Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тіршілік Қауіпсіздік Негіздері

1. Құтқару жұмыстарына қатысатын адам нені білуі керек?

<variant> алғашқы медициналық көмек көрсетуді

 

2. Жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтетін дезинфекция қалай аталады?

<variant> ағымдық дезинфекция

 

3. Кiнәлi адамның еңбек ақысынан айыппұл өндiру жауапкершіліктің қай түріне жатады?

<variant> әкiмшiлiк жауапкершiлiк

 

4. Сәулелi энергияның ағыны қалай аталады?

<variant> жарық сәулесiн шашу

 

5. Топырақтың ауыр материалдармен ластануы қалай аталады?

<variant> экологиялық сипаттағы төтенше жағдай

6. Аймақтық сипаттағы төтенше жағдайлардың таралу шекарасы қалай қамтылады?

<variant> бiрнеше облыстар төңiрегiн

 

7. Төтенше жағдайды толықтай жойып, қауiп көзiн тоқтату оның салдарын тұтастай залалсыздандыру қай кезеңге жатады?

<variant> сөну кезеңi

 

8. Априорлы анализге қайсысы жатады?

<variant> күтпеген жағдайдың әлi болмауы

 

9. Қауiпсiздiк деңгейiн қамтамасыз ететiн ақпараттардың қызметкерлерге берiлуi, таратылуы және оларды меңгеруi:

<variant> ақпараттық принцип

 

10. Қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi басқару принциптерi қайсысы?

<variant> жауапкершiлiк

 

11. Жұмыс жасау процесiнде оператордың дене көлемiн оның кеңiстiктегi орналасу жағдайын ескеру қалай аталады?

<variant> антропометрлiк бiрлестiк

 

12. Психикалық жағдайдың негiзiн құраушы:

<variant> психикалық процесс

 

13. Өзiнiң зақымдау факторлары бойынша ең күштi қару қайсысы?

<variant> ядролық қару

 

14. Экспозициялы дозаны көбiнесе қай өлшем түрімен жүргізеді?

<variant> рентген (Р)

 

15. Адамды қауiп-қатерден қорғауды қамтамасыз етушi көрсеткiштердi тағайындау қай принципке негіз болады?

<variant> нормалау принципi

 

16. Адамның психикалық iс-әрекетiндегі негiзгi компоненттерді көрсет?

<variant> психикалық құбылыс, қасиет және жағдай

17. Организмнiң сәулеге шағылуы қалай бөлiнедi?

<variant> iшкi және сыртқы сәулелену

 

18. Өнеркәсiп объектiсi мен құрылыстағы апаттар қалай аталады?

<variant> техногендi апат

 

19. Улағыш заттың 0,01 мг/л концентрациясы қауiптiлiктiң қай дәрежесiне жатады?

<variant> қауiптi

 

20. Ядролық жарылыстың ең күштi жойғыш факторы қайсысы?

<variant> екпiндi толқын

 

21. Көлiктi тез тоқтатуға арналған құрал қалай аталады?

<variant> тежегiш құрылғысы

 

22. Қауiп-қатер салдарынан болатындар жағдайлар қайсысы?

<variant> шаршау, жарақаттану

 

23. Жарықтық сәулеге қайсысы жатады?

<variant> сәуле энергияларының жиынтығы

 

24. Идентификация процесiнде не айқындалады?

<variant> қауiптiң квантификациясы

 

25. Адамның психофизикалық мүмкiндiктері қайсысы?

<variant> ақпараттық сәйкестiк

 

26. Адамның машиналармен жұмыс жасау кезiндегi көңiл күйдiң жоғары болуын қамтамасыз етушi сәйкестiк қайсысы?

<variant> технико-эстетикалық

 

27. Адамның еңбек ету барысында қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудi қарастыратын ғылым қалай аталады?

<variant> эргономика

 

28. Ұрғыш толқынға қайсысы жатады?

<variant> ядролық жарылыстың жойқын факторы

 

29. Қауiп-қатерлер уақытқа байланысты терiс салдарының пайда болуы қалай бөлiнедi?

<variant> кумулятивтi және импульсивтi

 

30. СИ жүйесiнде сiңiрілетiн дозаның өлшем бiрлiгi қайсысы?

<variant> греих (Гр)

 

31. Ұлттық сипаттағы төтенше жағдайлар қалай шектеледi?

<variant> бiрнеше экономикалық аудан төңiрегiнде

 

32. Адам iс-әрекетiнен туындаған қауiпті және зиянды факторлар қалай аталады?

<variant> антропогендiк

 

33. Өндiрiстiк жағдайда әсер ететiн қауiптердi және олардан жұмысшыларға қорғау тәсiлдерiн зерттейтiн сала қалай аталады?

<variant> еңбектi қорғау

34. Еңбектi қорғауда қоғамдық бақылауды кім жүргiзедi?

<variant> мемлекеттiк басқару ұйымдары

 

35. Тұрғындарды радиацияға қарсы қорғаудың басты тәсiлдерi қайсысы?

<variant> радиациялық жағдайды бағалау

 

36. Егер еңбектi қорғау ережелерiнiң бұзылуы салдарынан адамдар бақытсыз жағдайға душар болса, онда жауапкершiлiктiң қай түрi болып саналады?

<variant> қылмыстық жауапкершiлiк

 

37. Ортамен қарым-қатынас әсерiнен электронды заряд тигізетiн сәуле шашу қалай аталады?

<variant> иондайтын

 

38. Жергiлiктi төтенше жағдайлардың шектелуі қалай болады?

<variant> тұрғылықты аймақтың шегiмен

 

39. Табиғи апаттарға не жатады?

<variant> қарлы боранның басуы

40. Солтүстiкке және жел соғатын жаққа қараған горизонтальды жазықтағы бұрыш қалай аталады?

<variant> орташа жел азимуты

 

41. Көбiнесе кең тараған және жиi болатын жер сiлкiнiсi қалай аталады?

<variant> тектоникалық

 

42. Төтенше жағдайда тұрғындарды қорғаудың негiзгi тәсiлдерi қандай?

<variant> алдын-ала дайындық жасау

 

43. Аймақтың көп бөлiгiн су басуы қалай аталады?

<variant> су тасқыны

 

44. Ядролық жарылыстың әсерiнен аймақтағы адамдардың, жануарлардың жаппай қырылуы және ғимараттардың қирауы мен өртенуi қалай аталады?

<variant> апат ошағы

 

45. Фосген қандай улағыш затқа жатады?

<variant> тұншықтырғыш

 

46. Әлеуметтiк-саяси конфликттер дегеніміз не?

<variant> мемлекеттер арасындағы көзқарастың бұзылу формасы

 

47. Қазiргi заманғы жою құралдары қайсысы?

<variant> ядролық қарулар

 

48. Синиль қышқылы улаушы заттың қайсысына жатады?

<variant> жалпы улы әсерлi

 

49. Еңбектi қорғаудың мақсатына не жатады?

<variant> жұмысшылар денсаулығын сақтау және көңiл-күйді жақсартуды қамтамасыз ету

 

50. Төтенше жағдай кезiндегi халықты қорғаудың негiзгi әдiстерi қайсысы?

<variant> эвакуация

51. Төтенше жағдай кезiнде тұрғындарды қорғаудың басты тәсiлдерi қайсысы?

<variant> жеке қорғаныс құралдарын пайдалану

 

52. Тұрғындарды химиялық зақымдануға қарсы қорғану тәсiлдерiнiң негiздерiн ата?

<variant> дозиметрикалық және химиялық бақылауды ұйымдастыру жүргiзу, радиациялық қорғануда әрекеттердi игеру

 

53. Қауiптi табиғат құбылыстардың негізінде тұрғындардың қалыпты тіршілігінің бұзылуына әкелiп соқтыратын төтенше жағдай қалай аталады?

<variant> табиғи апат

 

54. Қорғаныс принципi бойынша жеке қорғаныс тәсiлдерінiң қандай түрлерi болады?

<variant> сүзгiштi, оқшаулау

 

55. Тiршiлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге профилактикалық сақтандыру және оперативтiк қозғалыстарды игеру ішiн жеткiлiксiз және қажеттi сандық мерзiмдiк, кеңiстiктi, тағы басқа да сипаттарды қамту процестерi қалай аталады?

<variant> идентификация

 

56. Қауiпсiздiкті талдау қандай сипатта жүзеге асырылады?

<variant> априорлық және апостериорлық

 

57. Жер асты қуысында және тау-кен өндiру аудандарында болатын жер сiлкiнiстерi қалай аталады?

<variant> жердiң төменге сырғуынан пайда болған жер сiлкiнiсi

 

58. Жұмысшыларға ауыр және зиянды жағдайларды жұмыс жасау нәтижесiне байланысты берiлетiн жеңiлдiктер түрлері қайсысы?

<variant> қысқартылған жұмыс күнi

 

59. Панаханалардың қандай бөлмелерi болады?

<variant> негiзгi және қосымша

 

60. Кешенді белгiсi бойынша төтенше жағдай қалай бөлiнедi?

<variant> локальды, жергiлiктi, аймақтық, ұлттық, глобальдық

61. Еңбектi қорғаудың қай бөлiмi техника қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн сұрақтарды қарастырады?

<variant> техника қауiпсiздiгі

 

62. Температураны өлшеуге арналған құрал қалай аталады?

<variant> термометр

 

63. Ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады?

<variant> психрометр

 

64 Тыныс алу органдарын қорғау құралдарына не жатады?

<variant> респираторлар, мақта-мата таңғыштар

 

65. 12 жасқа дейінгілерге арналған газқағар қайсысы?

<variant> ДП-6

 

66. Мұндай жағдайда ауаның төменгі қабаты жоғарыдан суық болатын құбылыс қалай аталады?

<variant> инверсия

 

67. Қатты әсерлі улы заттар зақымдануына ұшыраған аймақ қалай аталады?

<variant> химиялық зақымдану аймағы

 

68. Панахананың сыйымдылығы қанша?

<variant> 50-200 адам

 

69. Жер асты түрткісі мен жер үсті қозғалысы негізіндегі табиғат құбылысы қалай аталады?

<variant> жер сілкінісі

 

70. Өткіш, өтімді радиация қалай сипатталады?

<variant> гамма сәулелері мен нейтрондардың ағынымен

71. Жер сілкінісінің негізгі соққысынан кейінгі соққы қалай аталады?

<variant> форшок

 

72. Негізгі соққыдан кейін 1 сағат немесе бірнеше айларға созылатын соққы қалай аталады?

<variant> афтешок

 

73. Тау өзенінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен тау жыныстарының бұзылуынан пайда болған уақытша ағын қалай аталады?

<variant> сел

 

74. Ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы қалай аталады?

<variant> опырылма

 

75. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысқан табиғаттың тосын күштері көрінісінің бірі қалай аталады?

<variant> қар басу

 

76. 30 м/с жылдамдықпен соғатын жойқын күші бар желдің түрі қалай аталады?

<variant> дауыл

 

77. Күшті жел салдарынан жер бетінен шанның, құмның, топырақтың, тұздың ауаға ұшуы қалай аталады?

<variant> шаңдақ дауыл

 

78. Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі-бір бөлігінің су астында қалуы қалай аталады?

<variant> су бас

 

79. ҚР табиғи өрт түрлерін көрсетіңіз:

<variant> ландшафты, орман, дала өрттері

80. Адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі қалай аталады?

<variant> өрт

 

81. Ескерту, өрттен болатын залалды болдырмау және оны сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені қалай аталады?

<variant> өрттен сақтандыру

 

82. Оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалындамайтын,

үгілмейтін және иістенбейтін материалдар қалай аталады?

<variant> жанбайтын

 

83. Оттың немесе жоғарғы температураның ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын, от көзі болғанда жанатын, ол жоқта жануын немесе иістенуін тоқтататын материалдар қалай аталады?

<variant> қиын жанатын

 

84. Оттың немесе жоғарғы температураның ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін, от көзін жойғаннан кейін жануын жалғастыратын, иістенетін материалдар қалай аталады?

<variant> жанатын

 

85. Өрт сөндіру құралдары қалай бөлінеді?

<variant> қолда бар заттар, табельдік

 

86. Өрт сөндіргіш құралдардың түрлері қандай болады?

<variant> сұйық, көбікті, көмірқышқыл, аэрозольды

 

87. Корпус көлемі бойынша 5-10 литрге дейінгі қолмен босататын өрт сөндіргіштер қалай аталады?

<variant> өнеркәсіптік

 

88. Корпустың көлеміне орай 10 литрден астам өрт сөндіргіштер қалай аталады?

<variant> стационарлы және жылжымалы

 

89. Қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы қалай аталады?

<variant> жарылыс

 

90. Әсер етуіне қарай қауіптілік қалай жіктеледі?

<variant> активті, пассивті

 

91. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдісі қандай болады?

<variant> жеке және ұжымдық қорғаныс әдісі

 

92. Эргономика не туралы ғылым?

<variant> еңбек

 

93. Қатты желдің әсерінен болатын табиғи апаттарды ата?

<variant> циклондар, дауылдар

 

94. Осы заманғы өрт сөндіру құралдары генераторлары қандай болады?

<variant> қолмен басқарылатын және стационарлы

 

95. Министрлiк пен ведомстволар еңбектi қорғау саласында қандай бақылау жүргiзiледi?

<variant> ведомоство iшiлiк

 

96. Тұншықтыратын улы заттар

<variant> фосген, дифосген

97. Адам ағзасына әсер ететін температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы қай жағдайға негіз болады?

<variant> өндіріс орнының микроклиматы

 

98. Термодинамикалық тепе-теңдікте тұрған оқшауланған дененің ішкі күйін сипаттайтын көрсеткіш қайсысы?

<variant> температура

 

99. Көшіру қабылдау пункттерінің негізгі міндеттері қайсысы?

<variant> қаладан келген автоколонналарды қарсы алу және әкімшілігімен бірге адамдарды түсіруді қамтамасыз ету

 

 

100. Соққы толқыны майданында артық қысым 10кПа және одан артық қысым болса ол аумақ қалай аталады?

<variant> ықтимал қираулар аймағы

 

 

101. Бейбіт және соғыс уақытынан алынған мақсат бойынша міндетті орындаушы АҚ құрамаларын даярлаудың негізгі және аса тиімді түрі болып табылатын жаттығу қай оқу түріне жатады?

<variant> арнайы тактикалық оқулар

 

102. АҚ бастықтарының, қызметтерінің, басшы құрамын командирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қорғаныс бойынша бірге даярлаудың негізгі түрі қайсысы?

<variant> кешенді оқу

 

103. Кешенді оқудың өткізудің уақыты мен орындалған шаралардың көлемі бойынша қысқартылған, жеңілдетілген түрі қайсысы?

<variant> обьектілік жаттығу

 

104. Адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы қайсысына жатады?

<variant> жарақат

 

105. Психикалық жарақатқа қайсысы жатады?

<variant> қорқыныш

 

106. Тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері қайсысы?

<variant> жабық зақымдануы

 

107. Ядролық жарылыстың жарық сәулесінен пайда болған күйік қалай аталады?

<variant> сәулелік күйік

 

108. Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы қалай аталады?

<variant> үсік шалу

 

109. Оттегінің күрт жетіспеушілігі және организмде улы газдың жинақталуы нәтижесінде пайда болған процесс қалай аталады?

<variant> тұншығу

110. Электр тоғының немесе найзағайдың атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақымдану қалай аталады?

<variant> электр жарақаты

 

111. Организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс-

<variant> тоқтың соғуы;

 

112. Кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейтін ұсақ микроорганизмдер қалай аталады?

<variant> вирустар

 

113. Зақымдану ошағында медициналық бақылауды күшейтуді және онда емдеу-сауықтыру мен сақтандыру шараларын өткізуді қарастыратын шаралар кешені қайсысы?

<variant> обсервация

 

114. Адамның қоршаған ортасындағы жұқпалы ауру қоздырғыштарды жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны қалай аталады?

<variant> дезинфекция

 

115. Жұқпалы ауруды тарататын жәндіктер мен кенелерді жою шаралары қалай аталады?

<variant> дезинсекция

 

116. Адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешенін қалай аталады?

<variant> тіршілік қауіпсіздігі

 

117. Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы қай жылы қабылданды?

<variant> 1997 жылы 7 мамыр

 

118. Азаматтық Қорғаныс құрамалары не себептен құрылған?

<variant> соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық –құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған

 

119. Қазақстан Республикасында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заң қай жылы қабылданды?

<variant> 1996 жылы 5 шілде

 

120. Технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы қайсысына жатады?

<variant> авария

 

121. Апаттар шығу тегі бойынша қалай бөлінеді?

<variant> табиғи және жасанды

 

122. Сел, сырғыма, қар көшкіні қандай факторларға жатады?

<variant> топологиялық

 

 

123. Бұл ТЖдағы іс-әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін-өзі құтқару негіздерін білу тіршілік дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердің болуы, өзін-өзі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру шаралары қалай аталады?

<variant> тірі қалу факторлары

124. Гамма сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиактивті зақымдануын және гамма радиация деңгейін өлшеуге арналған құрал қайлай аталады?

<variant> рентгенометр

 

125. Радиация деңгейін өлшейтін аспап қалай аталады?

<variant> дозиметр

 

126. Қауіптілік дегеніміз не?

<variant> белгілі-бір жағдайда адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсерін тигізетін құбылыстар

 

127. Қышқыл жаңбыр дегеніміз не?

<variant> күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық әсерінен туындайтын құбылыс

 

128. Ықтимал қирау, радиактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аймақ қалай аталады?

<variant> қауіпсіз аймақ

129. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері қалай жүргізіледі?

<variant> көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау пунктері, көшіру-жиналу пунктері, аралық көшіру, көшіру-қабылдау комиссиялары

 

130. Көшіру комиссиялары қай аумақтарда құрылады?

<variant> республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, ведомстваларда

 

131. Көшіру комиссияларының негізгі міндеттері:

<variant> көшіру кезінде келетін халықты есепке алу, қарсы алу мен орналастыруды ұйымдастыру

 

132. Көшіру-жиналу пунктерінің негізгі міндеттері қандай?

<variant> көшіру комиссиялары мен көшіру-жиналу пунктеріне бағындырылған объектілерімен, көлік иелерімен байланыс жасау, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру

 

133. Елді мекендерге, байланыс жолдарына жақын, ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасқан көшіру пунктері қайсысы?

<variant> аралық көшіру пунктері

 

134. Аралық көшіру пунктерінің негізгі міндеттері қандай?

<variant> елді мекендерге келген халықты қарсы алу және уақытша орналастыру, дәрігерлік көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау

 

135. Келген халықты қабылдауға, есепке алуға және орналастыруға арналған көшіру бекеттері қалай аталады?

<variant> көшіру қабылдау пунктері

 

136. Қатты әсерлі улы заттар шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері қалай аталады?

<variant> химиялық қауіпті объектілер

 

 

137. Жеңіл қондырғылар арқылы 15 күн мен 1 ай аралығында жаудың шабуыл қауіпіне байланысты тұрғызылған ғимарат

<variant> жылдам тұрғызылған панаханалар

 

138. Алдын-ала талдау үшін қандай негізгі шаралар қажет жүргізіледі?

<variant> қауіптің көзін айқындау

 

139. Ауыр дене еңбегімен шұғылданатын, адамдардың табанының жалпақтығы, кір жуушылардың жаурауы қайсысына жатады?

<variant> кәсіби жарақат

 

140. Өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезімен сипатталуы қалай аталады?

<variant> коллапс

 

141. Орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай қайсына жатады?

<variant> естен тану

 

142. Жараны микробтармен зақымдануынан қорғау әдісі қалай аталады?

<variant> асептика

 

143. Жараға түскен бактерияларды, микроорганиздерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою қалай аталады?

<variant> антисептика

 

144. Жоғары температураның химиялық заттың, рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кезде жарық сәулесінің әсерінен терінің зақымдануы қалай аталады?

<variant> күйік

 

145. Денеге жалын қайнаған су, жанып тұрған және газбен қызған және балқыған металдардың тікелей әсерінен болатын күйік қалай аталады?

<variant> термиялық күйік

 

146. Денеге жинақталған қышқылдардың және сілтілердің, фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?

<variant> химиялық күйік

 

147. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну қалай аталады?

<variant> ыстық тию

 

148. Жұқпалы аурулардың салыстырмалы қысқа мерзімде таралуы қалай аталады?

<variant> індет

 

149. Жұқпалы аурулардың тұтас елдердің үлкен аумағына жаппай таралуы қалай аталады?

<variant> пандемия

 

150. Жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені қалай аталады?

<variant> карантин

 

151. Жұқпалылық тұрғысынан қауіпті кеміргіштерді құрту шаралары қалай аталады?

<variant> дератизация

 

152. Басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, төтенше жағдай факторларының зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны қалай аталады?

<variant> азаматтық қорғаныс

 

153. Инженерлік барлауды жүргізу,үйінділерде жол мен өткел жасау, оның ішінде су кедергілер арқылы өтетен аспа жол жасау, өзге де инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылатын құрама қайсысы?

<variant> инженерлік-техникалық

 

154. Халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылған құрама қайсысы?

<variant> азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерінің құрамалары

 

155. Апаттық табиғи факторлар қайсысы?

<variant> метеорологиялық, тектоникалық, топологиялық, космостық

 

156. Тектоникалық және теллурлық апаттарға қайсысы жатады?

<variant> жанартаудың атқылауынан пайда болған өрттер, жер сілкінісі

 

157. Метеориттердің құлауы және басқа космостық денелердің құлауы қай факторға жатады?

<variant> космостық

 

158. Космостық, авиациялық, автомобильдік факторлар қандай факторларға жатады?

<variant> көліктік

 

159. Табиғи төтенше жағдайларға қайсысы топтастырылады?

<variant> геофизикалық, геологиялық, табиғи өрттер, теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар, ауылшаруашылық малдарының жұқпалы ауруларға шалдығуы

 

160. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қайсысы жатады?

<variant> өндірістік транспорттық авариялар, өрттер, ғимараттардың кенеттен құлауы

 

161. Қатты әсерлі улы заттардың әсері таралатын шектегі алаң қалай аталады?

<variant> химиялық зақымдану ошағы

 

162. Негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған аймағы қалай аталады?

<variant> соққы толқыны

 

163. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер

<variant> электромагиттік импульс

 

164. Организмге берілген энергия мөлшері қалай аталады?

<variant> доза

 

165. Организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілген, сіңірілген доза мөлшеріне тең қайсысы?

<variant> эквивалентті доза

 

166. Егер адамдар тобын алған тиімді эквивалентті дозаны қосатын болсақ қалай аталады?

<variant> ұжымдық тиімді эквивалентті доза

 

167. Радиактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін радиациялық қауіп қайсысы?

<variant> радиациялық авария

 

168. Элементті бөлшектер ағынын электрон, протон, нейтрон, магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену қалай аталады?

<variant> иондаушы сәулелену

 

169. Өз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудың алдын-алуға арналған құралдар жиынтығы қалай аталады?

<variant> жеке дәрі-дәрмек қобдишасы

 

170. Сырқаттарды анықтау және оқшаулау мақсатында жасырынатындардың денсаулығын тұрақты бақылауға арналған бөлме

<variant> санитарлық нүкте

 

171. Радиациядан қорғайтын орын қайсысы?

<variant> жертөле

 

172. Көшіру қабылдау коммиссиясының негізгі міндеттері қандай?

<variant> көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды тіршілік көзімен қамсыздандыру, берілетін көмек тәртібін нақтылау

 

173. Төтенше жағдайлар мен зақымдау құралдарын қолдануы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау шарасы қалай аталады?

<variant> көшіру

 

174. Улы заттар мен бактериалогиялық зақымданудан тазарту қай режимде жүргізіледі?

<variant> сүзгілік желдеткіш арқылы

 

175. Өнеркәсіпте, көлікте үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қирау жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар қайсысы?

<variant> қатты әсер ететін улы заттар

 

176. Сәулеге ұшыраған дененің массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері қалай аталады?

<variant> сіңірілген доза

 

177. Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның жауабы қалай аталады?

<variant> қорқыныш;

 

 

178. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын қауіп қалай аталады?

<variant> табиғаттағы тосын жағдай

 

179. Жанжалды сипаттағы төтенше жағдай:

<variant> қарулы шабуыл, кейбір аймақтардағы толқулар, соғыс уақыттардағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану

 

180. Пайда болу сатысы бойынша төтенше жағдай:

<variant> табиғи, техногенді, жанжалды

 

181. Радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық факторлар қай факторларға жатады?

<variant> өндірістік

 

182. Соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік қай факторға негіз бола алады?

<variant> әлеуметтік

 

183. Тектоникалық және теллурлыққа қандай факторларды жатқызуға болады,

<variant> жанартаудың атқылауынан болған өрт

 

184. Барлау, іздестіру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылатын құрама қалай аталады?

<variant> құтқару құрамалары

 

185. Механикалық тұншығудың түрі қайсысы?

<variant> суға бату

 

186. Адам өмірін сақтаудағы принциптер мен қорғану әдiстердiң орындалуы нені қамтиды?

<variant> жалпы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету құралдарын;

 

187. Құтқару және басқа да қажеттi жұмыстарға не жатады?

<variant> адамдарға медициналық залалсыздандыру шараларын жүргізу және техникамен қамту, құрал-жабдықтардан және түрлi зиянды әсерлерден аймақты залалсыздандыру

 

188. Жер сiлкiнiстерi мен жарылыстарда зардап ошағының формасы қандай болады?

<variant> дөңгеленген, шеңберлi

 

189. Өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы қандай жағдаймен байланысты сипатталады?

<variant> аварияның туындауымен байланысты

 

190. Корпус көлемі бойынша 5 л дейінгі қолмен босататын өртсөндіргіштер- бұл

<variant> азлитражды

 

191. Жеке қорғаныс құралдарын дайындау қайда жүргізіледі?

<variant> қолдан жасалады және өнеркәсіпте дайындалған;

 

192. Діріл қандай ластану түріне жатады?

<variant> ортаның физикалық ластануына

 

193. «Қышқылдық жаңбырды» қай газдар туғызады?

<variant> SO2, CO2

 

194. Қоршаған ортаның техногенді ластануы қай факторға негіз бола алады?

<variant> антропогендік

 

195. Жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен қозғалуы нәтижесінде және тығыз тербеліс түрінде үлкен қашықтықта берілетін жер асты дүмпуі мен жер бетінің тербелісі қалай аталады?

<variant> жер сілкінісі

 

196. Табельдік өрт сөндіру құралдарына не жатады?

<variant> өртсөндіргіш, балта, шелек

 

197. Адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін бақылаусыз процесс қалай аталады?

<variant> өрт

 

198. Жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты қалай бөлінеді?

<variant> тыныс жолдарын, теріні, медициналық қорғау құралдары

 

199. Газқағарлар қалай бөлінеді?

<variant> оқшаулағыш, сүзгілі

 

200. Өрт сөндіргіш құралдары түрі бойынша қалай жіктеледі?

<variant> сұйық, аэрозольды, ұнтақты

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ВОССОЗДАЙТЕ ШАМБаЛУ | Анализ процессов линейных систем


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных