Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






І. Энтодермальді бездер.




ММУ Ф 4/3-04/03

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы

 

ДӘРІС

Тақырыбы: Эндокриндік аппараттар мүшелерінің морфофункциональды сипаттамасы, олардың мүшелер және организм жүйелерінің қызметтерін реттеудегі маңызы

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

 

Арағанды 2014

 

Тақырыбы: Эндокриндік аппараттар мүшелерінің морфофункциональды сипаттамасы, олардың мүшелер және организм жүйелерінің қызметтерін реттеудегі маңызы

Мақсаты: Студенттерді эндокриндік жүйелер мүшелерінің морфофункционалдық анатомиясымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. Эндокриндік жүйенің морфо-функционалдық сипаттамасы

2. Гормондар туралы түсінік

3. Дамуына байланысты эндокринді бездердің түрлері.

Жүйке жүйесі жоқ қарапайым бір клеткалы ағзалардың барлық қызметтерін реттеу және сыртқы ортамен қатынасы ағзадағы бар сұйықтықтардағы химиялық заттар арқылы жүреді, олар химиялық және гуморальді реттеу. Бұған қоса бірклеткалылардағы физиологиялық белсенді заттардың айналымы сарысу арқылы диффузды жүреді, ал көпклеткалыларда арнайы трубкалық система тамырлары арқылы жүреді.Жүйке жүйесі пайда болғаннан кейін, біртіндеп нейрогуморальді реттеу қалыптасады. Яғни химиялық белсенді заттармен жүйке элементтерінің тығыз байланыста болуы.жүйке жүйесінің әсер етуімен зат алмасу процесінде пайда болатын белсенді химиялық зат бір уақытта қоздырғыш зат – медиатор, яғни жүйке қозуын өткізеді. Олар пайда болған жерінен алыс қашықтықта әсер етеді және қан тамырлар мен лимфалық жүйке арқылы тез тарайды.Бұл дистантты белсендірушілер арнайы дамушы ағзаларда шығарылады – ішкі секреция бездерімен немесе эндокриндік бездермен. Эндокринді бездер (эндо-ішкі, крино-шығару) немесе ішкі секреция бездері деп, өз алдына маманданған ағза, безді құрылысы бар шығаратын өзектері жоқ және өз секретін тікелей қан тамыр жүйесіне бөледі, сыртқы секреция бездеріне қарама-қайшы секреті немесе экскреті сыртқы тері бетіне (тер және май бездері) және шырышты қабатқа (сілекей бездері,бауыр ж/е т. б.)

шығарылады. Ішкі секреция бездері және олармен тікелей қанға бөлінетін гормондар (gormon- қоздырушы) жайлы ғылым ЭНДОКРИНОЛОГИЯ деп аталады. “ГОРМОН” деген терминді 1905 жылы Бейлиз және Сторминг ұсынды.

Ішкі секреция бездерін 2 топқа бөледі.

1.аралас қызметі бар бездер ішкі ж/е сыртқы секрецияны тудыратын (жыныс бездері, ұйқы бездері)

2.тек ішкі секрецияны атқаратын бездер (гипофиз, қалқанша, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті безі т. б.)

Гормондар дегеніміз- жоғары белсенді биологиялық зат, ішкі секреция бездерінде түзіледі, қанға түсіп алыс жатқан мүшелермен ағза жүйелерінің қызметін реттеуге әсер етеді. Гормондар химиялық құрылысына қарай 4 топқа бөлінеді.

1. пептидтер, полипептидтер, көмірсулардың компоненттері бар ақуыздар ж/е компонентсіз ақуыздар

2. иондалған амин қышқылдары

3. стероидтар

4. котехлоаминдер

Гормондар физикалық әсеріне қарай қозғағыш және орындаушы гормондар болып бөлінеді. Қозғағыш гормондарға (басқа бездердің қызметін белсендіретін) гипоталамустың нейрогормрндары жатады. Орындағыш гормондарға қозғағыш гормондарға қарағанда айырмашылығы ағзаның кейбір негізгі қызметтеріне тікелей әсер етеді. Өсуі, зат алмасуы, көбею, адаптация, жүйке жүйесінің тонусы мен қызметі.

Гормондардың ағзаға 4 негізгі физиологиялық әсерін ажыратады.

–кинетикалық немесе қозғағыш

–метаболиттік, зат алмасудағы өзгерістерді түзету.

–Морфогенетикалық немесе формативті(ұлпалар мен ағзаның дифференциациясы, өлуге әсер ету ж/е т.б.)

–коригерлеуші, ағзадағы функцияларын өзгерту.

Эндокринді бездердің формасының әртүрлілігіне, көлеміне және орналасуына қарамастан негізгі анатомиялық белгілері бар.

1.Олардың бәрінің шығару өзектері жоқ.

2.Эндокринді бездер өз секретін тікелей қанға бөлетіндіктен барлығынды қан тамыр торлары жақсы дамыған. Бұл қан тамырларға безді әртүрлі деңгейде, бағытта тесіп өтеді. Тамырлар маңайында бездердің жасушалары орналасқан. Бұлар өз секретін қанға бөледі.

Дамуына байланысты эндокринді бездердің келесі түрлері ажыратылады.

І. Энтодермальді бездер.

а)Ұрықтың желбезек қалташысынан және жұтқыншақтан пайда болады- бранхиогенді топ.(қалқанша безі, қалқаншамаңы бездері, айырша без)

б) Ішектік түтікшелік бездер ұйқы безінің аралшықтары

ІІ. Мезодермальді бездер (бүйрекүсті безінің қыртысты заты, жыныс бездері)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных