Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ызылорда облысы аймағындағы балық аулау шаруашылығының қазіргі жағдайы




Қызылорда облысында балық аулау Сырдария, Шағын Арал және әртүрлі су қоймалары мен тоғандарда жүзеге асырылады.Сырдария, Кіші Арал сияқты табиғи ірі су артериясына қарағанда,тоғандардан балық аулау ауқымды материалдық шығындарды және балық өсіруге қажетті өндірістік алаңды қажет етеді.Мысалы, тауарлық балық өсірудің бір бірлігіне шаққандағы жемнің шығыны 4,6 құрайды, ал бір маусымдағы минералдық тыңайтқыштың (суперфосфата и селитры) шығыны-280 кг/га, езілмеген әктің шығыны 1т/га құрайды.

Екі жылда өсіру жағдайында тауарлық карп(тұқы) салмағы 330 -400грамды, ал өнімнің балығы бір гектардан 10-12ц құрайды, ал үш жылдық өсіру жағдайында 600-800 грамм- бір гектардан -14-16 пайызды құрайды.

ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің балық шаруашылығы Комитетінің ұдайы өндіріспен айналысатын кәсіпорындары балық ресурстарын сақтау және ұдайы өндіру мақсатында, жыл сайын «Балық ресурстарының ұдайы өндірісі» 038 бюджеттік бағдарламасы аясында республиканың шаруашылық су қоймаларын балықтандыруды жүзеге асырады.

 

Уылдырықсыз өсіру шаруашылықтарында жасанды өсірудің негізгі обьектілері болып,сиг, осетр,карп (тұқы)және шөппен қоректенетін балық түрлері табылады.

2013 жылы 158,4 млн. дана өсіріліп, суға жіберілген:оның ішінде:Майлыбалық балық питомнигінде - 41,0 млн. дана,Атырау осетр өсіретін балық зауытында -7,0 млн.дана, КазПАС -0,8 млн.дана, Қамыстыбалық питомнигінде15,2 млн. дана, Петропавл балық питомнигінде- 86,0;Қапшағай НВХ -8,4 млн.дана.

Тірі табиғат обьектілерін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану туралы қолданыстағы заңға сәйкес, жануарлар әлемін пайдаланушыларға бекітілген су қоймаларынан арнайы пайдалануға рұқсат етіледі.

Осы нормаға сәйкес, 2006 жылдан бастап, Балық комитеті халықаралық, республикалық жән жергілікті маңызы бар балық шаруашылығының су қоймаларын пайдаланушыларға ұзақ мерзімге (5-49 жылға дейін) пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеді.

Бұл норма пайдаланушыларға ұзақ мерзім ішінде балық шкізатына қол жетімділікті қаматмасыз етеді және балық шаруашылығын дамытуға және балық ресурстарының ұдайы өндірісіне жеке қаржылық қаражаттарды салу және инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Одан басқа,балық шаруашылығының су қоймаларын пайдаланушыларға ұзақ мерзімге беру, пайдаланушылардың қаржы қаражаттарын ғылыми, ұдайы өндірістік жұмыстарға салуы, қорық сақшыларының қызметін құру арқылы күзет шараларын күшейту, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы балық аулау саласына жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасауды қарастырады,ол саланың бәсекеге қабілеттігін арттырады.

Өткен мерзім ішінде, балық шаруашылығының су қоймаларын бекіту бойынша конкурс жүргізу Ережесіне және конкурсқа қатысатын қатысушыларға қойылатын квалификациялық талаптарға, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, халықаралық және республикалық маңызы бар 368 су қоймасынан, балық шаруашылығының 162 субьектісіне 286 су қоймасы бекітілді.

Оның ішінде Орал-Каспий бассейні бойынша 56 су қоймасынан 54 су қоймасы немесе 96,4%,Балқаш-Алакөл бассейні бойынша балық шаруашылығының 81 субьектісіне 172 немесе 79,6 %, су қоймасы,Арал-Сырдария бассейні бойынша -47 су қоймасынан 16 немесе41 %, Зайсан Ертіс- 49 су қоймасынан- 27 балық шаруашылығы субьектілеріне 44 немесе (89,8 %) су қоймасы бекітілген.

Қызылорда облысында балықшаруашылығын дамытудың бағдарламасы әзірленді.Облыста алғаш рет 2010-2020 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы енгізіліп жатыр.Оны жүзеге асыруға 11 млрд 587 млн тенге қажет.

Балық шаруашылығының кешенді бағдарламасы балық кәсіпшілігінің бұрынғы мүмкініктерін қайта қалпына келтіруді көздейді.Оның негізгі мақсаттары мен міндеттері болып,су қоймаларының биоалуантүрлілігін сақтау, өнімдерді қайта өңдеу және кадрдар даярлау табылады.

 

Жоспарда Арал ауданында балықшыларды даярлау орталығының ашылуы, ау тоқу цехы, жағалау құрылымдарының цехын салу қарастырылған.Бұл бағдарлама бойынша 2020 жылы аймақта балық аулау жыл сайын 15 мың. Тоннға артады деп болжам жасалған.2030 жылы балықты тұтыну адам басына шаққанда 20 кг дейін,орташа жылдық пайдалану көлемі 10 кг артатын болады.

Қызылорда облысының аумағындағы 400 өзеннен қазіргі күні 155 ғана қалып отыр. «Сырдария өзенінің сағасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының жүзеге асырылуына байланысты балық ауалу көлемі артқан.

Мысалы, 2012 жылы 2,5 млн. тонна балық ауланған.Қызылорда облысы бойынша екі балық өңдейтін зауыт жұмыс істеп келген, бірақ қазір Арал кәсіпорны шикізаттың жоқтығына байланысты тұрып қалған, ал қызылорда балық зауыты жекешелендіру және қайта реформалау кезеңінде жабылып қалған.

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты-кәсіпшілік балық аулау болып саналады.Ол балықтың биологиялық алуантүрлігін сақтауды қамтамасыз ететін көлемде, өзендерде, су қоймаларында және көлдерде оңтайлы балық аулау кәсібін жүргізуге негізделген.

 

2.2.Аймақтағы балық аулаудың экономикалық тиімділігі

Қызылорда облысын дамыту мақсатында Дүниежүзілік Банктің (85%) қарыз қаражатының есебінен және республиканың бюджетінен (15 %) «РРССАМ-2»жобасын қаржыландыру бойынша республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі қабылданды.

«РРССАМ-2»жобасының екінші кезеңі 2016 жылдан басталады.Облыстың елді-мекендерін суғаратын сумен қаматмасыз ету және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 8 каналды тазарту жұмыстары жүргізілді.

2 сорап жабдығы сатып алынды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 8 елді-мекенді сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Жаңақорған ауданындағы «Қолтоған», «Қыраш» су қоймаларын жөндеу жұмыстары жүргізілді,су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша Қазалы және Шиелі аудандарында 11,9 км бөгеттер қалпына келтірілді, және Қызылорда қаласында облыс орталығының маңындағы жасыл белдікті (Қызылорда- Әуежай (4га) және Қызылорда-Шымкент –(23 га) сақтау бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Қызылорда облысында суармалы жерлерді суғаратын судың тапшылығын болдырмау мақсатында, 2015 жылы жалпы құны 1,5 млрд. Теңгені құрайтын Сырдария өзеніндегі Жаңа Шиелі магистралдық каналдының негізгі бас сағасында үрлемелі арынды үймерет (құрылым) салынды. Жобаны жүзеге асыру 27,63 мың гектарды қамтитын Жаңақорған-Шиелі массивін суландыруға мүмкіндік берді.

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыста 10,7 мың/ га жерге сексуіл мен декоративтік ағаштардың тұқымы егілді.Оның ішінде Арал теңізінің құрғап қалған түбінің топырағын нығайту, егіс алаңдарын зиянды заттардан және тұздан қорғау мақсатында 5 мың гектар жерге жасыл ағаштар отырғызылды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных