Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лекция . Уақыт өлшемдерін оқыту әдістері




ҮІІІ типтегі оқитын оқушылардың уақытша елестетулерін өмір-тәжірбиелік және түзету-тәрбиелік дамытудың маңызы зор.

Берілген мектеп оқушыларының уақытша елестетулерін зерттеу барысында көрсеткендей, берілген категориядағы балалардың елестетулер кеш қалыптасады, ал қалыпты балалар уақытша елестетулерінің жоғарғы сапасымен ерекшеленеді.

Арнай мектептің ҮІІІ типіндегі 1-сыныбына түскен ақыл-есі дамымаған оқушылар апта күндерін білмейді, тіпті қарапайым уақыт терминдерін меңгермеген. Мысалы, «бүгін», «ертең», «кеше» деген уақыт терминдерін қате қолданады: «Мен ертең анаммен киноға бардым», «Бізде кеше шырша мерекесі болады». Бұл ақыл-есі кем балалардың берілген түсініктерді нақты өмірлік оқиғалермен байланыстыра алмайтындығы көрінеді. Олар уақытың бір орында тоқтап тұрмайтындығын елестете алмайды. Кейбір оқушылар ұйқы кезінде уақыт тоқтап тұрады деп ойлайды.

Оқушылар жыл мезгілдерін және олардың сипаттамаларын, табиғаттағы өзгерістер мен ауа-райын жыл мезгілдеріне сай меңгереді, бірақ өз білімдерін қолдана алмайды. Мысалы, «Қазір жылдың қай мезгілі?» - деген сұраққа олар: «Кеше көктем болды, барлығы еріді, ал қазір қыс келді, қар түсті, қатты аяз» - деп жауап береді.

Ақыл-есі бұзылған оқушыларда шынайы уақыт бірліктері туралы нақты елестетулері жоқ. 1-2 сыныпта оқитын оқушыларға: «бұл уақыт аралығында қандай істер атқаруға болады (секунд, минут, сағат, тәулік)?» - олар нақты жауап бермейді, мысалы: «Секундта – ұйықтау, ойнау; минутта – ойнау, сабақ оқу; сағат – ойнау, жазу». Жоғарғы сыныптың оқушыларының жауаптары нақты болғанмен, олардың нақты уақыт бірліктері туралы елестетулері дұрыс бола бермейді: «бір секундта – бес мысалды қарастыру, өлең айту; бір минутта – жазу жаттығуларын орындау, еден жуу; бір сағатта – 1км жүріп өту, орындыққа аяқ жасау» және т.с.с Уақыт бірліктері күрделенген сайын балаға оны нақтыландыру қиынға түседі.

Көмекші мектеп оқушыларына уакыттык өлшемдерді оқытудың маңызы, міндеттері. Акыл-ойы кем балалардың уақыттық түсініктерді меңгеру қиыншылықтары.

Арнайы мекеменің ҮІІІтипінде оқитын оқушылар уақыт бірліктернің арақатынасын қиындықпен меңгереді. Олар бір жылда 12ай, 120күн, 1айда 37күн, 1сағатта 100минут бар және сағат минуттан аз, ай жылға қарақанда көп деп есептейді.

Ақыл-есі кем оқушылар оқиғалардың ерекшеліктері және нәтижелері қиындықпен қалыптасады. Олар бізге дейінгі мыңжылдықтар, тіпті 10 жылдықтардағы оқиғалар елестеулері өте төмен. Оларда өткен уақыт қаһармандарын жақын уақыттағы немесе қазіргі деп елестету тенденциялары қалыптасқан. Ақыл-ой бұзылған оқушылар әртүрлі уақыт аралығында болған оқиғалар, құбылыстар мен фактілер арасындаағы байланыс қиындықпен қалыптасады және олар туралы қарапайым-көрнекілік сатыдағы елестетулер ұзақ сақталады. Көмекші мектепте оқитын оқушыларға әсіресе жылдар ара қатынасы, яғни ғасырлар байланысты оқиға болған уақыт көп қиындық туғызады. Мысалы, Ұлы Отан соғысының басталған және аяқталған жылдары мен біздің ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқанымызды біле тұрып, өз беттерінше соғыстың 1941-1945 жылдары және ХХғасырда болғанын нақтылай алмайды.

Уақыт түсініктерін игеру өте қиын, себебі ол..... былай түсіндіріледі:

1. Уақытты сезім мүшелерімен қабылдау мүмкін емес: уақыт басқа өлшем бірліктерге қарағанда (ұзындық, салмақ, аудан және т.б) көруге, сезінуге, күшпен өлшеуге болмайды.

2. Уақытты екі жақты өлшеу, яғни белгілі-бір уақыт аралығындағы болып өткен: аралық (жаяу адам 1сағатта 5км жүріп өтті), қозғалыс жылдамдығы (1с ішінде – 6 рет қанат қақты), сағат тілінің бағыты (1 мен 2 сан аралығында 5мин. өтті) және т.б.

3. Уақыт бірліктерінен өлшеу арақатынасынан (1с═60мин, 1мин═60с, 1жыл═365(366) тәулік, 1ай══28 (29, 30, 31) күн, 1жыл═12ай, 1тәулік═24сағ және т.б), яғни ондық санау жүйесіне кірген (ұзындық, баға, салмақ т.б) өлшем бірліктерді дұрыс қодану.

4. Уақыт терминдерінің (сосын, ертерек, қазір, енді, дейін, кейін, тез, баяу, ұзақ және т.б) және олардың қолданылу байланыстарын (яғни, кеше азанда болған нәрсе, ертең кеше) деп қолданылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных