Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тыныс алу жүйесінің организмнің тіршілік әрекетіндегі маңызы




ММУ Ф 4/3-04/03

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы

 

 

ДӘРІС

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

Қарағанды 2014

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері. жалпы анатомиясы.

М ақсаты: Студенттерге тыныс алу жүйесінің мүшелерінің жалпы анатомиясын сипаттап, таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің жалпы сипаттамасы

2. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің организм тіршілігіндегі маңызы.

3. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы және жасқа байланысты ерекшеліктері.

4. Өкпелердің сегменттік құрылысы; өкпелердің сегменттері туралы жаңа деректер.

5. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің даму ауытқулары.

Организмнің қалыпты тіршілік әрекеті үшін оның барлық жасушаларының тұрақты түрде әр түрлі қоректік заттар мен оттегін қабылдап, көмір қышқыл газы мен басқа да зат алмасу заттарын бөліп отыруы қажет. Организмде оның жасушалары құрылатын тірі белоктың ыдырап және қайтадан түзілуі үздіксіз жүреді.

Қарапайым организмдерден бастап тыныс алудың қажеттілігі қоректенуден жоғары әрі күштірек. Өмірге келген сәттен бастап соңғы демге дейін ырғақты тыныс алу қозғалыстары тіршіліктің шарты және сыртқы көрінісі болып табылады.

Сірә, адамға қатысты ең көне байқау,бұл, тыныс алу - өмір белгісі. Егер адам тыныс алмаса – демек ол өлген.

Тыныс алу жүйесінің организмнің тіршілік әрекетіндегі маңызы

1. Тыныс алу мүшелері қанға одан организмнің ұлпаларына оттегін әкеліп, атмосфералық ауаға көмірқышқыл газын беру қызметін атқарады.

2. Тыныс алу қозғалыстары ішкі мүшелерге: жүрекке, ас қорыту мүшелеріне массаждық әсер етеді.

3. Тыныс алу жүйесі нерв элементтеріне өте бай, сондықтан ол организмнің тіршілік әрекетін, оның тонусын реттеуде іске асырады.

4. Тыныс алу жүйесінің іс жүзінде қолданылатын маңызы бар. Атап айтқанда: бұл әр түрлі аурулардың жиі шалдығатын жүйелердің бірі және сол аууруларды емдеу жолында өкпенің бөліктеріндегі, сегменттеріндегі ауру көзін алып тастау, жасанды кеңірдек, бронхтар жасау адам өмірін сақтап қалады.

Өкпедегі газ алмасу мен газдардың қан арқылы тасымалдануы туралы теорияның негізін И.М.Сеченов қалаған еді. А.Крог өткен ғасырдың 20-30 жылдарында өкпедегі газ алмасу диффузия жолымен жүретіндігін дәлелдеген болатын.

Оттексіз өмір мүмкін емес, тез өлімге әкеледі, ал қорексіз адам ондаған тәулік бойы өмір сүре алады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных