Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Түсінік жазбаны әзірлеудің тәртібі




Жалпы талаптар

Курстық жұмысқа түсінік жазба негізгі құжат болып табылады. Мұнда орындалған жұмыс жайлы толық мәліметтер көрсетіледі және графика, алгоритмнің блок-схемалары, сызулармен қажетті түсініктер берілген қолжазбамен қоса 30 беттің төңірегінде. Түсінік жазбаға таңдалып алынған материал жүйеленген және өңделген болуы қажет. Курстық жұмысты орындау барысында алынбаған мәліметтерді қажеттілік болмаған жағдайда жазбаға енгізбеу керек.

Түсінік жазбаға қойылатын жалпы талаптар: құрылмының нақтылығы, есепті шешудің логикалық тізбектілігі; дәйектеменің нанымдылығы; түсініктің көпмағыналығы мен субъективтілігін тудырмайтындай тұжырымдамалардың қысқалығы мен дәлдігі; жұмыс қорытындыларының нақты жазылуы; тұжырымдардың дәлелділігі мен нұсқаулардың негізділігі.

Түсінік жазба төменде келтірілген тізбек бойынша әзірленуі қажет:

1. Титул парағы. Мұнда оқу орнының және кафедраның аттары, курстың атуы, жұмыстың тақырыбы, жетекшінің және студенттің аты-жөні, студенттің оқитын тобы, жұмыстың аяқталу мерзімі;

2. Курстық жұмыстың тапсырмасына көшірме;

3. Жұмыстың мазмұны. Мұнда тараулардың, ішкі тараулардың, қосымшалардың атаулары және олардың қай бетте орналасқаны көрсетілген;

4. Негізгі мәтін;

5. Әдебиеттер тізімі;

6. Қосымшалар.

Мұнда курстық жұмыста берілген тапсырмаларды жүзеге асыратын программалардың қағазға басылып шығарылған түрі және алгоритмнің блок-схемалары келтірілген; Қосымшаларды негізгі мәтінде келтірілген сілтемелерге байланысты орналастырған жөн. 164-08 98 СТП бойынша курстық жұмысты безендіру.

Кіріспеде жұмыстың мақсаты және қазіргі технологияларға сай есепті қалай шешуге болатындығы жайлы қысқыша түсінік берілуі қажет. Сонымен қатар, жұмыстың ерекшелігін нақтырақ тұжырымдау керек.

Түсінік жазбаның негізгі бөлімдерінде орындалған жұмыстың мазмұны толық және мұқият баяндалуы қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных