Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Фенолфталеин сынамасы 7 страница




8. Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз.

9. Науқасқа аурухананың киімдерін кигізіп, жатқызылған бөлімшедегі палатаға алып барыңыз.

Антропометрия

Антропометрия - науқас денесі мен жеке мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Аурухана бөлімшелеріндегі, емханалардағы, шипажайлардағы, демалыс үйлеріндегі мейірбикелер де қарапайым антропометриялық зерттеулер жүргізеді. Мейірбике сырқаттың бойын және көкірек шеңберін өлшейді.

Арнайы аспаппен сырқаттың бойын өлшеу. Аспаптың тік тіреуі сантиметрлік бөліктері бар алаңшаға бекітілген. Тіркеудің бойымен көлденең орналасқан тақтайша қозғалады. Бойын өлшегенде сырқат тіркеуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын, желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады. Құлақ қалқанының жоғарғы ұшы мен көз сызығының ұшы бір горизонтал сызықтың бойында болатындай етіп басын ұстау қажет: тақтайшаны басына түсіріп, оның төменгі бөлуінің көрсеткішін санайды. Кейбір жағдайда сырқат бойын отырғызып қойып өлшейді, мұнда алынған санға отырғыштан еденге дейінгі қашықтықты қосады.

Салмағын өлшеу дұрыс орнатылған, жақсы реттелген медициналық таразыда өлшейді. Аш қарынға іш киіммен, дәрет сындырғаннан кейін өлшену ұсынылады. Ауыр науқастарды алдын ала орындық салмағын анықтаған соң, отырғызып өлшейді. Таразыға аурудың асықпай көтерілгені абзал.

Көкірек қуысының шеңберін сантиметрлік лентаны алдынан ІV қабырғаның бойымен, ал сырт жағынан жауырынның ұшына сала отырып өлшейді. Сырқат қолдарын түсіріп, бір қалыпты дем шығарып тұруы тиіс. Өлшеу дем шығару және өте терең дем алу кезінде жүргізіледі.

Динамометрия. Динамометрия деп бұлшық ет күшін өлшеу әдісін айтады. Оны арнайы динамометр деп аталатын аспаптың көмегімен жүргізеді. Динамометрді қолмен қысқанда аспап ішіндегі тіл шкала бойынша жылжып, қысуға қатысатын бұлшық еттің күшін көрсетеді. Динамометрияның көмегімен дененің түрлі бұлшық еттерінің күшін өлшеуге мүмкіндік болады.

Термометрия. Әрбір науқасқа д ене температурасын өлшеуді жүргізу қажет. Бұл науқаста қызбаның бар – жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Дене температурасының пайда болуы ағзаның инфекцияға жауап реакциясы ретінде қаралады.

Спирометрия. Спирометр өкпе сыйымдылығын анықтайтын құрал. Оны қолдану үшін терең дем алып спирометрдің ұшын ерінмен жинап қысып үрлейміз. Әйел адамдар мен ерлердің және спортшылардың өз ерекшеліктері болады.

Мейірбике антропометриялық өлшеуден соң сырқатты дәрігердің тексеруі кезінде де қатысады, консультант шақырады, ЭКГ мен басқа да диагноз қоюға арналған жедел зерттеулерге көмектеседі, содан кейін сырқаттарды санитарлық жуып-шаюға арналған жерге дейін апарады.

СЫРҚАТТЫ САНИТАРЛЫҚ ЖУЫП – ШАЮ

Науқастарды педикулезге қарау қажет. Бас пен киімнен шыққан биттер түрлі қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып есептеледі. Санитарлық жуып шаю бөлмесінде науқастың шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса, ауруды шешіндірместен кушеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділердің бірімен тазалайды, яғни дезинсекция (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайтын зиянды жәндіктерді жою) жүргізіледі.

Карбофостың 0,15% сулы – эмульсиялы ерітіндісімен тазалау

Дайындау керек:

0,15% карбофос ерітіндісі, клеенка орамал, мата орамал, жылы су, 6% асханалық сірке суы, майда тарақ, арнайы қап.

Іс- әрекеттер:

1. Орамалды байлап, халат пен биялай киіңіз.

2. Науқасты кушеткаға отырғызып, шашына 0,15% карбофос ерітіндісін

жағыңыз.

3. Клеенка орамалмен, сонан соң сыртынан мата орамалмен ораңыз.

4. 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз, содан кейін 6% асханалық

сірке суымен шайыңыз.

5. Шашын майда тарақпен тараңыз.

6. Науқастың киімін зарарсыздандыру камерасына өткізу үшін қапқа

салыңыз.

7. Медициналық картаның мұқаба бетінің оң жақ бұрышына педикулез

табылған туралы «Р» деген белгі қойыңыз.

8. Науқаспен байланыста болған заттар мен жабдықтарды да жоғарыда

аталған дезинсекциялық ерітіндімен тазалаңыз.

9. Мейірбикенің орамалын, халатын, биялайын, қапқа салып,

зарарсыздандыру камерасына өткізіңіз.

10. Ф-058 «Жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны» қағазын толтырып,

жергілікті санитарлық эпидемиологиялық станцияға жіберіңіз.

Ескерту!

Карбофос ерітіндісін, жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Осы ерітінділерді қолданған кезде көздің, мұрынның, ауыз қуысының кілегей қабаттарына шашырамаудың алдын алу керек. Шашыраған сәтте ағынды сумен жуу керек.

Ниттифор ерітіндісімен тазалау

Дайындау керек:

0,5% ниттифордың сулы спиртті ерітіндісі, орамал, майда тарақ, дәке тампоны, сусабын.

Іс- әрекеттер:

1. Науқасты кушеткаға отырғызып, дәке тампонын ниттифордың

0,5% сулы – спиртті ерітіндісіне малып алып, шашына жағамыз.

2. Орамалмен басын ораңыз, 40 минуттан соң, шашын жылы суда

сусабынмен жуыңыз.

3. Шашты майда тарақпен тараңыз.

Ескерту:

- препарат отта қауіпті, сондықтан жанып тұрған оттың қасында қолдануға

болмайды;

- көздің, мұрынның, ауыз қуысының кілегей қабаттарына шашырамаудың

алдын алу керек. Шашыраған сәтте ағынды сумен жуу керек.

Ал егер педикулез анықталмаса, науқастарға гигиеналық ванна, су сепкіш немесе сүртіну жүргізіледі.

Қабылдау бөлімшесіндегі сырқатты санитарлық – гигиеналық жуып – шаю оның күйінің ауырлығын ескере отырып, бір немесе екі кезекті жүйемен жасалады.

Мейірбике сырқатты дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмесінен ванна бөлмесіне апарады. Ол бөлме кең, жарық, таза және жылы (25˚С) болуы тиіс. Ванна бөлмесіндегі сүртінуге арналған сүлгілерді немесе жаймаларды кептіру үшін электр құрылғылары болғаны жөн. Ваннаны ыстық сумен шайып, тесігін тығынмен жабады.

Ваннада болу ұзақтығы судын температурасы мен сырқаттың жалпы күйіне байланысты. Су температурасы 35-36˚ С болу керек.

Гигиеналық ванна алудың орташа ұзықтығы 20-30 минут. Ваннаны дайындауға, оны таза ұстауға кіші мейірбике жауапты. Науқастың жағдайына байланысты гигиеналық ванна немесе душ беріледі. Ол үшін ваннаға орындық қойылып, оған сырқатты отырғызады. Ваннадағы сияқты тәртіппен жуады. Әрбір науқастан соң ваннаны сабынды жөкемен жуып, зарарсыздайтын ерітінділердің бірімен шаю керек.

Бөлмеде кушетка, таза киімге арналған шағын шкафтар мен кір киімге арналған шағын бактар, үстел, оның үстінде қырынуға, шашын қиюға арналған қажетті заттар, сабындар, жөкелер болуы керек. Үстел үстінде «таза жөкелер» мен «лас жөкелер» деген жазулары бар ыдыс болуы керек. Әрбір сырқат жуынып-шайынған соң жөкелер ыдысқа салып қайнатылады.

Науқасты санитарлық тазалаудан өткізу үшін гигиеналық ваннаны әзірлеу және жүргізу

Әзірлеңіз: Сабын, жөке, 1 % хлорамин ерітіндісі, су термометрі, сүлгі.

Іс- әрекеттер:

  1. Қолғапты киіңіз.
  2. Науқастан шешінуін сұраңыз.
  3. Науқастың киімдерін қабылдау үшін екі дана «Қабылдау квитанциясын» толтырыңыз.
  4. Таза ваннаны 35-37˚С температурадағы сумен толтырыңыз.
  5. Науқастың ваннада ыңғайлы жатуына көмектесіңіз. Ваннадағы су науқастың семсер тәрізді өсіндісіне дейін жетуі керек, ал аяғы тіреліп тұру үшін ағаш тіреуіш қойыңыз.
  6. Науқастың жуынуына көмектесіңіз. Әуелі басын, үстін, қолын, аяғын, шат аралығын жуады. Ваннаға түсіру уақыты 20-25 минут болады.
  7. Науқастың жағдайын /тамыр соғуын, жүрек соғуын, тері жамылғысының түсін/ бақылап тұру керек.
  8. Науқасқа ваннадан шығуына, денесін құрғақ сүлгімен сүртінуіне көмектесіңіз.
  9. Қолданылған жөке мен сүлгіні лас киім немесе қолданылған жөкелер деген белгісі бар ыдысқа салыңыз.
  10. Таза ауруханалық киім киюіне көмектесіңіз.
  11. Ваннаны зарарсыздандырып, ыстық сумен шайып қойыңыз.

Гигиеналық су сепкішті (душ) қабылдау

1. Су сепкіш кабинасына орындық қойып, науқасты отырғызыңыз.

2. Жуынуына көмектесіңіз.

3. Науқастың жалпы жағдайын қадағалаңыз.

4. Науқастың сүртінуіне, киінуіне көмектесіңіз.

5. Қолданылған заттарды «қолданылған жөкелер» деген белгісі бар ыдысқа

салыңыз.

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРҒА БАЛАРЛАРДЫ

ҚАБЫЛДАУ. САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУДІ ЖӘНЕ

АУРУ НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ.

Сырқаттанған балаларды ауруханаға көбінесе жедел жәрдем машиналарымен, ал кейде емхана дәрігерлерінің жолдамаларымен, немесе ата-аналарының өздері – ақ алып келеді.

Бөлімшеде істейтін дәрігерлер мен мейірбикештер жедел жәрдемді қажет етіп түскен науқас балаларды барынша жылы шырайлымен қабылдаулары тиіс. Қандай қысылтаяң ауыр сәт болса да, дәрігірлер мен мейіркештер сабыр сақтап, орнықты мінез көрсете білулері керек. Небір қиын сәттердің өзінде асып - сасуға, теріс мінез көрсетуге болмайды. Жандары қиналып жатқан сәбилеріне, қалай көмектессек екен деп, күйзеліс үстінде, естері шығып тұрған ата-аналарға басу айтып, сабырлық сақтауға шақырып, жанашырлық білдірген жақсы. Кез келген жағдайларда да адамгершілік өресінен шыға білген жөн. Бір ғана балалар ауруханасының қабылдау бөліміне күніне жедел жәрдемді қажет ететін 150-200 бала келіп, кетіп жатады. Адам болған соң олардың ата-аналарының мінезі де, тәрбиесі де, мәдениеті де әртүрлі. Солардың барлығымен де тіл табысуға, ойларынан шығуға тырысу керек. Айқайлап келген ата-анамен айқайласа кеткен, “өйтіңдер, бүйтіңдер” деп міндет артып, келген ата-анамен жөні жоқ ұстаса кеткен, дұрыс емес. Дәрігер мен мейіркештердің қатыгез болуға қақылары жоқ. Себебі олар шипагерлер сондықтан қақылары жоқ. Себебі олар шипагерлер сондықтан қатыгездік, алаңғасарлық, дөрекілік бой көрсеткен жерде ем жөнді қонбайды. Сол себепті қабылдау бөлімінде істейтін дәрігерлер де, мейірбикештер мен шаруашылық мейіркештері де барынша мәдениетті, кішіпейіл, мейрбанды жандар болғаны абзал.

Ауырып түскен бөбектерге әртүрлі ойыншықтар беріп, көңілдерін көтеріп; назарларын бойындағы кеселінен, ақ халатты дәрігерлерден басқа жаққа аударуға тырысқан жөн. Қабылдау бөлімшесіндегі журналға науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, қайдан, қандай диагнозбен келгендігі, алдын ала қандай диагноз қойылғандығы және түскен уақыты туралы мәліметтер жазылуы тиіс. Осы арада ауру тарихы толтырылады. Оның да бірінші бетіне жоғарыдағы мәліметтер жазылады. Бұларға қосымша баланың әкесі мен шешесінің аты-жөндері, жұмыс істейтін жері, жұмысы мен пәтер телефондары жазылады. Себебі бұлар баланың жағдайы кенеттен нашарлаған жағдайда әке-шешесіне тез хабарлау үшін қажет. Ауру тарихының сыртына науқас жатқызылған бөлімнің аты көрсетіледі. Егер сыртқат баланың жағдайы өте ауыр болса, онда ең әуелі тез арада дәрігерді шақырып, балаға жедел жәрдем көрсету қажет, тек содан кейін ғана журналға тіркеп, ауру тарихын толтыру керек. Жедел жәрдем көрсететін машинамен алып келген сырқат жолдамасында, қай уақытта, қандай көмек көрсетілгені, қандай дәрілер егілгені туралы мәліметтер анық етіп жазылуы тиіс. Алып келген дәрігер қабылдау бөлімінің кезекші дәрігеріне сырқатты көзбе көз өткізіп берген соң ғана кетеді.

Кейде қабылдау бөлімшесіне баланы мектептен, пионер лагерінен немесе саяжайдан алып келеді. Ондайда баланың қашан, қалай ауыра бастағаны, құсқандығы, дене қызуының көтерілгендігі, қандай биіктіктен құлағандығы, қанша қан жоғалтқандығы туралы мәліметтерді алып келген адамнан сұрап алған жөн. Егер баланы көшеде катерге ұшырап, жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілсе, немесе бала аяқастынан келіп түссе және ауруханада өліп қалса, онда қабылдау бөлімінің мейіркеші болған жағдайды баланың ата-анасына, туған-туыстарына немесе тұратын жерінің милиция бөліміне телефонограмма беріп, хабарлауы тиіс. Сыртқаттың келіп түскен сәттегі дене қызуын өлшеп ауру тарихының бірінші бетіне жазып қояды. Баланы кезекші дәрігердің біреуі және жауапты хирург көрген соң ауру тарихын толтырады. Сыртқат диагнозын анықтай түсу үшін қосымша тексерулер қажет болса немесе невропатолог, педиатр, отолоринголог, окулист тәрізді басқа мамандарға көрсету қажет болса, онда мейіркеш телефон арқылы лабораторияға, рентгентехникке, немесе керекті дәрігер-мамандарға хабарлап оларды шақырады. Содан соң кезекші дәрігер сырқат диагнозын нақтылап қойып, ем-домын белгілейді, қай бөлімге баратынын ауру тарихының сыртына жазып жібереді. Егерде баланың дертіне сәйкес емдейтін бөлім ауруханада жоқ болса, онда оны сондай бөлімі бар басқа ауруханаға ауыстырады.

Әртүрлі себептермен түсетін бөлімде, жарақаттың түріне, ауырлық дәрежесіне қарай шаралар қолданады. Егер алған жарақаттары жеңіл болса, онда оларды алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізіп, жарасын тіккен соң, оны таңып беріп үйіне жібереді. Сол сияқты аяқ-қолдарының сүйектері жеңіл-желпі сынықпен түссе, онда орнына салатынын салып, салуды қажет етпейтіндері болса гипстеп, жартылай шұлық тірізді сауыт кигізіп қолына аурухананың жедел хирургия бөлімінде қандай көмек көрсетілгені туралы ақпар жазылған анықтама беріп, қайтарады. Қалған емді амбулаториялық жағдайда, емхана дәрігерінің бақылауына алады. Егер алған жарақаттары күрделі, ауыр болса, онда мұндай науқасқа тиісті ем жасап, алғашқы хирургиялық көмек көрсетіп, аурухананың тиісті бөлімдеріне жатқызады. Аяқ-қолы мен жамбасы сүйектері және жүріп-тұруға қатысы бар сүйектердің біреуі сынып түскен сыртқаттарды жарақаттар бөліміне; бас сүйегі мен омыртқасы сынып, миы мен жұлыны жарақаттанып түскен ауруларды – нейротравматология бөліміне; денесі күйіп түскен балаларды күйік бөліміне жатқызып емдейді. Ал жағдайлары тым ауыр болып өлім аузында түскен науқастарды тиісті көмек көрсетілгеннен кейін, бірден қайта жандандыру (реанимация) бөліміне жатқызып қарқынды емдеуге кіріседі.

Жарақаттанған науқастардың бауыры мен көк бауыры, бүйрегі мен зәр жүретін жолдары, асқазаны мен ішектері, өкпесі мен жүрегі ауруға шалдықса, онда тиісті операциядан кейін мамандандырылған бөлімдерге жатқызып емдейді.

Жарақаттардан басқа төтенше дамыған хирургиялық кеселдері бар сырқатты қабылдайтын бөлімнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл бөлімге келіп түскен сыртқаттарды аз уақытта жан-жақты тексеріп тиісті диагнозын қойып, операциясын жасағаннан кейін жағдайлары тым ауырлары реанимацияға, қалғандары мамандандырылған бөлімдерге жатқызылады. Егер де сырқат диагнозы толық анықталмаса, онда оны санитарлық тазалаудан өткізген соң уақытша (2-3 күнде) қабылдау бөлмесіне жатқызып, алдын-ала тексереді. Алдын ала тексерудің нәтижесінде зәрінен, қанынан, рентген суреттерінен, ультрадыбыспен тексеруден күдікті бір нәрсе тапса, онда оны мамандандырылған басқа бөлімге ауыстырады. Ауру тарихының бірінші бетіне сырқат қандай санитарлық-гигиеналық өңдеуден өткенін және оны мамандандырылған бөлімге қалай жөнелту (өз аяғымен жүргізіп пе, зембілге жатқызып па, қол арбамен бе, жылжымалы кресломен бе) керек екенін жазып көрсетуі тиіс.

Баланы ауруханаға жатқызып емдеудің қажеті болса, дәрігерлік көмек көрсетіліп болғаннан кейін, ата-анасына не істеу керек екенін толық түсіндіріп, қолына сырқаттық диагнозы жазылған анықтама беріп үйіне жібереді. Анықтамаға жауапты хирургтың қолы қойылып, көмек көрсеткен күні мен сағаты белгіленеді.

Баланы кім және қандай диагнозбен жібергені, келіп түскен уақыты мен үйіне жіберілген уақыты, қойылған диагнозы, қандай көмек көрсетілгені, қолына берілген құжаты туралы мәліметтер арнайы журналға қысқаша жазылады.

Келіп түскен баланың бойынан жұқпалы кесел табылса, оны жұқпалы ауруларды емдейтін ауруханаға жібереді. Ал оның жүріп өткен және жатқан бөлмелерін ұстаған бұйымдарын зарарсыздандыраты. Содан соң баланың тұратын ауданындағы емханаға телефон шалып жедел хабарлама жібереді.

Қабылдау бөлімшесінде сырқатты тексеру және емдеу барысында кезекші дәрігер мен мейірбикеш бірін-бірі түсінісіп, бірлесе жұмыс істегендері дұрыс. Дәрігер нұсқауларын мейіркеш әрі тез, әрі бұлжытпай орындауы керек, онысыз іс оңға баспайды. Мейіркеш дәрігердің тек көмекшісі ғана емес ақылшысы да. Сондықтан дәрігер не істесе де әрдайым мейіркешпен ақылдасып отырған жөн. Сыртқатты емдеу барысында өркөкіректікке, менмендікке, бәрін білімдікке салынуға болмайды. Кейбір тәжірибелі мейіркештер сырқатқа дәрігерден артық көмек көрсетіп, ем қолдана алады. Аса бір қысылтаяң сәттерде тәжірибелі мейіркештер ақылы құнды болады. Дәрігердің мейіркешке қожаңдап, әкіреңдеп, айқайлап, зекіп, ұрсып жұмсауға қақысы жоқ. Олар да маман иелері екенін, сырқат көзінше адамдық намыстарына тиіп, кемсітетіндей сын-ескертпелер айтуға, қорлауға болмайды. Ақылмен, парасаттылықпен, сыйластықпен жұмыс істегенге ешнәрсе жетпейді. Сонда ғана дәрігердің де, мейіркештің де еңбегі жанып, сырқатқа ем қонуы мүмкін. Егер мейіркеш пен дәрігер арасында кикілжің болса, оның зардабы алдымен сырқатқа тиеді. Мейіркештің атқаратын жұмысы әртүрлі сырқаттар келіп, кетіп сапырылысып жатқан бөлімінде өз жұмысына аса мұқият болғаны абзал. Сол себепті ол өзі атқаратын істі дұрыс жоспарлап, әуелі ең қажетті жұмыстарды бітіріп, сонан соң барып қалғандарын атқарғаны жөн. Түсінбей қалған нәрселері болса дәрігерден сұрап алуға ұялмау керек. Өзінің кезекшілік уақыты біткенде қабылдау бөлімшесі мейіркеші аурухананың анықтама үстеліндегі кітабына бір тәулікте сыртқаттардың аты-жөнін тіркеп және арнайы журналға промедол, атропин тәрізді әсері күшті дәрілердің қаншасын жұмсағанын мұқият жазып кетуі қажет. Қабылдау бөлімшесінде мейіркеші жоспарлы түрде жатқызылатын сырқатқа арналған өтініш журналын және ауруханаға түскен балалар мен үсті-басынан бит-сірке тапқан науқастардың аты-жөнін тіркейтін журналды да өзі жүргізуі тиіс.

Ауруханаға жоспарлы түрде келіп түсетін науқас балаларды қабылдау кезінде, қабылдау бөлмесінде қызмет істейтін дәрігерлер мен мейіркештер дайындап алып келген медициналық құжаттарына көңіл аударады. Олардың қолында мынандай құжаттар болуға тиіс:

1) баланың десаулығы туралы мәліметтер жазылған көшірме;

2) хирургтың диагнозын көрсеткен жолдама;

3) жүрегінің жұмысын тексерген электрокардиограммасының қортындысы;

4) тісінде, құлағында және тамағында созылмалы кеселдің жоқтығы туралы тұжырым жазылған тіс дәрігері (стомотолог) мен тамақ дәрігерінің (оторинолорингологтың) анықтамасы;

5) қанның толық анализі (қызыл және ақ қан түйіршіктері эшж – эритроциттердің шөгу жылдамдығы, тромбоциттері мен қанының ұю уақыты туралы мәліметтер жазылу керек);

6) зәрінің анализі;

7) нәжісінде гельминттердің жұмыртқалары жоқ деген анықтама;

8) нәжісінен жұқпалы ішек ауруларының микробтары себілген жоқ деген анықтама;

9) 21 күннің ішінде үйінде, бала-бақшада және мектебінде жұқпалы аурулармен ауырған балалармен араласқан жоқ деген анықтама (эпидемиологиялық қоршауы туралы мәлімет).

Бір ескеретін мәселе қан мен зәр анализдерінің нәтижесі 10 күннен, эпид қоршауы мен нәжісінің себуі 3 күннен аспауы керек.

Ал шұғыл көмекті қажет етіп түскен науқастардың эпидемиологиялық қоршауы туралы мәліметін сол күні, немесе ертесінде сырқаттық мекен-жайы орналасқан жерде тіркелген емханасына телефон шалу арқылы аймақтық педиатрынан анықтап алады.

Сыртқатты санитарлық өңдеуден өткізу. Санитарлық өңдеуден өткізетін бөлмеде жуындыруға, киіндіруге дизенфекция жасауға қажетті терімен қапталған медициналық төсек, үстел, кебеже, 2-3 орындық, медициналық және іш киімдер салынған шкафтар болады. Әртүрлі размердегі ауыстырылып киетін іш киімдердің көп болғаны дұрыс. Әр балаға жуынуға сабын және денесін ысқылап жуатын жөке беріледі. Сонымен бірге ол жерде екі кәстрөл тұруы керек: біреуінде таза, екіншісіне пайдаланған жөкелер салынады. Оларды ажыратуға оңай болу үшін: “таза жөкелер” және “ұсталған жөкелер” деп сыртына жазып қояды. Пайдаланған жөкелерді 15 минут қайнатып тазартуға болады. Сондай-ақ бұл бөлмеде: шаш алатын машинка, ұстара-қайшы, қалайы тарақ, жамылғыш, лупа, бөлменің және шарадағы судың температурасын өлшейтін екі термомерт, сырқатты тыңдайтын фонедоскоп, жүзім мен мүсәтір спирті, баланың жұтқыншағының сілекейін сүртіп алып микрофлорасын тексеру үшін басына зарарсызданған мақта оралған шыны таяқшасы бар пробиркалар, қысқаш, астау, шара және түбек болуға тиіс. Сол сияқты зарарсыздандыру мен дезинсекцияға қажетті құрғақ хлорлы әкпен, хлорлы әктің ерітіндісі және хлорамин болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных