеттен тыс қалдырмайтындай оқу процесін ұйымдастыруға жол ашады. Студенттерді оқыту процесіне тартуға белсенді оқыту технологиясының мынандай келесі ерекшеліктері себеп болады: · студентті белсенді ойлау және әрекетке тартуға оңтайлылығы; · студенттердің эмоциялық күйін арттыруға және сабаққа шығармашылық сипат дарытуға ыңғайлылығы; · студенттердің өзара бір-бірімен, сондай-ақ оқытушымен тікелей өзара бірлескен әрекетін жүзеге асыруға бағытталатындығы; · ұжымдық күш-қуатты қалыптастыруға бейімділігі, оқыту үдерісінің интенсивтендірілуі. Оқытудың белсенді әдістері қолданылатын сабақтарды ұйымдастырудың шарттары: 1) проблемалылық; 2) ынтымақтастық және ұжымдық өзара әрекет; 3)студенттердің дара-психологиялық ерекшеліктерінің дамуын басшылыққа алу; 4) студенттерді ұдайы белсендіріп отыру: оларды жауап беруге, талдау жасауға, бағалауға, топтастыруға және т.б. әрекеттерге тартып отыру; 5) оқытушының моделін өзгерту: ұйымдастырушы, серіктес, кеңесші, бағыттаушы және т.б. рөлдерді атқаруы. Интерактивті әдістер бұл – адами өзарақатынастар мен өзара әрекеттестіктерді тану жолдары, тәсілдері. Ол әдістер жеке дара индивид емес, сұрақтарды талдау арқылы пікір алмасатын, бір-бірін белсендіретін өзара әрекеттесуші студенттердің тобы орталық орынға ие болатын белсенді диалогқа негізделеді. Интерактивті әдістер интеллектілі және рухани белсенділікті, сондай-ақ ақиқатты іздеуде ұжымдық шығармашылықты дамытады. Аталмыш әдістерді қолдануда студенттер эмоциялылығымен және бастамашылдығымен ерекшеленген қайсібір тақырыпты талқылау үдерісіне белсенді қатысады. Сол себепті жоғары оқу орнындағы оқытушы икемді, белсенді болуы тиіс, және одан шығармашылық талап етіледі, өйткені ол тұтастай топтың, әрі оның әрбір мүшесінің интерактивті үдерісте орын алған даулар мен келіспеушіліктерді орынды әлеуетін қадағалауға көмектеседі. Оқу үдерісіндегі әрбір ойынды іскер ойындарға жатқыза беруге болмас. Бұл әртекті ойын жағдайларының көмегімен оқу үдерісінің жандануы. Белсенді оқыту технологиясында студенттің белсенді қатысуымен, немесе бар ынтамен ойлануды, не болмаса мүлде үдерістен шығып қалуды болжайтын шарттармен және ережелермен міндеттеледі. Іскер ойынның ережелері таңдалған іс-әрекетпен анықталады. Топтық пікірталас әдісі. Мұнда топ мүшелері көзқарастарының, ұстанымдары мен мақсаттарының мәнін ашуға (мүмкіндігінше өзгертуге) мүмкіндік беретін қайсібір даулы мәселе бірігіп талқыланады. Топтық пікірталастың психологиялық құндылығы оның кері байланысқа құрылуы мен жетекшінің шеберлігі арқасында оған қатысушы әрбір адамның бір мәселенің өзін бірнеше түрлі жолмен шешуге болатынын түсінуіне мүмкіндік беруінен көрінеді. Өйткені, әр адамның өмірде кездесетін түрлі қақтығысты жағдайларды қабылдауы мен оны шешуде сан түрлі көзқарастарды ұстанатыны анық, ал, оны білу, тану, студенттің барлық мәселеге ой көзімен қарап, түрлі нұсқалардың ішінен ең ұтымдысын таңдауы қажеттігін түйсінуіне әкеледі. Пікірталастар барысында төмендегідей жағдайлар жиі талқыланады: · топ мүшелерінің басым бөлігі үшін маңызды деп танылған мәселелер (тақырыптық пікірталас). Мұндай пікірталастың міндеті - талқыланатын мәселеге сәйкес субъектілердің өз тәжірибесін бөлісуі мен оны шешу жолдарына қатысты түрлі көзқарастарын ортаға салу. Егер талқылауға нақты бір мәселе қойылса, онда пікірталастың міндеті оны шешудің жолын таңдау болып табылады. · топ мүшелерінің жинақталған тәжірибесі (өмірбаяндық пікірталас). Өткеннің тәжірибесі тар мақсатта пайдаланылмайды. Егер сол тәжірибенің топ үшін бүгінгі мәселені оң шешуіне тигізетін ықпалы болса ғана қолданған дұрыс. Әдетте топтық пікірталастардың бірнеше сатылары болатыны белгілі, оның жалпы реті төмендегідей болып келеді: 1. Бағдарлау. Бұл кезеңде пікірталастың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Пікірталас тақырыбының барлық қатысушыға теңдей түсінікті әрі өзекті болғаны тиімді. Керісінше болған жағдайда ондай әңгімені қозғаудың өзі мәнсіз; 2. Ақпараттарды жинау. Бұл кезеңде қатысушылар қарастырылатын мәселеге қатысты өз ойларын, сезімдері мен пікірлерін білдіре алады. Егер пікірталас нақты бір мәселенің шешімін табуды көздесе, онда қатысушылардың қай-қайсысына да өздері ойлаған барлық шешімдерді ортаға салуға мүмкіндік берген жөн. Мұндайда сыни көзқарастардың (яғни «миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы) өрістетуіне де шек қойылмауы тиіс, сонда ғана ол өз мақсатына жақындай түспек; 3. талқылау барысында алынған ақпараттарды реттеу, негіздеу және бірлесе бағалау кезеңі. Бұл кезеңде талқылауға қойылған мәселені шешудің бұрын ұсынылған нұсқаларына сыни талдау жасалады. 4. Пікірталастың аяқталуы: қорытындылар шығару, пікірталастың мақсаты мен алынған нәтижелерді өзара салыстыру. Егер нақты мәселе талқыланса, онда оны шешудің тәсілдері атап көрсетіледі. Кейде топтық пікірталаспен қатар «кейс әдісі» де қоса жүреді. Өйткені кейсте де нақты бір мәселеге топтық талдау жасалады. Олай болса, студенттер үшін аса бір өзекті мәселе талқыланған тұста бұл әдіс тақырыптық топтық пікірталастың бір түрі деп саналады да, сол нақты мәселенің тақырыбы анықталады. Егер топтық пікірталастың тақырыбын және оны ұйымдастырудың ретін жүргізуші өзі белгілейтін болса, онда пікірталас құрылымы бірізді жүреді; ал егер пікірталастың тақырыбы қатысушыларының өзінің таңдауы арқылы алынатын болса, онда пікірталастың жүргізілу реті де еркін болады, жүргізуші пікірталасқа қатысушы деңгейінде ғана араласып отырады. Топтық пікірталасты басқару тәсілдері. Сұрақтар топтық пікірталасты бағыттап отыруға, оны белсенді ұйымдастыруға, барлық қатысушыларды толық қамтуға, талқыланатын материалдың мәнді тұстарына басым назар аударып отыруға мүмкіндік береді. Кейде пікірталастың құрылымы түгелдей дерлік оқытушының сұрақтары төңірегінде өрбитін жайлар да кездеседі. Ашық немесе қосалқы (бекітуші сипаттағы) сұрақтардың өнімді қызмет атқаратыны белгілі. Жалпы жабық (иә/жоқ жауаптарды қажет ететін) және «Неге...?» деп басталатын сұрақтарды пайдаланбаған жөн. Өйткені жабық сұрақтың пікірталасқа ұласпайтын, қысқа да нұсқа, бір мағыналы жауапқа әкеледі, егер ондай сұрақтардың саны көп болса, қатысушылардырда сыртқы қысымға ұшырағандай әсер қалыптасуы мүмкін. «Неге...?» деп басталатын сұрақтың жауабы қысқа болумен қатар, оның ойлауды қажет етпейтіні әрі қатысушылардың көпшілігіне қысым жасалғандай қабылдануы мүмкін. «Неге...?» деген сұрақтардың жауабы бірден «Өйткені...?» деп басталады да, негізінен, психологиялық құндылығы төмен сыртқы себептерді ғана термелеумен шектеліп жатады. Ережелерді ендіру. Топтық пікірталас кезінде барлық ережелер қатысушыларға алдын ала ескертіліп, ол пікірталас барысында қатаң сақталуы тиіс. Әсіресе, студенттерді «біреу сөйлеп тұрғанда, басқалар тыңдауы тиіс» деген ережені ұстануға үйрету шарт. Егер бұл ереже сақталмаса, онда қосымша шарттар қарастырылуы керек: Мысалы: қатысушыларға әлдеқандай зат - мысалы, кішігірім жұмсақ ойыншық беріледі. Сол ойыншық кімнің қолында болса, сол ғана сөйлейді де, қалғандары тыңдап отырады. Кей кезде мұндай ойыншықтың екеуін қатар қолдануға болады, ондайда оның біреуі тек жүргізушінің (яғни, жүргізуші екінші ойыншықтың қатысушылардың қайсысының қолында болғанына қарамастан, сөйлеу құқығын өзінде қалдыра алады) қолында болады да, ол қажет жерінде сөзге кірісіп отырады. Пікірталасқа қатысушы өзінің алдындағы сөйлеуші өзіндік ой қорытындысын жасағаннан кейін ғана пікірін білдіруіне болады. Тікелей нұсқау беру. Құрылымы айқын пікірталастарда оны қалай жүргізу керектігі жөніндегі ережелер алдын ала нақтыланып, қатысушыларға дәлме-дәл түсіндіріледі. Мысалы, нақты қойылған мәселенің шешімін іздестіру кезінде бұл «миға шабуыл» ережесі болуы мүмкін (мәселені қою – бір-бірінің пікіріне ешқандай сын айтпай оны шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну–сыни тұрғыда баға беру - олардың ішінен ең тиімдісін таңдау). Кей кездерде талқылау құрылымын әдейі басқаша құруға да болады: а) қатысушының біреуі қарастырылатын мәселенің мәнін түсіндіріп, оған қатысты жауап алу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды, ә) әр қатысушы мәселені нақтылау үшін өз сұрақтарын қояды; б) әрбір қатысушы мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдіреді әрі топқа қойылған сұрақтарға жауап береді; в) басында мәселені түсіндірген қатысушы айтылған пікірлерді қорытып, тұжырымдайды. Пікірталаста қатардағы қатысушы ретінде сөйлейтін жүргізушінің өзіндік пікірі. Жүргізуші де өз пікірін білдіргенде өзіне дейін сөйлегендердің пікірлеріндегі ерекше айтылған ойларға назар аудара отырып, сол пікірлерден ортақ тұжырымдарды жинақтауына болады. Бір жағынан, жүргізуші сөзінің мазмұны басқалардыың сөзіне қарағанда қатысушыларға әсерлірек болады да, олар жүргізушінің әр сөзін ыждағаттылықпен тыңдайды. Екінші жағынан, жүргізушінің сөзі өзгелерге сөйлеудің үлгісін көрсететіндей, өте сауатты, жүйелі, мазмұнды болуы талап етіледі. Ол қатысушылардың эталоны қызметін атқарады. Пікірталасты тиімді ұйымдастыруда жүргізуші үшін келесі талаптар қойылады: · пікірталасты тек өзі дұрыс деп санаған ретпен ұйымдастырудан, өзге қатысушыларды мәжбүрлеуден аулақ болу; · пікірталастың барысын қатысушылардың диалог үстінде айтқан пікірлерінің даму бағытымен сәйкестендіріп отыру; · теориялық тұжырымдарды тәжірибелік жаттығулармен бекітіп отыруы; · қатысушылардың өзара тілдесуіне қолдау көрсетуі; · пікірталас барысында қатысушылардың өзі айтқан сөздерінің, ұсыныстарының, идеяларының, сұрақтарының мәнін түсінуіне көмектесуі; · айтылып жатқан сөздерді дұрыс тыңдай білуі, пікірталасқа қатысушылардың өзара тыңдау мәдениетін көтермелеп отыруы; · пікірталас үстінде өзіндік ой-пікірін, дәлелдемелерін ұтымды жеткізе білетін қатысушыларды көтермелеп отыруы; · қатысушылардың әр сөзі өзгелерді ойландыратындай болуын қадағалау; · өз пікірін айтуда, оны бекітуде абай болу, керісінше қатысушылардың ойлауына мол мүмкіндік беруге тырысуы; · Әңгімеге, диалогке, пікірталасқа өз билігін жүргізуге жол бермеуі; · Өз пікірін өтімді ету мақсатында пікірталасты бұрмалаудан бойды аулақ салуы; «Миға шабуыл» әдісі. Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Әуел баста жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген еді. Бұл әдістің негізгі міндеттері: · Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау; · ғылыми немесе оқуға қатысты мәселелерді шешу; · студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту; · ынтымақтастықты дамыту. Миға шабуыл - топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Бұл әрекет жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|