Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Нәрлендіру көздерінің көмекші құрылғылары




Доғалы пісіру кезінде қолданылатын көмекші құрылғыларға осциллятор, доғаны импульсті қоздырғыш, тұрақтандырғыш және балласты реостат жатады.

Осциллятор өндірістік жиіліктегі ток пен төмен кернеуді жоғары жиілікті токқа (100 – 300 кГц) және жоғары керенуге (2000 – 6000 В) түрлендіретін құрылғы болып табылады. Жоғары кернеу импульсін бергенкезде пісірілетін металл мен электрод аралығы ұшқынданып бос электрондар пайда болады. Қысқа мерзімдік ұшқындық разряд доғаға ұласып, доғаның тұтанып жанып және орнықты жалындауына жағдай жасайды.

Осцилляторларды (11-кесте) доғаны түйістірусіз тұтандыру үшін қолданады, бұл әсіресе оқшаулаушы газ ортасында балқымайтын вольфрам электродымен пісіру кезінде маңызды. Доғаны түйістіріп тұтандыру вольфрам электродымен жұмыс істегенде зиянды, өйткені элеткрод шығыны көбейіп кетеді.

11-кесте

Осцилляторлардың негізгі техникалық көрсеткіштері

 

Маркасы Кернеу, В Тұтынатын қуаты, Вт Жиілігі, кГц Габариттері, мм Мас- сасы, кг
Алғашқы Екінші бос жүрістікі
М-3 ОС-1 ОСЦН ОСПЗ-2м ОСЦВ-2 4-65 - -   - - 350x240x290 315x215x260 390x270x350 250x170x110 300x215x296 -

 

Осцилляторды доға желісіне параллельді және тізбектей қосу сұлбалары қолданылады. 40-суретте осцилляторды параллель қосу сұлбасы келтірілген.

 

40-сурет. МЗ осцилляторын пісіру желісіне параллель қосу сұлбасы:

1 — пісіру жандырғысы; 2 — дайындама; Т1 — пісіру трансформаторы; Т2 — повышающий осциллятордың көбейтуші трансформаторы; LL — дроссель; F — разрядтағыш; С1 и С2 — контур конденсаторы мен қорғаныстық конденсатор; L1 және L2 — өздігінен индукцияланатын және байланыс катушкалары

 

Осциллятор есебінде жоғары жиілікті қуаттылығы төмен (100 – 300 Вт) ұшқынды генераторларды қолдану кеңінен таралған. Жоғары жиілікті ток пен кернеу адам өмірі үшін қауіпсіз. Тұрақты токты нәрлендіру көзімен пісіру кезінде осциллятор доғаның бастапқы тұтанып жануына қызмет етеді, ал айнымалы токпен пісіру кезінде доғаны бастапқы тұтандырып жандырумен қатар оның ары қарай орнықты жалындауын қамтамасыз етеді. Осцилляторлар негізінен қуаттылығы төмен доғамен пісіруде, жұқа қалыңдықты металды пісіруге, нәрлендіргіштің бос жүріс кернеуі төмен болғанда қолданылады.

Доғаны импульсті қоздырғыштар доғаны тұтандырып жандыруды жеңілдету үшін және оның орнықты жануы үшін, легірленген болаттар мен түсті металды оқшаулаушы газ ортасында балқымалы электродпен пісіру кезінде балқыған электрод металының пісіру ваннасына тамшыланып қосылу процесін жақсарт үшін қолданылады.

Импульс бергіш генератордың электрлі сұлбасы 41-суретте көрсетілген. Оны пісіру тізбегіне пісіру трансформаторына параллель қосады.

 

41-сурет. Импульс бергіші генераторды пісіру тізбегіне қосудың электрлік сұлбасы:

1— импульс бергіш генератор; 2 — дайындама; 3 — пісіру жандырғысы; Т1 — жоғарылатқыш трансформатор; Т2 — пісіру трансформаторы; VD — диод; СУ— синхрондаушы құрылғы; SА – сөндіргіш; R – резистор; С – конденсатор

 

Конденсатор С жоғарылатқыш Т1 трансформаторынан диод VD арқылы заряд алады. Арнайы синхрондағыш құрылғы токтың нөлдік нүкте арқылы өтуі кезінде сөндіргішті SА тұйықтайды, сол кезде конденсатор С жоғары кернеулі (200 – 300 В) қысқа мерзімдік импульсті ток ретінде доғалы аралық арқылы разрядталады.импульсті ток күші 1,5 – 2 А құрайды және бұл кезде импульс полярлығы сол мезеттегі доға кернеуінің полярлығымен сәйкес келеді. Конденсатор разрядталған соң синхрондаушы құрылғы сөндіргішті ажыратады, ал конденсатор келесі импульсті беру үшін қайтадан зарядталады.

Осцилляторлармен салыстырғанда импульсті қоздырғыштар мынадай артықшылықтары бар: радиобөгеттер тудырмайды және доғаны қайтадан тұтандырып жандырғанда сенімді жұмыс істейді.

12-кесте

Импульс бергіш генераторлардың негізгі техникалық көрсеткіштері

 

Параметрлері НИП-1 ИИП-2 ГИ-ИДС-1 ГИД-1
         
Импульсті ток амплитудасын ретте шектері, А 400-850 500-1000 400-1200 450-1200
Импульс өндіру жиілігі, импульс/с     50-100 50-100

 

12-кестенің жалғасы

         
Импульс ұзақтығы, м/с 1,5-2 1,6-2,8 1,8-3,5 1,1—3
Реттеу сатысының саны: импульс тогын импульса ұзақтығын       Жатық -
Электрод диаметрі, мм 1,6-2 0,8-2,5 0,8-2,5 0,8-2,5
Номинальды қуат, кВт        

 

Тұрақтандырғыштар балқымалы электродты қолданып айнымалы токпен пісіру кезінде пісіру доғасының тұрақты жалындауын қамтамасыз етеді. Ол үшін доғаға әрбір жарты периодтың басында жоғары кернеу импульсі беріліп отырады, мұнда ток нөлдік мәннен өту кезінде доға іс жүзінде қайта тұтандырылады деуге болады. СД-2 тұрақтандырғышы (42-сурет) зарядтағыш құрылғыдан ЗУ, конденсатордан С, ток трансформаторынан ТА, контактордан КМ және басқару блогынан БУ тұрады. Конденсатор зарядтағыш құрылғы арқылы зарядталып, пісіру тогы нөлдік мән арқылы өткенде доғалы аралық Д арқылы разрядталады және осы кезде доғалы разрядты тұрақтандырады. Тұрақтандырғыш жеке блок болып жасалып пісіру трансформаторының Т екінші реттік орамасына қосылысады.

42-сурет. СД-2 тұрақтандырғышын пісіру тізбегіне қосу сұлбасы

 

Алюминий мен оның қорытпаларын балқымайтын электродпен аргон-доғалы қолмен пісіруде (айнымалы токпен) доғаны жануын қоздыру мен тұрақтандыру үшін ВСД-01 қоздырғыш –тұрақтандырғышы қолданылады. Ол доғалы аралық ұзындығының 6 мм дейінгі шамасында доғаның орнықты жануын және элеткрод пен бұйымның арасындағы саңылаудың 2 мм шамасында доғаның оңай тұтануын қамтамасыз етеді.

Нәрлендіру көздерінде пісіру соңына қарай пісіру тогын жатық реттегіштер жиі пайдаланылып жүр. Бұл пісіру поцесін аяқтар кезінде пісіру жігіндегі кратерді толтырып пісіру үшін өте маңызды.

Балласты реостаттар көп орынды нәрлендіру көздерін пайдаланғанда пісіру постының әрқайсысындағы пісіру тогын реттеуге және құламалы сипаттама қалыптастыру үшін қолданылады (43-сурет). Реостаттарды блок болып жинақталған резисторлар мен ажыратқыштардан құрастырады, ажыратқыштарды тізбекке қосу пісіру тогын едәуір кең аралықта сатылы реттеуге мүмкіндік береді (20-сатылы).

Балласты реостатты пісір тізбегіне доғамен тізбектей жалғастырады. Өндіресте балласты реостаттар пісіру тогын әрбір 10 А сайын 10-ан 200 А-ге дейін, әрбір 15 А сайын 25-тен 500 А-ге дейін реттеуге мүмкіндік береді (13-кесте).

43 - сурет. РБ типті балласты реостаттың электрлі сұлбасы:

1 – 22 – резисторлар; І – V - ажыратқыштар

 

13-кесте

Балласты реостаттардың негізгі техникалық көрсеткіштері

Маркасы Номинальды Реттеу шегі Габариттері, мм Массасы, кг
  ток, А      
РБ-201   10-200 50x355x635  
РБ-300   10-300 550x370x700  
РБ-301   10-300 580x410x635  
РБ-501   10-500 600x410x635  
РБГ-301   315 дейін 600x410x390  
МБГ-502   500 дейін 580x465x648  

 

Негізгі әдебиет: 2 [181-186], 3 [332-335]

Қосымша әдебиет: 2 [25-43]

Бақылау сұрақтары:

1. Осциллятор қандай мақсатта қолданылады?

2. Импульсті қоздырғыш генераторы не үшін керек?

3. Балласты реостат қалай жұмыс істейді және қандай мақсатта қолданылады?

4. Тұрақтандырғыштың пісіру тізбегіндегі алатын орны қандай?

5. Осциллятор мен импульс бергіш генератордың қандай аырмашылығы бар?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных