Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрастыру әдісі, физикалды тәсілдер




Ауру жайын сұрастыру. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар көбінесе шағым жасамайды және өздерін деніміз сау деп санайды. Кейде тіпті өкпе тівдерінде ыдырау қуыстары пайда болған, өкпенің әбден үлғайған зақымдануына қарамастан, туберкулез флюорографиялық, рентгенологиялық тексеріс кезінде кездейсоқ жағдайда анықталады. Туберкулездің осындай ағымы инапперцепті — жасырынды деп аталады. Алайда осыңдай жағдайдың өзінде де науқастан егжейтегжейлі сұрағанда ғана әдетте біраз шағымдар бар екендігін анықтауға болады.

Тыныс органдары туберкулезімен ауыратын науқастар көбіне көп жалпы әлсіздік, тез шаршау, үйқының бүзылуы, тәбеттің төмендеуі, арықтау, дене қызуьгаың көтерілуі, тершеңдік, ентігу, жөтел, қан түкіру, кеуде тұсының ауруы сияқты белгілерге шағым айтады, Бұл белгілердің айқындығы әр алуан және олардың барлығы бірдей байқала да қоймайды. Көбінесе науқасты әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, кеуде түсының ауруы сезімінің пайда болуы, дене қызуының көтерілуі мазалайды.

Өкпе туберкулезі клиникалық белгілерсіз өтуі мүмкін, ол кейде бірте-бірте дамиды немесе жедел түрде басталады. Ересектерге қарағанда, балаларда көбінесе интоксикация белгілері бар жалпы жүқпалы аурулардың белгілері байқалады. Ересек адамдарда өкпенің зақымдануының жергілікті белгілері басым түседі. Туберкулез көбінесе тұмау, пневмония сияқтанып өтеді, оның үстіне кең спектрлі әсері бар антибиотиктер қолданғанда осы науқастардың қалжағдайы жақсаруы мүмкін. Өкпе туберкулезінің ағымы науқастарда бұдан әрі қарай әдетте толқын тәріздес болып келеді: аурудың өршіген, асқына түскен кезеңі басылу кезенімен ауысып, кейде науқастардың жағдайы біршама жақсара түседі.

Өкпеден тыс органдар туберкулезінде туберкулез интоксикациясына байланысты жалпы клиникалық белгілермен қатар, науқастарда аурудың жергілікті белгілері де байқалады. Науқастар туберкулез меиингитінде басының ауырғанына, көмей туберкулезінде тамағының ауырып, дауысыыың қарлыққанына шағым жасайды; сүйек — буын туберкулезінде аяқтардың тез шаршағыштығы, жүріс-түрыстың өзгеруі, жыныс органдары туберкулезінде қүрсақтың түбі ауырып, етеккірдің бүзылуы, қуық, зәрағар туберкулезінде несеп шығарудың бүзылуы, бүйрек туберкулезіңде бел аймағында тұйық немесе өткір ауру сезімінің пайда болуы, шажырқай лимфа түйіндерінің туберкулезінде, ішек туберкулезінде — құрсақтың ауруы, ішек-қарын жүйесінің қызметінің бұзылуы байқалады. Бірақ өкпеден тыс органдардың туберкулезімен ауыратын науқастар аурудың бастапқы кезеңінде көбінесе шағым айта қоймайды, сондықтан осы өзгерістерді анықтау үшін арнайы тексеру тәсілдері қолданылады.

Ауру анамнезін жинаған кезде аурудың қалай анықталғанын білу қажет наукас дәрігерге әртүрлі шағымдар жасап келгенде немесе флюорографиялық тексерістен өткенде туберкулез табылуы мүмкін. Науқастан өзгерістің қай уакыттан бастап пайда болғанын, наукастың қал-жағдайы өзгеруінің барысын, бүрынғы жасалған операциялар мен жарақат алу, басқа аурулармен ауыруы туралы деректерді анықтау керек. Әсіресе, тұмау, өкпе қабынуы, ревматизм, іш сүзегі клиникалық көрінісімен өтетін туберкулездің клиникалық белгілеріне, туберкулездік плеврит, лимфаденит, түйіңді эритема түріндегі көріністеріне көңіл бөлу керек. Сондай-ақ науқаста туберкулезді асқындыратын (қант диабеті, силикоз, ұлтабардың ойық жара ауруы, маскүнемдік, нашақорлық, адам иммунды тапшылық вирусы — (АИТВ-инфекциясы) ауруларының бар екендігін анықтау қажет.

Науқастың мекен-жайы (қала, ауыл), оның мамандығы және жүмысының сипаты, тұрмыс жағдайы, тәлім-тәрбиесі туралы деректер алынуы қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жайын сұрастырғанда туберкулезге қарсы бұрын жасалған егулерді, туберкулин сынамасының нәтижелерін анықтаған жөн. Науқастың отбасындағы адамдардың денсаулығын, үйде, оқу орындарында, жүмыс істейтін ұжымында туберкулезбен ауыратын науқастармен, қарым-қатынаста болуы, оның үзақтылығы туберкулезбен ауыратын жануарлардың бар не жоқ екендігі туралы деректерді анықтау қажет.

Көзбен көріп қарау. Үдемелі өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың сыртқы пішіні медицинада ғана емес, әдеби шығармаларда да һаbіtиs phthisicus деп бейнеленгені белгілі. Бұл, әдетте, бозарған беті аздап қызғылт тартқан, кеуде қуысы ұзын және тар, қабырғаларының арасы кеңейген, құрсақ асты бұрышы өткір, жауырыны қанат тәріздес шығыңқы біткен арық жас адам. Қазіргі кезде туберкулезбен ауыратын науқастардың осындай сыртқы пішіні өте сирек кездеседі. Науқасты қарап тексергенде өзгеріс көбінесе көзге түсе қоймайды. Бірақ, науқасты толық көлемінде қарап тексеру қажет. Науқасты тексергенде дене бітіміне, терінің кілегей қабықтарының түсіне көңіл аударылады. Кеуде қуысын қарағанда, бұғана асты шұңқырларының біркелкілігіне, кеуде қуысның екі жағының тепе-теңдігіне, терең дем алған кездегі олардың қозғалысьша баға береді, тыныс алуға іш еттерінің, қосалқы тыныс еттерінің қатысуын анықтайды. Қабырғааралық кеңістіктердің тарылуына немесе кеңеюіне, операциядан кейінгі тыртықтарға мән беріледі, жыланкөздер немесе олар жазылғаннан ке-йінгі тыртықтарды анықтайды. Саусақтар мен башайларды қарағанда, тырнақ бақайшағының барабан таяқшалары түрінде, тыр-нақтардың пішіні сағат әйнегінің дөңесі секілді өзгеруіне көңіл аудару қажет. Балалар мен жасөспірімдерді, жас адамдарды қарағанда, иықтағы БЦЖ вакцинациясынан кейінгі тыртықты анықтайды.

Пальпация жасау. Осы тәсілдің көмегімен терінің құрғақтығын немесе ылғалдығын, терінің серпімділігін, тері асты май қабатының жағдайын байқайды. Мойынның, қолтық астының және шаптың шеткі лимфа түйіндеріне мүқият пальпация жасалады. Өкпедегі жедел қабыну процесі плевраға тарағанда, кеуде бұлшық еттерінің ауыруы, анықталады, ол плевра қабықтарының қабьшу-ына байланысты болады. Туберкулездің созылмалы ағымывда немесе үлкен операциядан кейін иық белдеуінің, кеуде қуысы бұлшық еттерінің семуі байқалуы мүмкін. Көкірек органдарьшың нғысуьш кеңірдектің орналасу күйіне қарап анықтауға болады.

Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарда дауыс діріл күшейіп немесе әлсіреуі мүмкін. Дауыс дірілі ошақты, инфильтративті, циррозды туберкулездерде қатайған жерлер, кең бронхылы үлкен каверналар үстінде жақсы анықталады, Дауыс дірілінің әлсіреуі, тіпті оның өшуі плевра қуысына ауа немесе сүйық жиналғанда, бронхы туберкулезінде бронхы түтігінің бітеліп жабылғанында байқалады.

Перкуссия. Перкуссия жасау тәсілімен өкпеде және кеуде қуысыңдағы біршама айқындалған өзгерістерді байқауға болады. Өкпе туберкулезін анықтау үшін рентгенологиялық тәсілдердің қолданылуына байланысты перкуссия өзінің бүрьшғы диагностикалық маңызын біршама жоғалтты. Бірақ оның кезек күттірмейтін жағдайларда, яғни спонтаңды пневмоторакс, жедел экссудативті плеврит, өкпе ателектазын анықтауда зор маңызы бар. Қораптық дыбыстың немесе өкпе дыбысының қысқаруы байқалғанда, клини-калық жағдайларға тез баға беріп, қажетті тексерістер жүргізу керек.

Аускультация. Тыныс алу органдарының көптеген ауруларында, оның ішінде туберкулез ауруыңца да тыныс сипатының өзгермеуі өкпеде қосымша шулардың пайда болмауы мүмкін.

Тыныстың әлсіреуі — плевритке, плевраның қалыңдауына және пневмотораксқа тән белгі, қатаң немесе, бронхиалды дыбыс өкпе тіні инфильтрацияланғанда, амфоралық дыбыс кең түтікті алып каверналар түсында естіледі.

Рентгентологиялық, бронхоскопиялық және басқа тексеру тә-сілдерімен анықталмайтын патологиялық өзгерістерді өкпені тыңдау арқылы анықтауға болады. Бүл жағдайда өкпедегі сырылдардың плевраның үйкелу шуларының естілуінің зор диагностикалық маңызы бар. Белгілі бір шектеулі бөлікте ұсақ көпіршікті дымқыл сырылдардың естілуі, өкпе тінінің ыдырай бастағанын көрсетеді. Орташа және үлкен көпіршікті сырылдар — кавернаның белгісі болып табылады. Дымқыл сырылдарды есту үшін науқас адам әуелі терең дем алыгі, демді ішінен шығаруы содан соң, кішкене үзіліс жасап барып аздап жөтелуі, одан әрі қайтадан ішке терең дем алуы қажет. Демді ішке алудың жоғары деңгейінде сырылдар пайда болады немесе олардың саны көбейеді. Құрғақ сырылдар бронхитте естіледі, ысқырмалы сырылдар бронхының қысылуы бар бронхитте еетіледі. Қүрғақ плевритте плевраның үйкелу шуы естіледі, ал перикардитте — перикардтың үйкелу шуы анықталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных