Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лимфа түйіндері.

ММУ Ф 4/3-04/03

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы

 

ДӘРІС

Тақырыбы: Иммундық жүйе мүшелерінің морфофункциональдық сипаттамасы

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 « Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

Қарағанды 2014

 

 

Тақырыбы: Иммундық жүйе мүшелерінің морфофункциональдық сипаттамасы

Мақсаты: Студенттерді иммундық мүшелерінің морфо- функционалдық анатомиясымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. .Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы

2. Орталық иммундық жүйе мүшелері

3. Шеткі иммундық жүйе мүшелері

 

Иммундық жүйе организмді генетикалық бөтен клеткалардан немесе заттардан (олардың сырттан кірді немесе организмде түзілуі мүмкін) қорғауды қамтамасыз ететін мүшелер мен ұлпаларды біріктіреді.Лимфа ұлпасынан тұратын иммунды жүйенің мүшелері организмнің ішкі тұрақтылығын қорғайтын қызмет атқарады.Олар иммундыкомпетентті клеткалар шығарады,( лимфациты, плазмоциты) организмге түскен бөгде заттарды тауып,жойып жібереді. Қазіргі уақытта иммундық жүйенің мүшелеріне организмнің қорғаныш жауаптарын іске асыратын клеткаларды бөліп шығаруға қатысатын мүшелердің барлығын жатқызады. Мұндай мүшелерге жататындар: жілік майы, айырша без (тимус), лимфоидтық ұлпаның ас қорыту және тыныс алу мүшелерінің қабырғаларында орналасқан жиынтығы (бадамшалар), құрт тәрізді өсіндінің және мықын ішегінің топтасқан лимфалық түйіншектері, лимфа түйіндері және көкбауыр (талақ) Бұл мүшелердің паренхимасы лимфойдтық ұлпадан тұрады. Иммунды жүйенің мүшелері орталық және шеткері болып бөлінеді.

Иммунды жүйенің орталық мүшелеріне жілік майы және айырша без жатады.

Жілік майының бағаналық клеткаларынан В- лимфоциттер жасалынады. Айырша безде мүшелердің бағаналық клеткаларынан түскен Т-лимфоциттер әрі қарай дифференцияланады.Одан лимфоциттер иммунды жүйенің шеткері мүшелеріне түседі.

Иммунды жүйенің шеткері мүшелеріне бадамшалар, лимфалық түйіншектері, лимфа түйіндері, көкбауыр жатады. Иммунды жүйенің шеткері мүшелерінің қызметтерін иммунды жүйенің орталық мүшелері басқарады. Т-лимфоциттер лимфа түйіндері, көкбауырдың тимусқа тәуелді зоналарында орналасады.В- лимфоциттер антидене түзетін клеткалардың бастамасы болып табылады. Иммунды жүйенің мүшелері адамның денесінде ретсіз орналаспайды.Олар бөгде заттардың түсетін аймақтарына жақын орналасады. Мысалы: бадамшалар асқорыту түтігінің және тыныс алу жолдарының бастапқы бөлімдерінде орналасады.Көптеген лимфа түйіндері мүшелер мен ұлпалардан лимфаның ағу бойында орналасады. Лимфаға түскен бөгде зат лимфа түйіндерінде ұсталынып , залалсыздандырылады.Қанның артериальды жүйеден қақпалық венаға өту бойында көкбауыр орналасады. Иммунды жүйенің мүшелерінің ең маңызды морфологиялық белгісі олардың өте ерте дамуы болып табылады, пісіп жетілген кездері балалық және жеткіншек кезеңдері, одан кейін мүшелердің жастық инволюциясы, лимфойдтық ұлпа азайып, майлы ұлпаға ұласады. Иммунды жүйенің мүшелерінің адам денесіндегі жалпы массасы 1,5 - 2 кг шамасында(жілік майын қоспағанда).

Жілік майы қан түзуші және иммунды жүйенің мүшесі болып табылады.Жілік майы қызыл және сары болып бөлінеді. Қызыл сүйек кемігі жалпақ және қысқа сүйектердің кеуекті заттарының ұяшықтарында, ұзын түтікті сүйектердің эпифиздерінде орналасады. Жілік майы ұзын түтікті сүйектердің диафиздерінде орналасады.Жілік майының массасы адам денесінде 2, 5 - 3 кг жуық .Қызыл сүйек кемігінде қан түзуші клеткалардың бағаналы клеткалары бар олар қанның және лимфаның клеткаларының бастамалары болып табылады. Жілік майы майлы ұлпадан тұрады.

Айырша без thymus паренхимальды бөлікті мүше. Көкірек қуысының жоғарғы алғы бөліменде төстіктің сабы мен денесі бөлімінің артында орналасқан. Алдыңғы мен бүйір жағынан өкпенің жиегімен шектелген, артынан-өңешпен астыңғы жағы перикардқа дейін жетеді.Ол 2 бөліктен тұрады: bobus dexter et sirister. Бөліктің жоғарғы енсіздеу ұштары әдетте көкірек қуысы шегінен асып, кейде қалқанша безге жетеді. Айырша безі төмен қарай кеңейіп, ұлкен тамырлар, жүрек пен перикардтың бір бөлігінің алдында жатады. Бездің көлемі жасқа қарай өзгереді. Жаңа туған нәрсетеде бездің салмағы 12 г-ға жетеді. Содан кейін (14-15) жаста инвалюция процесі басталады, соның салдарынан без салмағы 25 жаста 25 г, 60 жаста 15 г, 70 жаста – 6 г дейін азаяды.

Топографиясы. Айырша без склетотопиялық жағынан балаларда жоғарғы жағында төстік сабынан 1 – 1,5 лет жоғарыда проекцияланады, төменде III – IV ал кейде V қабырғаға дейін жетеді. Құрылысы: Айырша без капсуламен жабылған, ол бездің ішінде оны кішкене бөліктерге бөлетін бөлікаралық тканьдермен шығады. Әрбір кішкене бөлік қыртыс және милық затынан тұрады.

Қызметі: Жілік майынан қанмен түскен бағаналы клеткалар кезекті аралық кезеңдерден кейін Т - лимфоциттерге айналады, кейін олар қан және лимфа арқылы иммунды жүйенің шеткері мүшелерінің тимусқа тәуелді аймақтарына барады. Тимустың милық заттының клеткалары шығаратын фатор Т- лимфоциттерді дифференциялайды. олар клеткалық иммунитетке жауапты лимфалар айырша безіне түрлі зақымдану салдарынан организмге бөгде кететін клеткаға қарсы қорғаныш реакциясын қамтамасыз ететен қасиетке ие болады. Бездің қызметінің ерте жоғалуынан иммундік жүйе қызметі әлсірейді. Без иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады.

Айырша бездің қалыпты жағдайдан ауытқулары:

1. Алимфоплазия - туа біткен айырша бездің болмауы.

2. Айырша бездің гипоплазиясы - бездің толығымен дамымауы.

3. Тимомегалия - Айырша бездің салмағының шамадан тыс болуы.

Көкбауырқан айналыс жүйесіне жатады. Көкбауырда біржағынан эритроциттердің және тромбоциттердің бұзылуы, ал біржағынан лимфоцитопоэз жүреді. Лимфациттердің түзілуінен көкбауырдың қорғаныштық қасиеті байланысты.Көкбауыр сол жақ қабырғаастында орналасқан тақ мүше болып табылады.Оның көкеттік беті көкетпен ,ал висцеральді беті асқазанмен, тоқ ішекпен сол жақ бүйрекпен байланысты. Ол бетінде қақпасы бар , одан артерия вена, лимфа тамырлары, нервтер өтеді.Ол интраперитонеальді орналасады, бүйрекке, асқазанға бағытталған байламдар бар.Сыртынан тығыз фиброзды ұлпамен қапталады.Көкбауырдың паренхимасы пульпа деп аталады. Оның өзі қызыл және ақ пульпадан тұрады.Қызыл пульпа веналық қойнаудың арасында орналасады ол ретикулярлы ұлпадан тұратын эртроцит, лейкоциттер, лимфоцит, макрофагтерден тұрады.Ақ пульпа лимфойдтық ұлпадан, түйіндерден тұрады. Қызыл пульпа қанмен келетін элементтерге фагоцитоздық қызмет атқарса, ақ пульпа қанға иммунологиялық бақылау жасайды.

Көкбауырдың қалыпты жағдайдан ауытқулары:

1. Алиения - туа біткен көкбауырдың болмауы.

2. Көкбауырдың пішінінің қалыпты жағдайдан ауытқулары

3. а) құйрықты көкбауыр

б) бөлімді көкбауыр

3. Гипоплазия - көкбауырдың толығымен дамымауы

4. Қос көкбауыр

5.Қосымша көкбауыр.

6. Көкбауырдың эктопиясы - іштікарты кеңістікте орналасуы мүмкін.

Лимфа түйіндері.

Лимфа түйіндері, ұлпалармен мүшелерден келе жатқан лимфа тамырларының жүру жолдарының бойында орналасады. Лимфа түйіндері жұмсақ қызғылт-сұр түсті, домалақ, сопақ, ұршық тәрізді, жарты ай тәрізді немесе бұршақ пішіндес және әртүрлі мөлшердегі: 1 ден 50 мм ұзындығы бар денелер болып табылады. Олар, әдетте, қан тамырларының, әсіресе, ірі веналардың маңында орналасады. Лимфа түйіндері лимфа тамырлары біреуден орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны лимфа тамырлары басталатын ұлпалардан, мүшелерден немесе дененің бөліктерінен қабылдайды. Мұндай түйіндер аймақтық немесе регионалдық лимфа түйінлері, - деп аталады. Орналасу ерекшеліктерін – анастомотопографиялық принцип, сондай-ақ, лимфаның мүшелерден ағу бағытын - аймақтық принциптерді ескере отырып. Адамның денесінде лимфа түйіндерінің 150 дей аймақтарына қарай атайды: белдің лимфа түйіндерін олардың топтарын айырады. Осыған сүйене отырып лимфа түйіндерін олардың орналасу аймақтарына қарай атайды : белдің лимфа түйіндері, қолтықтың лимфа түйіндері, жағдайларда лимфа түйіндерінің өздері қасында жатқан тамырлардың аттарымен аталады: құрсақтық лимфа түйіндері, мықындық лимфа түйіндері.

Адам денесінің кейбір аймақтарында лимфа түйіндері екі қабат жасап орналасады. Мұндай топтардың арасында, әдетте, фасция орналасады. Бұл жағдайда фасцияның үстінде жатқан түйіндер терең түйіндер деп аталады: мысалы, беткей шаптық лимфа түйіндері, санның жалпақ фасциясының үстінде орналасқан. Бұл фасцияның астындағы орынды терең шаптық лимфа түйіндері алып жатады.

Дененің қуыстарында – көкірек, құрсақ және астау қуыстарында лимфа түйіндері ішкі мүшелердің маңында және қуыстардың қабырғаларында жатады. Түйіндердің орналасуын ескере отырып, бірінші түйіндерді висцеральдық /ішкі мүшелік/ - деп атау қабылданған. Олардың құрамына көкірекаралық; бронх - өкпелік, трахео – бронхтың түйіндердің топтары кіреді. Олар көкірек қуысында орналасқан; асқазандық, шажырқайлық, жиектік топтар – құрсақ қуысында; тік ішек маңындық, қуық маңындық, жатыр маңындық – астау қуысында. Дене қуыстарының қабырғаларында париетальдық /қабырғалық/ лимфа түйіндері орналасады. Оларға төс маңындағы, қабырғааралық, жоғары көкеттік лимфа түйіндері жатады – көкірек қуысында орналасқан; белдік, төменгі құрсақ үстілік, төменгі көк еттік лимфа түйіндері – астау қуысында орналасқан.

Лимфа түйіндерінін құрылысы. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қабықпен жабылған паренхимадан тұрады. Лимфа түйіннің қабығын оның паренхимасына дәнекер ұлпадан бірдей аралықта өсінділер кетеді – қабықтың трабукалар /шарбақтар/. Түйіннің қақпасының аймағында қабықтың қалыңдауынантүйін паренхимасына тағы да аралықтар кетеді – қақплық трабекулалар. Олардың қабықтық трабекулалармен бірігіп кетуі мүмкін. Қабық пен талшықтар көлемі үш өлшемдері тор түзеді. Бұл түйіннің тұлғасы. Оның ілмектерінде қыртысты және милы заттар түрінде лимфоидтар ұлпа орналасады.

Қыртысты зат қабыққа жақын орналасқан және тұлға бойынан қыртыстық аралық қойнаулар өтеді. Қыртысты затта диаметрі 0,5 – 1мм лимфалық фоликулалар орналасқан. Лимфа түйінің жұмсақ тартпалары бар және аралық милық қойнаулармен бөлінген орталық бөлігі ақшыл келеді де милы зат деп аталады. Қыртысты және милы заттардың паренхимасы торлы тұлғаның /ретикулярлық сторма/ ілмектерінде орналасқан клеткалық элементтерден тұрады.

Бадамша бездер. Тілдік, түтіктік, таңдайлық, жұтқыншақтық. Олар тілдің түбірінде және жұтқыншақтың мұрындық ,аран бөлігінде орналасады. Тілдік бадамша безі тақ, тілдің түбірінде лимфа ұлпасының жиынтығынан тұрады.Таңдай бадамша безі жұп, бадамша безінің шұңқырында, таңдай - жұтқыншақтық және таңдай тілдік доғашықтарда орналасады.Жұтқыншақтық бадамша без тақ, жұтқыншақтың артқы және жоғарғы қабырғасының шекарасында орналасады.Түтіктік бадамша без - жұп, есту түтігінің жұтқыншақтық тесігімен жұмсақ таңдайдың арасында орналасады.

Р.В.Петров организмді мемлекетпен, ал иммунитет күштерін- оның тәуелсіздігін қорғайтын, оның барлық жерінде орналасқан әскермен салыстырады.Иммунитеттің солдаттары- лимфоидтық клеткалар, әскер-лимфоидтық ұлпа. Оның аралшықтары- гарнизон- лимфа тамырларының тоғысқан жерлерінде орналасқан лимфа түйіндері.Әрбір лимфа түйіні лимфа жүйесінің белгілі бір аймағын бақылайды.Егер бөтен антиген тікелей қанға жіберілмесе, онда иммундық реакция жауап басталатын бірінші орын- антиген кірген жерге жақын орналасқан лимфа түйіні болып табылады. Ал егер, қанға жіберілсе, онда бірінші жауапты-лимфоидтық мүше- көкбауыр береді.Соңғы жылдары ғылымға, иммунологияға, айналған организмнің қорғаныштық жауаптары реакциялары туралы ілім, практикада кең қолдану тапты.

Көрнекі материал: таблицалар, плакаттар, слайдтар.

Әдебиеттер:

негізгі:

А.А Идрисов.Адам анатомиясы : Атлас Т.1. : Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005

А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана : Адам анатомиясы : Атлас Т.2. : Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008

Адам анатомиясы. Атлас : тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана : Сарыарқа

1 том. – 2011

Адам анатомиясы : Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х

Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.

Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004

Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы : Атлас / [et al.] ; ред.. - Астана : Фолиант Т.2. : Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010

қосымша:

Т. Смит Адам денесі : суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.

Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003

Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007

Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия : Атлас структур, срезов и систем 2008

Адам анатомиясы : Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана : Сарыарқа, 2008.

Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы : Кітап баспасы

Т.3 : Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.

"Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы : оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова ; КГМУ. - Қарағанды, 2010.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Төмпе тәрізді дене. | Теории криминалистики.........................................................………….98

Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных