Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






транссудациясын жасау. 4 страница




Мейіркеш баланың қай мезгілде, неліктен құсқанының, оның құрамында не бар екенін (запыран, тамақ, жалқық, қан, нәжіс) жазып алып, емдеуші дәрігеріне көрсеткені абзал.

Қан кету әртүрлі жағдайларда болады. Ағып жатқан қанды дер кезінде тоқтатпаса қансырауға әкеп соғады. Яғни бала қансырау талмасына түсуі мүмкін. Егер өткір қан кетудің салдарынан жалпы қанның 30%-ін жоғалтатын болса, онда баланың қаны азайып, ауруға (анемия) ұшырайды. Соның салдарынан миына оттегі жетіспей тіпті өліп кетуі мүмкін.

Қан кету үдей түскен жағдайда қанның құрамы сілтіленеді (ацидозға ұшырайды), ұзақ қан тамырларындағы қан айналысы (микроциркуляциясы) бұзылады, қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер) капиллярлардың қуысында түйдектеліп (агрегацияланнып) қалады. Несеп бөлінуі басында рефлекторлы түрде азайып кетеді (олигурияға ұшырайды), ал декомпенсация сатысында, бүйректің қан айналысының бұзылуына байланысты несеп мүлдем бөлінбей қалады (анурияға ұшырайды).

Кеселдің клиникалық нышандары. Көзге бірден түсетін объективті нышандары: терісі суланып, өңі бозарып, еріндері қуқыл тартып, көздері шұңірейіп, жақтары суланып, тамыры жиі әрі әлсіз соғады, тыныс алуы жиілейді, жағдайы өте ауырланып Чейн-Стокстың тыныс алуы байқалады. Субъективті нышандары: басы айналады, әлсіздік пайда болады, аузы кебеді, шөлдейді, лоқсиды, көзінің алды қарауытады, әлсірей береді.

Мүмкіндігінше тез емдесе қансырау асқынбайды. Бала қанды өте көп – жоғалтқан жағдайда, оның қанының тобын, резусын анықтағанша венасына дәрілік сұйықтарды құя беру қажет. Себебі баланың организміне эритроциттерден гөрі, плазманың жоғалуы салдарынан АҚҚ азаюы өте зиянды әсер етеді. Сондықтан венасына альбумин, протеин, полигалюкин тәрізді сұйықтарды құйған тиімді.

Қанның сыртқа ағуы. Артериядан аққан қан алқызыл, вена қанының түрі шие түстес қызыл қошқыл болады. Қан қолқадан, сан және қолтық асты артериясынан, венасынан ақса бала бірнеше минуттің ішінде өліп кетеді. Егер мойындағы немесе кеудедегі вена зақымданса, ол эмболия тәрізді ауыр асқынуларға әкеп соғуы ықтимал.

Қанның ішке ағуы. Іште орналасқан ірі қан тамырларының жарақаттануы салдарынан болатын бұл кеселді анықтау өте қиын. Оның нышандары: егер қан асқазан-ішек жолдарынынң қуысына ағатын болса, онда қан ауыз бен тік ішек арқылы ағып шығады. Бірақ қанның қайсы ағзадан ағып жатқанын дәл табу бастапқыда оғңайға түспейді, себебі ауыздан шыққан қанның көзі өкпеде, кеңірдекте, жұтқыншақта, көмекейде, өңеште, асқазанда, ұлтабарда орналасуы кәдік. Сондықтан аққан қанның түр-түсін, сапасын білу диагнозды дәл қоюға көмектеседі: көбіктеніп шыққан алқызыл қан-өкпеден; “кофенің қоюы” тәрізді болса-асқазаннан немесе ұлтабардан; Нәжісі қара май тәрізді (мелена) болса, онда қан асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен; егер нәжісі алқызыл қан аралас түсетін болса, онда қан тік ішектен, ирек ішектен, тоқ ішектен, бүйеннен (инвагинация-бір ішектің екінші ішектің қуысына кіріп кетуі); несебі қан аралас болса онда бүйрегі, несеп бөлгіш қуығы, үрпісі жарақаттанған болып табылады.

Қанның қай жерден ағып жатқанын дәл табу үшін сыртқатты арнайы зерттеулерден өткізу қажет. Көмекейі мен жұтқыншағынан қан ақса ларингоскопия өңешіне эзафагоскопия, асқазанына – гастроскопия, ұлтабарына – дуоденоскопия, кеңірдегі мен өкпесіне – бронхоскопия, тік ішегіне ректороманоскопия, тоқ ішегіне – колоноскопия, қуығына – цистоскопия жасайды. Ультрадыбыспен, рентгенмен, радиоизотоптармен тексерудің де маңызы зор.

Егер бас сүйектің ішіне, кеуде қуысына, құрсақ қуысына, жүрек қабына, буындарға қан ағатын болса, оны анықтау өте қиын болғанымен әрқайсысының өздеріне тән нышандары болады.

Аққан қанды уақытша торқтатудың тәсілдері. Сыртқа ағып жатқан қанды тоқтатудың ең тиімді тәсілі бұрау салу. Бұрауды көбінесе аяқ-қолдардан аққан қандарды тоқтатуға пайдаланады. Мойыннан аққан қанды сау жағының басы мен иығының арасына тіреп қойған Крамер темір торлы жақтауы арқылы салынған бұраумен, жақтау жоқ болған жағдайда, қарама-қарсы жақтың қолын басына қою арқылы таңады. Бұрауды салған соң уақытын көрсетіп жазып қояды. Бұрауды аяққа 2 сағаттан, қолға 1,5 сағаттан артық уақытқа салуға болмайды. Себебі бұрау шектен тыс көп уақытқа салынатын болса, қан айналысы бұзылып, аяқ-қолы іріп-шіріп өліп қалуы мүмкін.

14.Сау адамның тамақтану тәртібі. Науқастардытамақтандыру

НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Дені сау адамның тамақтану тәртібі.

Емдеу алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру. Емдәмдік мәзір туралы түсінік.

Тамақтану ағзаның физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Адам ағзасына қажетті заттарды тағам арқылы алады, олар ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер және сулар. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы 1 гр ақуыздың тотығуынан 4 ккал, 1 гр майдан - 9 ккал, 1 гр көмірсудан - 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес кұрастырылуы керек 100 - 120 г, өсімдік - 40 гр, жануар майы - 85 - 90 гр, өсімдік - 10 - 15 гр, көмірсулар - 400 - 500 гр, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тағам салмағы З кг дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыспен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Орта есеппен алғанда ересек адамдарда энергияның физиологиялық қажеггілігі Ресейде 2500 ккал (І996, 1998), Европаның көптеген мемлекеттерінде және АҚШ-та - 2200 - 2500 ккал деп анықталған төсек тартып жатқан науқастарда энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Белоктар, майлар, минералдың заттар ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін «кұрлыстық» заттар болып табылады.

Ақуыздар - тірі клеткалардың негізі, олар ферментгер мен гормондардың құрамына кіреді, тыныс алуға, бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады, ағзаны микробтар мен вирустардан қорғайды Ақуыздар жануар тағамдарының (сүт, ет, бальщ) және өсімдіктердің (нан, жарма, бұршақ) құрамында кездеседі. Ресейде физикалық жұмыспен және спортпен шұғылданбайтын 18-29 жастағы дені сау адамның 1 кг дене салмағына тәулігіне орта есеппен 1,0 г ақуыз қажет. Европада және АҚШ—та ақуызға қажеттілік төмендеу, 1 кі дене салмағына - 0,75 - 0,85 г ақуыз. жануар ақуызы жалпы ақуыз мөлшерінің 50 пайызын кұрайды (ресейде - 55 пайыз).

Майлар-ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады. Клеткалық мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы. Майлар арқылы ағзаға А, Д, Е дәрумендері, ауыстырылмайтын май қышқылдары, лецитин сияқты тіршілігіне қажетті заттар түсіп отырады. Майлар кейбір минералды заттар мен майда еритін дәрумендердің ішек арқылы сіңірілуін қамтамасыз етеді. Майлы тіндер - энергиялық заттардың белсенді қоры. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдерде тамақтануға жануар майлары көп мөлшерде қолданылады.

Көмірусулар - тамақтану мәзірінің негізгі бөлігін құрайды және оның энергия құндылығының 50 - 60 пайызын қамтамасыз етеді. Олар ақуыздар мен майлардың қалыпты алмасуы үшін қажет. Көмірсулар негізі өсімдік тағамдарында болады. Талшықтар, пектиндер, гемцеллюлозалар ішекте қорытылмайды және энергияны аз мелшерде бөледі. Көмірсуға тәуліктік қажеттілік дені сау 18-30 жастағы ерлер мен әйелдерде 360 және 300 г, немесе 1 кг қалыпты дене салмағына 5 г. Көмірсулардың жалпы мөлшерінің 80 пайызына жуығы крахмалдың (дәнді тағамдар, бұршақ, картоп) 15 пайызы - жеңіл қортылатын жай көмірсулардың, оның ішінде қант және кұрамында қанты бар тағамдардың, 5 пайызы - тағамдық талшықтардың (жеміс- жидектер, дәндер) үлесіне жатады.

Су - тағамдық мәзірдің маңызды бөлігі болып табылады. Ол зат алмасу үрдістерін, тағамның қорытылуын, зат алмасу заттарының шығарылуын, жылу реттеуді және т.б. қамтамасыз етеді. Су адамның дене салмағының 2/3 бөлігін құрайды және ағзаның суды 10 пайызынан артығын жоғалтуы адам өміріне қауіп төндіреді. Суға қажеттілік тамақтану сипатына және еңбегіне, климатка, денсаулық жағдайына және басқа да факторларға байланысты. Орта есеппен алғанда ересек адамның суға қажеттілігі тәулігіне 2,5 литр. Адам 1 - 1,5 л суды сұйықтық (сорпа, шай, компот) арқылы, 1 - 1,5 л -тағам өнімдерінен алады, 0,3 - 0,4 л ағзаның зат алмасуы кезінде түзіледі.

Минералды заттар - (натрий, калий, кальций, фосфор, темір, магний) - ағзаның қалыпты тіршілігіне қажет. Кальций мен фосфор сүйек, жүйке және бұлшық ет тіндерінің маңызды кұраушылары болып табылады. Натрий әртүрлі мүшелерге қозудың жүйке арқылы өткізілуінде елеулі роль атқарады, ағзада суды іркілтеді, қан тамыр қабырғасының жеткілікті тонусын қамтамасыз етеді. Калий бұлшық еттердің, сондай-ақ жүректің қозу, жиырылу және босаңсу үрдісіне қатысады.

Дәрумендер - тағамдык мәзірдің міндетті түрде болуы қажет және алмастырылмайтын кұраушы бөлігі болып табылады. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында дәрумендердің жеткіліксіз болуы гипо- немесе авитаминозға әкелуі ықтимал,

Емдік тамақтану

Ішкі ағза ауруларының негізгі кешендік емі болып табылады. Онда тамақтану тәртібін сақтау да кіреді, сау адам күніне 4 рет тамақтанады.

Мейірбикенің міндеті науқастарға жалпы күтім жасап, емдік тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.

Емдік тамақтануды немесе диетотерапияны емдік және алдын-алу мақсатында жедел және созылмалы ауруларда арнайы тағамдық рацион құру үшін қолданады. Емдік тамактанудың негізгі қағидаларының бірі: тағамдық рационның тепе-теңдігі. Емдәм тағайындағанда аурудың сипаты, ағза мүшелеріндегі бұзылулар дәрежесі ескеріледі. Соған байланысты тағамдық рационга сәйкес өзгерістер енгізіледі, белгілі бір өнімдер шектеледі, алып тасталынады, тамақ дайындау тәсілі өзгертіледі. Кейде, қысқа уақытқа физиологиялық толық емес емдом немесе ашығу тағайындалады. Кейбір ауруларды емдеуде тамақтану тәртібінде өзгерістер болады (тағам қабылдау жиілігі және ұзақтығы) және тағамдарды кулинарлық өңдеу сипаты да өзгереді. (бөлшектеу,жылы өңдеулер, буда және суда қайнату және т. б.)

Тағам құрамының сапалық өзгерістері - қиын қортылатын, дөрскі тамақтарды бермеу, тағамның жалпы мөлшерін азайту және арнайы кулинарлық өңдеу (майдалау, үккілеу) - асқорту жолын механикалық

аялауды қамтамасыз етеді. Химиялык аялау - бу_л ащы ет, бшіық, көкөніс сорпалары, қуырылған ет тағамдары, қою туздықтар, дәмдеуіштер сияқты ас қорыту сөлдерінің бөлінуін күшейтетін тағамдық заттарды бермеу. Сонымен қатар тағам өте қатты ыстық болмауы керек, асқазанның жылуыны сәйкес 36 - 37°С болуы қажет. Ауруханалық мекемелерде төрт реттік, ал кейбір аурулар тобына 5 - 6 жэне 8 реггік тамақтану ұймдастырылады. Күндізгі уақыттағы тағам қабылдаудың арасындағы үзіліс 4 сағаттан көп болмау керек.

Емдәмдік мәзірдің арнайы 30 дан аса қатары бар. Соынң 15 неғұрлым жиі қолданылады. Номерлік жүйедегі емдәмдер Ресейдің, ТМД және Қазақстанның ауруханаларында тамақтануды ұйымдастыруда қолайлы. Қазіргі кездегі диетологияда бұл жүйе ескірген болып саналады, өйткені ол негізінде науқастың жеке ерекшеліктеріне емес бір аурудың жалпы сипатына бағытталған, бір науқаста бір емес бірнеше аурулар болуы мүмкіндігі ескерілмеген. Кейбір мемлекеттерде, мысалы Германияның ауруханаларында, арнайы емдәм жоқ, тек бір базалық емдәм қолданыдады, оны емдеуші дәрігер мен диетолог әрбір науқасқа арнайы өзгертіп отырады.

Барлық емдәмдар физиологиялық толық қүұрамды, үйлестірілген, яғни ақуыздар, көмірсулар, минералды заттар мен дәрумендер жеткілікті мөлшерде болуы қажет.

Емдәмдік мәзірлер

№1а, №1б, №1 емдәмдер. Асқазан жара ауруларының әртүрлі сатыларында, гастриттің аскынуында тағайындауға болады.Тағайындау мақсаты - асқазан жолдарын химиялық, механикалық, термиялық тітіркендіргіштерден сақтау. Тамақтану тәртібі: әр бір 2 - 3 сағат сайын аз мөлшерде тамақтану.

№2 емдәм. Шайнау аппратының қызметі бұзылғанда, созылмалы гастритте, созылмалы энтероколиттің асқынбаған кезінде тағайындауға болады. Операциядан және жедел жұқпалы аурулардан кейін тағайындалады. Тағайындау мақсаты: асқазан мен ішектердің қызметін қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5 рет.

№3 емдәм. Іш қату кезінде тағайындалады.Тағайындау максаты: ішектің қалыпты босатылып отыруын және перисталтикасын күшейту. Тағам өсімдік талшықтарына бай болуы кажет, сұйықтықты кебірек ішу керек.Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5рет, ал түнде жатарда бір стақан айран, қара өрік, қызылша жеу керек.

№4 емдәм. Ішекке операция жасағаннан кейін, жедел - созылмалы энтероколитте және гастроэнтероколитте тағайындалады.

Тағайындау мақсаты: ішектерді химиялық және механикалық аялау; ішектің перистальтикасын және ондағы ашу үрдістерін күшейтетін тағамдарды бермеу. Өсімдік талшықтарын және сүтті шектеу. Тамақтану тәртібі: күніне 5-6 рет, шектеулі мөлшерде. Сұйық ішу тәулігіне 1,5 л.

№5 емдәм. Бауыр және өт шығару жолдарының созылмалы ауруларының өршімеген кезеңінде (холецистит, гепатит, бауыр циррозы) және асқазан ішек жолының аурулары болмаған жағдайда ағайындалады.Тағайындау мақсаты: бауыр қызметінің бұзылысын қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі 2 - 2,5 сағат сайын тағам қабылдау және күніне жылы күйінде 2,5 л дейін сұйықтық ішу.

№6 емдәм. Подаграда және зәрқышқылды диатезде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: пуриндік алмасуды қалпына келтіру және зәр қышқылының түзілуін азайту. Пуриндік негізге бай тағамдарды шектеу, сілтілі радикалды сақтайтын (көкөністі, жемісті, сүтті) тағамдарды тағайындау. Тамақтану тәртібі: күніне 5 рет, күніне 2,5 л сілтілі сұйықтықты көп мөлшерде ішу

№7а, 76. 7 емдәм. Бүйрек ауруларында, жедел нефритте, бүйрек қызметі сақталған жедел гломерулонефритте және бүйрек жеткіліксіздігінде, гипертониялық ауруларда тағайындалады.

Тағайындау максаты: бүйректі аялауға мейлінше жағдай жасау. Тұзды шектеу арқылы көтерілген қан қысымына және ісіктерге әсер ету. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет.

№8 емдәм. Семіздік кезінде, арнайы тамақтануды қажет ететін қосымша асқорыту мүшелерінің, бауырдың және жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары болмағанда тағайындалады. Тағайындау мақсаты: майдың көп мөлшерде жиналуын болдырмау және жою мақсатында зат алмасуға әсер ету. Көмірсулар мен майлардың есебінен тағамның құндыльнынң шектеу.Тамақтану тәртібі: жиі-жиі аз құнарлы тағам қабылдау. Аптасына 1 - 2 рет ашығу күндері тағайындалады.

№9 емдәм. Қан диабетінде, қосымша аурулары болмаған жағдайда, Тағайындау мақсаты: көмірсу алмасуының жақсаруына жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: күніне 6 рет.

№10, 10а емдәм. Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында, қан айналым жеткіліксіздігі болуына (№10) және болмауына (№10а) байланысты тағайындалады. Тағайындау мақсаты: емдәмге калийге бай тағамдарды енгізу, ас тұзын шектеу арқылы қан айналым жүйесін жақсартуға, ісіктерді азайтуға жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: аз мөлшерде күніне 6 рет тағам қабылдау.

№11 емдәм. Өкпе туберкулезі, арықтау кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: тағамның кұнарлығын арттыру арқылы ағзаның қарсы тұру кабілеттілігін жоғарылату, витаминдік тепе-теңдікті қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5 рет тағам қабылдау.

№12 емдәм. Жүйке жүйесінің аурулары кезінде тағайындалады.

Тағайындау максаты: жүйке жүйесін коздырмау, ащы тағамдарды және дәмдеушілерді (приправа), кофені, шайды шектеу қажет.

№13 емдәм. Жұқпалы ауруларда және баспаның жедел сатысында және т.б. тағайындалады. Тағайындау мақсаты: қызба кезеңінде ағзаның қарсы -тұру қабілеттілігін жоғарылатуға жағдай жасау. Аз мөлшердс күніне 6 рет тағам қабылдау.

№15 емдәм. Барлық ауруларда. асқорыту жүйесінің қалыпты жағдайында.

Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет тағам қабылдау.

Емдәмдік тамақтануды ұйымдастыру

Ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруда медицина қызметкерлері және тамақ дайындайтын жердің қызметкерлері қатысады.

Емдеуші дәрігер науқасқа белгілі бір емдәм тағайындап, сырқатнамаға белгілейді. Бақылаушы мейірбике мөлшерлік-мәзір құрастырады. Онда қанша науқасқа қандай емдәмдік мәзір тағайындалғаны көрсетіледі. Барлық мөлшерлік-мәзірдің деректерін қосу негізінде талап етілген тағамдардын қажетті мөлшері дайындалады.

Әдетте ірі ауруханаларда науқастарды тамақтандыруды дәрігер-дитетолог басқарады. Тамақ дайындайтын жердің жұмысын бақылау аурухананың диетолог мейірбикесіне жүктеледі. Дайын тамақты тарату тек кезекші дәрігер сапасын тексергеннен кейін ғана жүргізіледі. Тамақты бөлімшенің дәмханасына әкелгеннен кейін жылытып, содан соң дәмхананы мен бақылаушы мейірбике тарата бастайды. Тамақты таратар алдында арнайы халат киген жөн. Халінің ауырлық деңгейіне байланысты науқастар тамақты асханада немесе палатада қабылдайды. Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру бақылаушы мейірбикенің міндетіне жатады. Халі ауыр науқастарды төсекте жатқан қалпында, төсегінің бас жағын көтеріңкілеп, тесек үстіне қойылатын үстелшені қолдану арқылы, ал ол болмаған жағдайда науқастың кеудесі мен мойнын сүлгімен жауып касықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. 20 - 30 минуттан қейін босаған тамақтың ыдысын алып кету керек. Домхана мек асхана үшін арнайы белгіленген тазалау кұралдары болады. Үстелдер мен еденді зарарсыздандырғыш ерітіндіні қолданумен ылғалды тазалау әр тамақтанудан кейін жүргізіледі. Ыдыстарды майды кетіретін заттарды қолданумен арнайы ванналарда жуылады, ыдыс жуатын аспаптар ыстық сумен шайылады, содан кейін 0,5% хлорамин ерітіндісіне батыру арқылы зарарсыздандырылады да ағынды сумен шайып, кептіреді. Жөке зарарсыздандырғыш ерітіндіге салынады.

Ауыр халдегі, әлсіреген науқастарды кейде қасықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. Бұл тамақтандырудың табиғи тәсілі. Кейбір жағдайларда, науқастар өздігінен тамақтана алмаса немесе кей себептердің салдарынан табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса жасанды тамақтандыру қолданылады.

Жасанды тамақтандырудың тәсілдері:

1. Асқазан зонды арқылы. Көрсеткіштері: ауыз қуысының мертігуінде, жуыну бұзылғанда, ес-түссіз жатқанда, кейбір психикалық ауруларда (тамақтанудан бас тартқанда). Зонд асказанға мұрын немесе ауыз арқылы енгізіледі. Зонд аркылы: сорпа, сүт, май, шикі жұмыртқа, шырын, балалардың тағамдық қоспалары беріледі. Қазіргі кезде арнайы препараттар (белоктық, майлық, күріш және басқа энпиттер) қолданылады. Тәулігіне 600 - 800 мл енгізуге болады.

2. Гастростоманың немесе еюностоманың көмегімен. Көрсеткіштері: көмекей, жұтқыншақ, өңеш зақымданғанда немесе зілді күйгенде, өңешке жасалған операциядан кейін.

3. Парентералды. Көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарында қорыту, сіңірілу бұзылғанда, анорексияда (тәбет болмағанда). тоқтамайтын кұсуда, тамақтанудан бас тартқанда. Осы мақсатта донорлық кан, белок гидролизаттары, тұз ерітінділері, глюкоза микроэлементтермен көк тамырға енгізіледі.

4. Қоректік клизма. Клизма көмегімен қоректендіруші ертінділерді енгізу. Қазіргі кезде өз маңызын жоғалтқан. Су, физиологиялық және т.б. ерітінділерді енгізуді емдік клизма деп атаған жөн.

Тамақтану – тірі ағзаның негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады.

Азық арқылы адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмір, сутегі, минералды тұз, су, дәрумендер жасуша мен тіндерді қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу процесіне түсіп ыдырайды да ағзадан шығарылады.

Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен (калория) өлшенеді. Ағзадағы 1г ақуыздың тотығуынан – 4 ккал, 1г майдан – 9 ккал, 1г көмірсудан – 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес құрастырылуы керек: өсімдік 40г, жануар майы – 85-90г, көмірсулар – 400-500г, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3кг-ға дейін жетуі керек. Физикалық жұмыспен айналысатын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан науқастарға энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералдық заттар ұлпалар мен тіндерді қалпына келтіру үшін «құрылыстық» заттар болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных