| 1.
| Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
|
| 2.
| Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз.
|
| 3.
| Шортанбай Қанайұлының «Зар заман»өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
|
| 4.
| «Сүйінбай мен Қатаған айтысында»Сүйінбайдың:
...Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.
|
| 5.
| Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
|
| 6.
| Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз.
|
| 7.
| Мұрат Мөңкеұлының «Қыз»өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
|
| 8.
| Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
|
| 9.
| Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
|
| 10.
| Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
|
| 11.
| Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
|
| 12.
| Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
|
| 13.
| Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап жазыңыз.
|
| 14.
| Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.
|
| 15.
| ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма?
|
| 16.
| Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?
|
| 17.
| Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.
|
| 18.
| Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
|
| 19.
| Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз.
|
| 20.
| Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
|
| 21.
| Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз.
|
| 22.
| Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз.
|
| 23.
| Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз.
|
| 24.
| Әсет Найманбайұлының«Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
|
| 25.
| М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
|
| 26.
| М.Жұмабаевтың «Толқын»өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр?
|
| 27.
| М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.
|
| 28.
| Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.
|
| 29.
| С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме?
|
| 30.
| І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
|
| 31.
| І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.
|
| 32.
| М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз.
|
| 33.
| М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасын Абыз сөзімен бастап, Абыз сөзімен аяқтауында қандай сыр жатыр?
|
| 34.
| М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
|
| 35.
| С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
|
| 36.
| С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?
|
| 37.
| Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін»атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
|
| 38.
| Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
|
| 39.
| М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
|
| 40.
| М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек»шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
|
| 41.
| М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
|
| 42.
| С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
|
| 43.
| Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
|
| 44.
| Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет?
|
| 45.
| ХХ ғасырдағы әдеби туындылардан Алаш идеясын тауып, дәлелдеңіз.
|
| 46.
| ЭКСПО көрмесі – тұрақты дамудың биік үлгісі. Өз ойыңызды дәйектеңіз.
|
| 47.
| Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт»әңгімесіндегікешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз.
|
| 48.
| Бүгінгі күн жігіттерінің бойында Абай Құнанбаевтың«Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңінде сипатталған мінез-құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз.
|
| 49.
| XX ғасырдың басындағы қазақ халқы мен XXI ғасыр қазағының болмысын Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңін негізге ала отырып салыстырыңыз.
|
| 50.
| Өзің білетін Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлік істерінің Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз.
|
| 51.
| Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз?
|
| 52.
| Махамбет өлеңдеріндегі(«Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
|
| 53.
| Дулат Бабатайұлының «Еспенбет»дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
|
| 54.
| «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
|
| 55.
| Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
|
| 56.
| Мұрат Мөңкеұлының«Қыз»өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
|
| 57.
| Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
|
| 58.
| «...дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
|
| 59.
| Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз.
|
| 60.
| Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз,
|
| 61.
| Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз.
|
| 62.
| Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
|
| 63.
| Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
|
| 64.
| Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
|
| 65.
| Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
|
| 66.
| Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз.
|
| 67.
| Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
|
| 68.
| Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?
|
| 69.
| Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
|
| 70.
| Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?
|
| 71.
| Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
|
| 72.
| Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз.
|
| 73.
| Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
|
| 74.
| Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз.
|
| 75.
| Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
|
| 76.
| М.Дулатов«Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
|
| 77.
| М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
|
| 78.
| М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы
бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
|
| 79.
| Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
|
| 80.
| Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
|
| 81.
| С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
|
| 82.
| І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..»жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
|
| 83.
| І.Жансүгіровтің «Құлагер»поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
|
| 84.
| М. Әуезовтің «Абай жолы»роман-эпопеясындағы Абайдың Бөжей асындағы азаматтығы елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде есейгендік пе?
|
| 85.
| М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
|
| 86.
| М.Әуезовтің«Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
|
| 87.
| С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз.
|
| 88.
| Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
|
| 89.
| С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
|
| 90.
| Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жазыңыз.
|
| 91.
| Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?
|
| 92.
| М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
|
| 93.
| М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз.
|
| 94.
| С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
|
| 95.
| Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
|
| 96.
| Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
|
| 97.
| Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
|
| 98.
| Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
|
| 99.
| Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз.
|
| 100.
| Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
|
| 101.
| Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
|
| 102.
| Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
|