ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мемлекеттік баж алу объектілері.Төменде аталғандардан мемлекеттік баж алынады: 1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардыц көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін; 2) нотариаттық іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нота-риат куэландырған кұжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бер-гені үшін; 3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азамат-тарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куэліктерді жэне азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін; 4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін қүжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы қүжаттарға өзгерістер енгізгені үшін; 5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыра-тын қүжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін; 6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы қүжаттарды ресімдегені үшін; 7) түрғылықты жерін тіркегені үшін; 8) аңшылық қүқығына рүқсат бергені үшін; 9) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін; 10) қаруды жэне оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Респу бликасының аумағына экелуге жэне Қазақстан Республикасынан экетуге рүқсат бергені үшін; 11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды жэне аэрозольдық газды қүрылғыларды қоспағанда) тіркегені жэне қайта тіркегені үшін; 12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сэйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми қүжаттарға Қазақстан Респу бликасының Үкіметі уэкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін; 13) жүргізуші куэлігін, көлік қүралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куэлікті, мемлекеттік нәмір белгілерін бергені үшін. Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздык ставкалары, Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заң актісімен мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі. Кедендік баж салығы - мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден жэне құнды заттардан алынатын ақшалай төлем. Кеден ісін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден оргаңдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген кеден төлемдерін алады. Кеден төлемдері бойынша төлеушілер, есептеулердің, төлеудің, қайтарып берудің жэне кеден төлемдерін өндіріп алудың тэртібі, сондай-ақ жеңілдіктер Қазақстан Республикасыньщ кеден зандарымен анықталады. Кеден төлемдерінің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|