Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Теңдестіруші реакторлы алты фазалы түзеткіштер




Мұнда трансформатордың алты екінші реттік орамасы екі үш фазалы топқа бөлінген. әр топтағы орама жұлдызшалы сұлбамен жалғастырылған (29-сурет). Топтардың нөлдік нүктелері бір бір фазалы теңдестіргіш реактормен (ωр) жалғастырылып, ортаңғы нүктесі сыртқы беріліске шығарылған. Теңдестіруші реактор алма кезек екі фазаның кернеуін түзетіп теңестіреді.

30-сурет. Теңдестіргіш реакторлы алты фазалы түзеткіш

 

Осыған орай сәйкес вентильдерде токтың бір уақытта өтуі қамтамасыз етіледі. Теңдестіруші реактордың орталық нүктесі жүктемелік токтың теріс полюсі болып табылады. Трансформатордың бір топтық орамаларының ұштары вентильдердің тақ топтарына (В1 , В3, В5), ал екінші топтық орамалардың ұштары вентильдің жұп топтарына (В2 , В4 , В6) жалғасқан. Реактордың нәтижесінде түзетілген керне қисығы екінші фаза кернеуінің ортасына келетін үлестердің қосындысы болып қалыптасады. Кернеудің қайталану жиілігі, үш фазалық көпірлі сұлбадағыдай алты еселенген әдеттегі жиілікке (300Гц) тең. Келтірілген сұлбаның басымшылығы - амплитудалық токтың ұзақтығы мен оның шамалық төмендігі.

Вольт-амперлік сипаттамасы күрт құламалы түзеткіштер. Сыртқы сипаттамасы күрт құламалы түзеткіштер негізінен элеткрдоғалы пісірудің әртүрлі тәсілдерімен: қаптамалы элеткродпен қолмен пісір, вольфрам электродымен оқшаулашы газ ортасында және пісірдің басқа да тәсілдерінде қолданылады. Бұл түзеткіштерде бос жүріс кезінде кернеу шамасы елеулі өзгермейді, ал ток мәнін кең ауқымды аралықта реттеу, өзгерту талабына сай келеді. Күрт құламалы вольт-амперлік сипаттамасы трансформатордың өзінде және басқарылымды транзисторлармен немесе түзеткіш тирситорлық блоктармен қалыптастырлатын түзеткіштер де бар.

Қолмен доғалы пісіруге арналған түзеткіштер жұмыстық кернеуі 25-тен 40 В дейін болғанда пісіру тогының 125-тен 500 А дейінгі номинальды мәніне арналып жасалады. Механикаландырылған және автоматты доғалы пісіруге арналған түзеткіштер жұмыстық кернеуі 46-дан 76 В дейін болғанда пісіру тогының 500-ден 2000 А дейінгі номинальды мәніне арналып жасалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных