ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Педикулез. Қотыр. Контагиозды моллюск. Үшкір ұшты кондиломалар
774. Педикуллездің қоздырғышы болып табылады: * қотыр кенесі * + киім биті * стафилакокк * трихофитон * тері асты кенесі 775. Дәрігер дерматологқа 23 жасар науқас кешке қарай күшейетін қышу сезіміне шағымданып келді. Тексергенде: қолдың саусақ аралық қатпарында, білектің бүгелетін беттерінде, іште құймышақта, санның ішкі жақтарында жұптасқан түйіншекті – көпіршікшелі бөртпелер, нүктелі экскорияциялар табылған. Сіздің диагнозыңыз: *аллергиялық дерматит *токсидермия *есекжем *тері қышымасы *+ қотыр 776. Ауруханаға 38 жасар әйел ішінің, қасағасының терісіне көп мөлшерде, сәл жылтыр, түсі терінің түсінде, жарты шар тәрізді, диаметрі 2 мм 4 мм-ге дейін түйіншектер шығуымен түсті. Кейбір үлкен түйіншектің ортасында кіндік тәрізді ойық бар. Субъективті белгісі жоқ. Пинцетпен қысқанда ақ түсті ботқа тәрізді қоспа шығады. Зерттегенде сопақша денешіктер табылған. Сіздің диагнозыңыз: *+жұқпалы моллюскі *белдеулі теміреткі *жәй ұшық *балалар сүйелі *қызыл жазық теміреткі
777. Төмендегі клиникалық белгілер қай ауруға тән: жұптасып орналасқан түйіншекті- көпіршекті бөртпелер. Бөртпе санның ішкі жағында, гениталиде, іштің төменгі бөлігінде орналасқан, кешкі мезгілдегі қышу сезімі. * +қотыр * терінің қышуы * үлкендердің пруригосы * биттеу * токсидермия 778. Киім биті жұмыртқаларын қайда салады: * +киімнің бүктелген және тігілген жерлерінде * бастың шашты бөлігінде * қасаға аймағында * кеуденің үлбір шаштарында * тері қатпарларында 779. Баланың бетінде жалтыр, ортасында кіндік тәрізді, ойығы бар тарының дәнінен бұршаққа дейінгі көлемде түйіншектер бар. Сыққанда ішінде ірімшік сияқты сұйықтық бар. Аталған көрініс қай ауруға тән: * + жұқпалы моллюск * қызғылт безеу * шектелген нейродермит * кәдімгі безеу * қызыл жегі
780. Қабылдау бөліміндегі дәрігерге 22 жастағы әйел артқы өтіс жолында, қасаға аймағы мен жыныс мүшелеріндегі қатты қышынуға шағымданып келді. Қышыма кездейсоқ жыныстық қатынастан кейін пайда болған. Қарап тексергенде: қасаға аймағында және үлкен жыныс еріндерінде дөңгелек үлкендігі бұршақ тәріздес, бозғылт- көкшіл түсті басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар байқалады. Шаштарда майда биттер табылды. Сіздің диагнозыңыз? * мерез * + қасаға биттері * строфулюс * қышыма *аллергиялық дерматит 781. Жұқпалы моллюскідегі түйіншектің түсі: * ашық қызыл * +қалыпты тері * көкшіл қызыл * ашық қызыл * қоңыр Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|