Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Балды қай ауруға ниет етсеңіз де, шипа болады....




Балдың бір қызығы, адам қандай ауруына ниет етіп ішсе, сол ауруға емдік әсері бар екендігіне дәрігерлер толық көз жеткізгендігін айтады. Ең алдымен Алладан тілеп, Алланың Құранда балда шипа бар деп айтқандығына сеніп, балды ішсе және одан кейін де Аллаға тәуекел ете білсе аурудың айығып кетуіне әсер еткендігі дәлелденуде.

Румыния дәрігерлері «катарка» деген көз ауруымен ауратын адамдарды балмен емдеген. Соның нәтижесінде бірнеше жылда, бал қабылдап емделген 2094 науқастардың 2002-сі дерттерінен толық жазылған екен. Польшалық дәрігерлер бал арқылы көптеген тері ауруларын жаздыртуға болатынын мәлім етті.

Балдың пайдасы:

Ара балын зерттеген ғалымдар одан келесі артықшылықтарды анықтаған:

- асқазанда тез қорытылуы. Балдың құрамында глюкозаға, фруктозаға айналатын көмірсу молекулаларының түрлері болады. Олар бауыр мен бүйректің жақсы жұмыс атқаруына көмектеседі.

- каллориясы төмен болғанымен, көп энергия беретіндігі. Бұл жерде айта кететін жайт, егер бір ыдыстағы бал мен келесі ыдыстағы қанттың құрамын салыстырсақ, балдың 40% мөлшерде төменірек нәрлілік беретінін көреміз. Бірақ мұңда таңғаларлығы, адам ағзасына бал қуат-күш бергенімен, дене салмағын көбейтпейді екен;

- ағзаға тез сіңірілуі; Балды қабылдаған адам миының жұмыс істеу қабілеті жақсарады, дененің қан айналымы дұрыс болуы үшін, керекті қуатты беріп тұрады. Сонымен бірге, қанды тазартады, әртүрлі қан-тамыр ауруларынан сақтайды, жүрекке оң әсер береді;

- бактерияға қарсы сипаты. Белгілі мөлшерде суға араластырылған күйінде қабылданған бал түрлері, антибактериялық сипатқа ие болады. Ғалымдар жаңа туылған араларға аналары таза бал бермей, оны сумен араластырып беретінін анықтаған.

– Әбу Әли Ибн Сина «Егер жастық шағыңды сақтап қалғың келсе, балды жиі же» деген екен. Бал әйел адамға да, ер адамға да күш қуат береді. Спортшылар қауымы жаттығу алдында бір қасық балды жеуді әдетке айналдырып, нәтижесінде шаршамайтындықтарын айтқан. Сондай-ақ, клеткалардың жаңаруына әсерін тигізеді. Терінің жас қалпын сақтап тұруда да балдың рөлі үлкен екен. Бетке маска ретінде немес тыртық, жарақатты кетіру үшін пайдалануда да оң нәтижелер берілгендігі айтылып жүр.

иммунитеттің күшеюіне себеп болып, мешелдік, алапес ауруларының алдын алады.

Балдың құрамында 70-тен астам элементтер бар. Әлемнің ең атақты ғалымдар әлі де зерттеу жүргізуде. Алайда, тағамның құпиясы толық ашылмай келеді. Оның құрамындағы антибактериялдық заттар көп. Яғни, балдың бетінде саңырауқұлақтар пайда болмайды. Балды дұрыс сақтаған жағдайда ғасырлар бойы сақтала береді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных