ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оқытушылар туралы мәліметтерСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Балалар жұқпалы аурулар ЖӘНЕ ФТИЗИАТРИЯ кафедраСЫ
Силлабус (Syllabus) Пән: Балалар аурулары (балалар жұқпалы аурулар блогі) Пәннің коды: DB 4304 Мамандығы: «5В130100- Жалпы медицина» Оқу сағатының/кредиттің*көлемі: 108 сағат Курсы және оқу семестрі: 4 курс (7,8)
Семей 2015
Силабус «Балалар аурулары» типтік оқу бағдарламасының негізінде балалар жұқпалы аурулар кафедрасы құрастырылды, Астана 2009.
Авторлар: Эфендиев И.М., балалар жұқпалы аурулар кафедрасы меңгерушісі; Мансурова А.А., балалар жұқпалы аурулар кафедрасы ассистенті.
________________балалар жұқпалы аурулар кафедра отырысында талқыланды №_______Хаттама
Каф. меңгерушісі _____________________ Эфендиев И.М
Оқытушылар туралы мәліметтер
Байланыс ақпараттар:
Оқу жылына Пән саясаты Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары. Білімалушы міндетті: Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру. Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау. Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау. Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және қатаң сақтау. Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау. Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тыныштықты және тазалықты сақтау. Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады. Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинарлық) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу. БОӨЖ (білімалушылардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысына) қатысуда кафедраның талаптарын орындау. Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу. Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы. Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру. Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады. Кафедра өміріне белсене қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу). Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу. Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою. Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол жауап саналмайды, екінші билет беріледі, және 75% артық емес баға қойылады және актілер негізінде деканаттың шешімімен сөгіс жарияланады. Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады. Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті. Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек. Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі. Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады. Білімалушының сабақтарды себепті және себепсіз босатқан жағдайда деканаттан рұқсатнаманы сабаққа шыққаннан кейін 7 күн күн ішінде алуы керек. Деканаттан алынған рұқсатнамалар оқу топтарының журналдарында сақталады. Кафедраларда өтелімдер сабақтан тыс уақытта өтелімдерді өткізу туралы Ережеге сәйкес өткізіледі, жай күндері де рұқсат етіледі (сол сияқты теориялық кафедраларда кезекші оқытушы 18.00 дейін болуы керек). Білімалушы себепті жағдаймен босатылған сабақтарды сабаққа шыққан күннен бастап бір ай ішінде өтеуі керек. Білімалушы сабақтарды себепсіз босатқан жағдайда сабаққа шыққан күннен бастап 2 апта ішінде қосымша оқыту түрі (ҚОТ) ретінде ақылы түрде ҚОТ көрсетуге келісім шартты құрумен жүргізіледі. Дәрістерді босатқан жағдайда себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеуі керек. Дәрістер тегін өтеледі, өтеулер журналында міндетті түрде тіркеумен кафедра өтелімдері кестесіне сәйкес және деканатқа босатылған дәрістердің болуы мен өтелуі бойынша мәліметтер беріледі. Дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді. Өтелмеген дәрістер болған жағдайда пән бойынша ЖРБ сынақ кітапшасына қойылмайды. Әскери кафедрадан өтумен байланысты білімалушының дәрістерді босатуы жеке кесте бойынша өтеледі. Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды. Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады. Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады. Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. Босатылған сабақтар мен дәрістерді өтеу сессия басталғанға 3 күн қалғанда тоқтатылады. Егер білімалушы себепті жағдайлармен қорытынды бақылауды босатқан жағдайда және бір ай ішінде өтемесе, журналда «бж» орнына «0» қойылады және оның рейтингі автоматты түрде төмендетіледі. Бекітілген мерзімде білімалушы екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттестатталмаған деп саналады. Білімалушылардың аттестатталуы туралы мәліметтерді уақыттылы беруге кафедра меңг. арнайы жауапты. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін: - 5 - 10% - ескерту - 11 - 15% - сөгіс - 16-24% - қатаң сөгіс Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі. Оқытушы бағаларды күнделікті жариялауы керек және дубликат үшін топтар старосталарына оқу журналын беруіп отыруы керек. Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады. Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті. Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады. Ағымдағы сабақтарда және қорытынды бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған кезде білімалушы төмен ЖРБ алады, ол өз ретінде емтихандарға жіберуге әсер етеді. Білімалушы жазғы (ақылы) семестрден өткен кезде себепті жағдайлармен (денсаулыяғына байланысты) босатса, бірақ GPA жинамаса, онда ол академиялық қарыздармен курстан курсқа ауыстырылады. Академиялық қарыздарды жою мерзімі – бір академиялық мерзім. Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, барлығы қосылады да, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде емтихандық ведомстіге қойылады. ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді. Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен сессияға 3 күн қалғанда рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады, онсыз білімалушының емтиханға кіруге құқығы жоқ. Семестр аяқталғаннан кейін емтихандық сессияға рұқсатнама алу үшін 1 күн беріледі. Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады. Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады. Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады. Егер емтихандық баға 19,8 баллды құраған жағдайда, яғни 40%, онда қортынды баға есептеледі. Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%. Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Пән бойынша апелляцияға өтініштерді беру емтиханнан кейін келесі күннен кешіктірмей 12 сағатқа дейін білімалушы бастамасы бойынша мынадай жағдайларда өткізіледі: - түсініксіз немесе орынсыз тұжырым; - дұрыс жауап жоқ; - бірнеше дұрыс жауаптар; -пәннің жұмыс бағдарламасында суреттелген оқу бағдарламасы шегінен шығатын сұрақтар. Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы бар және аппеляциялық комиссияның теріс шешімін алған білімалушы ақылы негізде пәнді қайтадан өтеді. Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек). осы жағдайда білімалушыға деканның өкімімен емтиханды жеке кесте бойынша тапсыру тұрақталады. Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі. Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады. Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады. Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді. Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.) «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.) Бітіруші емес курс білімалушыларына сессия қорытындылары бойынша академиялық қарыздарды жою үшін ақылы семестр 6 апта ұзақтығымен жазғы мезгілде ғана өткізіледі. Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №94 бұйрығы 99 тарауы 16 наурыз 2011 ж.)
Бағдарлама:
Қазіргі замандағы медицинада, алдын алуға бағытталған шаралар педиатрияда маңызды орын алады. Қазіргі заманғы медицинадағы көптеген мәселелерді жастық аспектіде қарастыру керек. «Балалар аурулары» пәнін оқу, кез-келген деңгейдегі болашақ медицина қызметкерлері үшін маңызы зор. Оларда өздігінен жұмыс атқару барысында балаларға медициналық қызмет етуді ұйымдастыруға, сонымен қатар инфекция ошағында алдын алу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі болады. Нозологиялық формалар енетін, балалар аурулары бойынша бағдарлама қазіргі заманғы педиатрия саласында үлкен жетістік. Болашақ мамандар үшін балалар жасындағы патологиялардың алдыңғы қатарындағы тұрған инфекциялық ауруларды ерте анықтау және емдеуді білу өте қажет.
2. Пәннің мақсаты: балалар жасындағы кең таралған патологияларды анықтау және емдеу сұрақтары бойынша дағдылар мен білімді қалыптастыру.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|