Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Галогендер және олардың сілтілік металдармен қосылыстарының дәрілік препараттарын талдау. Хлорсутек қышқылы




Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Бөлім: Табиғаты бейорганикалық дәрілік заттарды

Талдау

Тақырыбы: Галогендер және олардың сілтілік металдармен

Осылыстарының дәрілік препараттарын талдау. Хлорсутек

Ышқылы

Курс: 3

Мамандық: 5В110300- «Фармация»

Шымкент

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №16, 14.04. 2016 ж.

 

Кафедра меңгерушісі __________проф. Ордабаева С.К.

Тақырыбы: Галогендер және олардың сілтілік металдармен қосылыстарының дәрілік препараттарын талдау. Хлорсутек қышқылы

Мақсаты: Галогендер және олардың сілтілік металдармен қосылыстарының дәрілік препараттарының, хлорсутек қышқылының жалпы және жеке қасиеттері негізінде нормативті құжаттар талабына сәйкес фармацевтикалық талдау жүргізуді және сапасына баға беруді үйрету.

Оқыту мақсаты:

· Білім алушыларға дәрілік заттардың жасалуы, алынуы, сақталу және қолдану сатыларында фармацевтикалық талдаудың әдістемелерін үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттарды талдауда жалпы фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттар сапасына және қауіпсіздігіне нормативті-техникалық құжаттар талабына сай фармацевтикалық талдау жүргізуді үйрету және машықтандыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Галоген қосылыстары фармакопеялық препараттарының қазақша, латынша атауын жазыңыз.

2. Дәрілік препараттардың химиялық құрылысы мен биологиялық әсерінің өзара байланысы.

3. Хлорсутек қышқылын алу әдістері.

4. Хлорсутек қышқылында жіберілмейтін қоспалар.

5. Хлорсутек қышқылындағы өзіндік қоспалар және оларды анықтау жолдары.

6. Хлорсутек қышқылын талдау әдістері. 1%, 10% және сұйытылған хлорсутек қышқылы ерітіндісінің титрін есептеңіз.

7. Калий хлориді, натрий хлориді, калий бромиді, натрий бромиді, калий иодидінің алу жолдары.

8. Галогенидтер дәрілік препараттарының жіберілетін және жіберілмейтін қоспаларын қалай анықтайды

9. Бромид-ионын хлораминмен қышқылды ортада хлороформ қатысында анықтауда қандай препараттар кедергі жасайды?

10.Бромид-ионын Мор әдісімен анықтауда қандай препараттар кедергі жасайды?

11.Иодидтерді меркуриметрия әдісімен индикаторсыз титрлеуге болады ма? Калий иодидін Фаянс әдісімен анықтауда қандай препараттар кедергі жасайды?

12. Бромидтерді Фольгард әдісімен анықтауда азот қышқылының артық мөлшері кедергі жасайды ма?

13. Калий иодидінің сандық мөлшерін есептеуде күміс нитраты мен натрий тиосульфаты титранттары көлемдерінің айырмашылығы не үшін қолданылады?

14. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі УII топ элементтеріне қандай химиялық қасиеттер тән?

15. Калий хлориді, бромиді және иодидінің этанолда ерігіштігі тексерілді. Екі тұзы еріді, үшіншісі ерімеді. Қай препарат еріді, қайсысы ерімеді?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных