Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дереу дамитын жоғары сезімталдықтың анафилаксиялық, реагиндік немесе атопиялық түрінің патогенезі.




Бұл серпілістер бактериялық емес аз мөлшердегі аллергендерге (шөп тозаңдарына, тұрмыстық шаңдарға, дәрі-дәрмектерге, тағамдық заттарға) дамиды және олардың дамуында lgT мен ig G4 өте маңыздыорын алады. Көрсетілген иммундық глобулиндер лаброциттерге (тінтік базофилдерге немесе мес жасушаларына) үйір болып келеді. Лаброциттердің және қан базофилдерінің сыртында ig E-нің Fc-бөлшегін байланыстыратын рецепторлар болады. Адамда лаброциттер теріде, шырықты қабықтарда, тегіс ет жасушаларында (бронхиолаларда, ішектерде, жатырда ж. б.) көптеп орналасады. Сондықтан lg E осы тіндерге жақсы жабысады. Организмге аллерген қайталап түскенде ол иммундық Е-глобулиннің Fab-бөлшегімен байланысып, комплементтің қатысуынсыз, лаброциттердің түйіршіксізденуіне әкеледі. LgE мен аллерген байланысуынан лаброциттердің ішіне Са2+ иондары түседі. Осыдан жасуша ішіндегі микрофиламенттердің жиырылуынан лаброциттердің түйіршіксізденуі (дегрануляциясы) болады. Лаброциттердің түйіршектерінен аллергияның дәнекерлері (медиаторлары) босайды. Оларға гистамин, серотонин, гепарин, простагландиндер, лейкотриендер, эозинофилдердің, нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары ж. б. жатады.

Гистамин тегіс еттердің (бронхиолалардың, ішектердің, жатырдың) тез жиырылуын туындатады, капилярлар кемерлерінің өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан бронхоспазм, ісіну, есекжем, терідегі нүктелі бөртпелер, қышыну ж. б. байқалады.

Серотонин теңіз тышқандарында, мысықтарда және егеуқұйрықтарда бронхоспазм шақырады.

Простагландин F2 қан тамырларының кеңуіне, тегіс етердің жиырылуына әкеледі.

Лейкотриендер, бұрын шабан әсер ететін А-заты деп аталған, ағзалардың

Тегіс еттерінің баяу және ұзақ жиырылуын туындатады. Оладамда бронхиолалардың спазмын шақырады және оның әсері антигистаминдік дәрілермен емделмейді.

Эозинофилдердің хемотаксистік факторы өкпенің, тегіс еттердің мес жасушаларында (лаброциттерде) аллерген мен иммундық глобулин Е-нің байланысуынан босайды. Оның әсерінен эозинофилдердің хемотаксисі, содан олардың тамыр сыртына шығуы күшейеді. Эозинофилдерде арилсульфатаза, гистаминаза ферменттері бар, олар лейкотриендерді және гистаминді ыдыратады.

Жасушаның әртүрлі бөлшектерінен әртүрлі медиаторлар бөлінеді. Мысалы: гистамин, гепарин, эозинофилдердің хемотаксистік факторы лаброциттердің түйіршектерінен босайды. Простагландиндер, лейкотриендер жасуша мембранасының фосфолипидтерінен (қанықпаған май қышқылы - арахидон қышқылынан) өңдіріледі.

Жасушалардан медиаторлардың босауы- энергия пайдаланып өтетін белсенді құбылыс.

Оның негізгі механизмі болып лаброциттерде циклдік АМФ деңгейі төмендеуі есептеледі. Ол цАМФ түзілуінің азаюынан немесе оның фосфодиестераза ферментімен артық ыдырауынан болады. Осыдан цАМФ-тың түзілуін арттыратын дәрілер (адреналин,эфедрин, простаглендиндер Е ж.б.) немесе фосфодиэстераза ферментін тежейтін дәрілер (эуфилин, теофилин ж. б.) анафилакциялықреакцияларды емдеуде нәтижелі қолданылады. Керісінше, жасуша ішінде цГМФ артық жиналып қалғанда, аллергияның медиаторлары босауы ұлғаяды. цГМФ-тың көбеюі оның артық түзілуінен (гуанилатциклаза ферментінің әсерленуінен) немесе оның ыдырауы төмендеуінен болуы мүмкін. Гуанилатциклазаның артық әсерленуі м-холинергиялық әсерлерден болуы ықтимал.

ДДЖС анафилаксиялық түрінің (1-түрінің) мысалы болып анафилаксиялық шок есептеледі.

Анафилаксия құбылысын ең алғаш С. Рише мен Г. Портье ашып жазды. Тәжірибиелікиттергекөк қан тамыры ішіне бөтен нәруызды бірінші енгізгеннен кейін бірнеше апта өткен соң оны қайталап екінші рет жіберген, иттердің қатты әлсіреуі, тынысының тарылуы, құсу және кейбіреулерінің өлімі байқалған. Организмнің бұл реакциясын анафилакция деп атаған. Анафилакция (грек. аna-жоққа шығару, рhylaxis-қорғаны, б. а. қорғаныссыздық) бөтен нәруыздардың әсерінен дамитын жоғары сезімталдық жағдай. Ол жануарларда тәжірибеде жақсы зерттелген. Анафилаксиалық шок сезімталдығы көтерілген жануардың қанына антигеннің (бөтен қан сары суының) шешуші өлшемін жібергенде дамиды. Бұл өлшем сенсибилизация үшін жіберілген өлшемнен 10 есе көп болуы керек.

Анафилаксиялық шок әртүрлі жануарларда әртүрлі жолдармен дамиды. Теңіз тышқандарында бұл шок бронхиолалардың тегіс еттерінің қатты жиырылуымен сипатталады. Осының нәтижесінде өкпе әлвеолаларының қатты керілуі немесе созылуы (эмфизема) және бұл әлвеолаларда ауа алмасуы тоқтауы (ателектаз) байқалады. Осыдан келіп теңіз тышқандары тұншығудан өледі.

Иттерде анафилаксиялық шок іш қуысы ағзаларының (бауыр, ішек-қарын ж. б.) қан тамырлары кеңуімен және оларда қанның іркіліп қалуымен сипатталады. Осыдан айналымдағы қан көлемі азаяды, артериялық қан қысымы төмендейді, жүрек соғуы әлсірейді.

Қояндарда шок өкпе артериолаларының жиырылуымен, содан оң қарыншаның қызметі нашарлауымен, қанның үлкен қан айналым шеңберінде іркілуімен, жүректен қан шығу көлемінің азаюымен және артериялық қысымның төмендеуімен сипатталады.

Адамда бұл шок ауыр түрде өтеді. Ол дәрі-дәрмектердің (пенициллин, новокаин, аспирин, витамин ВІ ж. б.) әсерлерінен оларды егулердің нәтижелерінде жиі байқалады. Сонымен қатар кейде аллергендердің ауыз арқылы, тыныс жоларымен түскендерінде және ерекше сезімтал адамдарда, емдік май ретінде теріге жаққанда да дамуы мүмкін. Балаларда анафилаксиялық шок сиыр сүтіне, жұмыртқаға, балыққа, жаңғаққа ж. б. дамуы мүмкін. Бұл шоктың адамдағы көріністері әртүрлі болуы ықтимал. Жиі жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі (коллапс) дамиды, тамыр соғуы әлсіреп, жиілейді. Тыныс алу ағзалары өзгереді, қатты жөтел, бронхыспазм, ауа жетіспеушілік сезімі, түншығу байқалады. Орталық нерв жүйесінің бұзылыстары, кейде естен тану болады. Бұл кезде қорқыныш сезімі, қобалжу, бас ауыруы, құлақ шулауы, қатты терлеу, кейде есекжем және Квинке ісінуімен қабаттасатын тері қышуы байқалады. Ас қорыту ағзаларының қызметі бұзылады. Осыдан лоқсу, құсу, іштің ауыруы, іш кебу, іш өту, кейде еріксіз дәрет бұзылуы байқалады.

ДДЖС-тың анафилаксиялық түріне атопиялық (оғаш) аурулар жатады. Бұл аурулар тек адамда ғана болатын аурулар. Оларға поллиноз (лат. pollen — өсімдік тозаңы), инфекциялық емес бронхиалық астма (грек. asthma— алқыну, түншығу), есекжем, Квинке ісінуі жатады. Атопиялық аурулардың аллергендері болып эпидермис жасушаларының антигендері, өсімдік тозаңдары, дәрілік, тағамдық заттар ж. б. есептеледі. Олар организмге тыныс алу, ас қорыту жолдары, тері арқылы түседі.

Поллиноз — өсімдіктер гүлдеп тұрғанда олардың тозаңдары тыныс жолдарына және көзге түсуіне байланысты мезгіл-мезгіл пайда болатын ауру. Өсімдік тозаңдарына сезімтал организмге олардың қайталап түсуі мұрынның шырышты қабығын, көзді қоздырып, ринит, коньюнктивит дамытады. Содан мұрыннан көп шырыш, көзден жас бөлінеді, қабақ қышиды, түшкіру болады.

Бронхиалық астма кенеттен ұсақ бронхиолалардың саңылаулары тарылудан демді сыртқа шығару қиындап, тұншығу ұстамалары пайда болуымен сипатталады. Бронхиолалардың саңылаулары тарылуы мына себептермен байланысты:

1. тегіс еттердің жиырылуынан бронхоспазм дамиды;

2. капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылауынан бронхиолалардың шырышты қабығы ісінеді:

3. бронхиолалардың эпителий жасушаларының секрециялық қызметі көтерілуінен қою шырышпен олардың саңылаулары бітеледі.

Есекжем мен Квинке ісінуі — организмге аллергендер түсуіне байланысты тері мен шырышты қабықтардың, кейде ішкі ағзалардың өткінші ісінуі. Олар көптеген аллергендерге, дәрілерге дамиды. Бұл реакциялардың дамуында тектік ерекшеліктердің маңызы зор. Есекжем мен Квинке ісінуі даму механизмдерінде гистаминнің ж. б. биологиялық белсенді заттардың босануы үлкен маңызды рөл атқарады. Олар прекапиллярларды, капиллярларды және ұсақ веналарды кеңітіп, олардың өткізгіштігін жоғарылатады. Экссудация процесінің күшеюінен теріде, шырышты қабықтарда күлдіреу пайда болады. Есекжем кезінде қанбайтын қышу сезімі терідегі сезімтал нерв аяқшаларының қозуынан болады. Ал, Квинке ісінуі кезінде бүл өзгерістер тері астындағы қабатта болатындықтан ол байқалмайды.

Атопиялық аурулар көпшілік жағдайларда тұқым қуалаушылыққа бейімділігі бар адамдарда дамиды. Бүл адамдарда тектік ерекшелігімен байланысты, IgE түзілуі жоғары деңгейде немесе аденилатциклаза ферментінің гендік ақауы немесе секрециялық ІgА түзілуі жеткіліксіз болуы мүмкін.

Дереу дамитын жоғары сезімталдықтың цитотоксиндік (ІІ-типі) түрі.

Аллергияның бұл түрі жасуша сыртындағы орналасқан антигенмен немесе гаптенмен антидененің байланысуы нәтижесінде дамиды. Бұл аутоантиген темендегі жағдайларда пайда болады.

Аллергиялық серпілістің цитотоксиндік түрінде организмнің меншік сау жасушалары мен тіндері немесе әртүрлі (ыстық, суық темпуратуралардың, химиялық заттардың, дәрі-дәрмектердің, микробтар мен олардың уыттарының, вирустардың ж.б.) ықпалдардың әсерлерінен бүлінген жасушалары мен тіндері антиген бола алады. Организмнің меншік сау тіндері мына жағдайларда антиген болуы мүмкін (33-кесте);

1. организмге тобы немесе резус факторы бойынша сәйкес
емес қан құйғанда, организмнің меншік эритроциттері антиген
(агглютиноген) болады да, оған қарсы антиденелер (агглю-
тининдер) қүйылған қанмен енгізіледі;

2.әртүрлі себептерден (жарақат, қабыну, қанайналымы бүзылыстарынан ж.б.) кейбір тіндерде (ми қүрылымдары, қалқанша без, көз бүршағы, аталық без) гематоэнцефалиялық, гистогематикалық тосқауылдардың бұзылыстарынан табиғи
аутоантигендерге қарсы аутоантиденелер түзілуі ықтимал;

3. кейбір ағзалар мен тіндердің (жүрек, бүйрек, буын тіңдері)
антигендік қасиеттеріне стрептококктардың антигендері ұқсас
болады. Сол себептен организмде бүл стрептококктарға қарсы
өндірілген антиденелер керсетілген ағзалар мен тіндердің сау
жасушаларымен байланысуы мүмкін. Бұндай антиген мен
антиденелердің өзара әсерлерін айқасқан әсер деп атайды.

4. жоғарыда көрсетілген әртүрлі әсерлерден тіндердің
нәруыздарының бүліністері аутоантигендер пайда болуына
әкеледі және оларға қарсы организмнің өзінің иммундық
жүйесінің қатысуымен аутоантиденелер өндіріледі.

Гаптендер (дәрілер) қан немесе басқа ағзалар жасушаларының сыртына жабысып, антигенге айналады. Қанда айналып жүрген антиденелер (ІдМ, Сз ж. б.) жасуша сыртына жабысқан аллергенмен байланысады. Осының нәтижесінде комплемент жүйесі әсерленеді, лизосомалық ферменттер босайды, калликреин — кинин жүйесі әсерленеді, полиморфты ядролы лейкоциттердің хемотаксисі, қабыну ошағына шыгуы дамиды, жасушалардың ыдырауы байқалады. Бұл кезде фосфолипазалар А және С әсерленеді, содан мембраналардағы фосфолипидтер ыдырап, мембраналардың тұтастығы бұзылады. Осы жолдармен эритроциттердің гемолизі, лейкоциттер мен тромбоциттердің ыдырауы дамуы мүмкін. Содан гемолиздік анемия, лейкоцитопения, тромбоцитопения байқалады. Жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы дамиды.

Сонымен бірге ағза жасушаларының ыдырауы антидене тәуелді жасушалардың қатысуымен де болуы мүмкін. Қанда К-жасушалары (Т- немесе В-жасушаларына жатпайтын лимфоциттер) бар. Олардың сыртқы қабықтарында ІgС-дің Ғс бөлшегін байланыстыратын рецепторлар болады. Осы рецепторларымен олар жасушаның сыртына бекіген ІgС-мен байланысып, ағза жасушаларын ыдыратады. Стрептококктарға қарсы өндірілген антиденелер жүрек, бүйрек тіндерінің антигендерімен байланысуы мүмкін. Экспериментте алынған әртүрлі тіндерге қарсы цитотоксиндік қан сары суын жіберу арқылы сәйкес ағзалардың бүлінуін шақыру, аутоиммундық адам ауруларының жануарлардағы үлгілерін алу үшін пайданылады. Бүл көрсетілгендер ДДЖС-тың цитотоксиндік түрі аутоаллергиялық аурулар дамуында маңызды екендігін көрсетеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных