Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар




1. Дәрісханалық уақыт-лекция, оқылған материалдарды талдау және әртүрлі жазба жұмыстары мен оқытушы тарапынан берілген тапсырмаларды орындаудан құралады. Негізгі ұғымдарға әр лекция барысында түсініктер беріліп тұрады. Лекция барысында берілген түсініктердің мәні мен маңызын игеру әрбір студенттің міндеті.

Сабаққа қатысу үлгірімі:Әрбір сабаққа қатысқаныңа балл қосылады, сабақтан қалғаны үшін «0» балл қойылады.

Сабақ үстіндегі белсенділік: Білім алушының жұмыстың әгбір түріне қатысу белсенділігі, берілген тапсырманы сапалы орындауы ескеріледі.

Аралық және қорытынды тест: Белгіленген аралық және қорытынды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.

Айыппұлдық санкциялар: Әрбір білім алушының этикасы мен өзін өзі ұстау ережесін бұзғаны үшін 1 балл айыппұл салынады және сонымен қатар берілген тапсырманың көрсетілген мерзімде орындалмауына байланысты кешіккен әр күніне 2 балл көлемінде айыппұлдық санкциялар қолданылады.

2. Әрбір сабақтың барысында өтілген лекция мазмұнының негізгі түсініктері бойынша бақылау сұрақтары беріледі. Студенттер уақытылы зерттеу жұмыстарын орындап отыруы тиіс. Лекция тақырыптары оқытылған соң әр тарау бойынша коллоквиум өткізіліп тұрады.

Коллоквиум өткізу тәртібі: Коллоквиум мақсаты сабақ барымында игерген білімдерін жинақтау, курстың әр тарауы қосымша сұрақтар бойынша теориялық білімдерін жинақтау, студент оқытушы тарапынан берілген қосымша әдебиеттарді қолдана отырып, берілген сұрақтар бойынша жазбаша нысанда оқытушыға жеткізуі тиіс.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындаған жағдайда оқытушы әр аптаның соныңда студенттерге берілген тапсырмалар бойынша қорытынды бағаларын айтады.Студенттер алынған бағасы бойынша дауласуға құқығы бар. Студенттердін пікірін есепке алып, оқытушы соңғы шешімді өзі қабылдайды.

Коллоквиум тапсыру студенттердің міндеті.

3. Студенттер әрбір сабақта болатын материалдық талдауларға белсенді қатысуы қажет. Белсенділік сабақтастығы сапалы жауап берумен тығыз байланысты. Жеке шығып жауап беруге және топтық пікірлер жасауға жол беріледі.

4. Студенттер әрбір сабақта негізгі және қосымша әдебиеттер, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер тізімі бойынша дайындалады. Ол үшін студент кітапханадағы оқу залында немесе оқулықты өз атына жаздырып үйден дайындалуы қажет.

5. Берілген тапсырмаға сәйкес реферат жұмысын қорғау 10 минут аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Жауап беру барысында кесте, сызба, нормативтік құқықтық актілер, арнайы әдебиеттер және көрнекті құралдар пайдалануға болады.

6. Тыңдаушылар, яғни студенттер түсінбеген мәселелер бойынша оқытушыдан қосымша кеңес алуға болады.

Курс бойынша заңдар жинағын жасау: Барлық курс барысында өткізілген материалдарға сай нормативтік актілер жиналып, арнайы папкаға тігіледі, жинағының көлемі бағаланады. Сонымен қатар, материалдардың сыртқы көрінісі мен безендірілуі ескеріледі.

Мамандарды шақыру ережелері: Семестр бойынша оқу топтары шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топ БАӨЖ тақырыптарына сай арнайы мамандық иесін шақырып кездесу өткізеді. Тақырыпты алдымен оқулықтың тарауындағы және сөз таптары бойынша тыңдаған бір материалды сызба, кесте, сурет немесе т.б. өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша реферат түрінде конспектілеп, ауызша баяндау түрінде мағлұматтар бере отырып жүргізіледі. Белсенділік көрсеткен студенттерге баға қойылады.

БАҚ-на сүйеніп, жеке дара ақпараттық хабарлама жасау: Әрбір студент мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған қысқа мақала бойынша 5 минуттық хабарлама жасауы қажет. (Егемен Қазақстан, Құқықтық Қазақстан, Заң газеттері, Заң және Заман, Правовая реформа в Казахстане, Фемида, Тура би, Мысль, Юрист т.б.). Баспасөз бетінде жарияланған мақалаларға талдау жасалынып, баға берілуі тиіс, ақпараттық хабарламаға балл қойылады. Бұл үй тапсырмасы ретінде қосымша беріледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных