Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқыту түрі: күндізгі, сырттай




Аржы-экономикалық факультеті

Аржы кафедрасы

 

 

С И Л Л А Б У С

 

 

 

Қаржы пәні бойынша

Мамандық: 5B050900 - Қаржы, 5В050800 - Есеп және аудит,

5B050600 - Экономика, 050507 – Менеджмент,

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

 

Оқыту түрі: күндізгі, сырттай

Курс: 1, 2, 3

Семестр: 1, 2, 3, 4, 5

Кредит саны: 3

Барлық дәрісханалық сағат: 135, соның ішінде:

Дәрістер: 30

Семинар: 15

ОСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: 1, 2, 3, 4 семестр

Талдықорған 2016 ж.

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

Оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.д., профессор К.Б.Блеутаева

Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Рүстембеков көшесі №32, тел: 322627 87013557498

Пәннің атауы: Қаржы.

Курсты оқыту орны: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, "Қаржы-экономикалық" факультеті, 1, 2, 3, курс.

 

ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: «экономикалық теория», «ақша несие, банк»

 

ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: осы пәнді оқудың мақсаты келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «қаржы менеджменті», «корпоративтік қаржы»

 

ПӘНГЕ ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

"Қаржы" курсы экономикалық ғылымның маңызды құрамдас бөлігінің бірі қаржы туралы ғылымның ерекшелігі зерделенетін негізгі (базалық) оқу пәні болып табылады.

 

ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

Пәннің мақсаты – қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын, әлеуметтік – экономикалық үдерістегі орнын игеруде студенттердің теориялық және пратикалық даярлығын қамтамасыз ету.

Мыналар пәннің міндеттері болып табылады: қаржының табиғатын, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда категориялар механизмінің мүмкіндіктерін зерделеу, қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында оларды қолданудың әдістерін түсінуге жету.

Бұл пәнді зерделеудің алдын тұжырымдық тұрғыда қаржының, оның критерийлері мен қағидаттарының негізі болып табылады. "Қаржы" курсы "Мемлекеттік бюджет және қазынашылық", "Салықтар және салық салу", “Корпоративтік қаржы”, “Қаржылық менеджмент”, "Қаржылық бақылау және аудит" және ЖОО-ның оқу жоспарына кіргізілген басқаларына жататын бейін пәндерін зерделеудің таныстырма, алдын ораушы пән болып табылады.

Курста қаржының негізгі аспектілері берілген: теориялық негіздері, ұйымдастыру нысандары, практикалық колданымы, бұл студенттерге экономикалық категорияның мәнін, ұдайы өндірістік үдерістер мен қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының рөлі мен маңызын игеруге мүмкіндік береді.

Курста логикалық дәйектілік түрде қаржының табиғаты, функциялары, оның басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті, шаруашылық өмірде көріну ерекшеліктері қаралады, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, нарықтық экономиканы реттеуде қаржыны пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген.

Қаржыны зердделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, басқа экономикалық және жүйелерде олардың іс-әрекеті мен өзара байланысының қағидатарын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Бұған мыналар кіреді: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, резервтер, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш, сақтандыру, функциялык жүйелер - қаржылық жоспарлау мен болжау қаржылық бақылау, қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету, қаржы нарығы. Курста әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарында және сыртқы экономикалық байланыстар сферасында қаржының іс - әрекетінің өзіндік ерекшелігіне айтарлықтай орын берілген.

Курсты зерделеу экономика мен қаржыларда нарықтық негіздерді қолдану жөнінде қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді қолдануды ұйғарды. Сондықтан каржы қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, нарықтық экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Бұл үшін курсты игеру кезінде студенттердің жеке – дара жұмысы, олардың курстық жұмыстар дайындауы, студенттік конференциялар мен басқа ғылыми - практикалық іс-шараларға баяндамалар даярлап, қатысуы қарастырылды.

 

ПӘНДІ ОҚЫҒАННАН КЕЙІНГІ СТУДЕНТТІҢ ИГЕРУГЕ ТИІСТІ БІЛІМДЕРІ, ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫ:

Бұл курсты оқу кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және басқару шешімдерін қабыдап, таңдай алатын, қаржыны тиімді түрде ұйымдастыра алатын және оны дұрыс қолдана алатын, қаржы саласындағы жоғары білікті мамандар болады.

Курстың аяғында қаржыны теория тұрғысынан терең меңгерген студент қаржының принциптерін, әдістерін тәжірибеде қолданып, оны толық меңгереді. Іс-тәжірибеде қаржылық талдау жасап, оның қандай жағдайда сол ұйым үшін пайдалы жақтарын анықтайды.

Дәріс бағдарламасын жасауға негіз типтік бағдарлама болып табылады. Материалды оқып - үйренудің жиынтығы тек дәрісте ғана қаралмауы тиіс. Байланыстағы дәріс сабақтар оңтайлы түрде күрделірек, түйіндірек нысаналы сұрақтармен каралады. Олардың материалды меңгеруге ауыр тиетін тереңірек түрі СӨЖ-да арналады. Ал жеңілдірек тиетін сұрақтар үй тапсырмасын орындауда қарастырылады. Міне, осылай, оқытушы алдында материалды 3 бөлімге шартты бөлудің мақсаты түрады, ішінен күрделі делінгені дәріске еңгізіледі де оқу - әдістемелік кешеніне, дәріс сабақтардын мазмұнына кіреді. Себебі, бүл жерде әңгіме дәрістің әрбір элементін минуттық жоспарлауда және қаржылауда.

Келесі кезең - СӨЖ жасау. Оқытушы мынаған даяр болуы керек, СӨЖ да бір студент ғана келу мүмкін, кейде толық топ келуі мүмкін. Сондықтан оның міндеті бұл не жеке ақыл кеңес, не сабақ, немесе бірнеше студентке түсінбей жүрген сұрақтарына арналған бір уақыттағы ақыл-кеңес (қосымша).

СӨЖ - дәрістік уақытта өтеді, бірақ ол өздері жеке жақсы жұмыс жасайтын студенттер үшін емес. Сондықтан оқытушы алдында түрған маңызды міндеттердің бірі - үнемі әрбір студенттің оқудағы жетістігінің мониторгингісін шығарып отыруы керек, ол барлық студент курсты жемісті игеріп қорытынды емтиханды жақсы тапсырулары үшін қажет. Оқу уақытының 1/3 бөлігінде студент оқытушының көмегінсіз өзі жұмыс жасайды. Ол үшін ол оқытушы тапсырмасымен және оны орындаудың нұсқауларымен қамтылады.

Семестр кезінде реттілік болуы өте маңызды барлық тапсырмалар тексеруге оқу жылы аяғында берілуіне жол бермеу керек. СӨЖ-ді екі бөлімге бөлу керек.

Біріншіден студент әрбір дәріс сабақтарға дайындалуы үшін дайындалған әдебиеттерді оқуы тиіс, түсініктер мен терминдерге глоссарий құру керек; эссе жазу керек т.б.

Екіншіден, пәннің ерекшелігіне қарай арнаулы біліммен уақытты қажет ететін тапсырмалар берілуі мүмкін. Оқытушыда жұмыстың жаңаланып отыратын бөлімінде әдебиет тізімі болуы керек. Ол екі бөлімнен: негізгі жөне қосымша әдебиеттен тұрады. Негізгі әдебиет тізіміне 2-3 базалық оқулық жөне құқықтық мөлшердегі база кіреді. Қосымша әдебиет өздік жұмыс негізіне арналуы керек. Баяндама, реферат, эссе, ғылыми статьяларға шолу, басылымдағы жариялаулар, жобаның түрі студенттермен қосымша әдебиет тізімі негізінде жасалады.

Оқытушы үнемі әдебиеттегі жаңалықтарды іздестіріп тауып және тізімді толықтырып отыруы керек.

Әр пәнді несиелі оқу жүйесінің ережесі бойынша оқып үйрену емтиханмен аяқталады. Сұрактар тізімі ең көбінде 75-90-ға жетеді. Оқытушының оқу әдістемелік кешені - силлабустың негізі, яғни студенттің оқыту бағдарламасы болып табылады.

Әрбір оқытушы студенттердің сабақтардағы тәртіп ережесі, оқытушымен өзара байланысы, басқа студенттермен қарым қатынасы калай болуы керектігі туралы талап жүйесін көрсетеді. Әдетте осы талаптың мәліметі курс саясатын көрсетеді, яғни студенттерге арналған міндетті оқу процесінің жоғары тиімділікте орындалуын камтамасыз етеді. Ұсынылатын тізбе үлкен, дегенмен барлық қажет ережені қамтуы мүмкін емес, сондыктан оқытушы силлабусқа қай пункттарын енгізуді өзі шешуі керек.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных