Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 15 страница




Бірақ олардың қандай шешім қабылдайтыны белгісіз еді. Әсіресе, миллион сомдаған қаржы қызылдардың да көзін қызартқаны, оны қалайда алып қалуға тырысқаны кеңес мүшелері:

Степановтың: «Орал кеңесінің мүшелері сымсыз байланыс арқылы бізге басқаша мәлімет берді. Казак әскери үкіметінің шешімімен орталықтан қомақты ақша алып, оны бізге қарсы жұмсауға жіберілген өкілдер осылар емес пе. Бұлар Орал кеңесінің рұхсатынсыз кетті»;

Банкрицердің: «Қағаз мылтықпен өзімізді атып жүрмесін. Біз олардың тілінде түк түсінбейміз. Мен олардың Сейіт деген біреудің ысқырығымен жүретінін ғана білемін. Ұстап қалмайық, бірақ Үндеуге сеніп қалуға болмайды»;

Фолькиннің: «Қазақтар Омбыда Уақытша үкіметке қарсы шыққан, алайда қытығын басқан соң оны мойындады. Кеңес өкіметі орнағанда оны да мойындады. Бұларды казактардан оқшау ұстап, Үндеуді тарату керек»;

Аты-жөні белгісіз біреудің: «Жер басқармасына он миллион сом сұрау үшін кеңестің рұқсатынсыз орталыққа кеткендер туралы естігемін. Комиссияның құрамындағы Попов – оңшыл эсер, Досмұхамедов – конституциялық демократ. Әрине, бұларды бәрінен бұрын ұлт мәселесі алаңдатады, бірақ комиссия мүшелері өте күдікті адамдар»,– деген пиғылдарынан анық танылады.

Әскери төтенше жағдайға сәйкес қазақ қайраткерлеріөз қауіпсіздіктерін сақтау мақсатында сол екі арада Ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссары комиссар И.Сталинге:

«Саратов совдепі уралдық казактарға тосқауыл қоюға кірісті. Орал қаласына баратын жол әскери бақылау астында, жүруге қауіпті. Саратов қаласының вокзалында өздерін: Урал совдепінің өкіліміз деп таныстырған белгісіз бір адамдар бізді тұтқынға алды. Алайда Саратов совдепі бізді босатты. Біз: Комиссарлар кеңесімен жүргізілген келісімнің нәтижесін түсіндіріп, казактардың арандатуларына ұрынып қалмауы туралы қазақтарға үндеу жарияладық. Комиссарды тездетіп тағайындауға және Халкомның жанындағы қазақ комиссарын Урал совдепіне жіберуге тырысыңыздар. Саратов совдепі арқылы: жер басқармасының өкілдеріне күш көрсетпеу туралы телеграф арқылы қайталап хабарлауды ұмытпаңыздар. Жер басқармасына қазір тиіспесін. Бізбен Саратов совдепі арқылы хабарласыңыздар»,– деп («Алашорда қозғалысы», 2 том, 441-бет) жеделхат жолдап үлгереді.

Құзырлы хабардың ырқына көнген В.П.Антонов-Саратовский қазақтарды жақтай сөйлеп:

«Қазақтар әлі алғашқы қауымдық құрылыс деңгейінде өмір сүреді. Тап жігі толық анықталған жоқ. Олар малдың басына қарап адамға баға береді. Сондықтан да кеңес мүшелері мен жер басқармасында істейтіндердің құрамы бірдей шығар. Күштеп тап күресін жүргізудің қазір қажеті шамалы. Ол кері нәтиже беруі мүмкін, қазақтар мен казактардың арасы онсызда шиеленісті дамып келеді. Әрине, кедей қазақтарға көмектесеміз. Орал казактарымен байланыс жасағаннан кейін біз бұлармен арадағы қарым-қатынасымызды ретке келтіріп қалдық. Біздің азық-түлік жөніндегі комиссарларымыз олармен тиімді айырбас жасай алады. Олар бізге ет пен жүн береді. Ал мына жағдайға келетін болсақ, онда қазақ халқының өкілдері: кеңес өкіметінің маңызын түсіндіріп, казактарға қосылмау туралы Үндеу жарияласын. Оны майданға аэропланмен жіберу керек, сондай-ақ үндеу «Хабаршыға» жариялансын», –деген ұсыныс жасады.

Еріктен тыс жазылып, «жергілікті Губаткомның техникалық құралдарының көмегімен басылып, аэроплан арқылы таратылған бұл Үндеудегі:

«Бүкілқазақтық халықтық «Алашорда» кеңесі кеңес өкіметін – Россия федеративтік республикасын мойындады және Халық комиссарлары кеңесімен байланыс орнатты. Халық комиссарлары кеңесі жанынан таяу күндері Қазақ ісі жөнінде комиссариат құрылады, көп өтпей Қазақ автономиялы өлкесі туралы декрет жарияланады. Халық комиссарлары кеңесінің 1 сәуір күнгі №335 қаулысына сәйкес Уралдан сыртқы облыстар бұрынғы өзінің қызметіне кіріссін. Бұл туралы төменде қол қойғандар сіздерге хабарлай отырып, мынаны ескертеміз: барлық қазақ жер комитеттері мен ұйымдарын, сондай-ақ Уралдың сыртындағы Орал облысының қазақтарын кеңес өкіметіне қарсы қандай да бір қарсы әрекетке бармауын және ешкімге ешқандай жағдайда көмек бермеуін өтінеміз. Қазақ ағайындар, естеріңізде болсын, сендердің ерікті ұлт болып өмір сүру құқықтарыңды еңбекшілдердің кеңес өкіметі мойындап отыр, орыс пролетариатының осы саяси парасатын бағалай біліңіздер!»,– деген «Алаш автономиясының» мойындалуы туралы сүйінші хабарды исі ұлтқа жеткізген де Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер және Иса Қашқынбаев, Беркін Атшыбаев, Кәрім Жәленов болатын.

Бұл да жағдайға байланысты орайластырылған оңтайлы амал еді. Дегеніне жеткен Х.Досмұхамедов:

«Біз Саратов кеңесі сияқты ірі кеңестің қарауында және ықпалында болғымыз келеді. Сіздерде – астық, бізде – шикізат бар. Қазақтарға үндеу жариялаған дұрыс. Атқарушы комитет мұны таратуға көмектесер еді. Біздің халқымыз қараңғы, оны казактар пайдаланып кетуі мүмкін. Байланыс орнату үшін өкіл жіберген дұрыс. Біз оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Қазақтарды казактардан оқшаулай отырып, олармен күресер едік. Біз Орал қаласына кіріп, кеңестерді ұйымдастырар едік. Казак атты әскерлерінің пайдалануына мүмкіндік бермес үшін, қазақтарға жылқыларын алыс түкпірге әкетуге шақырар едік»,– деген сенімсөзді желеу етті.

Ақыры большевиктер ырғаса келіп: қазақ өкілінің мағлұматына орай қазақтардың кеңес өкіметі жағына шыққанын мақұлдап, олармен саяси және экономикалық тығыз байланыс жасауды қолдап, үндеу таратып, Саратов совдепінің мұсылман тобынан комиссар жіберуге шешім қабылдады. Осыған орай Х.Досмұхамедов:

«Еңбекшілер еліне қазақ халқының атынан алғыс айтамын, бізге жаны ашыған жалғыз үкімет – кеңес өкіметі. Біз автономия алу жолында ұзақ күрестік, бірақ, кеңес өкіметінен басқа бір де бір өкімет біздің ұсынысымызды қабылдаған жоқ. Мұндай түсіністікті біз ешқашанда ұмытпаймыз»,– деп еруге қару қайырды.

Сөйтіп, олар кеңес өкіметінің ажал тырнағынан бірінші рет осылай аман құтылды. Ең бастысы – халыққа арналған қаражатты аман-есен сақтап қалды. Әрине, бас амандығына не жетсін, бірақ мына қаржының құндылығы оның қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қызмет ететіндігінде еді. Сондықтан да басты бәйгеге тігуге тұрарлық тәуекел сапары еді бұл.

Иә, бұл жолы аман шығуы шықты, бірақ сол жолы Саратовтағы мәжілістегі белгісіз большевиктің:

«Досмұхамедов – конституциялық демократ», оны «бәрінен бұрын ұлт мәселесі алаңдатады», «өте күдікті адам»,– деген мінездемесі Халел Досмұхамедовтің қалған ғұмырына көк бауыр болып жабысты.

«Батыс алашорда» қайраткерлеріне берген мінездемесінде большевик Ә.Әйтиев:

«Досмұхамедов Халел – дәрігер, орыс тақылеттес шенеунік, мансапқор, мінезі тұйық, қулығымен кез-келген адамды жаңылыстырады. Оның өз күшіне сенгені соншалықты, ең ауыр авантюраға да бара алады. Көзқарасы жағынан монархист, Михеевтің бірінші ме, екінші ме (адамы), әйтеуір Дутов, Толстов, Мартыновтардың оң қолы»,– деп жазды.

Саясаттың құралы – амал, айла. Қысылтаяңнан – қиялап, тығырықтан – тізерлеп, ажалдан – арбап жол табатын айлакер қаракеттің иесі ғана саясат мінбесіне көтерілуден дәмелі. Соңынан ел-жұртты ерте алатын көсемдік – мансапқорлық болып табылмайды. Сондықтан да орта қол көсем-коммунист Ә.Әйтиев: Х.Досмұхамедовтің көсемдік қасиетін – мансапқор; қиыннан жол табатын айлакерлігін – авантюрист, арандатушы; қатал билік иесін – атамандардың «оң қолы»,– деп түсінген деуге толық негіз бар. Ендеше, өзінің ата жауы – казак атамандарымен келісімге баруы бұл «мінездемелерді» толық ақтайды. Себебі:

«Батыс Алашорда үкіметінің ұйымдастыру жұмыстары осылай қыза бастаған кезде, қазақтардың ұйымдаса бастағанын сезген генерал Дутов – Орынбор жағынан, Орал әскери үкіметі – екінші жақтан Қазақ автономиясы мен «Алашорда» үкіметіне қарсы науқан жүргізе бастады. Сол кезде Дутов Орынборды басып алған болатын, ал Орал казактары қызылдардың шабуылын тойтарып тастаған еді. Генерал Дутов: «Қазақ автономиясы бір топ зиялылардың ойдан шығарған нәрсесі, егер осы бір топтың көзі жойылса, қазақтардың көпшілігі ақ патша билігін өздері-ақ сұрайды»,– деп жаулық ниетін ашық білдірсе, ал Орал Әскери үкіметі, оның төрағасы Фомичев тылдағы қазақтардан келіп отырған қауіп туралы жар сала бастады. Казактармен қақтығыс сол кезде қазақтар үшін өте тиімсіз болатын, осыны ескерген Қазақ үкіметі Орал әскери үкіметімен одақтық шарт жасауға мәжбүр болды. Шарттың негізі төмендегідей басты баптардан құрылды:

1. Қызылдар казактарды өз территориясынан ысырған жағдайда «Алашорда» үкіметі казак әскерлеріне, олардың босқындарына пана береді; 2. Қазақ әскери бөлімдері казактармен бірге майдандағы ұрыстарға қатыспайды және тек өз территориясын ғана қорғайды; 3. Казактар қыр елінің ішкі өміріне араласпайды және Қазақ үкіметіне қару-жарақ, әскери жабдықтармен көмек көрсетеді.

Бекітілген шарттың осындай ережелері қазақтар үшін тиімді болды, өйткені, сол кезде майдан шебі қазақ даласынан алыста болатын, сондықтан да «Алашорданың» қызыл армиямен қақтығысуы мүмкін емес еді. Ал казактар қыр еліне қарай шегінген жағдайда оларды «қалай қарсы алу» керектігін қазақтар жақсы білді және оны кейін іспен дәлелдеді де. Сонымен қатар келісім-шарт жасалу фактісінің өзін «Алашорда» үкіметі әдейі дәріптеп, орынды пайдалана білді, шарт Алаш автономиясының қас жауларының үнін өшіріп, басталған ұйымдастыру жұмыстарын әрі қарай жүргізе беру үшін Қазақ үкіметіне азды-көпті қолайлы жағдай жасады».

Мұндайда, өзара келісімге қарамастан, кеңес өкіметімен «жауласудан» басқа қазақ үкіметінің қолында өзге қауқар жоқ болатын. «Халық мұғалімі» С.Тұрынтаев мұны да қалт жібермей жоғарыдағы Ә.Әйтиевтің мінездемесін:

«Тұрғындар сайлаған өкілдердің басы қосылған облыстық құрылтайда Х.Досмұхамедовтің және оның қолжаулықтарының қысым көрсетуінің салдарынан тек оларға пайдалы қаулылар ғана қабылданып отырды. Х.Досмұхамедов пен оның жақтастары кеңес өкіметінің нағыз дұшпандары. Олар большевиктерді тұтқындап, атып, тонау үшін хохолдар мен қазақтардың ауылына халық жасақтарын жіберді. Мүмкіндік туа қалса большевиктерге қарсы қолына қарулы қарсылық көрсетуге дайын тұрды, мысалы, Ойылды алған кезде олардың халық жасақтары соңғылармен (кеңес әскерімен – Т.Ж.) шайқасты. Олар амалы қалмаған соң, ешқайда қашып құтыла алмайтын болған соң ғана большевиктер жағына шықты, олар Кавказға өтіп кетуді де қарастырды, бірақ ондағы қымбатшылық пен соғыс жүріп жатқанын біліп, тоналып, оққа ұшып кетуден сескеніп, күн көрістік күйлері болмағандықтан да райларынан қайтты. Сонымен қатар жасалған кешірім де олардың үмітін (большевиктерге қолға түсе қалған жағдайда өлтірілмейтініне көздері жеткен соң) оятты. Кеңес өкіметін мойындау туралы қаулы шыққаннан кейін Жаһанша Досмұхамедов: кеңес өкіметінің қолына түссек атыламыз, құрып кеткенде 4-5 адамның атылатыны анық. Егер де қашып кетуді көздесек, онда жер басқармасының біраз мүшелері біздің соңымыздан ермейді, өйткені қауіп-қатер көп – деген болатын. Х.Досмұхамедовпен бірге...»,– деп («Алашорда қозғалысы», 3-том, 2-кітап 274-275 беттер) толықтырып, бұдан әрі «халық жауларының» (!) аты-жөнін (1920 жылы –!!!) тізбелей жөнеледі.

Жалпы мінездеме жағына келгенде «Алашорданың» өзге қайраткерлеріне қарағанда Х.Досмұхамедовтің жолы бола бермепті. Тіпті М.Әуезов те өзінің түрмедегі жауабында оған «қабағын шыта» баға беріпті.

Тағдырдың таразысына таң қаласың. Жоғарыдағы «қызылдардың қызыл көзі түскен» ақша «қызыл көзқарасты» кеңес тарихшысының да көкірек құртын қоздырыпты. Қазақ ССР Жоғарғы сотында «Алашорда» ісі ақталуға бет алғанда Л.Ж.Күдерина әкесі Мәжит Күдеринді ақтау туралы КПСС Орталық Комитетіне хат жазып, жалпы алаш ардагерлерін ақтау туралы мәселе көтерді. Бұл хатқа кеңестік идеологияның көрнекті маманы, партия тарихы институтының директоры Б.Төлепбаев жауап бере келіп, Х.Досмұхамедовке:

«1917 жылы «Алашорданың» Батыс-Орал тобының жетекшілерінің бірі болды. «Алаштың» ІІ сьезі оны үкімет мүшелігіне сайлады. 1918 жылы наурыз айында «Алаш» Орталық Комитетінің тапсырмасы бойынша Москва қаласында Ұлттар мәселесі жөніндегі комиссариатпен келісім жүргізді, қазақ тұрғындарының мұқтажын өтеу және олардың арасында идеялық-түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында кеңес үкіметінен бірнеше миллион сомды жалынып жүріп сұрап алды (выпросил). Ақшаның негізгі бөлігін кеңес өкіметіне қарсы күреске жұмсау үшін оралдық ақ казактарға берді. Орал қаласындағы ақгвардияшылардың төңкерісінен кейін «Ойыл уалаяты» деген атпен белгілі «Алашорданың» батыс бөлімін басқарды. 1919 жылы қазақ байларының өкілдерін Колчакқа бастап барды»,– деп (Алаш қозғалысы, 4 том, 58-бет) мінездеме беріпті.

Мінездеменің жағымсыз тұрғыдан берілуі түсінікті. Түсініксіздігі, ОГПУ-дің тіміскі тергеушілері таба алмаған, айып ретінде таға алмаған: «бірнеше миллион сомды Х.Досмұхамедов пайдаланып кетті», – деп кінә тағуы. Зады «Ойыл уалаятының» көсемінің беделіне шіркеу түсіретін одан өзге сылтау таба алмаса керек. Иә, кезінде айып тағуға келгенде тергеушілерді жолда қалдырған осындай тарихшылар да болған. Бұл кісінің саяси қырағылығының бірнеше рет куәсі болғанымыз да бар.

Жә, ол «өлшем өзімен» кетсін, тек сол тұста «кеңестік тарихшылар кесіп-пішіп кеткен идеологиялық шапанды» бүгінгі тарихшылардың қайта-қайта иығына жамыла беруге әуестігі өкіндіреді.

Бұдан кейінгі Х.Досмұхамедовтің барлық «қылмысы» «Батыс Алашорда» үкіметінің Ленин мен Сталинге берген түсініктемесінде толық қамтылады. Онда азамат соғысы жағдайындағы күрделі де тағдырлы майданның іс-қимылы, айла-тәсілі былай баяндалады:

«1919 жылы жаздың аяғына қарай Орал майданының бір бөлігі Қазақ жеріне ауысты. Осы кезеңнен бастап казактардың майданға барудан жаппай бас тартуы күшейіп, жалпы казак әскерінің дағдарысы мен азып-тозуы басталды. Осы кезден бастап Орал армиясының жоғарғы басшылығы да тікелей әрекетке көшті. Өздеріне үнемі кедергі болып келген Қазақ үкіметімен арадағы келісім-шартты аяққа таптаған әскери үкімет басшылары тікелей жарлық шығарып, өз қатарын қазақ жерін мекендейтін халықтардың есебінен толықтыра бастады, қоныстанушылармен қатар, кейін қазақтарды да ала бастады. Бұл әрекетке қарсылық білдірген Қазақ үкіметі: «Қазақ территориясындағы жоғарғы билікке қазақ үкіметі ие, сондықтан да Қазақ үкіметінің рұқсатынсыз қазақ жерінде реквизиция жүргізуге толықтай тыйым салынады, ал казак әскери басшыларының бұйрығы жұртшылық пен жергілікті басшылар тарапынан орындалмауы керек»,– деген арнайы бұйрық шығарды. Бұл бұйрыққа жауап ретінде генерал Толстов Қазақ үкіметінің келісімінсіз үкімет билігін өз қолына алып, қазақ даласын басқару үшін генерал-губернатор тағайындады. (...) Бұйрықта бұл туралы тікелей нұсқау болмаса да, іс жүзінде Толстовтың бұйрығымен Қазақ үкіметі таратылды. Бұйрықтағы ату жазасын қолдану туралы қоқан-лоққы сол кезде «Алашорда» үкіметіне қарсы бағытталған еді, өйткені, казактарға қарсылық келтіруі мүмкін күш – жалғыз Қазақ үкіметі ғана болатын. Оның үстіне: Қазақ үкіметінің большевиктермен байланысы бар,– деген күдік те болды.

Қазақ үкіметі сол кезде шынында да 4-армияның революциялық әскери кеңесінің (Реввоенсовет) мүшесі Лежава Мюрат арқылы Түркістан майданымен байланыста болатын. Мюрат кезінде Оралда болғанда, Орал ревкомын басқарған еді. Қазақ үкіметі Мюрат арқылы Түркістан майданынан: Қазақ даласын казак бандыларынан тазарту үшін белсенді шараларды жүргізуді сұрады, өз тарапынан операцияның сәтті өтуі үшін мүмкіндігінше барлық көмекті көрсетуге уәде етті. Мюрат: Даланы азат ету жоспары жасалғанын, Түркістан майданы жуық арада жоспарды жүзеге асыруға кірісетінін хабарлады. Ал Қазақ үкіметіне: майдан үшін тиімді жұмысты, Орал армиясын жабдықтауға барынша кедергі жасауды жалғастырып, сөйтіп, казактардан төнген қауіп-қатерге байланысты әзірге Кеңес өкіметі жағына ашық шықпай, жұмысты жүргізе беруді тапсырды. (...) Осыдан кейін Қазақ үкіметіне іссапармен Түркістан майданы мен Қазревкомның уәкілдері келді. Түркістан майданының уәкілі, 1-ші армияның Ревәскери кеңесінің мүшесі Наумов пен Қазәскериревкомының мүшесі Бегімбетов өз мекемелері атынан келіссөз жүргізуге, Қазақ үкіметінің кеңес өкіметі жағына шығуының шарттарын анықтау мен соңғы шешім қабылдауға өкілетті болды. Наумов пен Бегімбетовтың жүргізген келіссөздері мен қабылдаған шешімдері 1920 жылғы 1-ші қаңтардағы хаттамада тіркелген. Келісімнің негізі төмендегі басты ережелерден тұрады:

1. «Батыс Алашорда» Қазәскериревкомына қосылады, «Алашорданың» барлық қоры (капиталы) мен мүлкі Қазәскериревкомға көшеді. 2. Орталық Кеңес Өкіметінің басшы нұсқауларына сай жарияланған Түркістан майданы Ревәскерикеңесінің 1919 жылғы 4-ші қарашадағы қаулысында көрсетілген шарт бойынша: Қазақ үкіметі мен қазақтың қоғам және саяси қайраткерлері толық орындаса, қандай да бір жағдайда болсын кеңес өкіметіне қарсы күреске қатысқан «Батыс Алашорданың» қайраткерлері мен жетекшілеріне де жасалған жоғарыдағы амнистия күшіне енеді, сөйтіп, «Батыс Алашорда» қайраткерлерінің жеке қауіпсіздігі мен дербес құқығы толық қамтамасыз етіледі. 3. Тұрақты Қазақ әскери бөлімдері уақытша Түркістан майданы командованиесіне бағынады, олардың бұдан былайғы тағдыры туралы мәселені түпкілікті шешу Республиканың жоғарғы басшылығының құзырында. 4. Болыстық және ауылдық жасақтар, сол сияқты елді мекен тұрғындары қарусыздандырылады, қару-жарақ уездік ревкомға тапсырылуы керек. Ревком қаруды әскери басшылыққа тапсырғанша өзінде сақтайды. 5. Тапсырылатын қаруды өз қаржысына сатып алғандары туралы мәселе көтеріледі. 6. Казактардан Қазақ әскери бөлімдері қолға түсірген әскери мүлік қазақ даласында ұрыс жүргізіп жатқан барлық қызыл әскер бөлімдерінің мұқтажына жұмсалады, ал қалғандары ерекше бұйрық келгенше тізімделіп, Ойылға сақтауға жіберіледі. 7. Бұрын Қазақ территориясында қолданыста болып келген Сібір, Дон т.б. ақша белгілерін жалпы Кеңес республикасының ақша белгісіне ауыстыру туралы өтініш – Алашорда басшылары Орынборға барғаннан кейін Қазәскериревкомның қарауына және шешуіне ұсынылады.

Бұдан кейін барлық істі, мүлік пен капиталды Қазәскериревком мүшесі Бегімбетовке тапсырған «Батыс Алашорда» басшылары Орынборға келді. Бір күннен соң Қазәскериревком төрағасы Пестковский оларға «Алашорда» жетекшілерінің 5 адамы, атап айтқанда: Жаһанша Досмұхамедов, Кәрім Жәленов, Халел Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев, Беркін Атшыбаев ВЦИК-тің Президиумының жарлығымен Москваға шақырылып жатқандығын хабарлады. Олар сол күні-ақ Орынбордан Москваға аттанып кетті».

Сонымен, «Алашорда» үкіметінің қайраткерлері «сенімді одақтастан бітім» іздеп – Мәскеуге, ал С.Меңдешев пен Иванов «әшкерелеуші айғақ жинау үшін» – Жымпитыға аттанды. «Алашорданың» батыс бөлімін тарату үшін Қызылқоғаға барған бұл екеуі іссапардың есепті қорытындысында жоғарыдағы «халық мұғалімінің» арызына сүйене отырып:

«(...) «Алашорданың» батыс бөлімінің басшылары қулықпен сиаздың барлық негізгі пікірлерін өздерінің мүддесіне пайдаланған. Өздерінің барлық ресми жарлықтарын орындату үшін, бұқара арасында өз беделдерін көтеру үшін Батыс бөлімнің өкілдері үнемі Орал казактарымен ауыз жаласып, ұдайы оларды көмекке шақырып, әскери көмек алып отырған. Батыс бөлімдерінің өкілдері қалың бұқара мен әскери бөлімдер арасында ешқандай саяси және ағарту жұмыстарын жүргізбеген. Пара алу, қазынаны ұрлаушылық, қулық, сұмдық үнемі өрістеп отырса да оларды қасахна байқамаған, оларға назар аудармаған. Осындай жағдайлардың салдарынан алашордашылардың арасында патша үкіметінің қызметшілері мен жаулардың топтасуына жол ашқан. Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды. Оны саяси-қоғамдық бағыты жоқ бөлім деп есептейміз. Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, «Алашорданың» орталығымен ешқандай байланыс пен ынтымақтастық болмаған…».

«Батыс алашорда» және оның жетекшісі Х.Досмұхамедов туралы пікір қозғағанда кеңестік құжаттарда оларды «Алашорда» үкіметінен бөліп қарастыру ырқы байқалады. С.Меңдешев те бұл арада соны меңзеп отыр. 1918 жылы 8-23 қыркүйек арасында Уфа қаласында өткен, 170 өкілетті өкіл қатысқан түрік халықтарының біріккен кеңесі кезінде, яғни, 11 қыркүйек күнгі «Алашорда» қайраткерлерінің төтенше кеңесінің отырысында тәуелсіздіктің құрылымы мен басқару жүйесі туралы мәселе қаралды. Әлихан Бөкейханов төрағалық еткен бұл кеңеске Жаһанша және Халел Досмұхамедов, Ахмет Бірімжанов, Әлімхан Ермеков, Уәлихан Танашев, Мұхамеджан Тынышбаев қатысып, Біртұтас алаш мемлекеттігін жария етті. Әскери жағдай мен байланыстың нашарлығына байланысты Бөкей, Ойыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Ырғыз уәлаяттары «Алашорданың» батыс бөлімі ретінде құрылған болатын.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных