ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Механикадағы үйкеліс және тартылыс күштері.Материялық нүктенің қозғалысын кинематикалық сипаттау. Жылдамдық және үдеу. Механикадағы үйкеліс және тартылыс күштері. Екі дене тікелей жанасқан кезде, оларда өзара салыстырмалы қозғалыс пайда болса, немесе салыстырмалы қозғалыс пайда болуға ұмтылса, онда олардың жанасу бетінде қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытта бір күш пайда болады. Оны біз үйкеліс күші деп атаймыз. Үйкеліс күші пайда болу кезіндегі өзгешелігіне қарай тыныштық үйкелісі, сырғанау үйкелісі және домалау үйкелісі деп үшке бөлінеді. Өзара жанасқан денелерде сыртқы күштің әсерінде салыстырмалы қозғалысқа ұмтылу пайда болады, бірақ қозғалыс пайда болмаса, онда мұндай үйкеліс күштерін тыныштық үйкеліс күші деп атаймыз. Мысалы, жер бетінде тыныш тұрған үлкен бір жәшікті бар күшімізбен итергенде жәшік орнынан қозғалмаса, онда біздің итеру бағытымызға қарама-қарсы бағытта қозғалысқа кедергілік жасайтын бір күштің болғаны. Міне, бұл күш тыныштық үйкеліс күші болып табылады. Екі жанасқан денелер арасында салыстырмалы қозғалыс (сырғанау) болған кезде пайда болатын үйкеліс күшін сырғанау үйкеліс күші деп атаймыз. Бір дененің екінші бір дененің бетінен домалаған кездегі пайда болған үйкеліс күшін домалау үйкеліс күші деп атайды. Әдеттегі жағдайда, домалау үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшінен аз болады. Сондықтан денені сүйрегеннен көрі домалатқан оңай болады. Әлемдегі барлық денелердің арасында өзара тартылыс күшінің бар екендігін адамдар өте ертеден-ақ байқаған. Денелердің өзара жанаспай-ақ әсерлесуінің нәтижесінде пайда болатын осындай күштерді бүкіләлемдік тартылыс күші немесе гравитациялық күш деп атаймыз. Жер бетіндегі денелердің арасындағы гравитациялық күштердің шамасы тым мардымсыз болғандықтан, әдетте біз оларды байқай алмаймыз. Алайда, жер шарының басқа денелерге қарағанда (жер шары бетіндегі) гравитациялық күші өте көп болады. Біз күнделікті өмірде жер бетінен жоғары тұрған заттардың тіреуі болмаса, жерге құлап түсетінін білеміз. Міне, бұл жер шарының гравитациялық күшінің әсерінен болады. Жер шарының жер шары бетіндегі немесе жақын маңындағы денелерге қарай пайда болатын гравитациялық күшін ауырлық күші деп атаймыз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|