Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәйектемелі медицинаны қолданудағы жетістіктері




ДМ неге қажет? (жетістіктері)

  • ДМ әртүрлі қолайсыз жағдай әсерінен әртүрлі дерттердің даму қаупы мен ақырын анықтауға көмектеседі.
  • Күнделікті тәжірибеде дәйектемелі негізі бар шараларды кеңінен қолдануға көмектеседі.
  • Электрондық қордан дәйктемелі мәліметтер іздеп табуды үйретеді.
  • Күнделікті тәжіребеде пайда болатын сұрақтарға жауап алатын нақты мәліметтер қорын анықтауға көмектеседі.
  • Алынған мәліметтерді қатаң бағалауға үйретеді.
  • Ең тиімді іс-әрекеттерді қолдануға бағыттап дәрігердің меншікті тәжірибесін өзгертуіне көмектеседі
  • Дәрігер көрсететін көмектің сапасы жоғарлауының негізін құрайды.
  • Дәрігердің өмір бойы, үздіксіз мамандығы бойынша оқып тұру қажеттілігін дамытады, кәсіпшілігін артады.
  • Уақыт талабына, яғни тоқтаусыз өзгеріп тұрған әлем алқабының сұраныстарына дайын болуға көмектеседі.
  • Шығымның тиімділігін жоғарлатады.
  • Тиімділігінен көрі қатері басым іс-әрекеттерді анықтауға көмектеседі.
  • Күнделікті тәжірибеге ең тиімді жетістіктерді еңгізуге мүмкіншілік тұғызады.
  • Клиникалық сынақтардың толық, дұрыс жүргізілгенің анықтау мен ондағы мәліметтерді қатаң бағалауға үйретеді.

 

ДМ қағидаларын меңгерген дәрігердің дағдылары:

 

· Медициналық мақала қандай тілде болсада түсінеді;

· Жұмысты қатып қалған әдіспен, өзінің түсінуімен және жеке, көп жағдайда толық емес тәжірибесіне сүйеніп жасаудан арылады;.

· Қоймастан өз дәрілерін ұсына беретін фармацевтикалық компаниялар мен тиімділігін тексеру мүмкіншілігі болмайтын жаңа ем тәсілдеріне сенген науқастар қысымынан құтқарылады;

· Және тағы сауаты төмен сарапшылар пікіріне тәуелді болмайды;

· Жеке клиникалық жағдайларды шешуде әдебиет мағлұматтарын пайдаланып және оның нақтылығы мен өзектілігін бағалайды;

· Әр қашанда өзінің жеке пікірі болады!!!

· Құқықтың қорғанысы болады

Дәрігердің кәсіпшілік қызметінде, дәрігер мен науқастың және сонымен қатар жалпы емдеу мен басқада мекемелер қарым-қатынасында барысындағы пайда болатын әр түрлі жағдайдаларды айқындайтын Д.М. бірнеше негізгі бағыттары бар:

 

Медициналық көмек пен дәрігердің кәсіптік міндеті (тәртібі, этикасы) бойынша: дәрігерлер науқастың жағдайы бойынша нақты, шын мәлімет алуға болатын, денсаулығына зиян келтірмейтін және ең тиімді емді таңдауға мүмкіншілік беретін диагностикалық шараларды ғана тағайындайды. Дәрігерлер мыңдаған ұқсас науқастарға дұрыс жүргізілген тексерістерде өзінің тиімділігін бұрын дәлелдеген ем тәсілдерін ғана тағайындайды. Науқас кісі өзінің жағдайы туралы хабардар, денсаулығы бойынша шешім қабылдауға қатысады және әр қашанда тағайындалған шаралар дұрыстығын тексере алады. Дәйектемелі медицина дәрігер мен науқастың қарым-қатынасын ашық, шыайнаы, жан-жақты мәлімді болдырады.

 

Экономикалық бағыты: медициналық шаралар қаржылануының бірнеше көзі бар: мемлекеттік бюджет, сақтандыру қорлары - міндетті немесе өз еркімен және тағы әр азаматтың жекеменшік ақшалары. Осы төрт қаржы қорларын не біріктіреді? Ең алды-мен, қажетті емес тексеру әдісі мен негізсіз және тиімділігі жоқ ем шараларына төлемеу. Екіншісі – бұл қаржының барынша тиімді жұмсалуы. Дәйектемелі медицина артық ақша жұмсалуына кедергі жасайды және оны тиімді пайдалануға көмектеседі.

3. Құқық бағыты: азаматтарға, сақтандыру компанияларға, қоғамдық ұйымдарға құқық құжаты ретінде барынша қажетті көмек көрсету ретінде стандарттары біртұтас нақты құрал болады. Дәйектемелі медицина медицина саласының қандайда болмасын қызметін бақылауға көмектеседі.

4 .Білімдік бағыты: Дәйектемелі медицина қағидаларын кеңінен қолдану арқылы дәрігерлерді тиімді және кәсіби мамандандырып оқыту мен олардың білімдік санатын уақытында жоғарлату мүмкіншілігі туады. Бұл жағдайда әр түрлі медициналық мекемелерде берілген сертификат пен дипломдардың және соған сәйкес дәрігерлердіңде білімдік дәрежесінде айқын айырмашылығы болмайды. Дәйектемелі медицина науқастар емін түп нұсқасы бір әдістермен жүргізуге мүмкін етеді және бұл жағдайда дәрігерлер араларында түсіністік жақсарады.

Қорытындылап айтқанда, дәйектемелі медицина – бұл ғылыми мәліметтерді жинаудағы, сынды сараптаудағы, қорытындылау мен дұрыс пайдаланудағы жаңа тәсіл.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных