Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Й шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджеті




Үй шаруашылықтарының каржылық ресурстары - бүл отбасы қарамағындағы жиынтық акша. Үй шаруашылығы мүшелерінің өндірістік қызметі нәтижесінде жасалынған ол қоғамның ұлттық табысының бір бөлігі болып келеді. Үй шаруашылығының ақшалай қорының көлемі шаруашылықтағы әркімнін күш салуына байланысты.

Үй шаруашылығының қаржылық ресурстары, әдеттегідей, нысаналы арналымы бар оқшауланған ақшалай қорлар түрінде болады. Екі негізгі қор жасалды:

тұтыну қоры, ол осы ұжымның - отбасының жеке кажеттіліктерін (тағам өнімдерін, өнеркәсіп өндірісінің тауарларын сатып алу, түрлі ақылы қызметтерді төлеу және басқалары) қанағаттандыруға арналған;

жинақ ақшалар (кейінге қалдырылған қажеттіліктердің) қоры, ол келешекте қымбат тұратын тауаларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капитал ретінде.

Қаржылық ресурстардың қор нысаны үй шаруашылығының қажеттіліктерін жалпы шаруашылық ұжымының мүмкіндігімен үйлесуіне, сонымен бірге отбасындағы әркімнін қажеттіліктері қалай қанағаттандырылып отырғанын бақылауға жағдай жасайды.

Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстарының құрамы мыналарды кіріктіреді:

1) меншікті қаражаттар, яғни отбасының әрбір мүшесінің тапқан жалақысы, қосалқы шаруашылықтан алған табыс, коммерциялық қызметтен түскен пайда;

2) рынокта жұмылдырылған, кредит ұйымдарынан алған кредиттік нысандағы қаражаттар, дивиденттер, пайыздар;

3) қайта бөлу ретінде түскен қаражаттар - зейнетақылар, жәрдем-ақылар, бюджеттерден және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан алынған несиелер.

Үй шаруашылығының қаржысы республикалық, жергілікті бюджеттермен және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлармен және меншіктің түрлі нысандары кәсіпорындарының орталықтандырылмаған қаржылармен, сондай-ақ қаржы рыноғымен өзара іс-әрекет етеді. Олардың арасында үздіксіз бір жақты, екі және үш жақты ақша ағындары пайда болады. Үй шаруашылығы мен мемлекет арасында ақша ағындарының тұрақты қозғалысы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтарының мүшелері мемлекеттік сектор үшін жұмыс күшін береді, мемлекетке өз өндірісінің тауарлары мен қызметтерін сатады. Осысы үшін отбасы еңбек ақы мен табыс алады. Бүдан басқа қаржылық қатынастар казынаға және әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға салықтар, алымдар, баждар және аударымдар төлеген кезде пайда болады. Сонымен бірге үй шаруашылықтары үкіметтен әр түрлі ақшалай трансферттер, сондай-ақ натуралдык нысаңда қоғамдық игіліктер мен қызметтер алады.

Үй шаруашылығында ақша ағындары мемлекеттік емес сектормен – кәсіпорындармен, ұйымдармен, компаниялармен пайда болады. Олардан тауарлар, қызметтер ала отырып, үй шаруашылықтары акшалай нысанда оларға алынған түрлі игіліктердің қүнын қайтарады. Заңи тұлғалар сонымен қатар бүл ұжымның мүшелерінде тиісті меншік болған жағдайда үй шаруашылықтарын кредиттік ресурстармен, сондай-ақ табыстармен, дивидендтермен, пайыздармен, жалгерлік ақымен қамтамасыз ете алады.

Қаржылык ресурстардың толық айналымының нәтижесінде үй шаруашылықтары қазіргі және келешектегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

Қазақстан халқының қаржылық ресурстарына жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары(олар 2009 жылдың басында 1439,5 миллиард теңгені (ІЖӨ-нін 9,5%) құрады, халықтың екінші деңгейлі банктеріндегі салым ақшалары (1500 миллиард теңге немесе ІЖӨ 9,9%) Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорында шоғырландырылған қаражаттар - 137 миллиардқа жуық теңге жатады.

Қаржылық ресурстар үй шаруашылығының бюджетін қалыптастырады. Өзінің материалдық мазмұны жағынан үй шаруашылығының бюджеті - бұл үй шаруашылығының ақшалай қорын жасау мен пайдалану нысаны. Ол үй шаруашылығы мүшелерінің жиынтық табыстары мен олардың жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін шығыстарын біріктіреді. Отбасы бюджетінің қаражаттары қажеттіліктердің ұлғаюымен байланысты үнемі жетіспейді. Бюджеттік қаражаттардың жетімсіздігі, әсіресе біздін елде, негізгі жұмыс орнында жұмыс күшін сатудан және еңбек келісім - шарты бойынша еңбек алудан басқа жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, дара -еңбек және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, өзінің жылжымайтын мүлігінің артықтары мен ұзақ уақыт пайдаланатын заттарды жалға беруге, бағалы қагаздарды сатып алуға және сатуға және т.б. мәжбүр етеді.

Бюджет шеңберінде мынадай оқшауланған ақшалай қорлар қалыптасады:

- дара, отбасының жекелеген мүшелеріне арналатын және әр түрлі тауарлар сатып алуға, көніл көтеруге, окуға, медициналық қызмет алуға және сол сияқтыларға пайдаланатын қорлар;

- ортақ пайдаланатын тауарларды (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) сатып алуға арналған бірлескен қор;

- қорланым мен қамтамасыз ету қорлары, болашақ күрделі шығыстарға (үй, пәтер, жер учаскесін, көлік құралдарын сатып алуға, сондай-ақ коммерциялық қызмет үшін бастапқы капиталды қалыптастыруға) пайдаланылады.

Қорлану қорын жасаудағы кажеттілік тек көп қаражатты қажет ететін ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алу үшін, демалыс және қымбат медициналық қызмет үшін ғана емес, сонымен бірге қартайғанда лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету үшін пайда болады.

Негізгі ұғымдар: үй шаруашылығының қаржысы, қаржының құрамы, кірістерді қалыптастыру, ақша қорлары, үй шаруашылығының тұрақты және уақытша кірістері, еңбекақы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных