Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жұмыс бөлмелерінде ауа құрамындағы шаңдарды зерттеу және бағалау әдісі.




Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

· Жұмыс бөлмелерінде ауа құрамындағы шаңдарды зерттеу және бағалау әдісі.

· Ауа сынамасын алу әдістері және сынаманы талдау.

· Дірілді өлшеу әдістемесі.

· Жұмыс орындарындағы шуды өлшеу.

· Физикалық факторларды өлшеуге арналған бірқатар құралдардың негізгі сипаттамалары.

Орытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

Кіріспе.

• Аэроионизация ( грек тілінен ауа + ионизация) – ауа газдаранының ионизациясы нәтижесінен пайда болатын иондық құрылым үдерісі. Аэроионизацияның физикалық тұжырымы әртүрлі сыртқы факторлардың ауадағы газ молекулаларына әсерімен негізделеді; нәтижесінде молекуладан электрон бөлініп, оң зарядталған ионға айналады, ал бөлінген бос электрон нейтралды молекулаға қосылып, оған теріс заряд туралы хабар береді. Ионизацияланған факторларға: атмосферада электрлік қысым әсер ететін ұзын талдардағы және таулардағы электрлік зарядтар; тау өзендері мен сарқырамадағы судың булануы мен атқылауы жатады

• Шу, діріл қазіргі кезде жиі таралған физикалық факторлар, олармен күрес жүргізу – бұл қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерінің бірі. Шу көптеген өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылығында зиянды фоктор болып саналады.

Гигиеналық тұрғыдан алғанда шу деп жағымсыз дыбыс немесе адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін, оның жұмысы мен демалысына кедергі келтіретін дыбыстар жиынтығы.

Діріл тек тұрақты түрткі (электр энергиясы, трасмиссия) болған кезде ғана түзілетін серпімді ортаның механикалық тербелісі болып табылады. Механикалық тербелістердің адамға берілу жолы бойынша дірілді келесі түрлерге бөледі:

· жалпы діріл - отырған немесе тұрған адам денесінің тірек бөліктері арқылы берілетін діріл.

· жергілікті діріл, адамның қолы арқылы берілетін діріл.

 

Жұмыс бөлмелерінде ауа құрамындағы шаңдарды зерттеу және бағалау әдісі.

Өндірісте ең жоғарғы сатыда тұрған зиянды заттардың бір түрі – шаң болып табылады. Қарағанда көзге көрінбейтін, ал адам өміріне зияндылығы өте жоғары болғандықтан жұмысшыларды кәсіби ауру түріне шалдықтыруы мүмкін.
Себебі тыныс алу жолдарымен және де тері арқылы ішкі құрылыста вирустар, бактериялар басым болады. Ас қорыту жүйесіне бірнеше қабаттанып жиналады. Мұның барлығы адамды үлкен ауруға шалдықтырады.
Өндірістік шаң 2 түрге бөлінеді – органикалық (улы) және бейорганикалық (усыз).
1. улы шаң – адамның тыныс жолдарын жауып, үлкен ауру түріне шалдықтырады.
2. усыз – теріні, көзді, құлақты тітіркендіреді

Шетелде 70жылдары ауа құрамындағы шаңды кониметрлік мәліметтерге сай регламенттелген, яғни белгілі бір ауа көлеміндегі бөлшектер санына байланысты орнатқан. Қазіргі кезде кониметрлік мәліметтер сақталған, көп елдерде жұмыс аймағында ауа құрамындағы шаңды массасына сай регламенттеуге көшкен, бірақ бұл тек респирабельді фракция негізінде жүргізіледі. Осыған сай біздің елімізде тыныс алу аймағындағы шаң массасы регламенттеледі және бақыланады.

Шаң бақылауды тағайындау негізі-қызметкерлердің еңбек жағдайын гигиеналық бағалау және шаңмен күресудің тиімді әдісін анықтау болып табылады.

Қоршаған ортадағы шаң факторын оқудағы бірінші кезеңі болып тексерілетін өндіріс аймағы мен жалпы танысу болып табылады. Бұл берілген өнеркәсіптегі жұмыс орнындағы ауа ортасының шаңдануын оқуда сандық және сапалық жоспар құруға, нақты зерттеу әдісін таңдауға, сонымен қатар жұмыскер ағзасына шаң бөлшектерінің әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның ауа ортасының шаң факторларының зерттеу жоспары жұмыскердің ағзасына шаңның нақты әсерінің мәліметтеріне сай жүргізілу керек. Ауа сынамасы жұмыскердің тыныс алу аймағында жұмыс орнында жүргізілуі керек. Егер белгеленген жұмыс орны болмаса, ауа сынамасы жұмыскердің жиі кезеңді орын ауыстыратын орында алынады. Ауа ортасына шаң бөлшектері біркелкі емес түскен кезде ұзақ мерзімді хранометражды бақылау жүргізу керек, бұл жағдай шаң түзуді жоспарлы зерттеу кезінде ескеру қажет.

Жұмыс орындарында шаңдануды анықтауды тыныс алу аймағында жүргізу қажет. Егер жұмыс орны тұрақты болмаса, онда шаңдардың концентрациясын өлшеуді ауысымның 50% жоғары уақытында жұмысшы болатын жұмыс аймағының нүктелерінде жүргізіледі.

Ауа сынамысын алу кезінде міндетті түрде алу жағдайы тіркеледі:

Жұмыс орнының ауа температурасы, атмосфералық қысым, орындалатын жұмыстың түрі, желдету жүйесінің жұмысы, ауа тартудың ұзақтығы мен жылдамдығын ескереді.

Шаңдануды анықтауда оның массасын мг/м3 анықтайды және дисперстілігіне, яғни өлшемдері әртүрлі шаң бөлшектерінің проценттік қатынасына сипаттама береді.

Шаңның сапалық сипаттамасының бірінші кезекті химиялық құрамын оқытады, ол шаң бөлшектерінің азғаға әсерінің сипаттамасын анықтайды. Шаңның сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге аэрозольдың қатты фазасының дисперстілік құрамы жатады, ол өлшенген жағдайда ауа ортасында ұзақ уақыт сақталатын және тыныс алу жолдарына терең өтетін жоғары дисперсті бөлшектер болып табылады.

Шаңның сандық сипаттамасы шаң бөлшектерінің ауа бірліктерінің көлемі массасына және санына байланысты болады. Ауа ортасының шаңдануының есептеу әдісімен зерттеу соңғы жылдары тәжірбиеде қолданылмайды.

Өндірістік шаңды гигиеналық бағалау мақсатында келесі негізгі әдістер қолданылады:

1. Ауа бірлігі көлемінде шаң құрамын өлшеп анықтау.

2. Шаң бөлшектерінің дисперстілік құрамын анықтау.

3. Шаң бөлшектерінің химиялық құрамын анықтау.

Шаң бақылау құралдарын шартты түрде шаң жинағыш және шаң өлшегіштер болып бөлінеді.

Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануына бақылау әдістері мен құралдары көптеген, оларды екі топқа біріктіруге болады:

1. Тікелей әдістері-шаңның сынамаларын алу құрамында дисперстік фазаны бөліп алу, соңынан шаңның массасын өлшеу әдістері;

2. Жанама әдістері-шаңның массалық концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді. Жанама бақылауда мына әдістер қолданылады: радиациялық-оптикалық; радиоизотоптық, электрлік немесе электрондық; депреометрлік, пьезометрлік және т.б.

Жанама өлшеуде қолданылатын құрылғылардың қате шамасын өлшенетін шаң бөлшектерінің шамасына, дисперстілігіне және химиялық құрамына байланысты болады. Радиоизотопты құрылғылар нақтырақ болып келеді.

Соңғы уақытта пьезометрлік құрылғылар шықты, олар жоғары сезімталдыққа ие, ауадағы шаң бөлшектерінің аз концентрациясын өлшеуге арналған құрал болып табылады.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных