Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шалфей жапырағы Folium Salviae




Жаз бойы жиналған, жуылып кептірілген, мәдени жартылай бұта өсімдігі,дәрілік шалфей – Salvia officinalis L.,тұқымдасы ерінгүлділер – Lamiaceae.

 

Сыртқы сипаттамасы. Жапырақ кесінділері әртүрлі формада және бүтін жапырақтарының ұзындығы 1мм-ден 35 мм-ге дейін басқада өсімдіктердің қосылыстары болуы мүмкін. Жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл (үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Күшті хош иісі бар.Дәмі ащы.

 

Микроскопиясы. Шалфей жапырағының препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтер бар: жапырағы жоғарғы жағынан қарағанда эпидермис клеткалары көрінеді: көпбұрышты әлсіз иілген қабырғалы, төменгі жағынан қабырғалары көбірек иілген.Лептесік негізінен төменгі жағынан, екі лептесікмаңы жасушаларымен қоршалған, олар лептесік шеліне перпендикуляр орналасқан (диацидті тип). Эфир май бездері жапырақтың екі бетінен де дөңгелек формалы, бір бірінен қиын ажыратылатын, жарық өткізетін аяқтары бар,6 – 8 бөлгіш клеткалармен радиальды ажырайды, талшықтары көп, әсіресе, төменгі бөлігінен, жай және бірнеше бастары бар. Жай талшықтар көп клеткалы, төменгі клеткалар (2-4 жиі) қысқа, қабырғалары қалың, жоғарғы клеткасы ұзын, иілген, қабырғалары жұқа. Басы бар талшықтар ұсақ, қысқа, бір не ұш аяқтардан тұрады және шар тәрізді бір екі жасушалы бастары бар, жиегінен және астынан да жақсы көрінеді.

Сандық талдауы. Аналитикалық сынамадағышикізатты ұсақтайды,диаметрі 2мм елеуіштен өткізеді.

1 және 2 әдіс арқылы 30 г шикізаттағы эфир майының мөлшерін анықтау.1 сағат ішінде айдайды.

 

Сандық көрсеткіштері. Эфир майының мөлшері 0,8%–тен кемболмауы керек; ылғалдығы 14%-тен артық болмауы керек; жалпы күлі 12% артық болмауы керек;қоңыр және қарайған жапырақтары 5%–тен артық болмауы керек;басқа мүшелері (сабақтар және гүл шоғырлары) 13%–тен артық болмауы керек;диаметрі 0,5мм елек торынан өтетін өсімдік бөліктері 10% –тен артық болмауы керек;ораникалық қоспалар 3%–тен артық болмауы керек; минералды қоспалар 0.5% артық болмауы керек.

 

Қаптауы. Шикізат 50 кг артық емес матадан жасалған немесе кенеп қаптарға қапталуы керек; Шалфей жапырақтарын 50 граммнан картонды 8-1-4 қорапшаларда қапталады.

 

Сақтау мерзімі. 1 жыл 6 ай.

Қабынуға қарсы дәрілік зат.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных