ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мен сүйікті және сау адаммын» тақырыбына коллаж жасау.Медитация «Меннің айқын бейнесін құру» Оқытушы. Тура тұрып, көзіңізді жұмыңыз және барлық зейініңізді дене түйсігіне шоғырландырыңыз. Барлық түйсінулер жас ағашқа тән деп елестетіңіз. Өзіңізді осы жас ағашпын деп ойлаңыз. Өмірлік энергия сіздің барлық денеңізді қоректендіретінін сезініңіз. Жандандырушы күш аяғыңыздан еніп, барлық денеңізге өтеді және денеңізді аяғыңыздан басыңызға дейін энергиямен толтырады. Энергия ағзаңыздың әрбір клеткасын балғындық пен сергектікке толтырады. Ағзаның осы энергияны сараңдықпен жұтып жатқынан сезініңіз. Ағзаңыз жанданып, ұйқыдан оянады. Кеудеңіз көтеріле бастайды. Иықтарыңыз өзінен-өзі жиырылады. Кеудеңізбен толтырып тыныс алғыңыз келеді(терең тыныс алып және еркін дем шығару). Денеңіз ақырындап және балқи түзеледі. Омыртқаңыз керемет қалыпқа ие болады. Арқаңыз түзеліп, мойныңыз ыңғайлы жағдайға көшеді. Ағаш күнге, жылулыққа, қуанышқа, қаныққан өмірге ұмытылады. Оянудың осы күйін сезініп ойша мынаны қайталаңыз: «Мен-күшті, белсенді, мақсатқа ұмтылғыш адаммын. Мен жаңа, жарқын және қаныққан өмірге дайынмын. Мен қазір және осы жерде, әрбір минутта, секундта өмір сүремін. Мен барлық денеме жандандырушы энергияның қалай таралып жатқанын сезіне аламын. Әрбір сағатта жаңа күштердің құйылғанын сезінемін». Ағза ұйқыдан оянады. Осындай оянудың рахатына бөлен. Терең тыныс алып, сосын тыныс шығарғанда барлық денеңізбен жоғары созылыңыз. Құшарлана созылыңыз. Тағы да терең тыныс алып, сосын тыныс шығарғанда барлық денеңізбен жоғары тартылыңыз. Сергектік пен жағымды сезімге рахаттаныңыз! Барлық денеңізбен сілкініңіз! Мұны да рахаттана жасаңыз! Көзіңізді ашыңыз! Бір-біріңіздің түрлеріңізге қараңыздар. Сыртқы бейнелеріңізде өзгеріс бар ма? Жаңа түйсінулер сізге ұнады ма? Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|