Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






транссудациясын жасау. 16 страница




Медикаментозды эмболия майлы ерітінділерді тері астына немесе бұлшықетке салғанда кан тамырларына түсіп,оны бітеп қалады,соның» салдарынан тканің некрозына алып келеді. Некроздың белгілері-инъекция жасаған аймақта ауру сезімі үдеп, ісініп,жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер май көк тамырда болса, кан ағымымен ол өкпе қан тамырларына барады.Өкпе қан тамырларының эмболиясының белгілері: кенеттен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жөтел, ентігу, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі(цианоз), кеуденің қысылу сезімі. Тіпті өлімге алып келуі мүмкін.

Майлы ерітіндіні саларда сақталуы қажет ереже: ампуланы алдын ала жылыту, салған кезде орнын дұрыс таңдау және "қан тамырына түспегендігіне көз жеткізу мақсатында итергішті тартып көру. Қан пайда болған жағдайда ол жерге салуға болмайды. Басқа жерге немесе инені сәл ары қарай не бері қарай тартып, тағы да тексергеннен кейін ғана салған жөн. Итергішті тартьш көргенде қан болмаса ғана салуға болады.

Ауалық эмболия көк тамыр ішіне инъекция жасағанда немесе ерітінді кұйғанда ауа кету салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл аскынуда майлы эмболия сияқты қауіпті болып табылады. Клиникалық белгілері де соған ұқсас.

Нерв тармақтарынын зақымдануы көк тамырға және бұлшықетке инъекция жасағанда болуы мүмкін.

• Механикалық- инъекция жасайтын орынды дұрыс таңдамағанда;

«Химиялық - дәрілік препараттардың депосы нерв талшықтарына жакын орналасқанда.

Асқыну ауырлығы әртүрлі невриттен(нервтің кабынуы) параличке(нерв қызметінің болмауы) дейін болуы мүмкін.

Тромбофлебит - тромбтың түзілуімен қатар жүретін көк тамырдың қабынуы. Белгілері: ауру сезімі, терінің кызаруы, көк тамыр бойында инфильтраттың пайда болуы, дене қызуының көтерілуі. Бір көк тамырды жиі венепункция жасағанда немесе жиі өткір емес инені қолданғанда кездеседі.

Гематома (тері астына қаннын ұйылуы) - венепункцияны дұрыс жасамағанда, тері астында кара-көк дақ пайда болады. Бұл жағдайда венепункцияны тоқтатып, бірнеше минут инъекция жасаған орынға спиртке батырылған мақтаны басу керек. Тағайындалған инъекция басқа көк тамырға жасалынады. Ал гематома орнына спирттік компресс қойылады.

Сепсис - жалпы жұқпалы ауру, көк тамырға инъекция жасағанда және көк тамырға стерильді ерітінділерді құйғанда асептикалык ережелерді қатаң бұзғанда дамиды.

Вирусты гепатит В. сары сулық гепатит, ВИЧ-жұқпалы аурулар, бұл да асептикалық ережелерді бұзғанмен байланысты, инъекция жасағаннан кейін бірнеше айдан соң дамуы мүмкін.

Негізгі мэселені дэрілік препараттарды қабылдағанда болатын крапивница, ринит, Квинке ісінуі, конъюктивит түрінде көрінетін аллергиялық реакциялар құрады. Ең қатерлі аллергиялык реакцияның түрі анафилактикалық шок. Шұғыл түрде дәрігерге хабар беру керек және жедел көмек көрсетуді бастау қажет. Анафилактикалық шок дәрілік препаратты енгізгеннен соң бірнеше секунд немесе минут аралығында дамимды. Неғұрлым шок тез басталса, соғұрлым ағымы нашар, тіпті өліммен бітуі мүмкін. Клиникалық анафилактикалық шок кезінде кенеттен қан қысымы төмендеп, бронх тарылып, есін жоғалтады,терісі қызарады, кышитын бөртпелер басады, құсу, жүрегінің жиі соғуы байқалады. Симптомдары әртүрлі бірігулермен байқалуы мүмкін. Өлім жедел тыныс жеткіліксіздігінен, өкпе шеменінен, жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен дамиды.

Алғашқы көмек:

1.дәріні енгізуді тоқтату,

2. дәріні енгізген орынға жгут байлау,

3.науқасты жатқызып, аяғын көтеру,

4.0,1%-1,0 мл адреналинді 200,0 мл физ ерітіндісімен көк тамырға,

5. 60-200 мг преднизалонды енгізу.

6. антигистаминдік заттарды енгізу: 1%-1,0 димедролды көк тамырға,

7. тұншығу болса, көк тамырға 2,4%-10,0 мл эуфиллин,

8. жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксізді дамыса өкпелік-жүрек реанимация шараларын жүргізу қажет.

Дәрілік заттарды қолданғанда аллергиялық реакцияны алдын-алу үшін тағайындалу көрсеткішін катаң тексеру қажет, аллергиялық реакцияның алғашқы белгілері пайда болғанда тез арада тоқтату, жоғары аллергендік белсенділігі бар препараттарды (антибиотиктер, сары сулар) енгізгенде, сынама жасау қажет.

Мақсаты: дәрілік заттарды қан тамырларына жәй минутына 40-60 тамшыдан жіберу.

Қажетті заттар: Бір рет қолданылатын система, дәрі-дәрмек заттар, штатив, салфетка, лейкопластырь, залалсыздандырылған астауша, мақта шаригі, спирт 70%.

Қарсы көрсетпелері: су- электролитбалансын және организмнің қышқылды- сілтілі жағдайын қалыптастыру, интоксикацияны жою, парентеральды тамақтандыру.

Іс- әрекеттер:

  1. Қолды мұқияттап сабынды сумен жуып, тырнақтың түбін де спиртке батырылған мақта шаригімен сүртіңіз. Қолыңызға биялайды кию керек.
  2. Бір рет қолданылатын системаның саңылаусыздығын және қолдану мерзімін тексеріңіз.
  3. Қолданылатын ерітіндінің саңылаусыздығын, қолдану мерзімін тексеріп,флаконның алюминий қақпағының орта бөлігін ашыңыз.
  4. Резеңке тығынын спиртке батырылған мақта шаригімен сүртіңіз.
  5. Ораулы пакетті ашып, ішінен системаны шығарып, залалсыздандырылған ақжайманың үстіне қойыңыз.
  6. Ұшында қалпақпен жабылған инесі бар ауа шығаратын түтікті алып, инені қалпақтан шығарып, оны флаконның резеңке тығынына тақастырып ішіне кіргізіңіз, ал түтікті флаконға қатарластырып байлаңыз.
  7. Ұзын түтікті тамызғышты алып, оның бұрандалы қысқышын жабыңыз.
  8. Системаның ұшындағы иненің қалпағын шешіп, флаконның резеңке тығыны арқылы оған тақастыра ішіне кіргізіңіз. Флаконның түбін жоғары көтеріп, сол қолмен тамызғыштың бос жағын ұстап, флаконды штативке қойып бекітіңіз.
  9. Иненің қалпағын шешіңіз. Тамызғыштың сүзгісін көлденеңінен ұстап, қысқышты ақырын ашып, ауаны шығара отырып, түтікті және сүзгіні жартылай сұйықпен толтырыңыз.
  10. Тамызғышты тікесінен ұстап, түтіктің төменгі жағындағы ауаны шығару үшін инъекция жасайтын инеден сұйықтықты ағызыңыз. Ұзын түтіктегі ауа көпіршігінің жоқ екенін тексеріңіз.
  11. Система сұйыққа толғаннан кейін, қысқышты жауып, оны штативке орналастырып бекітіңіз.
  12. Залалсыздандырылған астаушаға қалпаққа кигізілген инъекцияға арналған инені, спиртке батырылған мақта шаригін, залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.
  13. Венаға тамшылатып құю көп уақыт жасалады, сондықтан сырқатты шалқасынан жатқызу керек.
  14. Құятын сұйығы бар ыдысты төсек үстінен бір метрдей биікке қойып, сұйықтықтың ағу жылдамдығы минутына елу және алпыс тамшы болатындай етіп тамызғыштың винттік қысқышын орнатады.
  15. Тесілетін жердің терісін спиртпен немесе йодпен мұқият сүртіп, инені сұғады да муфтасына лейкопластырмен жабыстырып бекітедіде үстінен залалсыздандырылған салфетканы жауып қояды.
  16. Науқастың жағдайын бақылау.
  17. Процедура біткен соң инъекция орнына мақта шаригін қойып, инені алу, науқасқа қолын бүгуін айту.

Ескерту: Қанмен ластанған мақта шаригін науқаста қалдырмау керек. 5-7 минуттан соң алып арнайы ыдысқа салу қажет.

Венаға көп мөлшердегі сұйықтықты тамышалатып енгізу.

Дәріні венаға арнайы құрастырылған жүйемен тамшылатып құяды. Тамшылатып құятын жүйенің екі түрі болады: біріншісі – зауыттан арнайы полиэтиленді қапшықтың ішіне салып зарарсыздандырып, тамырға құюға даяр етіп шығаратын, бір мәрте пайдаланатын, политхлорвинил түтігінен жасалған жүйе; екіншісі – жұмсақ резеңке түтіктен, мейірбикенің өздері құрастырып жасаған, әрбір пайдаланған сайын зарасыздандыруды қажет ететін көп мәрте пайдаланатын жүйе.

Бір мәрте пайдаланатын, зарарсыздандырылған жүйенің сыртына пайдалалану ережесі жазылады.

Көп мәрте пайдаланатын жүйені, әрбір зарарсызданған сайын, үлкен орамалға немесе шүйберекке орап қояды. Зарарсызданған жүйе бір-екі тәулікке жарамды.

Венаға тамызуды, сифон әдісімен де іске асырады. Сифон әдісімен құю үшін жүйе мен тамызғышты сұйыққа толтыру керек. Ішінде дәрілік сұйығы немесе қаны бар флакон аузын бекітекен резеңке тығынды спиртпен сүртіп, тазалаған соң, оны ұзындығы екі түрлі инемен тесіп, иненің ұштарын флаконға кіргізеді. Иненің ұзынын “ауа жүргіш” деп атайды, оның ұшын флакон түбіне дейін жеткізіп қояды. Қысқа инемен флакон ішіндегі ұшы сұйықта тұрады да, сыртқы ұшына дайындалған жүйені жалғайды. Егер флаконға кіргізген екі ине де қысқа болатын болса, онда оның біреуіне ұзындығы 20-25 см болатын түтік жалғап, флаконды қабырғалатып ұшын жоғары қаратып, биіктеу етіп көтеріп бекітеді. Екінші инеге жүйенің түтігін кигізіп, тамызғыштан төменірек жерден оны қысып қояды. Содан соң ішінде дәрілік сұйығы немесе қаны бар флакон ауызын төмен қаратып төңкереді. Түтікке салған қысқышты ашқан “ауа жүргіш” ине арқылы, төңкерулі тұрған флакон ішіне ауа кіреді. Сол кезде құмырадағы сұйық немесе қан екінші ине арқылы жүйеге ағып түсе бастайды. Жүйе түтігінің ұшына дейін сұйыққа толтырып алған соң, ортадағы тамызғаш тетік арқылы, дәрінің немесе қанның қалай таматынын бақылау қажет. Түтікте ауа қалдыруға болмайды. Қажет болса, екінші ине арқылы, флакон ішіне қосымша дәрілерді шприцпен кіргізуге болады. Кейде қанды немесе дәрілік сұйықты қан тамырына жылдам енгізуге тура кеп қалады. Ондай кезде “ауа жүргіз” түтікке баллон жалғап, флаконға ауа айдап кіргізіп қысымын көтеру арқылы дәрінің немесе қанның тамуын тездетеді. Жүйе жалғанып, дайын болған флаконды мосағашқа бекітіп, жүйенің ұшын зарарсыздандырылылған дәкемен орап, түтікті қысқан қысқашы арқылы, мосағаштың ілгішіне іліп қояды. Сөйтеді де бүйрек тәрізденген астаушаға, мақтадан спиртке шыланған түйіндердің бірнешеуін бірнеше құрғақ дәкені, тамырды тесуге арналған инелер мен шприцті салып, бетін зарарсызданған орамалмен жауып, палатаға барады.

Ине шаншатын жердің терісін спиртпен немесе 1-2 % йод ерітіндісімен сүртіп, инені венаға кіргіізген соң жүйеге жалғайды да оны лейкопластырмен қозғалып кетпейтіндей етіп, бірнеше жерден бекітеді. Нәрестелерге жүйе қойған соң, аяқ--қолдарының астына жалпақ ұзынша тақтайдан немесе қатты қағаздан жасалған төсеніш қойып, қорзғалмайтындай етіп, таңып тастаған тиімді. Өйткені, бала абайсызда қозғалып қалса, ине тамырдан шығып кетуі ықтимал. Кішкентай бөбектердің венасын табу өте қиын балғандықтан жүйедегі дәрі мен қан әбден тамып болғанша, оның қасында қол-аяғын ұстап шешесі, не мейірбикенің өзі отыруға тиіс. Дәрі тамызып болған соң, инені тамырдан тез шығарып, спиртке шыланған мақта тампонын таңып қояды.

Венаны жару (венесекция) арқылы оған түтік қойып дәрі немесе қан енгізу.

Бұл әдіс қатты әлсіреген, жағдайы өте ауыр, ауруы әбден меңдеп кеткен, көп қан кетіп әл үстінде жатқан, венасы көрінбейтін толық (паратрофик) нәрестелерге қолданылады.

Операция жасау жолы: терісін спиртпен, йодпен сүрткен соң, жан-жағын зарарсызданған дәкемен жауып, тек венасын ғана, ашық қалдырады. Новокаин жіберіп ауыртпайтын етіп ашық қалдырады. Новокаин жіберіп ауыртпайтын етіп алған соң, немесе наркоз беріп ұйықтатқан соң, терісін ұзындығы 2-3 см болатындай етіп қиғаштатып тіледі. Венаның кенересін тесіп, ішіне түтіктің ұшын ақырындап кіргізеді. Баланың жасына, венаға байланысты, түтікті әртүрлі тереңдікке енгізеді (5-10 см). Бұл әдіс үшін көбінесе тобық үстіндегі, сандағы және шынтақ бүгілісіндегі шығып кетпестей етіп бекітіп байлайды. Түтіктің айналасындағы тігіске дәнекеден жасалған, спирттелген ашасы бар таңғыш қойып таңады. Дәрі немесе қан тамызып болған соң, түтіктің іші ұйыған қанмен бітеліп қалмас үшін, көк тамыры қабынып кетпес үшін 0,25 % новокаин ерітіндісімен жуып, 0,5-1 мл гепарин енгізеді. Содан соң түтікті тығындап қояды.

Асқынулар:

1. Түтікке қан ұйып бітеліп қалады (тромбоз), онда түтікті алып тастауға тура келеді;

2. Түтік шығып кетіп, қан ағады. Оны тоқтату үшін қатты таңып байлайды;

3. Түтік бойында венаның қабынуы мүмкін (флебит). Онда түтікті новокаинмен, гапаринмен алдын-ала жуады да, алып тастайды,

4. Сонан соң Вишневскийдің немесе гапаринмен майлап таңады. Бұлардан басқа ұйыған қан болуы да мүмкін. Бұл тромбоэмболия деп аталатын өте ауыр асқынудың түріне жатады. Осының салдарынан сырқат аяқ астынан өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан мейірбике сырқат венасындағы түтікті уақытылы новокаинмен, гепаринмен жуып тұру керек.

Бұғана астындағы венаға түтік қою.

Баланың жағдайы тым ауыр болса, жасалатын операция өте күрделі және ұзақ уақытта талап ететін болса, операциядан кейін, ауруға көп күндер бойы аузы арқылы тамақ берілместен, тек парентеральды қоректендіру қажет болса, жоғарыдағы аталған асқынулар болып кетпес үшін, баланың бұғана асты венасына түтік қоюға тура келеді. Бұғана асты венаның қуысы кең, қысымы салыстырмалы түрде аз, ағысы қатты болғандықтан ол жерде тұтіктің айналасында қанның ұюы, тамырдың қабынуы тәрізді асқынулар болмайды немесе сирек ұшырасады. Әрі жүрекке жақын орналасқандықтан, енгізген дәрілерді тез арада айдап, бүкіл денеге таратады.

Түтік қою тісілі. Ауруды шалқасынан жатқызады, жауырынның астына жастық қояды. Басын түтік қоятын жерден қарама қарсы жаққа бұрады. Ине шаншатын жерді мойнын, бұғананың асты - үсті, иығын спиртпен, йодпен жақсылап тұрып сүртеді. Хирург қолын сабындап жуған соң, құмырсқа қышқылымен жуады немесе спиртпен, йодпен сүртеді. Терісі мен теріастына новокаин жіберіп ауырғанын кетіріп алған соң, жуан инемен новокаинды жібере отырып бұғана астындағы венаны теседі. Тамырға түскен соң шпириц инеден ажыратып, инені тесігі арқылы вена қуысына өткізгіш лесканы тереңдете кіргізеді. Инені суырып алады. Тамырдың қуысында қалған өткізгіш арқылы, ақырын айналдыра отырып, көк тамырға түтікті 5-10 см тереңдікке өткізеді. Сонан соң өткізгішті суырып алып тастайды. Түтіктің венада тұрғанына көз жеткен соң, оған жүйені қосып дәріні тамызуға кіріседі. Түтік шығып кетпес үшін, оны түбіне терісіне лейкопластырмен екі ашалап тұрып желімдеп бекітеді.

Бұғана астындағы (венаға) көк тамырға қойылған түтік ерекше күтімді қажет етеді.

Асқынулар:

1. Түтік қан тамырына мүлдем кіріп, қанның ағысымен жүрекке дейін кетіп, қалуы мүмкін;

2. Түтікті уақытылы новокаинмен, гепаринмен жуып тұрмаса қуысындағы қан ұйып бітеліп қалып немесе ол жұлынып кетіп басқа ауыр асқынуларға соқтыруы ықтимал;

3. Венаның қабынып кетуі мүмікін (флебит).

Мұндай асқынулар болмас үшін мейірбике түтікті мезгіл-мезгіл новокаинмен жуып тұрулары керек.

Сонымен қатар дәрілік заттарды қызыл қан тамырына, сүйектің кемігіне, буындарға, плевра қуысына құрсақ қуысына, жілік майына, қуыққа, үрпіге, жүрек қабына, өкпеге, кеңірдекке, бронхыға, енгізуге болады. Осы аталған жолдардың әрқайсысының өзіне тән әдістерін, ерекшеліктерін мейірбикелер білуі тиіс.

Кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері. Егулерден кейін кездесеттін асқынулар және олардың емі

Кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері

Гепарин тікелей әсер ететін антикоагулянт: тромбиндің пайда болуын тоқтатады, қанның ұюына кедергі жасайды. Гепарин жедел миокард инфарктісінде, жүрекке және қан тамырларына операция жасағанда, өкпе және ми қан тамырларына тромбоэмболиясында, тромбофлебитте, тромбоэмболия асқынуларының алдын алу және емдеуде қолданылады. Мөлшері – жеке дәрігер тағайындайды: 5000 Б әр 4-6 сағатта, күре тамырға, бұлшық етке немесе тері астына терең енгізіледі.

Асқынулары: Геморрагиялық асқынулар: гематурия (қанның зәрде пайда болуы), буындарға қан құйылуы, ішектегі асқазан қан ағуы, тері астына, бұлшық етке инъекция жасаған жерде гематоманың пайда болуы.

Мақсаты: қанның ұйығыштығын төмендету және гепариннің дәл мөлшерін жіберу.

Қолдануға болмайтын жағдай: анемия, жара бар аурулар, қан аурулары.

Қажетті заттар: 1 мл 5000 Ед гепарин ерітіндісі флаконда, 1-2 мл шприц, астауша, спирт, мақта шаригі.

Іс- әрекеттер: Дәрінің мөлшерін тек қана дәрігер белгілейді, флаконды жоғары қаратып, керекті мөлшерде дәріні сорып алып, инені ауыстырып, тері астына салатын инені салып, ауасын шығарып, дайындап қоямыз. Науқасты жатқызамыз немесе отырғызамыз. Егуді тері астына жасаймыз. Ем шара жасалғаны туралы арнайы қағазға белгі қояды. Қажет жағдайда дәрігердің нұсқауы бойынша гепариннің антагонисты 1% протамин сульфаты 5 мл күре тамырға, дицинон 1-2 мл бұлшық етке, тамырға жіберіледі.

Есте сақтаңыз!

  1. Гепаринмен емдеу коагулограмма (қан анализі, негізгі көрсеткіш- қанның ұю уақыты) бақылуымен жүзеге асады, дәрігердің қатаң тағайындауымен 7 күннен аспайды.
  2. Геморрагиялық асқынулардың алдын алу үшін науқасты бақылау қажет.
  3. Күнде жалпы зәр анализін тексеріп, зәрдің түсін бақылау қажет.

Магний сульфатын қолдану ерекшеліктері

Бұл дәрі спазмолитикалық әсер етеді. Бұлшық ет ішіне 5-20 мл 25% магний сульфат ерітіндісі жіберіледі. Ал гипертониялық криз болғанда күре тамырға жәймен жіберіледі. Магний сульфат ұнтағын (10-30грамм) аш қарынға тамақ алдында ішті айдау үшін қолданады. 1% магний сульфат асқазанды жуу үшін қолданады. Эпилепсия ауруында тырысу кезінде қолданылады. Магний сульфат өт сұйықтығын айдап шығару үшін, 1 ас қасық 20-25% ұнтағын суға араластырып қосады. Жиі қолданса, ішті қатырады. Көбіне улану кезінде іш айдайтын дәрі ретінде беріледі.

Кальций хлоридін қолдану ерекшеліктері

Гемостатикалық әсер етеді. Жағымсыз дәмді. Асқазанның шырышты қабығын тітікендіреді. Күре тамырға 5-10-15 мл 10% кальций хлорид ерітіндісін жіберіледі. Күре тамырға ерітіндіні жаймен және мұқият жіберіледі. Бұлшық еттің ішіне немесе тері астына жіберуге болмайды ткандердің өлі еттенуі (некроз) пайда болады. Тері астына немесе бұлшық етке кеткен жағдайда осы жерлерге тез арада 3-5 мл 10% натрий хлорид немесе 5% натрий гидрокарбонат ерітіндісін жіберу керек.

Жүрек гликозидтерінің қолдану ерекшеліктері. Строфантин

Жүрек жеткіліксіздігінде, тахикардияда қолданады. Науқастың жалпы жағдайын және жүрек қан тамыр жағдайларын тексеріп, барып қолданады. Жүрек гликозидтері майларда және суда ериді. Майда еритін жүрек гликозидтеріне дигидоксин, целанид, дигоксин жатады. Суда еритін жүрек гликозидтеріне строфантин, коргликон жатады.

Строфантин 1 мл 0,025% немесе 0,05% ерітінді ампулада шығарылады. Жүрек гликозидтерінің токсикалық әсері нәтижесінде ас қорту жүйесінің, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар көрудің нашарлауы, жүрек ритмі және өткізгіштігі бұзылуы мүмкін. Строфантин және коргликон қатаң дәрігердің тағайындауымен 0,3-0,5 мл –күре тамырға жай 10-20 мл физиологиялық ерітіндімен қоса немесе тамшылатып жіберіледі. Жүрек гликозидтерін енгізген кезде науқастың жалпы жағдайын, жүрек - қан тамыр қызметін бақылау қажет.

Есте сақтаңыз: Жүрек гликозидтерін бір уақытта диуретиктермен (гипотиазид, диакарб, фуросемид) тағайындау калий жоғалтуға әкеледі. Бұл аритмиямен сипатталатын гликозидты интоксикацияға әкеледі.

Инсулинді енгізу ерекшелігі

Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету.

Жабдықталу: инсулині бар флакон (1 мл-де 40 ЕД, 80 ЕД немесе 100 ЕД) болуы мүмкін, спирт 70%, стерильды астауша, пинцет, мақта шариктері, инсулинді шприц.

Мейірбике іс-әрекеті:

  1. Дәрінің мерзімін, жарамдығын көру.
  2. Флаконды су моншасында 36-37 ºС жылыту немесе 3-5 минут алақанда жылыту.
  3. Инсулинді шприцті тексеру, ашу.
  4. Флакон қақпағын ашып, резеңке тығынын 2 рет спиртпен өңдеу, спирттің кебуін күту (спирттің инсулин ерітіндіге түсуі инактивацияға алып келеді).
  5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе тұрғызу.
  6. Қажет дозадағы инсулинді шприцке алу (қосымша 1-2 ЕД артық алынады, ол ауа шығарғанда дәрінің дозасы азайып кетпеуі үшін).
  7. Инъекция орнын спиртке малынған 2 мақта тампонымен өңдейміз. Спирттің кебуін күтеміз.
  8. Теріні сол қолдың 1-2 –ші саусақтарымен алып, 30-45 ºС бұрыш астында инені егеміз. (Тері асты май қабаты қалың болса, инені 90 ºС бұрыш астында салуға болады)
  9. Сол қолды босатып, инсулинді жәй жіберу.
  10. Құрғақ стерильді мақта тампонын инъекция орнына қойып инені шығарып алу.
  11. Науқасты тамақтандыру.
  12. Шприц, мақта тампондары, қолғапты контейнерге тастау.

Бициллинді егу ерекшеліктері

Әр түрлі ауруларды (ревматизм, инфекциялық асқынулар) емдеу және алдын алу үшін қолданылады.

Бициллин -1 – пенициллиннің дибензилэтилендиамин тұзы, суда жақсы ерімейді. Микробқа қарсы әсері 7-14 күнге созылады.

Бициллин -3 – пенициллиннің калийды, новокаинды тұздары және бициллин – 1 қоспасы. Әсер ету ұзақтығы- 4-7 күн.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных